Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 23.11.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Махаббат диалогы өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

МАХАББАТ ДИАЛОГЫ

Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (25.11.2016)
Просмотров: 282 | Теги: махаббат, Мұқағали, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]