Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Тесты,шпоры для ЕНТ » Шпоры,шпаргалка [ Добавить материал ]

Cоциология шпор қазақша


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (50.3Kb) ] 17.02.2014, 00:50

 

Әлеуметтану - Әлеуметтік топтар арасындағы өзара байланыс, өзараықпалдастық, өзараәрекеттің жалпы заңдылықтары туралы ғылым

Макроәлеуметтанудың пәнi: Қоғамды тұтастық ретінде қарастыру

 

Әлеуметтану - Әлеуметтік топтар арасындағы өзара байланыс, өзараықпалдастық, өзараәрекеттің жалпы заңдылықтары туралы ғылым

Макроәлеуметтанудың пәнi: Қоғамды тұтастық ретінде қарастыру

Микроәлеуметтанудың пәнi: Шағын топтардағы әлеуметтiк құбылыстар мен процестер

Д.Белл бойынша қоғамның даму сатылары: Индустриялыққа дейін, индустриялық, постиндустриялық

«Социология» терминiн ғылымға енгізген: О.Конт

Әлеуметтанудың пәнi: әлеуметтiк қатынастар

Әлеуметтанудың алғашқы арнайы еңбегi : О.Конттың «Позитивтiк философия курсы»

Әлеуметтануда биологиялық (органикалық) бағыттың негiзiн қалаушы: Г. Спенсер

«Үш кезең» заңын ұсынды: О.Конт

Психоталдау бағытының өкілі: Э.Фромм

Әлеуметтанудағы позитивизмнің негізін қалаушы: О.Конт

О.Конт бойынша, әлеуметтану нені зерттейді: әлеуметтiк статиканы және әлеуметтiк динамиканы

О.Конттың мына заңы әле

уметтiк даму теориясы болды: «Үш кезең заңы»

Индустриялық қоғамның негізгі белгісі: өндірістің саланың дамуы, дайын өнім экспортының өсуі

Маркстiк теория бойынша, әлеуметтiк құрылымның өзегi: таптар

Ашық қоғамды сипаттайтын тәртіп: Мобилдіктің жүзеге асуы

Әлеуметтанудың зерттеу объектiсi : қоғам

Эмпириялық социологияның пайда болған елі: АҚШта

Қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін нормалар мен мекемелердің жиынтығы: әлеуметтік институт

«Қоғамдық келiсiмшарт немесе саяси құқық принциптері» еңбегінің авторы: Ж.Ж. Руссо  

Әлеуметтанудағы алғашқы ғылыми бағыт: Позитивизм

«Өзін-өзі өлтіру.Социологиялық этюд» еңбегінің авторы: Э.Дюркгейм

"Әлеуметтiк дарвинизм” деп аталатын әлеуметтанудағы бағытты негiздеген : Г. Спенсер

«Дисфункция» ұғымын енгізген: Роберт Мертон

Зиґмунд Фрейді ілімі: психоталдау

Р. Мертон бойынша қоғамның жаңа жағдайға бейімделу қасиеті : Эуфункция

«Санасыздық» ұғымын пайдаланған: Фрейд

М.Вебер әлеуметтануы қалай аталады: Ұғыну (түсіну) әлеуметтануы

Символдық интеракция (өзараықпал) теориясының авторы: О.Конт

Қоғамның ең iрi әлеуметтiк ұйымы болып саналады: мемлекет

Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық ілімінде пайдаланылған ұғымдар: «Механикалық және органикалық ынтымақтастық»

Әлеуметтану зерттейтiн қарым-қатынастар: Топтар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастар

Бастапқы кезеңдегі әлеуметтанудың атауы: әлеуметтiк физика

Социометрияны енгiзген ғалым, психиатр: Я.Морено

Әлеуметтiк статика және әлеуметтiк динамика туралы iлiмдi қалыптастырған : О.Конт

«Бюрократия», «идеалды (мінсіз) тип» тұжырымдамасының авторы: М.Вебер

«Постиндустриялық қоғам» теориясының авторы: Д.Белл

О.Конт бойынша, қоғамды құрушы бiрлiк: отбасы

Индустриялық қоғамда халықтың көп б,өлігі еңбек ететін сала: өнеркәсіп

«Айқын және латентті (жасырын) функциялар» ұғымын енгізген: Роберт Мертон

Постиндустриялық қоғамда салтанат құрған әлеуметтік институт: Білім

К. Маркс пiкiрi бойынша, қоғам базисi: Экономика

Индустриялыққа дейінгі қоғамда салтанат құрған әлеуметтік институт: отбасы

Индустриялық қоғамда салтанат құрған әлеуметтік институт: Экономика

Әлеуметтік шиеленістер туралы ілім өкілі: Р.Дарендорф

«Элиталардың циркуляциясы» теориясының авторы: В. Парето

Бұл қоғамды басқаша «ақпараттық қоғам» деп атайды ол: постиндустриялық

Р.Дарендорф шиеленістің қанша типін көрсетті: Он бес

Льюис Козер қай бағыттың өкілі болып табылады: Шиеленістер теориясы

Маркс іліміне сәйкес қоғамдық-экономикалық формациялар саны: алты

Дәстүрлі қоғам сипатына не жатпайды : мобилдік

«Айнадағы мен»теориясының авторы : Ч.Кули

«Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегiнiң авторы: М.Вебер

Қоғам дамуындағы теологиялық, метафизикалық және позитивтік үш кезеңді көрсетті: О.Конт

Әлеуметтік институттар шешетін міндеттер мен мақсаттар жиынтығы: Функция

«Технократиялық ілім» өкілі: Т.Веблен

Меншік пен беделден басқа М.Вебер ұсынған әлеуметтік стратификацияның критерийі: Билік

«Симулякр», «симуляция»ұғымдарын қолданған постмодернист: Жан Бодрияйр

Д.Мид әлеуметтенудің қай теориясын жасады: Символдық интеракция

Екі компонент-әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік құрам өздеріне .мынаны біріктіреді: Әлеуметтік құрылымды

Әлеуметтануға «аномия» ұғымын енгізген ғалым: Э.Дюркгейм

Коммуникатормен өзара әрекет үшін біріккен әлеуметтік қауымдастық: Аудитория

Мүдделерінің ортақтығына байланысты адамдардың тұйық (шектеулі) табиғи кеңістікте уақытша жиналуы: Тобыр

Ақпаратпен алмасу мақсатында құрылған әлеуметтік қауымдастық: Әлеуметтік шеңбер

Мүшелерінің арасындағы әлеуметтік байланыстар мен қатынастар ресми сипатта болатын топ: Қосалқы топ

Әлемнің жалпы белгілермен сипатталатын, біртұтас жүйеге бірігу процесі: глобализация

Чикаго мектебі қай бағытты дамытты: Құрылымдылықты

Адамдарды жынысына, жасына және т.б. белгілеріне байланысты топтастыру: әлеуметтік-демографиялық

Бюрократияның әлеуметтік рөлін позитивті сипаттаған ғалым: М.Вебер

Еңбек бөлінісінің феноменін зерттеген ғалым: Э.Дюркгейм

Г. Спенсер бойынша, қоғам екі түрге бөлінеді: әскери және өнеркәсіптік

Э.Дюркгейм бойынша, «альтруистік өзін-өзі өлтіру» дегеніміз: Қоғам мүддесі үшін өзін құрбан ету

Әлеуметтану ғылымында  алғаш рет «әлеуметтік институт» ұғымын қолданған: Г.Спенсер

Тарихи өзгерістерді мәдени типтердің дамуымен түсіндірген: П. Сорокин

Постиндустриялық қоғамның негізгі белгісі: Білім мен ғылым

Индустриялық қоғамның негізгі белгісі: өндірістің саланың дамуы, дайын өнім экспортының өсуі

К.Маркс бойынша, әлеуметтік-экономикалық прогресті жүзеге асырушы тап: пролетариат

«Конвергенция» ілімінің негізгі қағидасы: Екі әлемдік саяси жүйелер капитализм мен социализмді жақындастыру

«Аномия» теориясының авторы: Э. Дюркгейм

Ашық қоғамға жатпайды: касталық

Постндустриялық  қоғамда білім қолданылады: Тауар, зат ретінде

Э. Мэйоның енгізген ұғымы: «ресми, биресми ұйымдар»

Э.Дюркгейм бойынша өзін-өзі өлтіру типтері : Аномиялық, альтруистік, эгоистік

Э.Дюркгейм бойынша ынтымақтастықтың түрлері: механикалық органикалық

М.Вебер бойынша, негізін үйреншікті әрекеттерге санасыз реакция қайтаруды құрайтын әрекет типі: дәстүрлі

М.Вебер бойынша,  эмоциялық жағдайды сипаттайтын әлеуметтік әрекет типі: аффективті

«Олигархияның темір заңы» иеясының авторы: Р.Михельс

М.Вебердің классификациясына жатпай.тын іс-әрекет типі: инновациялық

Э. Дюркгейм бойынша, «аномия» ұғымы: Ескі заңдардың әсері әлсіреп, жаңа заңдардың әлі күшіне енбеген кездегі қоғамның заңсыз, вакумдық жағдайы

Қазіргі қоғам өзінің дамуы бойынша қадам басқан кезең : Постиндустриялық

Шиеленістің жағымды қызметін атап өткен ғалым: Л. Козер

Чарльз Кули мен Дж.Мид өкілі болып табылатын ілім: Символдық интеракция

«Архетип» ұғымын пайдаланды: К.Юнг

«Триада» деген : Үш адамнан тұратын топ

Екі адамнан тұратын топ: Диада

Р.Мертон  бойынша, «эуфункция» : Жүйенің сақталуын қадағалау мен оның сыртқы ортаға бейімделуіне жағдай жасау

«Шиеленістер әлеуметтік жүйені тоқыраудан сақтайды» деген: Л.Козер

Қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы: Әлеуметтік нормалар

Адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болатын, объективтік қажеттіліктен туындайтын және белгілі бір мақсатты көздейтін: Әлеуметтік өзара ықпалдасу

Адамдар мен адам топтарының бір-біріне ықпал етуінің нәтижесінде пайда болатын процестер: Әлеуметтік өзара ықпалдасу

Адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар: Әлеуметтік қарым-қатынастар

О.Конт  ұсынған  әлеуметтік  зерттеудің әдістері: Бақылау, эксперимент, салыстыру

Өзара байланыстағы белгілі бір тәртіпке негізделген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін-өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық: Әлеуметтік  жүйе

Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесінің алғашқы сатысы: Имитация

Қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы саналуан байланыстар: Әлеуметтік құрылым

Индустриялыққа дейінгі қоғамдағы негізгі әлеуметтік институт: отбасы

Индустриялық қоғамдағы негізгі әлеуметтік институт: өндірістік кәсіпорын

Постиндустриялық қоғамдағы негізгі әлеуметтік институт: білім

Конт ілімі бойыншаі негізгі әлеуметтік институт: отбасы

Ең алғаш қалыптасып, пайда болған әлеуметтік институт: отбасы

Әлеуметтік институттың негізгі қызметі: қажеттілікті қанағаттандыру

Қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін нормалар мен ережелердің жиынтығы: әлеуметтік институт

Қауіпсіздік және тәртіп қажеттілігі тән қай әлеуметтік институт: саяси

Рухани мәселелерді шешу қай әлеуметтік институтқа тән: дін

Институттану ұғымы мынаны білдіреді: әлеуметтік қатынастардың белгілі бір нормалармен бекітіліп реттелуін

Адам әрекетінің әртүрлі формаларын тұрақты ететін қалыптар мен ережелердің жиынтығы: әлеуметтік институттар

Әлеуметтануда  жаңа институттардың пайда болу, даму процесі: институттану

Дін институтының элементтері: мешіт, шіркеу

«Әлеуметтік институт» түсінігін ғылымға енгізген: Г.Спенсер

«Әлеуметтік институт» терминін енгізген: Т. Веблен

Отбасының қоғамдағы ең басты функциясы: Репродуктивтілік (ұдайы өндіріс)

Әлеуметтік институттарды алғаш толық анықтап берген америкалық социолог: Т.Веблен

Әлеуметтік институт: қоғамдағы ережелер мен нормалар жиынтығы

Институттану процесі аяқталады: Легитимизациямен

Әлеуметтік институттардың қоғамдағы негізгі функциясы: индивидтердің қарым-қатынастарын реттеу және бақылау

Т. Парсонс қай бағыттың негізін салған: құрылымдық функциялық

Діни әлеуметтік институттардың символы: ай, крест

«Дисфункция»  терминін енгізген: Р.Мертон

Отбасы әлеуметтануының атқаратын қызметін атаңыз: Индивидті отбасы мүшесі ретінде қарастырады

Нуклеарлы отбасы дегеніміз: Бір немесе екі ұрпақтан ғана тұратын шағын отбасы

Кеңейтілген отбасы дегеніміз : Үш және одан да көп ұрпақты қамтитын отбасы

Моногамия  дегеніміз : Бір некеден  тұрады

Полигамия  дегеніміз: көп некеден тұрады

Полигиния дегеніміз: Бір еркектің көп әйелмен некелесуі

Полиандрия дегеніміз: Бір әйелдің көп еркекпен некелесуі

Экзогамия дегеніміз: басқа (сыртқы) топтың адамымен некелесу

Эндогамия дегеніміз: тек өз (ішкі)тобының адамымен некелесу

Топтық неке дегеніміз: Бірнеше ер мен бірнеше әйелдің некелесуі

Отбасының тұратын аймағына байланысты  бөлінуі: үш

Патрилокальды  отбасы дегеніміз: Жаңа үйленгендер күйеуінің ата-анасының үйінде тұруы

Матрилокальды  отбасы дегеніміз: Жаңа үйленгендер әйелінің ата-анасының үйінде тұруы

Неолокальды отбасы дегеніміз : Ата-анасынан бөлек тұруы

Патриархаттық от басы дегеніміз: Отбасында еркектің билік  жүргізуі

Матриархаттық отбасы дегеніміз: Отбасында әйелдің билік жүргізуі

Эгалитарлы отбасы дегеніміз: тең билікке ие болу

Отбасының негізгі қызметі: Репродуктивті

Ерлі-зайыптылық қарым қатынас қандай қарым қатынасқа негізделген: Бала туу

Отбасының ішкі күштерін атаныз: Балаларға қамқорлық жасау және еңбекті бөлісу

Отбасының сыртқы күштерін атаныз: қоғамдық пікірдің қысымы

Қоғамның этникалық құрылымын зерттейтін ғылым: Этноәлеуметтану

Метаэтнос дегеніміз: Ұлттың ең үлкен топ бірлігі

Этникалық қауымдастық: Белгілі бір этникалық топтардың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы

Қазір жер бетінде неше этникалық қауымдастықтар саны: Үш мыңнан астам

Этногенез ұғымын ғылымға  енгізген ғалым: Л.Н.Гумилев

Этникалық қауымдастықтың негізгі типтері: Халық, тайпа, ру

Қазақстандағы ұлттар арасындағы негізгі белгілер: Сенімділік, ынтымақтастық, келісім, толеранттық

Миграция дегеніміз: Қоныс аудару

Полиэтникалық терминінің мәні: Этникалық азшылық

Қазақстанда саналуан этникалық топтар тығыз орналасқан аймақты көрсетіңіз: Оңт. Қазақстан облысы

«Ұлттық теңсіздік» сөзінің  синонимін көрсетіңіз: Этникалық теңсіздік

Этносаяси қарым қатынастар дегеніміз: Этносаралық заңдылықтарды реттеу

Этноәлеуметтанудың зерттеу пәні: Этникалық топтардың қарым қатынастары мен ерекше категорияларын реттеу

Эмпириялық әлеуметтанудың іргесін қалаған, Чикаго әлеуметтанулық мектебінің  негізгі өкілдері: У. Томас, Ф. Знанецкий, Р. Парк, Э. Бэрджесс

Қазақстан Республикасында соңғы рет Президенттік сайлау болған жыл: 2005 жыл

Анкета қолданылатын сұрау түрі: анкеталау

Социологиялық зерттеу бағдарламасын жасау неден басталады: Өзекті мәселені  анықтаудан

Ұзақ мерзім бойы, бірақ үзіліспен жүргізілетін зерттеу түрі: лонгитюдті

Әлеуметтану ғылымында сұрауға алынған адам: респондент

Шағын топтардағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеуге арналған Дж.Морено негізін қалаған зерттеу әдісі: социометрия

Әлеуметтануда интервьюер дегеніміз: Сұхбат жүргізуші

Алынған жауаптардың шынайлығын тексеруші сұрақ: Бақылау сұрағы

Сұрақтың жауап нұсқасы көрсетілмесе, ол: Ашық сұрақ

Эксперттік (сараптамалық) сұрау деп: Респонденттер белгілі бір сала бойынша білікті маман болып табылады

Социологиялық зерттеуде ақпарат көзі болып табылатын адам: респондент

Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы мына бөлімдерден тұрады: Әдіснамалық (методологиялық) және әдістемелік

Бұрын соңды зерттелмеген мәселені зерделеу үшін және зерттеу құралдарын апробациялау мақсатында жүргізілетін зерттеу түрі: пилотажды

Қайтадан іріктеуді қажет етпейтін, яғни объектісі өзгермейтін қайталанбалы зерттеудің түрі: панелді

Социометрия әдісінің негізін қалаған: Дж. Морено

Сауалнама жүргізу барысында кез келген адамнан сұрау арқылы ақпарат жинау көзделген іріктеу әдісі: стихиялы


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Шпоры,шпаргалка | Добавил: Admin
Просмотров: 5440 | Загрузок: 3254 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]