Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Курстық жұмыстар » Қазақша курстық жұмыстар [ Добавить материал ]

Құнды қағаздар нарығы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (26.5Kb) ] 17.02.2014, 00:33

Жоспар:

Кіріспе

1.     Құнды қағаздар нарығы.

2.     Құнды қағаздардың экономикадағы қызметтері.

3.     Құнды қағаздар және оның айналу мәселелері. Қор

    биржалары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Құнды қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бүғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар құндықағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI—XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.

ХІХ ғасырдың 60-жылдары тағы да бір маңызды оқиға болды. Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған құндықағаздармен делдалдық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз қолдарына алды.

Ресейге брокерлік бизнес осы Гермаииядан келді (аз мөлшерде Франциядан) "Маклер", "биржа", "акция" деген үғымдар осындай финанс инвестициясының тәжірибесімен бірге санаға енді.


1. Құнды қағаздар нарығы.

Құнды қағаздар рыногы дегеніміз не? Ол финанс рыногының бір бөлігі екен. Қалған бөлігін банк қарызы рыногы құрайды. Банк, шын мәнінде, коммерциялық банк болса (мемлекеттік мекеме емес), қарызды бір жылдан астам уақытқа өте сирек береді. Ал құнды кағаздарды шығара отырып (облигациялар, акциялар) олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Финанс рыногын осылайша бөлу капиталдың, айналмалы және негізгі болып бөлінуімен байланысты. Құндықағаздар рыногы банктың кредит жүйесін то-лықтырады, өзара байланыста әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктер құнды қағаздар рыногында аралық кызмет атқарушыларға жаңадан шығарылған баталы қағаздарға жазылу үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен сату үшін құнды қағаздардың бір блогын бередi;

Құнды қағаздар рыногының маңызды бөлігі ақша рыногы болып табылады, онда қысқа мерзімді (бір жылға дейін) қарым міндеттемелері бар казначейлік вексельдер (билеттер) айналыста болады. Ақша рыногы қолда бос тұрған ақшаларды мемлекетке берудің икемді жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке адамдардың уақытша бос ақшаларын табыс табуға пайдалаиуға мүмкіндік жасайды. Онсыз толыққаңды финанс рыногының орын алуы мүмкін емес.

Барлық рыноктар сияқты, құндықағаздар рыногы да сұраныс пен ұсынысқа, олардың бағасына тәуелді. Яғни құндықағаздар рыногы сатып алу, сатумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды. Рыноктың мөлшері қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесімен тікелей байланысты.

Құнды қағаздар рыногы тікелей алғашқы және қайталама рыноктан тұрады. Алғашқы рынокта мемлекеттік және муниципиалды облигациялар, сол сияқты акциялар мен облигациялар эмиссиясы жүзеге асырылады. Оны финанстық және финанстық емес профильдегі әр қилы акционерлік компаниялар шығарады. Алғашқы рынокта құнды қағаздардың тікелей инвесторлары коммерциялық және инвестициялық банктер, биржа фирмалары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, финанстық емес корпорациялар және жеке адамдар (жеке инвесторлар). Олар биржа фирмалары мен инвестициялық банктер арқылы акциялар мен облигациялар сатып алады. Құнды қағаздардың қайталама рыногы эмитент құндықағаздарды орталықтанған немесе орталықтанбаған сатып алу мен сатуды түсіндіреді. Құнды қағаздар — спецификалық тауар, барлық тауар сияқты тұтыну қүны мен бағасы бар. Құнды қағаздардың тұтыну құнының мәні белгілі дәрежеде табыс келтіреді, яғни процент (облигациялар бойынша) және дивиденд (акциялар бойынша) төлегенде, сонымен қатар құндықағаздардың күн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар. Құнды қағаздардың өздері туралы айтар болсақ, оның үш түрі бар. Олар    акциялар, облигациялар   және олардан туындайтын қағаздар.)

Акцияларды корпорациялар шығарады, акциялар шығарудың өзі корпорациялар үйымдастырудың әдісі. Акцияны ұстаушы корпорация мүлігінің бөлігіне иелік ететін болады. Корпорациялар акцияларды шығарып, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, сөйтіп финанстың қуаттылығы артады. Акция иесі корпорация пайдасының бір бөлігін дивиденд ретіңде алып отырады.

Облигацияларды корпорациялар да, үкімет те шығарып отырады. Облигация шығарушылар белгілі бір мерзімде (қарызды) және қарыз процентін төлеуге міндеттенеді. Ол —зайым арқылы алынатын пайданың бір бөлігі. Дивидендтен проценттің өзгешелігі тұрақты, әрі банк ставкаларының   өзгерісіне   тәуелсіз. Сондықтан да облигацияларды
белгілі бір табыс әкелетін құнды қағаздар деп атайды.
Әдетте процент зайымының қызмет мерзімі бойына бірдей
үлеспен төленеді.

Акция мен облигациялардың инвестициялық сапасы бірдей емес, яғни инвесторлар үшін тартымдылығы әр түрлі. Облигациялар, әдетте, акцияларға қарағанда жинақты сақталу кепілділігі молырақ. Әсіресе мемлекеттік облигациялардың төлем қабілеті өте жоғары.

Құнды қағаздардың басқа да түрлері бар. Мысалы, ордерлер қозғалмайтын мүліктерге қатысты құндықағаздар, опциондар, фьючерлік келісімдер. Олар тәжірибелі инвесторлар үшін де, алып сатарлар үшін де тартымды. Инвестицияның сенімділігі мен табыс әкелу тұрақтылығы түрғысьнан ең сапалысы мемлекеттік облигациялар, әсіресе казначейлік билеттер. Олардаи кейін жеке облигациялар және ірі компаниялардың "көп дауысты" акциялары. Белгісіз, жаңадан ұйымдасқан фирмалар шығарған акциялар сапасы төмен дәрежеге жатады. Осыған қарамастан АҚШ-та 120 миллион қызметкердің 47 миллионы акционерлер болып табылады. Осыншама адамды қамтитындай акциялардың қандай тартымдылық күші бар? Біріншіден (бүл ең бастысы), болашақта ескі инвестициялардың еселеп өсуімен байланысты. Айталық, бір акцияны 100 долларға сатып алдыңыз делік, ал 10 жылдан кейін, егер кәсіпорын жақсы жұмыс істейтін болса, ол акция 1000 доллар табыс әкеледі. Екіншіден, акция ұстаушыларға дивиденд төленіп отырады (оның қатаң заңды нормасының болмағандығына қагамастан). Үшіншіден, акцияны үстаушының дауыс беру қүқы бар және кәсіпорын иесі ретінде басқадай да құқықтары бар. Төртіншіден, акцияларды сатып жіберу өте жеңіл.

Құнды қағаздардың қозғалысы мынадай үш фазадан тұрады: аптаның үштен екісі, жаңадан құндықағаздарды ойластыруға, шамамен осындай уақыт оны алғашқы орналастыруға кетеді, ал осылардан кейін құнды қағаздардың өзіндік айналымы басталады.

Құнды қағаздарға деген сұраныс халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесімен анықталады. Тұрмыс дәрежесі жоғары болган сайын, табыстың басым кепшілігі жинақталады да, адамдар құнды қағаздарды сатып алуда мүдделілік көрсетеді. Құнды қағаздар ұсынысы, онда сұраныспен анықталады. Құнды қағаздарға сұраныстың дамуы финанс жүйесін қайта құрумен тікелей байланысты. Құнды қағаздар рыногында қандайлық дәрежеде болмасын белсендiлiк күтер болсақ, салық жүйесiн жетiлдiрiп отыру да бүгiнгi уақыт талабы, рынок талғамы.

Бағалау қағаздары бұл белгілі бір өзіндік формада шығарылатын мүліктік құқықтық міндетті көрсеткіштері көрсетілетін шығарушы мен оларды иеленушілер арасындағы қарым – қатынасты бейнелеп, қолдан қолға сатылатын, сондай-ақ мәлімдеу барысында төлемдерді алуға құқық беретін, қандай-да бір қаражат салғандығын куәландыратын ақшалай қаражатты білдіреді.

         Құнды қағаздардың мәні мынада, яғни капиталды иеленушінің қолында капиталдың өзі емес, құнды қағаз түріндегі жалған капитал формасы болады.

         Жалған капитал деп құнды қағаздың аталуы олардың өзіндік ішкі құндарының болмауын айтады.

        


2. Құнды қағаздардың экономикадағы қызметтері.

Құнды қағаздар экономикада мынандай қызметтер атқарады:

1. Қайта бөлу қызметі, яғни құнды қағаздың көмегімен экономиканың салалары арасында, аймақтар мен елдердің арасында, халық пен эканомиканың салалары арасында, халық пен мемлекет арасында және т.с.с. уақытша бос ақша қаражаттары бөлінеді.

2. Құқықтық қамтамасыз ету қызметі, басқару ісіне араласуға, эмитенті  туралы оның қаржылық жағдайы туралы ақпарат алуға, табыс алуға құқық береді.

3. Айналым шығынын үнемдеу қыметі. Ақшалық төлем құралы қызметін атқаратын бақылау туралы түріне байланысты.

         Құнды қағаздар өзіне тән белгілеріне байланысты төмендегідей жіктеледі:

1) Эмитентіне байланысты:

 - мемлекеттік құндықағаздар (Үкімет, Қаржы министірлігі (қазынашылық тұлғасында), Ұлттық банк, жергілікті басқару органдары эмитенті бола алады);

 - мемлекеттік емес құнды қағаздар (ашық және жабық акционерлі қоғамдар, соның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорын, сауда ұйымдары, коммерциялық банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, қор биржалары, брокерлік фирмалар, ЖШС; шетелдік қаржы – несие ұйымдары және т. б.);

2) Экономика табиғатына байланысты:

 - үлестік құнды қағаздар (үлес қосқандығын куәландыратын акциялар ғана);

 - борыштық құнды қағаздар (қарыз бергендігін, алғандығын куәландыратын облигациялар, вексель, чек);

 - төлемді, туынды құнды қағаздар, бұл екінші ретті құнды қағаздар;

3) Операция сипатына қарай:

 - негізгі құнды қағаздар (акция, облигация);

 - қосымша құнды қағаздар (чек, вексель, сертификат);

 - туынды құнды қағаздар (қалғандары);

4) Айналым мерзіміне байланысты:

 - мерзімсіз (айналым мерзімі көрсетілмеген акция, яғни эмитенті банкроттыққа ұшырамағанша);

 - мерзімді, яғни қысқа (1 жылға дейін), орта (1 – 3 және 5 жыл аралығы) және ұзақ (5 жылдан жоғары) мерзімді;

 - мерзімі өткен, яғни көзделген мерзімде өтелмеген;

5) Қаражат салу сипатына қарай:

 - инветитцияланатын құнды қағаздар, яғни қаражат салуға мүмкіндік беретін акция, облигация, фьючерс, депозиттік құжаттар, ипотекалық куәліктер, депозиттік және жинақ сертификаттары;

 - инвеститцияланбайтын құнды қағаздар, яғни төлем құралдары қызметі сипатында қазмет атқаратын құнды қағаздар;

 

6) Шығарылу формасына қарай:

 - құжатты құнды қағаздар, яғни бекітілген формасына қарай шығарылатын сиртификатты құнды қағаздар немесе материалды формасы бар құнды қағаздар;

- құжатсыз формада шығарылатын құнды қағаздар, яғни құнды қағаздар иесіне немесе қаражат салушының атына "депо” счетын ашу арқылы берілетін құнды қағаздар;

7) Иелік ету сипатына қарай:

- атаулы құнды қағаздар;

- атаусыз құнды қағаздар;

- ордерлік, яғни басқа үшінші тұлғаның атына меншіктелген;

8) Нарықта айналу сипатына қарай:

 - нарықтық құнды қағаздар;

- нарықтық емес құнды қағаздар (жинақ сертификаттары, варрант, коносамент, ұлттық жинақ облигация, ұтыс облигациялар, ипотекалық куәліктер);

9) Басқару ісіне араласуына байланысты:

 - дауысты құнды қағаздар (дауысқа ие болатын);

- дауыссыз құнды қағаздар;

10) Табыс төлеу әдісіне қарай:

 - дивидентті (таза табысқа байланысты);

 - дисконтты (өзінің номиналды құнынан төмен бағамен сатып алынатын құнды қағаздар);

 - купондық, яғни табысты құнды қағаздар;

 - пайыздық табыс әкелетін құнды қағаздар, яғни тұрақты пайда әкелетін, өзгермелі табыс әкелетін;

11) Аумақтық белгісіне қарай:

 - ұлттық, яғни мемлекеттің шеңберіндегі;

 - аймақтық;

 - халықаралық, мемлекет аралық айналыстағы;

12) Қамтамасыз ету сипатына қарай:

 - қамтамасыз етілген, яғни шығарушының мүлкімен активтерінің құнымен жабдықталатын;

 - қамтамасыз етілмеген, ешқандай да мүллікпен қамтамасыз етілмеген, шығарушының уәдесімен, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген құнды қағаздар.

         Егер де біреу ламбард иесінен қарызға ақша алса, ол кепілге құнды зат қалдырады. Қарыз өтелмеген жағдайда ломбард иесі сол затты сатып өз шығындарын жабуы мүмкін. Бұл келісім шарттары кепілдік квитанциясында жазылады. Егер де жеке тұлға автомабиль алу мақсатындақарыз алса, несие беруші сол автомабильге деген иелік құқығын несие көлемі толық өтелмегенше сақтайды. Несие өтелмесе несие беруші автомобильді сатып өз шығындарын жабады. Бұл жағдайда иелік ету құқығын растайтын мемлекеттік сертификат несиені қамтамасыз ететін құрал ретінде қолданады.

         Жалпы айтқанда бір бет қағаз инвестордың қандай да бір меншікке деген құқығын және сол құқықтарды қолдану шарттарын анықтайды. Мүлік құқығын куәландыратын бұл бір бет қағазбен бірге барлық құқықтар мен міндеттемелерге ие болады. Құнды қағаз дегеніміз – нақты шарттар бойынша күтілетін және болашақ табыстарды алуға құқық, бұл құқық заңдармен куәландырылған.

         Құнды қағаз түрлері көп. Олардың түрлерінің көптігі оларды сатып алушылар (инвестор) мен шығарушылырдың (эмитент) мойнына жүктелетін міндеттер мен құқықтардың болуымен ерекшелінеді. Бірақ та олардың көбі бухгалтерлік есепте бір-бірімен ерекшеленбейді (бірнеше ғана құнды қағаздарды ашып көрсетуге болады).

         Құнды қағаздардың кейбір түрлері бухгалтерлік есепте өз ерекшеліктеріне ие болады:

·        олардың жарғылық қормен әр түрлі қатынасы кезінде;

·        құнды қағаздардың номиналды құны мен сатылу бағасы арасындағы айырымның болуы;

·        табыстардың аударылуына байланысты және т. б.

1) Эмиссиялық бағасы, осы баға бойынша құнды қағаздар бірінші ретті құнды қағаз нарығына орналастырылады.

2) Нарықтық баға – құнды қағаздардың екінші ретті нарығында қайта сату бағасы.

3) Баланстық баға – қаржылық есеп беру құжаттары негізінде анықталатын бухгалтерлік баға.

3. Құнды қағаздар және оның айналу мәселелері.

Қор биржасы.

Құнды қағаздардың келесі түрі акция болып табылады. Акция — акционерлік коғамның мүлкіне белгілі пайды салғанын куаттайтьш құнды қағаз және оның иесіне (акционеріне) пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алу құқын береді. Акцияны акционерлік коғам, кәсіпорын, ұйымдар, коммерциялык банк, кооперативтер мен баскада мекемелер шығарады. Олар ұжымдык меншікке негізделген немесе толык мемлекеттік меншік шаруашылығында болады. Акция құнды кағаздар нарығы - кор биржасында сатылады және сатып алынады. Акция бұл процесті биржалык емес сауда негізінде де жүзеге асырады. Акцияның номиналды құны мен нарықтық бағасы бар. Акцияның накты бағасы акционерлік коғам пайдасының мөлшеріне тікелей байланысты өзгереді. Сондай-ақ алынатын дивиденд мөлшері мен қарыз пайызы деңгейіне байланысты да өзгереді.

Шетел тәжірибесінде акцияның әртүрлі қолданылады:

а) атаулы акциялар;

ә) ұсынушыға арналған акциялар;

б) жәй акциялар;

в) артықшылығы бар акциялар.

Біздің елімізде жай акция шығарылып, жеңілдікпен пайдаланатын табысы болып, акционерлерге салған капиталы үшін айқындалған процент түрінде қатты табысты алуларына құқық береді. Алайда жеңілдікпен пайдаланатын акция шектелген мерзімде колданылады және белгілі уақыттан соң, акционерлік қоғам оны жабады. Ал, оларды иемденушілер акционерлік қоғам жұмысын басқаруда ешқандай дауысқа ие емес. Жеңілдікпен пайдаланатын акциялар акционерлік қоғамның жарғылық қорының 10%-тен аспайтын сома мелшерінде ғана шығарылады.

Акция категория бойынша былай бөлінеді: еңбек ұжымының акциясы, кәсіпорын акциясы және акционерлік қоғам акциясы. Еңбек ұжымыңың акциясын мемлекеттік кәсіпорындар (бірлестікгер), арендалы, ұжымдық кәсіпорын, кооператив және қоғамдық ұйымдарға жататын кәсіпорындар шығаруға құқылы.

Еңбек ұжымының акциясы сол кәсіпорында жұмыс істейтіндерге ғана таратылады. Оған қатысы жоктарға таратылмайды.

Акцияны кәсіпорын шығара отырып, екі пайдалылықты көздейді: біріншіден, көбірек пайда табу үшін, тұрғындарды қосымша қаржы салуга жұмылдыру, екіншіден кәсіпорын жұмысшыларын басқару процесіне барынша тарту. Себебі кәсіпорынның жетістігі оның табысына тікелей әсер етеді.

Акционерлік қоғамның акциясы кәсіпорын мүлігінің барлық сомасына немес жарғы қорына шығарылады. Сондықтан кезкелген меншіктегі кәсіпорын акционерлік түрге өзгереді. Бұл коғамның акциясы оған еркін жазылу арқылы таратылады. Кейде барлық акцияны құрылтайшылар арасында өзара бөледі. Олар есімді және көрсетілген болып та шығарылады. Бір колдағы қорлардың көп болмауы үшін және акционерлік қоғамнан бақылауды жоғалтпау үшін есімді акииялар қолданылады. Алайда бұл да сенімсіз, себебі оған қатысы жоқ адамдар болуыңа әбден мүмкін. Әлемдік тәжірибе бұған қарсы өте тиімді тәсіл белгілі. Мысалы, АҚШ-да бір компанияның 5%-тік акциясына иесі оған ай сайын оның сатып алу, сату жайында есеп беріп отырады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша курстық жұмыстар | Добавил: Admin
Просмотров: 2397 | Загрузок: 232 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]