Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Курстық жұмыстар » Қазақша курстық жұмыстар [ Добавить материал ]

HTML тілі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (504.0Kb) ] 18.02.2014, 16:31
HTML негіздері

 HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі. 

HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.

HTML тiлiнде колданылатын командаларды "тег” деп айтамыз.  HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.

Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы,
<html> тегтiң жұмысын ашады да келесi </html> тегi оны жабады. <title> ашылуы, </title> жабылуы.

Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы,  <IMG> т.с.с.

Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.  

 Құжаттың структурасы

HTML құжаттың негізгі структурасы төмендегідей:

 <HTML>
         <HEAD>
                   <TITLE>
                   …
                   </title>
         </head>
<BODY>
</body>
</html>

HTML-тег атрибуттар тізімінен тұрады. Тег тексті үшбұрышты жақша ішінде жазылады. Мысалы:

<FONT face=аrial>Менің бірінші бетім</font> - бұл жерде <FONT> - тег, face – атрибут, arial – атрибуттың мәні.

Кез келген HTML құжат <HTML> тегімен басталып, </html> тегімен аяқталу керек. Бұл тегтер браузерға HTML құжатын көрсетеді. Құжат болса қарапайым   ASCII кодындағы мәтіндік файл. <HTML>, </html> тегтер болмаса браузер программалары құжатты танымай қалуы мүмкін.

<HTML>, </html> тегтерінің ортасына құжат денесі келеді. Құжат екі бөлімнен тұрады: тақырып бөлімі <HEAD> тегімен басталынатын және <BODY> тегімен басталынатын негізгі бөлімнен.

Тақырып бөлімі міндетті емес, бірақ ол жерде браузерге қажетті көп ақпарат болуы мүмкін. 

<TITLE>, </title> тегтерінің арасында құжаттың аты жазылады, сол сөз терезенің тақырып жолына шығады.

Мысалы: 
<TITLE>Моя первая страница</title>    

<HEAD> бөліміне тағы <META> тегтерді қолдануға болады, олар сайтты интернет желісінде тез табылу үшін пайдалынады.

 <meta name="Language" content=" kz"> - сайт  тілі

<meta name="Autor" content="Molutjan Arziev"> - сайт авторы

<meta name="Keywords" content="информатика, школа, учитель, компьютер, уйгур, поурочный план, математика"> - іздеу қызметіне арналған сөздер 

<meta name="Generator" content="блокнот"> - қай программада жасалынды

 <BODY> тегімен Web-беттің негізгі бөлімі басталады. Бұл бөлімге мәтін, графика, кесте, аудио және видео ақпараттар енгізіледі. 
 
Мәтінді форматтау тегтері  

Құжатта тақырыптар <Hi>, </hi> тегтерімен жасалынады, бұл жерде і=1 болғанда ең үлкен тақырып жазылады, і=6 болғанда – ең кіші.

Мысалы, 
Көрінетін мәтін
HTML де жазылуы

Заголовок1
<H1> Заголовок1 </H1>

Заголовок2
<H2> Заголовок2 </H2>

Заголовок3
<H3> Заголовок3 </H3>

Заголовок4
<H4> Заголовок4 </H4>

Заголовок5
<H5> Заголовок5 </H5>

Заголовок6
<H6> Заголовок6 </H6>

Абзац енгізу үшін <P>, </p> тегтерін қолданады, мәтіннің сол жақ, ортада, оң жақта орнату үшін align атрибуты пайдалынады. 

Мысалы:
<P align=center>Менің бірінші бетім</p>
«Менің бірінші бетім» сөйлемі беттің ортасына орналасады.
Align дің мәні тағыда left (сол жақ), right (оң жақ) болуы мүмкін. 
<FONT> тегінің көмегімен біз мәтіннің шрифтің, көлемін, түсін  белгілейміз. Ол үшін атрибуттарды пайдаланамыз. 
Мысалы:
<P align=center>
<font face=Arial size=5 color=blue>Менің бірінші бетім</font>
Осындай жол жазғанда Web бетімізде arial шрифтімен, 5-көлемде, көк түсті «Менің бірінші бетім» деген сөйлем шығады. 

Жолды бөлү үшін <BR> тегін қолданса болады, мысалы:

<P>   Ана тілін – арың бұл,
Ұятын боп тұр бетте<BR>
         </p> 

 Қаратырылған әріптерді пайдалану үшін мәтінді <B>,</b> тегтерінің ортасына аламыз, қиғаш әріптер үшін - <I>,</i>.

Мысалы:
Көрінетін мәтін
HTML де жазылуы

Менің бірінші бетім
Менің <b> бірінші </b> бетім

Менің бірінші бетім
Менің <i> бірінші </i> бетім

Менің бірінші бетім
Менің <u> бірінші </u> бетім

<PRE>, </pre> тегтері мәтін редакторда қандай жазылған болса, сол бойынша браузерге шығарады, мысалы:

 <PRE> 
Ана тілін – арың бұл, 
Ұятын боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
</pre>

 Тізім

Нөмірленген тізімді ұйымдастыру үшін <OL> және <l1> тегтері қолданылады.

<OL> Қолданылған әдебиеттер тізімі
         <LI> Полонская Е.П. Самоучитель HTML
         <LI> Мержевич В. Создание Web страниц </li>
</ol>

Егер тізім номерін керекті бір номермен бастау керек болса онда start атрибутын пайдалынамыз, мысалы:
 <OL start=5> Қолданылған әдебиеттер тізімі
         <LI> Полонская Е.П. Самоучитель HTML
         <LI> Мержевич В. Создание Web страниц </li>
</ol>

Тізімдің түрін өзгерту үшін type атрибуты көмектеседі, мысалы номерлерді латын цифрларымен жазу үшін төмендігідей жазамыз

<OL type=I> Қолданылған әдебиеттер тізімі
         <LI> Полонская Е.П. Самоучитель HTML
         <LI> Мержевич В. Создание Web страниц </li>
</ol>
 
Маркерлік тізімді жазғанда <UL> тегін пайдаланады, маркердің түрін өзгерту үшін type атрибутын. Оный мәні кестеде көрсетілген

 disc
дөңгелек

circle
шеңбер

square
квадрат

<UL type=disc>
         <LIt> дөңгелек
</ul>
<UL type=circle>
         <LIt> шеңбер
</ul>
<UL type=square>
         <LIt> квадрат
</ul>
 
Web беттегі графика

Бұл бөлімде Web беттерге графиканы орналыстыруға тоқталамыз. Web дизайнерлер графика мәселесіне келгенде екі топқа бөлінеді. Бірінші топ графикасыз Web сайт ол сайт емес деп ойласа, екінші топ керісінше Web сайттарға суреттің қажеті жоқ деп санайды, себебі олар кейбір модемдердің және жүйелердің күші жетпейтіндігін ескеріп отыр. Дегенменде сайтқа графиканы қолдану мүмкіндік бар және соны тиімді пайдалану керек. Ол үшін бізге <IMG> тегі  src атрибутымен көмектеседі. Суретті сайтқа орналастыру үшін src атрибутына суреттің толық жолын көрсету керек, мысалы, rose.jpg суретi С дискасының My img  папкасына орналасқан болса, онда төмендегі тег жазылады:

 <IMG src=c:/my img/rose.jpg> 

width және heigth  атрибуттармен суреттің көлемін өзгертуға болады, биіктігі және ені.
alt атрибутымен суретке қосымша мәтін түрде қосымша мәлімет шығаруға болады.

<IMG src=c:/my img/rose.jpg width=50% height=30% alt=менің суретім> 

Web графика туралы айтқанда төмендегі атрибуттарды ұмытпау керек: background – бұл атрибут сайтқа суретті фон ретінде орналыстырады, bgcolor – фонға түс береді.
 
Сілтеме

HTML дің негізгі қасиеті ретінде оның басқа құжаттарға сілтемеу жасау мімкіндігі айтуға болады. HTML құжатынан алысқа орналасқан компьютерге, құжаттың ішіндегі белгілі бір орынға, HTML құжатына, басқа бір сайтқа сілтеме орнатуға болады. Сілтемені ұйымдастыру үшін <A href> тегі қолданылады. 
Мысалы, 
<A href=penjim.narod.ru>Пенжим сайтына сілтеме</a>

Бұл мысалда біз www.penjim.narod.ru сайтына сылтеме жасадық.

Сілтеме мәтін түрде және сурет (кнопка) түрде болуы мүмкін. Сурет түрде орнату үшін <A> </a> тегтерінің ортасына суретті <IMG> тегімен орнату керек.
 
HTML-де кесте жасау 

Web-құжатының негiзгi бөлiктерiнiң бiрi - кесте. Ол тiктөртбұрыш бағаналар мен көлденең орналасқан жолдардан тұратын торлар жиыны түрiнде қарастырылады.  Жол мен бағанның қиылысы ұяшық деп аталады. Бiр ұяшықта мәтiн, сурет немесе басқа бiр шағын кесте орналаса алады.  Кесте келесi бөлiктерден тұрады:

•   кесте тақырыбы;
•   бағаналар тақырыптары;
•   ұяшықтар.

 Кесте жолдар тiзбегi бойынша бiртiндеп толтырылады (солдан оңға қарай жол соңына дейiн, сонан соң келесi жолға көшу). Әрбiр ұяшыққа мәлiметтер енгiзiледi.  Боя ұяшық жасау үшiн бос орын таңбалары енгiзiлуi тиiс.

Қарапайын 2*3 кестесін жасау үшін төменгі тегтер жиынын қолдануға болады:

<TABLE border=1>
         <TR>
                   <TD> мәтін</td>
                   <TD> мәтін</td>
                   <TD> мәтін</td>
         </tr>
<TR>
                   <TD> мәтін</td>
                   <TD> мәтін</td>
                   <TD> мәтін</td>
         </tr>
</table>

Бұл жерде border  кесте сызықтарының ені.

Кестенің ұяшықтарының енін пайз арқылы өзгерту үшін width атрибутн қолданса болады, мысалы: 

<TABLE width=50%>


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша курстық жұмыстар | Добавил: Admin
Просмотров: 725 | Загрузок: 205 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]