Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Курстық жұмыстар » Қазақша курстық жұмыстар [ Добавить материал ]

Фирманың ұйымдастыру құрылуымен басқару нормасы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (114.5Kb) ] 16.02.2014, 14:02

1.1.      Фирманы үйымдастырудъщ негізгі нысандары

        

         Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше косіпорыннан түратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйым-ды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.

         Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:

•   индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;

•   серіктестік немесе партнерлік;

•   корпорация (акционерлік қоғам).

         Индивиду алдың (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкерлігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі капиталының аз мөлшерде болуы.

         Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады.

Серіктестік (партперлік) дегеніміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:

•  шаруашылық     дами     түскенде     қаржы     ресурстарының     тапшы-лығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;

•   фирма     мүшелерінің     барлығы      бірдей     іс-әрекет     мақсаттарын жетіле түсінбеуі;

•   фирма   табыстары   мен   шығыстарындагы   бірге   тапқан   мүліктерді бөлудегі   эр   кісінің   үлес   салмағын   анықтаудың   қиындығы.    Брокерлж кеңселер, аудиторлық фирмалар,  қызмет корсету сферасының мекемелері жэне т.б. кобінесе, серіктестіктер формасында үйымдастырылады.

Корпорация деп бір заңды түлга болып бірлесіп, кәсіпкерлік кызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне қүқықтар акцияларға сэйкес болшектерге болінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар үстаушы, ал корпора-цияның озі акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация сальны салынады. Акциялардағы үлестеріне сэйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:

• акциялар     мен     облигацияларды     сатып     ақша     капиталын     іске тартудың шексіз мүмкіндігі;

•акционерлер құкықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыкқа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акционерлік қоғамның істерін басқаруға катынаса алу құқығы жатады. Акционер зандық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;

• басқару кызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады;

•  корпорацияның тұрақты кызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.

Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:

•   акция    ұстаушыларға    дивиденд    түрінде    толенетін    корпорация табысының болігіне    екі жақты (екі рет)     салық салынуы:  біріншісі -корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі - акция ұстаушы табысының бөлігі деп;

•  экономикалық      бей әрекеттердің,      қылмыс      жасауға      қолайлы мүмкіңдіктердің мол болуы;

•  меншіктену мен бақылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ынталы болады,     менеджерлер оны азайтып акшаны айналыска жіберуге тырысады.

         Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артыкшылықтары одан көп.

         Фирманың көлеміне сәйкес бизнес көлемі кішкене (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді.

         Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын кұрайды. Бунда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise -жеңілдік)   жүйесі   мен   венчурлік   (venture - бел   байлау,   тәуекел   ету) кәсіпкерлігі жатады.

         Франчаииншгке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контракт жасасады. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын акшаны үнемдейді және қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.

         Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналасатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім

нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмелдеуіне сәйкес келмесе, күйін күту мүмкіндігі мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады.

         Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін түңғыш рет АҚІІІ-да пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазакстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, ойткені ол көп мәселе шешеді:

• Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар үшін    соншама   көлемді   капитал   салымынсыз   тұтыну   тауарлары   мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;

халықтың матермалдық және қаржылық қаражаттарын ондіріске тартуі  көмектеседі;

• Ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Кіші    бизнестің    әлеуметтік-саяси    мағынасы    да    зор:    ол    коғамның тұрақтылығының кепілі  болып табылатын «орташа» таптың даму негізі. Бірақ шағын бизнестің даму қарқыны қанағаттандырады деп айтуға ерте.

         Бұның іиікі және сыртқы себептері аз емес;

         Ішкі факторлар;

         Банкілермен байланыстың нашарлығы.

         Сыртқы факторлар;

         Қисынсыз салық жүйесі;

         Заңдардың шикілігі, тұрақсыздығы;

         Криминалдық прессинг;

         Шағын бизнесті жандандыру үшін қажет шараларды үш бағыттан жүрізу қажет;

         Шағын бизнестің ішкі ортасын жақсарту керек;

         Нақты фирмаларға тікелей көмек көрсету;

         Шағын кәсіпорындарының өзін-өзі ұйымдастыруын күшейту.

Орташа бизнестің ролі мәз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкі  немесе мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін (мүгедектерге, жарымжандарға  арналған техника жасау, қала сағат-тарын жөндеу) т.б.

Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең түрақтысы. Оның нарықтағы монополдык, болмысы көпшілік түтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.



Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша курстық жұмыстар | Добавил: Admin
Просмотров: 899 | Загрузок: 197 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]