Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Курстық жұмыстар » Қазақша курстық жұмыстар [ Добавить материал ]

ФАРАБИДІҢ МУЗЫКАЛЫҚ ІЛІМІ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

16.02.2014, 14:08

ФАРАБИ ЖӘНЕ МУЗЫКА МӘСЕЛЕЛЕРІ

ФАРАБИДІҢ МУЗЫКАЛЫҚ ІЛІМІ

 

Фарабидің ғылым мен өнердегі үлкен де кесек дүниесі — оның музыкасы. Ол ең әуелі музыканын, аса ұлы теоретигі саналады. Фарабидің музыка теориясын дамытудағы тарихтан алатын орнын анықтамастан бұрын, музыка теориясын бір жүйеге келтірудегі басқа ғалымдардың еңбектеріне тоқтала кеткен жөн.

Музыканың біртұтас физика-математикалық теориясының іргетасын қалауда атақты грек оқымыстысы Пифагор және оның шәкірттері — Аристоксен, Гиппас және басқалардың еңбегі өте зор болған. Олар тәжірибеге сүйене отырып және өздерін «математиктерміз» деп есептеп музыканын, ең алғаш сандық-теориялық негізін жасаған. Казіргі кезде музыкалық ғылымда қолданылып жүрген — му­зыка, тон, октава, квинта, кварта, консонанс, диссонанс, т. б. терминдерді бірінші рет Пифагор және онын, шәкірттері атаған. Музыкалық тонды — сандармен, ал музыкалық интервалдарды сандар қатынасымен өрнектеген де солар.

Мәселен, октава — 2/1, квинта—  3/2  және кварта— 4/3 деп белгіленген.

Пифагорша музыканын, ғылыми негізі төмендегідей қағидаларға құрылған:

1. Әр тон өзіне сәйкес санмен өрнектеледі және бірдей жоғарылықтағы тонға тең сандар, әр түрлі жокарылықтағьг тондарға тең емес сандарға сәйкес келеді.  2) Өз ара тең интервалға сандардың тен, қатынастары сәйкес келеді. 3) Үндес интервалдарға (п—1) : п түріндегі эпимерлік және п : 1 түріндегі еселік қатынас сәйкес келеді. 4) Үндестігі бірдей дыбыстарға, мәселен октаваға п : 1 теңдікке жуығырақ келетін 2 : 1 қатынасы сәйкес келеді.

Сонымен Пифагор   мектебінде   музыкалык,  теорияның ғылыми негізі қаланды деп толық айтуға болады. Осы кезден бастап музыка және музыкадағы негізгі ұғым - дыбыстың физикалық жаратылысы жайлы қорытындылар айтыла бастады. Мәселен, Эмпедокл (б. з. д.— 492— 493 ж.ж.) дыбыстың таралуы және оны қабылдауды дыбыс көзінен шығатын өте әлсіз кішкене денелердің, құлаққа әсер етуімен байланыстырып түсіндіреді. Біздің заманымызға дейінгі I ғасырда өмір сүрген оқымысты Витрубий су бетінде болатын толқын құбылысымен салыстыра отырып, дыбыс және оның таралу жылдамдығы жөніндегі алғашқы дұрыс ұғымды айтады. Аристотель дыбыстың шығуы және оның таралу жылдамдығы жайлы бірталай терең мағыналы пікірлер — ойлар тұжырымдаған.

Әсіресе, гректердің мұрагерлері боп саналатын орта ғасырлардағы араб және шығыс елдерінде музыка ғылымына айрықша мән берілген. Алайда шығыс ғұламаларының бұл саладағы еңбектерінің қадір-қасиеттері кейінгі кезде ғана мәлім бола бастады. Бұл жөнінде көптеген әдеби мұралар зерттелді және соны мағлұматтар ашылды. Бұл салада көптеген зерттеулер жүргізген совет және шетел музыка тарихшыларын Р.И. Грубер,  А.А. Семенов,  Р. Эрланже, Г. Фармер, Р. Вильгельм, В.М. Беляев тағы басқаларды атауға болады. Бірақ бұл ғалымдардың зерттеулерінде музыканы көбінесе көркем өнер тұрғысынан қараушылық басым болды. Ал музыканың даму тарихын математика және табиғаттану ғылымдары тұрғысынан зерттеп, бір жүйеге келтіруге талаптанушы авторлар азшылық. Казіргі ғылым бұл салада алғашқы қадамын жасап отыр. Тек соңғы он жылдың ішінде ғана Орта Азияның, Үндістанның, Иранның т. б. шығыс ғұламаларынын, философиялык,  физика-математикалық, музыкалық трактаттары европалық тілдерге аударылып, егжей-тегжейі зерттеле бас­тады.

Грек музыкасының басын құрастырып, жинап-теріп, олардын, музыкалық ғылымыи жаңа жағдайда жаңа заманға лайықты дамытушылар: әл-Кинди, Фараби, Әбу Әли ибн-Сина болды. Бұлардың арасында Фарабидің музыка теориясын дамытудағы алатын орны ерекше.

Кейбір деректерге қарағанда оның шығарған музыкалық әндері осы күні Иран, Ирак, Түрік және басқа да Шығыс елдерінде орындалады. Оның өзі жасаған «Канун», «Уд», «Қыпшақ» деп аталатын аспаптары болған сияқты. Фараби музыка теориясыпа арнап бірнеше еңбек жазған: «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка жайлы талдау», «Ырғақтардың классификациясы». Бұдан басқа «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдардың энциклопедиясы» атты туындыларында музыка ғылымын галдауға арнаған жеке тараулары бар. Ғалым музыка ғылымының шығуын материалис­ттік тұрғыдан түсіндіреді.

Фарабидің дыбыс және оның таралуы жөніндегі кейбір ой-пікірлері осы күнгі физикада қабылдаиғаи мағлұматтарға жуык, келеді. Мәселен, «өз ара әсер еткен екі дененің арасындағы ауа тығыздала түсетіндіктен дыбыс шығады. Ауанын, әрбір бөлшектері басқа бөлшектерін қозғалысқа келтіретіндіктен бұл тербеліс ақырында қозғала келе құлақ жарғағына беріледі. Ал есту органы оны дыбыс түрінде қабылдайды. Есту органы дыбысты әр түрлі естиді, оның дыбыс көзінен алыс-жақындығыиа байланысты»— деп түсіндіреді. Сонымен, Фарабидің пікірінше дыбыс сапасы жағынан жоғарылық күш және басқа қасиеттерімен анықталатын объективті құбылыс.

Фарабидің аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы болғаны мәлім. Оның бесаспап орындаушылығы жөнінде шығыс халықтар арасында күні бүгінге дейін тарап жүрген мынадай аңыз бар: Шығыс патшаларының бірінің сарайында той-думан қызып, бек-патша, бай-манап, қожа-молдалар жиылып үлкен жиын-тамаша құрып жатқан көрінеді. Оған Фараби да қатысады, бірақ шарап ішіп елірген мас қауым Фарабиге ілтипат жасамайды. Бұған шыдамаған Әбунасыр бір шетке шығып, домбырасын қолына алып, аса бір мұңды күй тартады; оның мүңдылыгы сонша жұрттың бәрі ойын-сауықты тастай салып уайымға беріліп егіліп жылайды; енді бір сәт аса бір қуанышты, көңілді күйді ойнап женелгенде әлгі жұрт еңселерін бірден көтеріп балаша билеп, жын қаққандай сықылдап күліп ойнап кетеді. Мұнан соң Фараби біртүрлі жаймашуақ бір сарынды қоңыр ырғақты күйді ойнағанда отырғандар музыка әуеніне елтіп бірі қалмай ұйқтап қалады. Оларды ұйқтатып тастап, Фараби жайына жүріп кетіпті дейді.

Фараби жалан, орындаушы ғана емес, аса ұлы музыка зерттеушісі, асқан теоретик болған. Оның «Музыканың ұлы кітабы» (Китаб әл — мусики әл-Кабир) деп аталатын көлемді шығармасын бүкіл музыка тарихшылары бірауыздан музыка теориясы жайлы жазылған үлкен еңбектердің қатарына қосуы тегін емес. Мәселен, француздың көрнекті музыка зерттеушісі, осы еңбекті 1930—35 жылдары француз тіліне аударған Р.Эрланже: «...Фарабидің бұл салада кейіннен араб тілінде жазған авторлардан артықшылығы жер мен көктей» десе, ағылшынның қазіргі үлкен бір му­зыка зерттеушісі Г.Фармер «Музыканың ұлы кітабы» Фарабиді орта ғасырлардағы музыка жөнінде жазған ең үлкен автор болды деген пікірімізді дәлелдеп отыр» деп жазады.

Фараби, музыка ілімін жасауда сөз жок, ертедегі грек оқымыстылары Пифагор, Аристотель, Евклид, Аристоксен, Птолемейдің тиісті еңбектеріне сүйенеді. Алайда Фа­раби бұл авторлардың идеяларын сын көзімен қарап, логикалық сарапқа салып, ғылымның жаңа жетістіктері негізінде қайта талдап шығады, олардын, дұрыс-бұрыс жерлерін дәл басады. Сондықтан да Фараби бұл салада гректерден көп озық кеткен. Мәселен, ежелгі грек ғұламалары аспаптарды зерттеуді тіпті қолға алмаған. Ал, Фараби музыка-лык, аспаптарды зерттеуді тыңнан бастап, математика және физиканы жетік білгені сонша, олардын, музыка іліміндегі мүлт кеткен жерлерін дәл тауып түзетеді, дамытады. «Мен тек музыка ғылымын бағалаушы ғана емеспін, музыка өнерін де бағалаушымын, сондықтан да ертедегі гректерге қарағанда, көбірек істеуіме мүмкіндігім болды» деп жазады Әбунасыр. Шығыстың ғылымы мен өнері ескі грек ғылымы мен өнерінің жай ғана көшірмесі болды деп кемітетін буржуазия ниеттес оқымыстылар бұған не айтар екен!

Фарабидін, пікірінше музыканың ғылми іргетасы тәжірибе-бақылау мен физика-математика ғылымдарының қағидаларынан тұрады, ал оның негізгі мақсаты адамнын, эстетикалык, мүқтаждығын қанағаттандыруға тиісті, оның бір ұшы поэзияға тіреледі, өйткені поэтикалық тіл мен му­зыка тілі бір-біріне етене болып қабысқан кезде музыка­ның әсерлілігі, эфектісі күшейе түседі, яғни музыка ғылым ретінде математикаға жақын тұрса, өнер ретінде поэзияға туыстас.

Фараби өзінін, «Ғылымдар энциклопедиясы» деп аталатын атақты еңбегінде басқа ғылымдармен қатар музыка ғылымының да ғылымдар тізбегінде алатын орнын, пәнін, мазмұнын, тарауларын анықтап беруге тырысады. Фарабидін, анықтауы бойынша музыка математиканың ірі-ірі жеті тарауының бірі болып табылады. Бұл ғылымның зерттейтіи пәні, мақсатын ол былай аныктайды: «Музыка туралы ғылымға келсек, ол жалпы алғанда мелодия (күй, саз) түрлерін,   олардын,  неден   жасалынатынын, не үшіп

жасалатынын, олардын, әсері барынша өткір және әсерлі болу үшін қандай болу керек екендігін зерттейді. Ол екі ғылымды біріктіреді: біріншісі, практикалық музыка, екіншісі музыка жайлы теориялық ғылым.

Практикалык, музыкаға табиғи және жасанды түрде жасалған аспаптарда орындалып сезім арқылы қабылданатын мелодиялар жатады. Табиғи құралдарға көмей, тілшік, мұрын, т. б. жатады, сыбызғы, лютня және басқалары жа­санды аспаптар. Музыкант — практик тек музыкалық аспаптардан тон, мелодия және осыларға қатысты барлық басқа нәрселерді шығарып алумен ғана шұғылданады.

Музыка жайлы теориялық ғылым ақылмен сезу (умо­зрительный) сипатында болады, ол тондар мен мелодия­лар жайлы жалаң білім беріп қана қоймай, мелодияны құрайтын нәрселердің бәрінің себептерін ашады; мұнда олар белгілібір аспапқа, материяға қатыссыз дерексіз түрде қарастырылады. Бұл ғылым мелодияны қандай аспаптар мен денелер шығарғанына тәуелсіз жалпы түрде, дыбыс қабылдау мүшесінін, (органынын,) пәні (предметі) ретінде қарастырады».

Фараби музыка ғылымының, тараулары туралы былай дейді: «Музыка жайлы теориялық ғылым үлкен-үлкен бес тараудан тұрады. Бірінші тарауда қаидай ғылымның болса да құрамын анықтауда қажет болатын негіздер мен принциптер баяндалады; бұл негіздер қалай зерттеліп қабылданады, қандай және қанша элементтерден тұрады және оны зерттеуші қандай болу керек деген мәселелер қамтылады. Екінші тарауда осы музыка ғылымының негіздері баяндалады. Бұл тарауда тондардың шығуы, олардын, са­ны мен сапасы, бір тонның екінші тонға қатысы және бұлардың дәлелдері келтіріледі. Мұнда тондардын, реті мен орналасу түрлері айтылады; бұл олардың үйлесімді және үйлесімсіз болуын анықтап, ол тондарды лайықты түрде іріктеп мелодиялар құруға мүмкіндік береді. Үшінші тарау­да жоғарыда көрсетілген негіздерді белгілеу және дәлелдеу барысында келтірілген нәрселерді әр түрлі жасанды аспап­тарда қалай қолдануға болатыны айтылады. Бұл аспаптар­да осы негіздерге сәйкес тондарды қалай шығарып алу және оларды алдын ала белгілеген ретпен қалай орналастыру жолы көрсетіледі. Төртінші тарауда тондардын, метрлік (өлшемдік) негіздерін құрайтын әр түрлі табиғи ырғақтар сөз болады. Бесінші тарауда жалпы мелодиялар құрастыру, әсіресе белгілі бір тәртіп пен жүйе бойынша түзілетін поэтикалық сөздерге сәйкестендірілген кемел мелодиялар құрастыру жайы баяндалады. Мұнда поэзиялық сөздерді белгілі бір мақсаттағы мелодияларға сәйкес қолдану және де осы сөздер арқасында әсерлі де өткір шығып бастапқы көздегсн мақсатқа жеткізерліктей мелодиялар табу да әңгіме болады».

Фарабидін, музыка ғылымы жайлы айтқан бұл қағидалары музыка теориясынын, болашак, дамуына орасаи зор ықпал жасады. Атақты Әбу Эли ибн-Сина, Омар Хайям, Абдрахман Жами, т. б. бұл салада Фарабиді үлкен ұстаз, аға тұтып, өздерінің музыкалык, шығармаларында оны үнемі басшылыққа алып отырады.

 

 

«МУЗЫКАНЫҢ ҮЛЫ КІТАБЫ»

 

Фарабидің «Музыканың ұлы кітабы» атты трактаты осы «Ғылымдар энциклопедиясында» келтірілген жоспарда жазылған. Бұл еңбек тек құрғак, музыкалық шығарма ғана емес, бүкіл орта ғасырлық ғылымның салдарлы да сындарлы ескерткіші. Мұнда ғылымның философиялық мәселелері мол қамтылған, физика-математика туралы да соны-соны пікірлер мен қағидалар айтылады, ол бұл еңбекте му­зыканын, тәжірибелік және теориялык, негізін қалап және оны музыкалык, аспаптарда қалай жүзеге асыру жолдарын көрсетіп береді. Нақтылы айтқанда Фараби теориялык, ғылым жасаудын, үш шартын қойып, осы шарттар негізінде музыка теориясын өз бетінше жаңадан жасап шығады; ол шарттар туралы біз жоғарыда Фарабидін, ғылым жасау әдісі жайлы әңгімемізде айтқанбыз.

«Музыканын, ұлы кітабы»: музыка ғылымына кіріспе; музыка ғылымының негіздері; музыкалық аспаптар; музы­калык, композиция деген үлкен-үлкен төрт тараудан тұрады.

Бұл еңбек XV ғасырда-ақ латын тіліне аударылып, Еуропада музыка ғылымы мен өнерінің дамуыиа үлкен әсер етті. Мәселен, бұл еңбекте музыканың теорнясы мен практикасында қазір қолданылып жүрген он екі жарты тондык, музыкалық жүйенін, (темперированный строк) бастамасы бар. «Музыканын, ұлы кітабында» тек музыка ғана емес, философия, математика, тарих, этнография, т. б. ғылым мәселелері мол ұшырайды. Мәселен, осы еңбектің бірінші тарауында Фараби түркі және славян халықтарынын, көршілес, тұрмыстас жіне тағдырластығы жайлы аса бағалы дерек келтірген.

Осы тараулардың жеке-жеке мазмұнын келтірейік. «Музыка ғылымына кіріспе» тарауы екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлікте мелодияны (күйді) анықтау, теориялық және практикалық музыка, музыкалық аспаптар, музыкаға бейімділік, күй шығару, әр түрлі музыкалық жанрлар, олардын, көңілге әсері, музыкалық талант, адам дауысы мен аспаптар шығаратын дыбыс, музыканын, шығуы, ас­паптар жасау, музыкалык, білім-тәрбие беру, теориялык, ғылым, теориялык, музыкалык, өнер, сезім және ақыл қорытындысы, бастапқы, негізгі принциптер, музыкадағы табиғи нәрселер жайлы айтылады.

Бүл тараудын, екінші бөлігінде дыбыстың табиғи сезілуі, гармония (үйлесімділік) және үндестік, үндессіздік, «табиғи» тондарды іздеу, музыкалык, интервалдар (аралықтар), «табиғи» тондарды шығаруға арналғаи аспаптар, Шахруд және Лютия аспаптары, біртекті тондарды топтау, гамма, негізгі интервалдар: октава, квинта, кварта, тон, қалдык, интервал немесе лимма, кварта иитервалын үш интервалға жіктеу (болу), жарты тон туралы айтыс, он екі жарты тоннан тұратын шкала, жоғары және төмен дыбыстардың себептері, тондарды сандар арқылы кескіндеу; тондар жөнінде теориялык, және практикалық идея, үндестік (консананс), жай қатынастар, қатынастарды (бөлшектерді) көбейту және бөлу (яғни қосу мен азайту) туралы әңгіме болады.

«Музыка ғылымының негіздері» деп аталатын екінші тарауда екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлікте физикалық принциптер, дыбыстың шығуы және онын, таралуы, тон және оның, анықтамасы, дыбыс шығаратын денелер, жоғары және төмен дыбыстардың себептері, өлшеуге болатын себептер және өлшеуге болмайтын себептер, тондардың қатынасы, музыкалық интервалдар — қос октава, кварта, квинта, тон, үндестік және диссонанс қатынастары, үлкен, орта және кіші интервалдар. Интервалдарды қосу, бөлу және азайту жайлы арифметикалық ережелер, әр түрлі үндес интервалдар, жанрлар туралы айтылады.

Екінші бөліктің мазмұнына мынадай мәселелер өзек болған: квартадан үлкен топтар (группалар), кемел топ немесе қос октава, топтағы тондардың аталуы, жылжымайтын және жылжымалы тондар, тональдық тондар мен ин-тервалдық қоспасы, топтар мен тональдықтардың қоспасы,тондар арқылы күйлердің (мелодиялардық) эволюциясы (қозғалысы), ырғақтар, теорияны эксперимент (тәжірибе) жолымен тексеруге арналған аспаптар жасау, мелодияларды аяқтау.

«Музыкалық аспаптар» деп аталатын үшінші тарау да екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлікке мынадай мәселелер қамтылған: теорияны эксперимент арқылы тексеруге мүмкіндік беретін аспаптар, лютнянің құрылысы, пернелерінің орналасуы, т. б.. , лютняда жүзеге асыруға болатын интер­валдар, лютнянің шкаласы (жүйесі), жалпы тондар және ерекше тондар, олардын, сандары, лютня тондарынын, өз ара үндестігі, қалдык, және ширек тондык, интервалдардың үндестігі, «кездейсок» үндестіктер, лютнянің шкаласын кеңейту, бесінші шек, аккордтар.

Екінші бөлікте мынадай мәселелер қарастырылады-тунбурлар (домбыралар) туралы, Бағдат тунбуры, тұрақты және айнымалы пернелер, әр түрлі аккордтар, бұл аспаптағы жанрларды белгілеу. Хорасан тунбуры, ондағы тондардың лютня шкаласына сәйкес келуі, басқа аккордтар; флейта (сырнай), флейтадағы дыбыстың биіктігі және төмендігі, флейтаның түрлері, рабаб, рабабтағы басқа аккордтар, арфалар.

«Музыкалык, композиция» деп аталатын соңғы тарауда екі бөліктен құралған. Бірінші бөліктің мазмұны мына­дай: мелодияның анықтамасы, толық және толық емес топтар, топтардын, таблицалары, үндестік және диссонанс, эволюция, ырғақ, негізгі ырғақ, соғулар, қосылушы ырғактар, ажырасушы ырғақтар, қайталанушы және толықтырушы ырғақтар, арабтардың дәстүрлі ырғақтары, мелодия­лар шығару (композиция).

Екінші бөлігінде мына төмендегі мәселелер қарастырылған: дауыс мелодиялары, адам даусы, фонема және фразалар, сөздің мелодияға бейімделуі, бос және толтырылғаи тондар, бос және толтырылған тондарды айту, аралас айту, қосылушы және ажырасушы айтыстың түрлері, дауыс мелодияларын шығару (композиция), айтудың басталуы мен соңы, мелодияның эффекті (әсері), мелодияларды әшекейлеу және олардын, адам сезіміне қатысы.

Біз жоғарыда «Музыканың ұлы кітабы»—Фарабидің ең үлкен де кесек шығармасы дедік. Бұл еңбек орыс және қазақ тілдерінде әлі жарык көрген жоқ. Оқушы қауымды ұлы ғалымның музыка және басқа мәселелер жайлы айтқан аса терең парасатты  кейбір  пайымдауларынан,  сөз тастау мәнерінен хабардар ету үшін біз осы ұлы еңбектін, кіріспе тарауының аудармасының әр жерінен үзінділер келтіруді мақұл деп таптық.

Фараби бұл еқбекті өз замандастарының өтініші бо­йынша жазған, оны жазу себебі жайлы ол былай дейді: «Сен ежелден келе жатқан байырғы музыка өнерін білгің келіп, осы жөнінде әрі жеңіл, әрі түсінікті, көптің кәдеріне жарайтын кітап жазуды өтінген едің... Сол тапсырмаңды осы уақытқа дейін орындай алмай келдім, мұның себебі, бұл мәселе жөнінде жазылған ертедегі ғалымдардың, олардан кейінгілер мен замандастарымыздың еңбектерін тегіс мұқият қарап шығуға тура келді. Саған керек мәлімет солардын, ішінен табылып қалған күнде, мен сенің тапсырмаңнан құтылып, кітап жазбаған-ақ болар едім. Шынында, бұл мәселені барлық жағынан талдап, толық қамтыған кітап болса, оның үстіне тағы да арнайы шығарма жазу артык болар еді. Өйткені, біредің айтқанын, жазғанын орынсыз иемденіп, қайталап айту надандық пен арамзалық ісі болады. Егерде бұрын жазылған кітаптардын, ішінде түсініксіз жерлері кездессе, ескіргені немесе тағы басқа сол сияқты кемшіліктері болса, оны кейінгі адамнын, түзетуіне, жөндеуіне рұқсат етіледі, бірақ алғашқы автордың ойы тегісімен сақталуы қажет. Сондықтан да негізгі еңбек бұрынғы жазғандікі болып қалады, ал кейінгі тек түзетуші, алғашқының ойын түсіндіруші, көпке жеткізуші ғана болуы ләзім.

Мен қарап шыққан еңбектерде бұл өнердің кейбір жақтары мүлде ескерусіз қалған сияқты, көпшілік кітаптарда музыка мәселесі, әсіресе, оның теориясы біріне-бірі байланыссыз, түсініксіз шатастырылып жазылған. Алайда бұл кемшіліктер ертедегі ғалымдар қабілетінің нашарлығынан кетті, олар бұл ғылымды жетілдіре алмады деп білуге ешбір болмайды. Ерте заманда талантты, ірі ғүламалар көп бол­ған, олар ғылымды дамытуды өздерінін, алдына бірден-бір мақсат етіп қойған. Ақыл-парасаты мол, сезімтал ғалымдар дүниеге бірінің артынан бірі келіп, алдығылардың ісін үйреніп, оны әрі қарай жалғастырып, дамытып отырған. Ал енді олардың музыка жөнінде жазған еңбектеріне жогалып кстксн немесе арабшаға нашар аударылған болуы керек. Бұл мәссленің олқы болып отырғанын мен тек қана осылай түсіндіре аламын.

Міне, сол себептен мен сенің тілегіңді орындауды өзіме борыш деп санап, осы кітапты жаздым».  Бұл келтірілген үзінді Фарабидің мейлінше кішіпейілділігін, ғылыми этикасының кіршіксіз тазалығын, оның өзінен бұрынғы өткен ұлы ғалымдарға деген үлкен сый-құрметін, ықыласын танытады. Музыка ғылымының негізін салудың басты принциптерін белгілеп алу туралы ол былай дейді: «Әрбір теориялык, ғылым негізгі принциптерден және одан шығатын басқа ұғымдардан құралады. Бағзы ғылымдар мен өнердің кейбір түрлерінің негізгі принциптері бізге тікелей мәлім (аксиома) болады, ал кейбір ғылымдар үшін ол принциптерді немесе олардың бірсыпырасын табу кажет.

Біз қарастырып отырған ғылымда принциптердін, айқындығы түгіл сол принциптерді неден шығаруға болатыны да белгісіз, тіпті солардың кейбіреулерін табатын жолды, сондай-ақ сол жолды іздеп табарлықтай әдісті де бірден табуға болмайды. Ертедегі ғалымдардын, еңбектерінде кейбір принциптер тұжырымдалған, бірақ олар оны айқын дәлелдемеген, ал солардың жолын қуған біздің замандастарымыз оны ары қарай анықтай алмаған.

Музыканы зерттеуден бұрын, мен оны неден бастау керектігі жөнінде біраз сөз айтып кетуді жөн көріп отырмын: әңгіме осы принциптерді ашу, біздің зерттеуімізге көмектесетін әдіс табу және осы әдісті қалай қолдану жөнінде бо­лады. Бұл әрекет музыка ғылымын танып білуге, негізгі принциптерден шығатын нәтиже, салдар жөнінде, сондай-ак, оларды дұрыс баяндау үшін де қолайлы жағдай туғызады. Сонымен, біз әуелі, музыка ғылымының негізгі прин­циптері жайында біраз сөз айтамыз және бұл кейін келтірілетін толығырақ зерттеудің бастамасы болады». Ғалым мұнан кейін музыка өнері деген ұғымның анықтамасын, түсінігін келтіреді: «Музыка (мусика) деген термин мелодияны (алхан) көрсетеді. Мелодия деген сөз тоннын, белгілі жүйелік ретін немесе тонның қатарын көрсету үшін қолда-нылады, соңғы жағдайда ол белгілібір қисын-қиыстырулар (комбинациялар) арқылы сөз құрастыратын фонемамен байланысады (ассоциоланады), сөйтіп, фраза құрып, кәдімгі тілдің заңдылығына сәйкес ойды білдіреді. Бұл сөздің басқа да мағыналары бар, бірақ біздің тақырыпқа олардың қатынасы жоқ.

Мелодияның бірінші мәні екінші мәніне қарағанда жал­пы және оның ұғымын кеңірек береді, түсіндіреді. Шынын да, бірінші  жағдайда  әңгіме тондар  туралы  болғанмен олардың пайда болу көзіне, қандай дене шығарғанына байланыссыз алынады; ал, екінші жағдайда керісінше мәселе фонемаға айналып, сөз құруға мүмкіндігі бар, бір ұғымды көрсететіндей тондар туралы болады, бұл өзінін, ойын білдіріп және басқаларға жеткізетін адам дауысынын, дыбыстары.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша курстық жұмыстар | Добавил: Admin
Просмотров: 938 | Загрузок: 72 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]