Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 2.12.2016
Главная » Файлы » Курстық жұмыстар » Қазақша курстық жұмыстар [ Добавить материал ]

Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (847.0Kb) ] 23.02.2014, 17:09
Қазіргі қазақ қоғамындағы ерекше маңызды сипатқа ие болған ұлттық мүдделі мақсаттың бірі ­ халық рухын, оның өзегі - мәдениетті жаңғырту. 
Көрнекті мәдениеттанушы ғалымдардың пікірінше, «мәдениет-адамның ақыл-ойы мен еңбегі жемісінің тізбектері, дәлірек айтқанда, материалдық және рухани құндылықтар жүйесі» (Э.Тэйлор); «мәдениет- дүниенің бөлшектері болып саналатын рухани көріністерді бейнелейтін тіл, миф, өнер, дін және т.б. негізде құрылатын семиотикалық жүйе» (Ю.Лотман). Осымен байланысты мәдениеттің таңбалық негізі тіл арқылы көрініп, рәміздік жүйедегі ұлттың психологиялық түрімен, сакрализация тәсілімен сипатталады. Бұл арада тіл ­ тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның мәдениетінің көрінісі. Өйткені мәдениетің этнотаңбалық белгісі тілден тыс көріне алмайды. Осыған орай мәдениетпен сабақтастықта қарастырылатын тіл тек денотативті коммуникация құралы ғана емес, сонымен бірге коннотативті (белгілі бір әлеуметтік мәдени, танымдық мәні бар) құрал. 
Демек, тіл бірден бір коммуникативтік құрал ғана емес, тілдік қарым-қатынас негізінде мәдениетті де анықтайтын кешенді ұғым ретінде мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының өзекті арқауын құрайды.
Соның ішінде мәдениеттің коммуникативтік, мұрагерлік табиғатына сәйкес оның ашық жүйе ретінде сақталуы, кейінгі ұрпаққа жетуі, жаңғыруы, танымы, оның игерілуі, жетілуі тіл арқылы іске асатыны қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы зерттеулерінде нақты дәйектелуде.
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен мәдениет сабақтастығына негізделген қағидаға сәйкес жүргізіліп жатқан зерттеулерде мәдениеттің өзі метатіл деп анықталып, оның коммуникативтік, кумулятивтік, әлеуметтік қызметтерін талдауға қазақ тіл білімінде ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыдан қарағанда, мәдениет метатілін этномәдени негізде сипаттайтын өзекті арнаның бірі ­ жалқы есімдердің (антропонимдердің) лингвомәдени, әлеуметтанымдық жүйесі.
Зерттеудің өзектілігі
Тарихи дереккөздердегі, эпостық жырлар мен фольклордағы, фразеологиялық, паремиологиялық, прецеденттік жүйедегі тілдік деректердің ұлт санасындағы ізін анықтау мәселесі - қазіргі тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің негізгі арқауы.
Осымен байланысты ұлт пен тіл, ұлт пен мәдениет сабақтастығын қарастыратын үрдіс тіл табиғатын зерттеуде жаңа сапаға көтерілуде. 
Соның ішінде тарихи этникалық үрдісті сипаттайтын, рухани - тарихи ақпарат көзінің бірі ­ антропонимдер жүйесін лингвомәдени, әлеуметтанымдық тұрғыдан анықтаудың мәні ерекше. Бұл тек лингвистикалық жаңғырту емес, этномәдени сипаттағы тарихи  танымымыздың да көкжиегін кеңейтпек. Осымен байланысты қазіргі қазақ қоғамындағы ұлттық сананың жаңа деңгейде жаңғыруы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне байланысты қызметінің  жандануына қатысты ұлттық мүддеге сәйкес тілдің этномәдени және әлеуметтік қызметін айғақтайтын, деректейтін, дәйектейтін негіздері қатарынан қазақ антропонимдерінің лингвомәдени жүйесі де орын алуы тиіс.    
Зерттеудің нысаны:
Қазақ антропонимдерінің тарихи-мәдени, әлеуметтік қызметін сипаттайтын лингвомәдени бірліктер.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Қазақ тілінде ұлттың этникалық сипатын айғақтайтын тілдік деректер аз емес. Солардың бастысының бірі - тарихи ономастика. Атап айтқанда ру, тайпа, ел тарихын зерттеуде батырлар жыры, әртүрлі сипаттағы тарихи шығармалардың мазмұнындағы этнонимдік, антропонимдік, топонимдік атаулардың ұлт болмысын тану үшін маңызы зор. Осы кезге дейін ол деректер көбіне поэтикалық жүйе шеңберінде немесе тарихи-лингвистикалық, лексикологиялық құрылымға қатысты қарастырылған. Антропонимдердің  мәнін, олардың этномәдени табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастықта анықтау бұл зерттеудің негізгі мақсатын айқындайды. 
Осымен байланысты зерттеудің бағыты мынадай міндеттердің шешілуін қажет етті: 
- түркітану мен қазақ тіл біліміндегі ономастика жүйесінің, антропонимия саласының зерттелуіне тарихи-лингвистикалық сипаттағы ғылыми шолу жасау;
- қазақ антропонимдерінің ұлттық табиғатын анықтаудың лингвомәдени, әлеуметтанымдық бағытына мән беру. Оның жалпы тіл білімі, түркітану мен қазақ тіл біліміндегі теориялық-әдістанымдық негізін сипаттау;  
- эпостық жырлардағы, мақал-мәтелдердегі, фразеологиялық және прецеденттік жүйедегі, көркем мәтін кестесіндегі антропонимдердің тілдік қолданысын лингвомәдени сипатта түсіндіру; 
- этноантропонимдердің тарихи-этникалық үрдіспен сабақтастығын нақты этнодеректерді талдау арқылы дәйектеу;
- қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени негізінің  көне түркі, қыпшақтық сабақтастығын оның орыс жылнамаларындағы деректерімен салыстыру арқылы анықтау,  кей тұстарда этимологиялық талдаулар жүргізу.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері:
Тарихи-салыстырмалы, сипаттама, этнолингвистикалық әдістер.
Зерттеудің теориялық мәні
Кешенді сипатта қарастырылған, тіл арқылы рухани көздерден жинақталған тарихи-этникалық үрдісті қоғамдық ой, этникалық сана мен оның тілдік бейнесі аясында алып, этникалық дереккөз ретінде қарастырғанда ғана қазақ тарихы мен мәдениеті соны тілдік мәліметтермен дәлелденеді. Осы тектес нақты зерттеулер қазақ тіл білімінің тарихи ономастика, этноантропонимика, лингвомәдениеттану, әлеуметтану саласының теориялық-әдістанымдық, дәйектемелік тұғырын қалыптастыруға өз дәрежесінде үлес қоса алады.
Зерттеудің практикалық мәні.
Зерттеудің нәтижелері жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде тарихи лексикология, ономастика салаларының ғылыми курсы бойынша дәрістерде, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, этноантропонимика бойынша арнайы курстар жүргізуде, сөздік жасау тәжірибесінде қолданыла алады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- антропонимдер этнотаңбалы, этномазмұнды лингвомәдени жүйе ретінде қарастырылды;
- кейінгі заманда туған көркем мәтіндердің кестесіне кірігіп, белгілі бір функционалдық, әлеуметтік, этнотанымдық жүк арқалаған антропонимдердің қолданысы түсіндірілді;
- қазақ антропонимдерінің этнотаңбалық тілінің түркілік негізі көнетүркілік, ортатүркілік ескерткіштермен қатар орыс жылнамаларындағы деректермен салыстыру арқылы анықталды. Соның нәтижесінде кейбір этимологиялық талдаулар жасалынды;
- зерттеу нысанына сәйкес паремиологиялық, прецеденттік, фразеологиялық және көркем мәтін деректері талданып, жинақталып, олардың құрамындағы антропонимдердің қолданысы мен қызметіне лингвомәдени сипаттама берілді.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
-  лингвомәдени жүйеде анықталатын қазақ тіліндегі антропонимдер - көне дәуірлерден этникалық ақпарат жеткізетін тарихи, мәдени және рухани әлеуметтік құбылыс;
- осы жүйеге кіретін этноантропонимдердің этномәдени және тарихи болмысында түрлі этнос және этникалық топтардың тарихи тегі мен жағырафиялық қозғалысы көрініс табады;
- антропонимдер - әртүрлі ұлттық ассоциацияларға меңзейтін ұлттық символдарға айналып, қазақтың ұлт ретіндегі біртұтастығын, бүтіндігін сипаттайтын, ұлттық арқаудың бірі;
- қазіргі қазақ тіліндегі антропонимдердің мазмұнында этномәдени сипаттың сақталуы мен жалғасуы, жаңғыруы оның ұлттық-ұжымдық сүрсананың терең қатпаларында жасырынып жатқан мәдени архетиптердің тілдік бейнеде сақталған этнотаңбасы екенін көрсетеді;
- антропонимдер, соның ішінде этноантропонимдер - тарихи-этникалық, лингвомәдени, әлеуметтанымдық тарихи этникалық дереккөз.
Жұмыстың мақұлдануы мен жариялануы
Зерттеудің негізгі мазмұны мен нәтижелері төменгі  ғылыми теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды: «Білімді жетілдіру мәселесі және даму үрдісі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Қарағанды, қараша, 2003), «Қазіргі кезеңде мамандандырылған білім беру мәселесінің дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Қарағанды, маусым, 2004), «Қазіргі қазақ әдебиеті тарихын оқыту мен зерттеу мәселелері» атты ғылыми теориялық конференция (Алматы, ақпан, 2006). Жұмыстың мазмұны бойынша А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі Институты жанындағы «Лингвистикалық жұма» атты ғылыми әдістемелік семинар (2006 мамыр).
Диссертацияның негізгі ғылыми тұжырымдары ғылыми басылымдарда 6 мақала түрінде жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     



















1 ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМДНРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ 

Қазақ тіл білімінде социолингвистика ғылымы тілді зерттеудің бір саласы ретінде кейінгі кезде қалыптасқаны белгілі, бірақ бұл бағыттың қазақ тілінде негізі бар екеніне Ахмет Байтұрсынұлының, Қ.Жұбановтың еңбектерінде назар аударылды. Бүгінгі таңда социолингвистика – (қазақша-әлеуметтік лингвистика) – тіл білімі, әлеуметтану (социология), әлеуметтік психология және этнография ғылымдарының қиылысқан жерінде дамитын, тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін және қоғам өміріндегі тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметін зерттейтін тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасты. Осы тұрғыдан А.Байтұрсыновтың осыдан 85 жыл бұрын тілге берген анықтамасы социолингвистикалық сипатты деп бағалауға болады: «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», - деді [1, 141 б.].  
Себебі қоғамдағы тілдің мәні мен қызметін күнделікті өмірден өзінің ерекше тілдік тұлғалық зердесімен байқаған, сезе білген Ахмет Байтұрсынұлының тілдің әлеуметтік қызметін айрықша қабылдауы, түйсінуі – заңды құбылыс. Ал, социолингвистика болса,  тіл мен қоғамның  өзара байланысын динамикада, қызмет барысында зерттейді. 
Сондықтан да әлемдік социолингвистика ғылымы тілдің даму сипатын үш бағытта анықтаса, (тілдің таңбалануы (графизация), тілдің жаңаруы (модернизация) және тілдің қалыпқа түсуі, нормалануы (стандартизация) Ахмет Байтұрсынұлы тіл дамытарлық осы үш бағытта бірдей қалам тартты. 
Осымен байланысты кез келген тілдің лексикалық қорының мәнді бір қабатын жалқы есімдер құрайды. Оларсыз адамзат қоғамының қарым-қатынас қызметі іске аса алмайды.  
Тіл қызметінің ерекше бір саласы - ономастика. Жалқы есімдердің жинақтық атауын лингвистикада ономастика дейді де, оны зерттейтін ғылым ономасиология деп аталады. Ономастика – кез келген жанды және жансыз заттарды не құбылыстардың есімін зерттейді. Ономастика грек сөзі «ономия» (грек тілінде «оnomа» есім, ат) onomastika - ат қою өнері, яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала. Ономастиканы (кісі аттарын, жер, су, ру, тайпа аттары т.б.) зерттеудің теориялық-әдістанымдық негіздері мен тілмен сабақтастықта қарастырылатын ұлттық этномәдени, әлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін В.В.Радлов, В.В.Бартольд, Н.Катанов, А.Н.Самойлович, С.Е.Малов, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Қ.Жұбанов, І.К.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Ә.Қайдар, Т.Жанұзақов, Ә.Абдрахманов, Е.Жанпейісов, Қ.Рысбергенова, Г.Мадиева, А.Жартыбаев т.б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті. Ономастика өз ішінде бірнеше салаға бөлінеді: топонимика (жер, су, қала атауларын зерттейтін ғылым), антропонимика (адам аттарын зерттейтін ғылым), этнонимика (ру, ел, халық аттарын зерттейтін ғылым), зоонимика (хайуандар аттары), гидронимия (теңіз,өзен, су, көл атауларын зерттейді) т.б.  
Түркі тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми негізі қаланған ономастиканың күрделі бір саласы – антропонимика. Антропонимика кісі аттары, әке аты patronim (отчество), фамилиялар, лақап аттар (прозвища), бүркеншік аттарды (псевдонимы) зерттейтін ономастиканың бір саласы.
Қазақ ономастикасының зерттелу тарихына аналитикалық шолу жасалған еңбекте бұл саладағы зерттеулер 4 кезеңге бөлінген. Соның ішінде жалқы есімдерге қатыстылары мыналар:  
1 кезең: 1950 – 1970ж.ж. (Т.Жанұзақов «Лично-собственные имена в казахском языке» 1961ж; «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер» 1965ж; «Қазақ есімдерінің тарихы» 1971ж.) 
2 кезең: 1970 – 1990ж.ж. (Т.Жанұзақов «Очерк казахской ономастики» 1982ж; Е.Керімбаев «Атаулар сыры» 1986; «Қазақ емісдері» 1988; В.Махпиров «Собственые имена в памятнике Х в. «Дивану лугат ат-турк Махмуда Кашгарского» 1980ж канд. дисс. )
3 кезең: 1990-2000ж.ж. (В.Махпиров «Имена далеких предков» 1997; М.Мұсабаева «Қазақ тіліндегі антропонимиялық «аталымдардың» этнолингвистикалық сипаты» 1995ж канд. дисс.; У.Мусабекова «Мотивационный аспект антропонимов казахского и русского языков» 1996 канд. дисс. Е.Керімбаев «Этнокультурные основы  номинации и функционирования казахских собственных имен» 1992ж. док. дисс.;  К.Головина «Сопоставительный анализ идиоэтнических топонимов и антропонимов русского и казахского языков»; К.Жаппар «Эстетические функции имен собственных в поэзии О.Сулейменова» 2000ж; ). 
4 кезең: ХХІ ғасырдың басы, жаңа кезең (Б.Көшімова «Қазақ лексикасындағы бейонимдену үрдісі» 2001ж; Б.Досжанов «Қазақ тіліндегі көне антропонимдер» 2003ж; Д.Керімбаев «Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің құрамы мен этнолингвистикалық сипаты», 2004ж; Г.Аубакирова «Идиоэтническая семантика и лингвостилистические функции собственных имен в художественном тексте» 2004; А.Бахамова «Уйгурские прозвища и их этнолингвистическая характеристика» 2004; ).
Сонымен бірге ономастикалық лингвокультуремалардың ұлттық мәдени ерекшеліктерді танытуда атқаратын қызметі ерекше. Себебі ономастика өзінің бойына лингвистикалық, тарихи, өркениеттік және мәдени деректерді жинаған ерекше лингвомәдени бірліктер жүйесі болып табылады. Олар халықтың бітім болмысы мен өмірге қөзқарасынан хабар береді. Айтылған мәселе Т.Жанұзақов, Қ.Рысбергенова т.б. ономаст-ғалымдардың еңбектерінде арнайы зерттелген.
Қазақтың кең даласы - мәдениет пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығының негізі. Мысалы, бұл қөзқарас қазақтардың балаға ат қоюында өзіндік ерекшеліктерінің бар болмысымен көрінеді. Себебі олар бұл рәсімде ұлт болмысының барлық этномәдени, әлеуметтік сипатын басшылыққа алып отырған. 
Мысалы, тіл мен сөздің магиялық күшіне сенген олар әдетте қарғыстан, балаларын мақтаудан қорыққан. Соның нәтижесінде Kүшікбай, Жаманбала, Салбыр, Қасым, Сағал, Kенесары сынды жалқы есімдер дүниеге келген. Олар «көз тимесін», «балам аман болсын» деген ырымнан туған болуы керек. Немесе дүниеге келген балаға Артықбай, Несібелі, Бекенбай Мырзагелді сияқты ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарытуды көздеген мақсат қойылған. Ал, Тілеміс, Тұрлыбек, Сағындық, Есенгелді лингвокультуремалары ұл куту, бала тілеу, балалары тұрақталмаған себебінен туған антропонимдер. 
Антропонимика (кісі аттары) - тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы мұра. Антропонимдер жүйесі адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Олардың кейбір топтары қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен мағлұмат береді. Мәселен, төрт түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге байланысты есімдер. Немесе қазақ халқының ұлттық әдеті бойынша жас келіндер күйеуінің жақын туыстарының, ата-енесінің аттарын атамайтын. Сөйтіп жас келін күйеуінің ағасын, інісін я қарындасын тура атымен атай алмай, жанама ат қойып алатын. Атап айтқанда, қайынсіңлілерін – шырайлым, бикеш, бойжеткен, әке қыз, еркем, ержеткен, ерке қыз, ал ер адамдарды төрем, шырақ, мырза жігіт, молда жігіт т.б. деп атайды. Тіпті күйеуінің құрдастарының аттарын атауды да ұят санап құрдас, замандас немесе аттас деп атау дәстүр ұстаған.
Осымен байланысты эвфемизм мен табу ерекше назар аударады да, антропонимдердің лингвомәдени, әлеуметтік т.б. аспектілерінің архетиптік сипатын көрсетеді. Яғни, эвфемизм - бір затты немесе құбылысты тікелей өз атымен емес басқа сөзбен атау. Айтуға дөрекі, қолайсыз сөзді сыпайы сөзбен ауыстырып айтудың негізінде шыққан. Оның тілдік көріністері қазіргі қазақ тілінде көптеп кездеседі. Мысалы өтірік айту - қосып айту, ұрланыпты - қолды болыпты, өлді - қайтыс  болды, үзілді т.б.
Ал, табу ерте замандардағы адамдардың мифтік танымына сәйкес кейбір заттардың аттарын тікелей айтуға қорқып, тыйым салынуынан қалыптасқан. Бұл құбылыс әдетте табу деп аталады. Бұл проблеманың қазақ және түркі тілдегі табиғаты, тілдік көрінісі Ә.Ахметовтің еңбегінде арнайы зерттелген [2, 8 б.]. Солардың нәтижесінде оның дәстүрлі мәдениетпен сабақтастығы, оның генезисі анықталады.
 Тілші-ғалым Ә.Хасенов эвфемизм мен табу құбылысын лексиканың қалыптасып баю барысындағы тарихи тұрғыдан семантикалық тәсіл қатарында қарастырып, нақты антропонимдерге қатысты былай деп көрсетеді: - кісі аттарына байланысты эвфемизм мына сықылды болып келеді: ауылдағы үлкен кісінің аты Жаман болса - Соқпақ жол, Сүттібай болса - Желінді уыз, Бұқабай - Сүзербай, Өгізбай, Қарабас - Боран шеке, Сарыбас - Шикіл шеке, Сары - Шикіл, Бейсембі - Күн жұма аттас, Көжекбай - Қоян ата, Үзікбай - Дөдеге, Жамантай - Жайсыз тай, Ақбай - Қылаң ата, Түңлікбай - Қайырма, Қозыбақ - Кене, Жусанбай - Сыбақ, Қойлыбай - Жандық ата, Қамшыбек - Ат жүргіш, Бүйенбай - Жуан ішек, Еламан - Халық есен, Асубай - Тарпаң, Асыл - Бекзат ата, Ақылбай - Ой ата, Мергенбай - Атқышыл, Жылқыбай - Туар т.б. [3, 66 б.].
Әлем халықтарының көпшілігінде, оның ішінде қазақ тілінде де жалқы есімдердің көбі табуға айналған. Ш.Саадиевтің мәліметі бойынша, әзірбайжанда  күні бүгінге дейін шын аттар жасырын болған.  Түркіменстанда «әр баланың чын ады - шын аты және ямен ады - жасырын аты бар». Сібірдің солтүстігінде ер адамдарда екі ат болды, оның бірі - шын ат, ол сирек қолданылса, ал екіншісі күнделікті қолданыстағы ат болып саналған [4, 185 б.]. Қазақ жалқы есімдерін -  антропонимдерді зерттеуші Т.Жанұзақ былай дейді: «Запрет некоторых слов (табу) имел свое влияние и в сфере лично- собственных имен. Казахские замужние женщины давали свои имена Төрем, Шырақ, Жарқын, Тетелес, Мырзажігіт, Шырайлым, Бикеш и др. [5, 56 б.]. 
Оңтүстік Сібірдегі түркілердің дәстүрлі дүниетанымын А.Самойловичтен кейінгі зерттеушілер күйеуі мен оның туыстарының атын айтуға тыйым салыну некелік қарым-қатынастың сипатына байланысты деп есептейді. Әйел басқа тектен (әлемнен) болғандықтан күйеуінің жағында оған бірқатар сөздік тыйымдар салынады: «Большинство запретов, которыми было окружено ее поведение во время сватовства и свадьбы, постепенно снимались, но оставался минимум символов, который на протяжении всей ее жизни на земле мужа подчеркивал особый статус женщины - пришелицы, единственного существа «со стороны», находившегося в роде. Она не имела права произносить в слух имена своих старших родственников. Для нее их имен словно бы не существовало, равно как имена мужа [6, 151 б.]. 
Антропонимдер мен жалқы есімдерді қолданған кезде мұндай сөздік тыйымдар (табу), жоғарыда атап өткендей, қазақ әйелінің де сөздік ғұрпында болған. Қазақ әйелінің сөзіндегі табуға айналған жалқы есімдер эвфемизмдермен алмастырылған. Профессор Т. Жанұзақ былай деп жазады: «Личные имена заменялись нарицательными по определенной системе. Мужчин старше мужа женщины называли қайынаға (деверь). При запрете личное имя определенного человека употреблялось в искаженной форме, например вместо Али-Сали, Турсын-Мурсын. Для замужней женщины являлись запретными и нарицательные имена» [5, 45 б.].


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша курстық жұмыстар | Добавил: Admin
Просмотров: 1037 | Загрузок: 546 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]