Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Курстық жұмыстар » Қазақша курстық жұмыстар [ Добавить материал ]

Қазақстандағы әлеуметтік-шаруашылық құрылым және 1822-1824 жылдардағы реформалар


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (290.0Kb) ] 18.02.2014, 16:44

Қазақстандағы әлеуметтік-шаруашылық құрылым және 1822-1824 жылдардағы реформалар.

Қазақстанның патшалы ресейге тәуелді болуының басы XVIIIғасырдың 30-жылдарына жатса да, бірақ патша өкіметі Қазақстанды тек XIX ғасырдың алғашқы жартысында ғана түпкілікті бағындыра алды. Шығыстағы байтақ даланы жаулап алуға ұмтылу патша өкіметінің дәстүрлі саясаты болды. Алайда Орта Азиядағы орыс өктемдігінің тоқтаусыз жүруіне қарамастан, XIXғасырдың 30-жылдарына дейін ортаазиялық істер патша өкіметінің "үлкен саясаты" саласынан сырт қалып келді. Негізінен Таяу Шығысқа, онда да ең әуелі иелігіндегі жерлерімен қоса Түркияға жер аударылды. Патша өкіметі Орта Азиядағы өз орнын баяу, әрі мықтап бекіте отырып, XIX ғасырдың екінші ширегі басталғанша бұл бағыттағы саясатын тездетпеді. Орта Азиялық хандықтармен сауда айналымын кеңейтуге ұмтылу бұл саясаттың негізгі өзегі болды.

Ресей, ортаазиялық хандықтар және Қытай аралығына орналасқан Қазақстанның орасан зор стратегиялық маңызы нақ осы жылдары неғұрлым айқын көрінді. Бұл елдерге және одан әрі Ауғанстан мен Үндістанға баратын сауда жолдары Қазақстан арқылы өтетін. Тек осында ғана мықтап орналасып алып, содан соң ортаазиялық хандықтарға қарсы жорықты іске асыруға кірісуге және одан әрі Орта Азияға енуіне болтын еді.

Қазақстанға бекіну қажеттігі өсіп келе жатқан орыс капитализімінің экономикалық мүддесінен туындаған. Бүкіл Орта Азия сияқты Қазақстанда да өнім өткізу және арзан шикізат базасы ретінде патша өкіметінің назарын өзіне бірден аңғарған.

Осы кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік қатынастарға талдау жасағанда жекелеген феодалдық институттардың қандай өзгерістерге ұшырағандығын және қазақтардың қоғамдық өмірінде сол өзгерістердің қандай орын алғандығын анықтаудың маңызы өте зор. Қоғамдық ғылым мәселесіндегі ең сенімді нәрсе әрбір мәселеге тарихтағы белгілі құбылыс қалай пайда боды, бұл құбылыс қандай басты-басты кезеңдерден өтті деген көзқарас тұрғысынан қарау және осы даму көзқарасы тұрғысынан талдау жасау мәселесі.

Революцияға дейінгі буржуазиялық тарихшылар Қазақстандағы”ақсүйек ” пен "қарасүйек деген” екі әлеуметтік топты ғана білді. Олар ақсүйекке барлық чингизидтерді, ал қара сүйекке бүкіл қалған халықты жатқызды. Бұл екі топ барлық зерттеулерде әбден қалыптасқан әлеуметтік категориялар болып тұлғаланады. Сондықтан ғалымдардың еңбектерінен XV ғасырда да XVIII-XIX ғасырларда да „ақсүйек" пен „қарасүйекті " кездестіруге болады. Алайда бұл әлеуметтік топтардың қандай өзгерістерге ұшырағандығы, қарастырылып тырған кезеңде қазақтардың қоғамдық өмірінде олардың қандай орын алғандығы анықталмай қалды. XV ғасырдағы ақсүйек XIX ғасырдағы ақсүйектен көп жағдайда өзгеше болды, мұндай жағдайда «қарасүйек» жөнінде де айтуға болады. Патриархалдық-рулық қатынастардың ыдырауы және топтардың саралануы процесінде "қарасүйектің" арасынан өздерінің жағдайы жағынан чингизидтерге дес бермейтін текті шонжарлар және тәуелді қоғамдық топтар-егіншілер, жатақтар, байғұстар бөлініп шықты.\1\

„Ақсүйек " терминінің шығуы қазақ халқының тарихының бастапқы кезеңдеріне жатады. „Ақсүйек " шонжарларының пайда болуы татар-моңғол басқыншылары үстемдік жүргізген кезеңмен және Қазақстанда феодалдық қатынастардың қалыптасуымен байланысты еді."Ақсүйек" өкілдері өздерін Шыңғыс ханның ұрпақтарымыз деп атады. Қазақтардың этногенезисін зеттеумен арнайы шұғылданған сұлтан Меңдәлі Пірәлиев былай жазады: „Ақсүйектердің қара сүйекке үстемдік етуі жөніндегі табиғи құқықтар деген ұғым бүкіл халықтарға(қазақтар мен өзбектерге) моңғолдардан көшті деп қорытынды жасай аламыз. Қожайындар жерде жаратылған хандар болмауы мүмкін дейтін түсініктер оларды қарапайым халықтан".

Орта Азияның тарихын зерттеуші Қары-Құрбан-әлі-Қажы-Халид бек оғлы "төре" терминін шығуын да Шыңғыс хан заманына жатқызады.

Төре дегеніміз ханның туыстары олар өздерінің алатын орны жағынан хандардан төмен тұрды.

«Ақсүйек» өкілдері- төрелер бөлек феодалдық кастаны құрап, қазақтың рулық қауымының құрамына кірмеді.XVIII ғасырға дейін "ақсүйек ” өкілдері-хандар мен сұлтандар-қазақтардың қоғамдық саяси өміріне үстем болды. Қазақстандағы патариархалдық-феодалдық қатынастарға және осы негізде қалыптасқан дәстүрге байланысты тек "ақсүйек” өкілі ғана хан болып сайланатын. Сұлтан деген атақты тек чингизидтер ғана алатын. XVIII ғасырға дейін бұл атақ қазақтардың қоғамдық-саяси өмірінде чингизидтердің үстем жағдайы арқылы орнықты. Бірақ XIX ғасырдың 1-жартысында "ақсүйектің” бұрынғы біртектілігі енді байқалмайтын боды. Артықша жағдайдағы осы бір сословие ықпалының әлсіреуіне чингизидтердің арасында мүліктік теңсіздіктің өсуі себеп болды. Олардың сословиелік біртектілігіне патша үкіметінің саясаты да елеулі соққы берді. Патшаға қызмет етуге көшкен және үкіметтен ата тегінен бері дворян деген атақ алған билеуші сұлтандар мен аға сұлтандарды есепке алмағанда 1822 жылғы жарғының негізінде және кіші жүздің саяси жағынан өзгеріске ұшырауы нәтижесінде чингизидтердің қалған бөлігі өздерінің артықша жағдайларынан айырылып қалды.”Ақсүйектің” ұрпақтары қалған бұқарамен араласып кетті.

XIX ғасырдың 40-жылдарында Орынбор шекара комиссиясының тапсырмасы бойынша қазақтардың жекелеген әлеуметтік топтарының, сұлтандардың, билердің жағдайы зерттелді. Зерттеушілердің бірі, ерекше тапсырмаларды орындаушы чиновник д' Андре қазақтардың арасындағы чингизидтердің жағдайына мынадай анықтама береді: «Орта Орданың батыс бөлігіндегі барлық сұлтандар өздерін Шыңғыс ханнан тарағанбыз деп есептейді, ал бұлардың көбі ата тегін білмейді де. Өздерінің ақсүйектен тарағандығын дәлелдеу үшін олар 3 ұрпақтан 6 ұрпаққа дейінгі тектерін білуге тырысады. Орда да Шыңғыс ханның мұндай ұрпақтарының пайдаланатын артықшылықтары аз». 

Сонымен қатар «ақсүйектің» бұрынғы артықшылықтарынан чингизидтерге үйлену жөніндегі әдет-ғұрып қана сақталғандығын атап көрсетеді. Өздерінің тегін мақтан тұтқан «төрелер» өз қыздарын «ақсүйектен» шыққан қазаққа ғана күйеуге беру дәстүрін жалғастыра берді. Бірақ бұл дәстүр барлық жерде бірдей сақталмады. XIX ғасырдың 1-жартысында «ақсүйек» атағының сословиелік маңызынан гөрі тарихи маңызы көбірек болды. Тек патша әкімшілігі жүйесінде белгілі бір қызметке ие болған сұлтандар ғана мұндайға ұшыраған жоқ.

Осы кезеңде сұлтандар мен ру шонжарларын қарама-қарсы қоюға болмайды. Сұлтандар мен ру шонжарларының жерді пайдалануға қатынасы, сондай-ақ көшпелі қауымды қанау формалары өзгерген жағдайларға сәйкес бірдей болды. Көшпелі қауымның арасынан сұлтандарға қарама-қарсы өсіп шыққан әлеуметтік үстем топ ру старшындары-билер еді. Осы кезде билер де қазақтардың арасында үстем жағдайға ие болды. Олар ерекше құқықтық және экономикалық артықшылықтарды пайдаланды. Ру старшындары әуел бастан-ақ қауымдық қоныстардың едәуір бөлігіне иелік еткен, бірақ XIX ғасырдың 1- жартысында мал өсіру дағдарысының күшеюіне байланысты олар зорлық жасап, таңдаулы қыстауларды өздерінің жеке меншіктеріне ала бастады. Байыған ру старшындарының, яғни билердің кейбір ауылдары сұлтандардың ауылдары сияқты ру қауымдарынан бөлек көшетін болды.

Егер XVIII ғасырда сұлтандар қосымша құнды азық-түлік рентасы формасында, ал ру шонжарлары жұмыспен өтеу рентасы формасында иемденсе, XIX ғасырдың 1-жартысында сұлтандар мен ру шонжарлары рентаның екі түрін де-азық-түлік рентасын да, жұмыспен өтеу рентасын да алды. Малды жеке отбасылардың меншігіне шоғырландыру қауымдық жерге иелік етудің шоғырландырылуына да әкеліп соқтырды.

Бұл кезде сұлтандар мен ру шонжарларының қауымдық жерлерді озбырлықпен пайдалануына патша өкіметінің қауымдық таңдаулық жерлерді басып алумен ұласқан отарлық саясаты келіп қосыолды. Бұл жағдай жер пайдаланудың қалыптасқан тәртібін өзгертпей қоймады. Негізгі қазақ руларының көне заманнан бергі дәстүрлі көшу бағыт-бағдарлары бұзылды, мұның өзі мал өсірудегі дағдарыс себептерінің бірі болып, қазақтардың шаруашылығы құрылымының өзгеруіне әкеп соқтырды.

Ру шонжарлары мен сұлтандар енді рудың таңдаулы қысқы қоныстары мен шабындық жерлеріне билік жүргізу құқығымен шектеліп қалмады. Олар бұларды жеке иелікке ала бастады. Сұлтандардың ру шонжарларының таңдаулы қыстауларды басып алуы қазақ қоғамының ішінде жер үшін күресті шиеленістіріп жіберді. Билер мен сұлтандардағы қысқы қоныстарды күшпен тартып алу әрекеттері жасалды.

Сонымен, жерге феодалдық меншіктің түпкілікті қалыптасуы жүзеге аса бастады. Алайда қазақтарда феодалдық қатынастардың қалыптасуы XIXғасырдың бас кезіне ғана қатысты деген асығыс қорытынды жасамауға тиіспіз. Көшпелі феодализмнің өзгешелігі негізгі өндіріс құрал-жабдығы ретінде малдың жекелеген феодалдардың қолдарына шоғырлануына байланысты қауымдық жердің де іс жүзінде солардың иелігіне көшуі негізінде мұнда феодалдық қатынастардың бұдан бұрын да қалыптаса бастағанында еді. Феодалдық жер меншігінің пайда болуы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық қатынастарына ірі өзгерістер енгізді.

Азық-түлік рентасының болуы қазақтарда патриархалдық-рулық сарқыншақтардың сақталуына себепші болды. Азық-түлік рентасымен қатар жұмыспен өтеу рентасы болды. Азық-түлік рентасымен салыстырғанда жұмыспен өтеу рентасы неғұрлым көне формада көрініп, құқықтық нормалар саласындағы бернік сақталған патриархалдық-рулық қатынастармен ұштасып кетті.

Қазақтардың шаруашылық құрылысын талдау барысында үш жүздің-Кіші, Орта және Ұлы жүздердің қоныстарының жағрафиялық орналасуына тоқталайық; Кіші жүз Сырдария өзенінің төменгі сағасынан Орал және Тобыл өзендеріне дейінгі аумақты алып жатты. Кіші жүз жерін мекендеген толып жатқан рулар мен кіші ру тармақтары үш ұрпақтың- Байұлы, Жетіру және Әлімұлы ұрпақтарының құрамына енді. Кіші жүздің шығыс бөлігін осы рулармен қатар Арғын руының Кейбір тармақтары (Шақшақ, Айдарқы, Қырық мүлтік) мекендеді. Билеуші сұлтандардан жинаған мәліметтеріне сүйеніп полковник Бламберг XIX ғасырдың 40 жылдарында кіші жүз халқының жалпы саны шамамен 500 000 адам, ал шаңыцрақ саны 100 000 мыңға жуық деп анықтаған.

Орта жүз Семей, Ақмола облыстарының, Сырдария Жетісу облыстарының бір бөлігінің жерін алып жатты. Орта жүз жерін мекендеген барлық рулар мен ру тармақтары Арғын, Найман, Керей, Уақ, Тарақты, Қыпшақ және Қоңырат деп аталатын жеті ру бірлестігінің құрамына кірді. 1883 жылғ подполковник Бутовский жазған статистикалық есептеуіне сәйкес, Орта жүзде 116 500 шаңырақ болды, әр шаңыраққа 4 адамнан келді деп есептейтін болсақ, халық саны 468 000 адам болған.

Ұлы жүз Жетісу, Әулиеата, Шымкент облыстарының жерін алып жатты және Дулат, Жалайыр, Албан, Суан, Шапырашты, Ысты, Серғалы Ошақты, Қаңлы және Шанышқы деп аталатын негізгі рулардан құралды. Ю.Южаков жинаған ең соңғы мәліметтер бойынша Ұлы жүзде шаңырақ саны 95 000-ға жетті, ал Аристовтың мәліметтері бойынша, Ұлы жүзде халық саны 550 000 адам болды.

Қазақтар шаруашылығының негізгі саласы көшпелі мал шарушылығы еді. Олар жылқы, түйе, қой және ешкі өсірумен айналысты. Шаруашылықтың жайылымдық көшпелі жүйесі экстенсивті сипатта болды. Малшы қазақтың тағдыры ең алдымен табиғат жағдайына тәуелді еді. Қазақтардың малының көбі дүркін-дүркін қайталанып тұратын жұттан қырылды.

XIX ғасырда қазақтарда егіншілікте едәуір дамыды. Мұнымен негізінен алғанда қазақ кедейлері-егінші деп аталған жатақтар айналысты. XIX ғасырға дейін егіншілікпен не жұттың салдарынан, не өзара феодалдық қырқыс-барымтаның салдарынан малынан айырылып қалған қазақтар шұғылданды.

Сырдария, Торғай және Ырғыз өзендерінің жағалауларын мекендеген қазақтар бау-бақшалық шаруашылығымен айналысты. Қазақтардың басқа кәсіптерінен балық аулауды атап өтуге болады, мұнымен де қазақтардың ең кедей бөлігі-жатақтар мен егіншілер айналысты. Қазақтар балықты арнаулы тормен, аумен аулады. Үлкен өзендерде, мысалы Сырдарияда қазақтар балықты «сүзгіш» деп аталатын аудың көмегімен ұстады. Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер кәсібі айтарлықтай орын алды. Тері илеу, оқ-дәрі, бояу дайындау, ағаш пен сүйекке ою-өрнек салу, металл мен жүн өңдеу дамыды. 



Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша курстық жұмыстар | Добавил: Admin
Просмотров: 3818 | Загрузок: 625 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]