Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Курстық жұмыстар » Қазақша курстық жұмыстар [ Добавить материал ]

Қара металлургия


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (494.0Kb) ] 21.02.2014, 16:07
Дипломдық бітіру жұмысының өзектілігі.
Кешенді базалық  салалар болып табылатын қара және түсті металлургияны әдетте біртұтас металлургиялық цикл ретінде қарастырады, себебі ортақ сипаттамалары көп. Алайда шаруашылықта пайдаланылатын металдың басым бөлігі (90 %) қара металдар – ең алдымен болат. 
Қара металлургия – ең алдымен ҒТП деңгейін анықтайтын машина жасау үшін ең массалық конструкциялық материал, өнеркәсіп үшін шикізат, халық тұтынатын  материал өндіретін  кешенді базалық сала. 
Қара металлургияда басты құрамдас рольді металлургиялық қайта өңдеу ойнайды; шойын-болат-прокат. Өзге өндірістер жанама, қосымша болып табылады: руда өндірісі мен байыту (темір, марганец, хром), көмірді кокстеу (түгелімен металлургиялық комбинаттарда өндіріледі), көмекші материалдар өндіру (флюсті әктас, магнезит), ферроқорытпа  өндіру, қара металдарды қайта өңдеу, өндірістік бағыттағы металл бұйымдарын шығару (метиз).
Бұрынғы одақтас республикалардың шаруашылық бөлініс нәтижесінде  сала түбегейлі өзгерістерге  ұшырады. Бүкіл металдың  жартысына жуығын өндіретін, әрі табиғат ресурстарының  үйлесімдік тұрғысынан (Донецк көмірі мен Кривой рог темір рудасы), әрі халық пен өндірістің орналасуына  байланысты орталықтану тұрғысынан тиімді орналасқан оңтүстік металлургиялық  база Украинада қалды.  Қазақтанда Қарағанды металлургиялық  комбинаты, Қарағанды көмірі және Қостанай темір рудаларынан тұратын қуатты Қазақстандық металлургиялық база қалды. Закавказье кәсіпорындары,  соның ішінде толық циклды (Грузия - Рустави), жалпы өндірістен шығып қалды. Бұл өндірістік, технологиялық байланыстардың жаппай жойылып, өнім өндірісі құлдырауына себепші болды. 
Қазіргі уақытта  саладағы шаруашылық байланыстар қалпына келіп, қара металдар өндірісі мен тұтыну көлемі тұрақтанды. Бірақ Ресейдегі  металл мен прокаттың шамамен 50 %-ы ескірген құралдарда өндіріледі. 
Дипломдық бітіру жұмысының мақсаты: Ресейдің қара металлургиясына кешенді талдау жасау. Осы мақсатты жүзеге асыруда төмендегі міндеттерді орындау көзделеді:
- Металлургиялық өнеркәсіптің Ресей экономикасындағы ролін анықтау;
- Ресей металлургиясының 2010 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары анықтау;
- Ресейдің әлемдік рынокқа енуінің тиімді жолдарына талдау жасау.
- ТМД елдері мен Ресейдегі қара металлургия мен болат рыногының даму тенденцияларын талдау;
- Қара металлургия өнімдерінің негізгі экспортер – кәсіпорындарына шолу жасау;
- Ресейдің қара металлургиясының экономикалық көрсеткіштерінің өзгеру тенденцияларын анықтау;
Жұмыстың  зерттеу объектісі-Ресейдің қара металлургясы, ал зерттеу пәні-Ресейдің қара металлургия өнеркәсібінің даму ерекшеліктері.
Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы осы саланы зерттеумен айналысатын ғалымдардың еңбектері, көптеген статистикалық мәліметтер мен баспадан шыққан ғылыми мақалаларға негізделген.









І Тарау. Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама.

1.1  Металлургиялық өнеркәсіптің Ресей экономикасындағы ролі.

Металлургия ауыр өнеркәсіпке жататын индустрияның  базалық және ескіден келе жатқан  салаларының бірі. Қара және түсті металдарды  алу түрлі кен орындарына байланысты қуатты шикізат базасына сүйенеді. 
Қара және түсті металлургияның  көптеген ұқсастықтары бар:
1) технологиялық циклдары көп стадиялы: кенді өндіру; 1-ретті металл алу; металды қайта өңдеу; прокат даярлау болып табылады.
2) қара және түсті металдарды өндіру, байыту және әсіресе металл балқытуға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар;
3) 2-ші реттік металлургияның, яғни қара және түсті металдар ломының (сынықтарының) утилизациясының орны ерекше, бұл 1-ші реттік металға қарағанда  шығын мен қоршаған ортаны ластаудың кем болуына септігін тигізеді.
Қара металлургия – ауыр өнеркәсіптің базалық саласы. Оның құрамына темір рудасын өндіру, шойын мен болат балқыту, түрлі профильдегі  прокат  пен темірдің өзге металдармен қорытпасын өндіру кіреді /1/. 
Ресей қара металлургияға  қажетті шикізатпен қамтамасыз етілген (Украина, Қазақтан  және Грузияда өндірілетін марганец рудаларынан басқа). Темір рудаларының өндірісі Курск магнит аномалиясы – КМА (бүкіл ТМД елдеріндегі темір рудаларының 40 %-ы), Орал (Качканар т.б.), Каралия (Костомукшкое), Кола түбегі (Оленегорск, Ковдорскоу), Сібір (Таулы Шория, Абакан, Ангаро-Питск, Ангаро-Илинск, Коршуновск кен орындары) және Қиыр Шығыс (Кимканское) кен орындарында жүргізіледі. 
Өндірістің 80 %-ке жуығы ашық әдіспен жүзеге асады. Өндірілген темір рудаларының 20 % дейін Ресей экспорттайды. 1998 ж. жалпы 72,6 млн. темір рудасы  өндірілген, оның ішінде 22 %-і Белгород облысындағы Лебединск тау-кен байыту комбинатында, 15 %-і Курск облысындағы Михайловск тау-кен байыту комбинатында, 10 %-ы Свердловск облысындағы Качканар тау-кен байыту комбинатында, 6 %-ы Карелия республикасындағы  Костомукша тау-кен байыту комбинатында, 4 %-ы Мурманск облысындағы Ковдорск тау-кен байыту комбинатында өндірілді. 2001 ж. Ресейде 82,8 млн. т. темір рудасы өндірілген. 
Кокстелетін көмірлер толық циклды металлургиялық кәсіпорындарға Кузбасс және Печора бассейндерінен жеткізіледі. Марганец рудаларына Қазақстан, Грузия және Украина бай. Ресей қазіргі кезде өз ресурстарын  игеруге мәжбүр болып отыр; Ресейдің марганец рудаларының 2/3-і Кузбасстағы Ленинск  - Кузнецкий  қаласының  маңында шоғырланған. Салаир қаласында марганец  концетраттарын өндіретін зауыт құрылысы жоспарлануда /2/. 
Темір рудасын өндіру мен  қара металдарды өндіру жөнінен Ресей 1913 ж. дүние жүзінде 5- орында болған (АҚШ, Германия, Англия, Франциядан кейін). 80-90-шы жылдары КСРО шойын мен болат балқыту жөнінен алдыңғы орында болды. 
Алайда  экономикадағы жалпы құлдыраудың бірнеше жылы ішінде қара металдар өндірісі айтарлықтай құлдырады. 2001 ж. Ресейде 44,6 млн. т. шойын мен 59,0 млн. т. болат балқытылды. Соған қарамастан Ресей 2000 ж. Қытай (126 млн. т.), Жапония (106 млн. т.), АҚШ (101 млн.т.) кейін 4-ші орында (58 млн.т.) болды.
Кешенді базалық  салалар болып табылатын қара және түсті металлургияны әдетте біртұтас металлургиялық цикл ретінде қарастырады, себебі ортақ сипаттамалары көп. Алайда шаруашылықта пайдаланылатын металдың басым бөлігі (90 %) қара металдар – ең алдымен болат. 
Қара металлургия – ең алдымен ҒТП деңгейін анықтайтын машина жасау үшін ең массалық конструкциялық материал, өнеркәсіп үшін шикізат, халық тұтынатын  материал өндіретін  кешенді базалық сала /3/. 
Қара металлургияда басты құрамдас рольді металлургиялық қайта өңдеу ойнайды; шойын-болат-прокат. Өзге өндірістер жанама, қосымша болып табылады: руда өндірісі мен байыту (темір, марганец, хром), көмірді кокстеу (түгелімен металлургиялық комбинаттарда өндіріледі), көмекші материалдар өндіру (флюсті әктас, магнезит), ферроқорытпа  өндіру, қара металдарды қайта өңдеу, өндірістік бағыттағы металл бұйымдарын шығару (метиз).
Бұрынғы одақтас республикалардың шаруашылық бөлініс нәтижесінде  сала түбегейлі өзгерістерге  ұшырады. Бүкіл металдың  жартысына жуығын өндіретін, әрі табиғат ресурстарының  үйлесімдік тұрғысынан (Донецк көмірі мен Кривой рог темір рудасы), әрі халық пен өндірістің орналасуына  байланысты орталықтану тұрғысынан тиімді орналасқан оңтүстік металлургиялық  база Украинада қалды.  Қазақтанда Қарағанды металлургиялық  комбинаты, Қарағанды көмірі және Қостанай темір рудаларынан тұратын қуатты Қазақстандық металлургиялық база қалды. Закавказье кәсіпорындары,  соның ішінде толық циклды (Грузия - Рустави), жалпы өндірістен шығып қалды. Бұл өндірістік, технологиялық байланыстардың жаппай жойылып, өнім өндірісі құлдырауына себепші болды. 
Қазіргі уақытта  саладағы шаруашылық байланыстар қалпына келіп, қара металдар өндірісі мен тұтыну көлемі тұрақтанды. Бірақ Ресейдегі  металл мен прокаттың шамамен 50 %-ы ескірген құралдарда өндіріледі. 
1997 ж. Ресейде 71 млн. т. темір рудасы өндіріліп,  37 млн. т. шойын, 48 млн. т. болат балқытылды. 1997 ж. 8 млн. т. темір рудасы, 2,5 млн. т.  шойын, 20 млн. т. астам болат, сонымен қатар зор көлемде ферроқорытпа, қара металл бұйымдары, трубалар, қалдық пен қара металдар ломы экспортталды.
Темір рудасының қоры жөнінен Ресей дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде – баланстық қорлар 56 млрд. т. құрайды. Темір рудаларының  таралу ерекшелігі – баланстық қордың жартысынан астамының европалық бөлікте орналасуы. Ресейдегі темір рудалары қорының орналасуы төмендегідей (А+В+С1 категорилары бойынша 1.01.1991 ж. баланстық қорлар, млрд. т.):

Курск магнит аномалиясы                      - 31,9
Орал кен орындары                                 - 9,3
Сібір кен орындары                                 - 7,1
Қиыр Шығыс                                            - 4,5
Кола – Карелия                                        - 2,8

Курск магнит аномалиясы  (КМА) – қалыңдығы жөнінен уникалды кен орын. Кеннің қалыңдығы КМА-ның солтүстігі мен орталығында 40-60 м, оңтүстігінде 300-350 м. Бай кендер (құрамындағы темір мөлшері 55-60 %) айтарлықтай тереңдікте жатады. Темірлі кварциттердегі темірдің орташа мөлшері – 32 %,
Аномалияның негізгі кен орындары -   Лебединское, Михайловское, Стойленское, Яковлевское. Кеннің орналасу тереңдігі 60-100 м және өндіріс ашық әдіспен жүргізіледі. Шахталық өндіру Губкин атындағы  кенде (рудник) іске асырылады.
Орал кендері.  Оралдағы бұрыннан белгілі темір рудасына аса бай Магнитогорск, Гороблагодатское сияқты кен орындар іс жүзінде сарқылған – олардың орнында үйінділермен толтырылып жатқан карьерлер ғана қалған. Ауданда айтарлықтай ірі кен орындарын игеру  жүргізілуде, бірақ олардағы темір мөлшері төмендеу.  Егер Магнитная тауының кендерінің құрамы 50 % құрап, байытусыз балқытуға кетсе, қазір темір мөлшері 17-30 % кендер өндірілуде. 
Мұндай рудалар Свердловск облысындағы  Качканар тобында кездеседі. Одан  кемдеу  мөлшерде  Челябинск  облысындағы  Бакальск  тобы, Оренбург  облысындағы Орск-Халиловск тобын атауға болады. Бұл кен орындарында Оралдың бүкіл темір рудасы қорларының  ¾-ші  шоғырланған.
Сібір кен орындары. Батыс Сібірдегі кен орындарға: Таулы Шория (Кемерово облысы):  Теміртау, Таштагол; Таулы Алтай (Алтай өлкесі): Инск-Белорецкое кен орындары. Шығыс Сібірде ірі Коршуновск және Рудногорск  кен  орындарынан тұратын Ангаро – Илинск темір кенді алабы және Ангаро – Питс алабы бар (Нижнеангарск кен орны). 
Қиыр шығыс кен орындары: Гаринское (Амур облысы), Кимканское (Еврей АО), Таежное (Оңтүстік Якутия). Кендегі темір мөлшері 30-65 % аралығында ауытқыды. Өндіруді ашық әдіспен жүргізуге болады. 
Кола – Карелия кен орындары-Костомукшкое (Карелия), Ковдорское және Оленегорское (Мурманск облысы). Кендерде 30 % темір, сонымен қатар марганец, хром, алюминий кездеседі. Кеннің орналасуы терең емес. 
Марганец рудалары. Марганец пен хром темір мен бірге қара металдарға жатады. Олардың негізгі игерілетін кен орны Украина (Никопольское, Большое Токмакское) және Грузияда (Чиатурское) болатын. Сонымен қатар айтарлықтай мөлшері Оралда (Полуночное, Ново-Березовсое), Батыс Сібірде (Усинское), Қиыр Шығыста кездеседі. Салаир жоталарының маңында (Кузбасс) "Недра Сибири” тау-кен өнеркәсіптік компаниясы марганец рудаларының өндірісіне кірісті. Рудадағы металл мөлшері 40 % жетеді. Бұл кәсіпорын Ресейдегі аса ірі марганец өндіруші кәсіпорынға айналады деп күтілуде. 
Хром кендері (хромит) Оралда (Сараны) өндіріледі /4/. 
Қара металлургия халық шаруашылығының көптеген салаларына тәуелді. Оның шикізат базасы  - тау-кен өнеркәсібінің (темір кені, әктас, отқа төзімді саздар), отын өнеркәсібінің (кокстелетін көмір, т. газ) және электроэнергетикасының  өнімі. Халық шаруашылығы - металлургиялық қайта өңдеуде екінші реттік қолданыс үшін металл сынықтарын (лом) алу көзі болып табылады. Технологиялық тұрғыда  қара металлургия химия өнеркәсібінің кейбір салаларымен тығыз байланысты (көмірді кокстеу, металл балқытуда оттегі мен түрлі инертті газдарды қолдану, т.б.).
Қара металдар өндірісі, шикізатты өңдеу – экологиялық қауіптілерге жатады. Суды көп мөлшерде пайдалану, оның металлургиялық процеске қатысуынан кейінгі температураның өзгеруі және түрлі қалдықтардың қосылуы табиғи су қорларының температуралық  және химиялық режимінің өзгеруіне әкеліп соғады. 
 Сала құрылымында бөлінетін  өндіріс кезеңдері: шикізаттық өндіріс (темір рудасын өндіру және байыту, металдық лом жинау және оны қайта балқытуға дайындау); жартылай өнімді өндіріс (шойын және домналық ферроқорытпа, болат балқыту); соңғы кезеңдегі өңдеу – прокат даярлау /3/.
Дүние жүзіндегі  темір рудасының барланған қорлары геологиялық барлау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты үнемі өсуде. Осылайша, темір рудаларының  барлық қоры 1922 ж. 35,5 млрд.т., ал болжамдық қор 98,2 млрд. т. құраған.  90-шы жылдардың  басында  түрлі бағалаулар бойынша жалпы геологиялық  қорлар 400-800 млрд. т. шамасында болған, оның 150-185 млрд. тоннасы  барланған. Сондықтан соңғы жылдардағы шамамен 1 млрд. т. жететін темір рудасы өндірісіне қарамастан, дүние жүзіндегі  темір рудасының барланған қоры біршама өсті. Дүние жүзінің жекелеген елдері  мен аймақтары бойынша темір рудасы қорлары әртүрлі:  28 % астамы Шығыс Еуропа елдерінде әсіресе ТМД елдерінде (Ресей, Украина), 17 %-дейін – Азияда (ҚХР, Үндістан), Оңтүстік Америка (Бразилия) мен Африкада 16 %-ден, Сотүстік Америкада (АҚШ, Канада) – 13 % және Батыс Еуропа мен Австралияда 5-6 %-н шоғырланған. 
Түрлі кен орындарындағы руданың құрамындағы темір мөлшері әртүрлі. Темір мөлшері 50 % асатындар бай кенге, 25-50 % аралығындағылар қатардағы кендерге, 25 %-н кемдері кедей кендерге жатады. 
Көмірден алынатын кокс шойын балқытуда отын және темір рудасын қалпына келтіруші болып табылады.  Кокс домналық процестегі  ең көп шығындалатын компонент. Оны металлургиялық және отын өнеркәсібіндегі цехтер береді. ҒТП жетістіктері кокстың шойын балқытуға кететін шығынын азайтуға септігін тигізді.  Осылайша, 1938 ж. дүние жүзінде 1 т. шойынға кокс шығыны 0,66 т. дейін кеміді. Темір рудасы сапасының жоғарылауы, шойын балқыту технологиясы мен техникасының жетілдірілуі кокс шығынын 2 есеге дейін  қысқартты.  Соғысқа дейінгі 1938 ж. кокстелетін көмірінің айтарлықтай қорлары бар Батыс Еуропа дүние жүзінде кокс өндірудің лидері болатын (55 %). ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін алдыңғы орын көмірге бай Солтүстік Америкаға ауысты – 1950 ж. 40 %. 1990ж. кокс өндірісінің лидеріне Азия айналды- 43 %, ал 1995 ж. – 55 % /5/.
Металлургиялық кешен өндірісі. Шойын балқыту, яғни темір мен көміртегінің қорытпасын балқыту саладағы металл алудың алғашқы стадиясы. Шойын дегеніміз – Si, Mn, S, P-дан тұрақты қорытпалары бар және кейде қиын балқитын элементтері (Sr, Ni, V т.б.) бар темір мен көміртігінің  қорытпасы (2-4 %). Оны темір рудасынан домна пештерінде алады. Негізгі бөлігі болат даярлауға кетеді. Болат дегеніміз – темірдің 2 % көміртегі және басқа да қоспалардан тұратын қорытпасы. Шойын мен болат сынықтарынан (лом) мартен, оттекті-конверторлы, электр пештерінде алынады. 
Домналық процесс -  металлургиялық циклдегі ең материалды көп қажет ететін әдіс. 1 т. шойын балқыту үшін 3 т. астам темір кенді шикізат, отын, әктас, 30 м3 дейін су, табиғи газ және оттегі қажет.  Қазіргі кезде домна жылына 4-4,5 млн. т. шойын бере алады. 1950-1995 жж. Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың  шойын балқытудағы үлесі  75-тен 31 % дейін кеміді.  Шойын балқыту 60-70-ші жылдары Шығыс Еуропа елдерінің индустрияландыру процесінде, ал 80-90 жж. Азияда өсті.  Бұл аймақтардың үлесі 20-дан 60 % өсті. 
Болат өндірісі–металлургиялық циклдің аралық стадиясы. Болат шаруашылықтың басқа салаларына   кететін прокатқа  айналдыруға арналған жартылай өнім. Әрбір тұтынушы  түрлі болаттың прокат бұйымдарының   сапасына өзіндік талап қояды. Болат кәдімгі, сапалы және  жоғары сапалы болып бөлінеді. 
ҒТР-ң әсерінен болат балқытуда аса тиімді болған 2 процесс: 1) оттекті-конверторлы әдіс және 2) электроболат балқыту. 
Оттекті-конверторлы әдісте балқыған шойыннан және ломнан болатты мартен  пешіндегі 6-8 сағат  орнына 30-35 минутта алады. Доғалық электропештерде лом мен шойыннан болат балқыту 50-70 минутты қажет етеді. Сондықтан ХХ ғ-ң ортасында оттекті-конверторлы әдістің кең өріс алуы байқалды. 1997 ж. қарай оның болат өндірісіндегі  үлесі 60 % жетті. Оттекті-конверторлы цехтардың салынуы және мартен пештерін бұзу,  айтарлықтай қаржы шығынын талап етді. Сондықтан өнеркәсіптік дамыған елдер реконструкцияларды ширек ғасыр жүргізді.  Жапония бұл әдіске өтуді 70-ші жылдардың басында аяқтады,  ГФР, Ұлыбритания, Франция  80-ші ,   ал  АҚШ тек 90-шы жылдарға қарай аяқтады. Конвертерлік әдіс дүние жүзінің жекелеген елдері мен аймақтарында болат құю өнеркәсібінің құрылымын мүлдем өзгертті. АҚШ-да оған болат балқытудың 61 %, Францияда – 64, Жапонияда – 68, Ұлыбританияда – 74, Германияда – 76, Люксембургте – 100 % келеді. Электроболат балқытудың дамуына тіпті ірі электродоға пештеріне салыстырмалы түрде шығынның  аз болуы, эксплуатацияға жылдам енуі мен ломды кең көлемде қолдану әсер етеді. 
 Шойын балқыту сияқты болат балқытуда да жаңа технологиялар, әсіресе кіші кәсіпорындарды дамыған елдердің дәстүрлі орталықтары мен аудандардан тыс салынуына ықпал етті. 
Металл прокаты – дегеніміз оны қысыммен өңдеу.  Бұл бүкіл қара металлургия циклінің соңғы стадиясы. Оның құны 2-5 есе болат құнынан артық болады.  Прокат – қара  металлургия өнімінің сыртқы саудадағы басты тауары. Прокат өндірісінің басты түрлері /4/:
1) Беттік металл (листовой металл): жұқа (0,2-0,4 мм) және қалың (4-60мм) болып ажыратылады. Ең жиі қолданылатыны 3 мм. дейінгісі – ол түрлі елдердегі бүкіл прокаттың 30-45 % құрайды. 
2) Сұрыптық металл (сортовой): қарапайым  (ірі,  квадраттық,  алты жақты (грань) т.б.) және (сопақша, ромб тәрізді т.б.) болып бөлінеді; - 10 - 30 %.
3) Трубаларға арналған прокаттар және трубалар – 5-10 %.
4) Темір жол прокаты – рельстер т.б. (4-5 %).
Қара металлургияның орналасуына  саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктері зор әсер етеді. Кәсіпорындардың үш негізгі түрлері бар:
1.Толық циклді кәсіпорындар, комбинаттар. Мұнда металл мен прокат өндірісінің бүкіл процесі біртұтас   циклге біріктірілген. Орналасуындағы басты рольді шикізат географиясы мен отын ойнайды. 1 т. шойын алу үшін ≈  1,5 көмір және 1,5 темір рудасы, 0,5 т астам әктас және 30 м3  дейін су қажет. Сондықтан толық технологиялық циклді қара металлургия кәсіпорындары экономикалық  тиімділігіне байланысты әрі шикізатқа, әрі отын базаларына немесе олардың аралығындағы пунктерге байланысты орналасады.
2.Шойын, болат және прокатты бөлек шығаратын  зауыттар. Шойын балқытуы жоқ кәсіпорындардың  барлығы қайта өңдеу (передельный) металлургиясына жатады. Олар өзінің орналасуында  дайын өнімді тұтынушы аудандарына, әсіресе толық циклді металлургияның дамуына табиғи және экономикалық жағдай жоқ аудандарға бейімделеді.
3.«Кіші металлургия» (құйма цехтары «литейки») – ірі машина жасау зауыттарында орналасады. Кіші металлургия машина жасау кәсіпорындарына тәуелді 3/. 
Экологиясы.
Шойын болат балқыту және прокат даярлау аса улы өндіріс. Металлургиялық зауыттың әсері Л.Овчинников пен Ю.Саеттің мәліметтері бойынша 150-200 км радиуста сезіледі. Темір кенді және металлургиялық өнеркәсіптің қоршаған ортаға әсерінің 80 %-ы атмосфераға әсері арқылы көрінеді. В.Дмитриевтің мәліметтері бойынша әлемдік металлургия атмосфераға жылына  50 мың т. қорғасын, 35 мың т. мырыш, 6 мың т мыс, 1,2 мың т. никель, 70 т кадмий бөледі. Ауада үнемі селен, теллур, молибден, маранец, ванадий болады. 
Қоршаған ортаны ластау кен орнын игеруден басталады. Жауын болмаған жағдайда шаң ұзақ уақыт бойы сейілмейді (таралады). ЖЭС-нан көмір, мұнай жағу кезінде шаңға күкірт оксиді қосылады, әрбір тонна көмір жағу нәтижесінде 14 г. шлак, 80 г. күл, 100 г. көміртегі оксиді, 14 г. күкірт қос тотығы, 4 г. азот оксиді бөлінеді. 
Атмосфераның ластану салдары:
1)C, N, S қосылыстары, шаң әсерінен тыныс алу органдарының аурулары;
2)Құрылыстардағы (ғимараттардағы)  конструкциялық материалдардың бұзылуы;
3)Ауыл шаруашылығына әсері – жиналымның, мал өнімділігінің кемуі (нашарлауы);
4)Жабайы флора, фаунаға әсері.
Қара металдар балқыту материалдарды  көп қажет ететін өндіріс болғандықтан  толық циклді металлургиялық кәсіпорындар негізінен темір кені мен кокстелетін  көмір өндірілетін аудандарда немесе ортасында ( өндіріс орналасуының шикізаттық факторы) орналасады.
Болаттың айтарлықтай бөлігі қазіргі уақытта металл ломынан балқытылады (болат балқытудың арзан әрі сапалы әдісі – темір рудасына қарағанда 12-15 есе арзан). 
Ломмен жұмыс істейтін металлургиялық кәсіпорындар (Волгоград, Мәскеуғ Электросталь, Нижний Новгород т.б.)  қайта өңдеу металлургиясына жатады. әдетте мұндай зауыттар машина жасау өнеркәсібінің  ірі орталықтарында орналасады (өндіріс орналасуының тұтыну факторы).
Болаттың арнайы түрлері мен ферроқорытпа өндіретін металлургиялық кәсіпорындар көп  мөлшерде электр энергиясын қажет етеді. Сондықтан олар тек шикізат қана емес, сонымен бірге арзан энергия өндіруші аудандарында орналасады.
Ресейдегі қара металлургия өндірісі негізінен үш аса маңызды металлургиялық база кәсіпорындарында орналасқан: Орал, Орталық және Сібір.
Орал  металлургиялық базасы -елдегі ең ескісі. Кәсіпорындар Кузбасс көмірін, Орал кен орындарының, КМА, Қазақстандық рудаларды (Қостанай облысындағы Соколов-Сарыбай, Лисаковск) пайдаланады. Негізгі зауыттары Төменгі Тагил, Магнитогорск. Челябинск, Новотроицкте орналасқан.
Сібір базасының– кәсіпорындары Таулы Шория, Хакасия және Ангаро-Илимск кен орындарының темір рудасы мен Кузбасс көмірін пайдаланады. Толық циклді металлургияға Кузнецк және Батыс Сібір металлургиялық комбинаттары (Новокузнецк),  ал қайта өңдеу металлургиясына Новосибирск, Красноярск, Петровск-Забайкальск  зауыттары жатады.
Орталық металлургия базасының – құрамына көптеген зауыттар, соның ішінде Тула мен Липецкте (толық циклды Новотульск және Новолипецк зауыттары) шойын мен домналық ферроқорытпа балқыту Мәскеу, Электросталь, Нижний Новгород т.б. қалаларда орналасқан болат пен прокат өндіру (қайта өңдеу зауыттары) зауыттары кіреді. КМА темір рудаларының негізінде Оскольск электрометаллургиялық комбинаты жұмыс істейді (АЭС энергиясымен жұмыс істейді). Ресей Федерациясының Солтүстік экономикалық ауданында толық циклді Череповецк металлургиялық зауыты орналасқан (Чероповецк қ. Вологодск облысы). Ол Кола түбегінің рудалары және Печора алабының кокстелетін көмірлері негізінде жұмыс істейді.  Бұл кәсіпорындардың барлығы Орталық металлургия базасына жатады 6/.
Қара металлургияның ары қарай дамуының аса маңызды міндеттері - өндірістік қауаттылықты жаңарту, болат балқыту үшін жаңа технологиялық процестер мен құрал-жабдықтарды игеру т.б.
Қазіргі кезде, Ресей Федерациясының макроэкономикалық көрсеткіштерінің қалыптасуында маңызды рөл ойнайтын және экономиканың базалық салаларының бірі болып табылатын, ресейлік металлургияның даму шаралары туралы мәселе бұл саладағы өндіріс қарқындылығының кемуіне байланысты аса өзекті болып отыр. Атап айтқанда, 2001 ж металлургияның Ресейдің өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлеміндегі үлесі 16,5%, өнеркәсіпте жұмыс істеушілердің 11,8% - ін құраған.  Кәсіпорындар жалпы ресейлік валюта кірісінің 14,4%, ел бюджетіне салық  түсімінің 7,8% -ін қамтамасыз етті. Ресей Федерациясының металлургиялық  өнеркәсібі 2002 жылы 3,5 мың кәсіпорыннан тұрды, оның ішінде  800 ірі  және  орта. Металлургиядағы  персоналдың  жалпы  саны 14 млн  адамды  құрады. Бүгінгі  таңда  металлургиялық  кәсіпорындардың   95% -ы аздаған ғана үлесі мемлекеттік акциямен негізделген акционерлік қоғамдарға өзгерген /7/.
Металлургияның ерекшелігі өндірістің қаржыны, материалды және энергияны көп қажет етуі. Нәтижесінде металлургиялық өнеркәсіп айтарлықтай дәрежеде ұлттық экономиканың өзге базалық салаларының өндірістік қуаттылық дәрежесін анықтайды. Осылайша металлургиялық кешеннің  өнім  өндірісіне 14% отын, 33% электр энергиясы,  өндірілген  шикізат пен минералды ресурстардың 40% - ы жұмсалады. Оның үстіне, металлургиялық  кәсіпорындар  темір жол транспортының жүк айналымының 30%  жуығын  қамтамасыз  етеді.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басынан бері металлургиялық өнеркәсіптің  дамуында  бірнеше кезең бөлінеді.
Алдымен, 1991 жылдан 1998 жылдың  ортасына  дейін  ішкі  рыноктағы  металл  тұтынудың  төмендеуімен  байланысты  өндіріс көлемінің кемуі орын алды.
1998 ж қаржы-экономикалық дағдарыс пен қара металлургия өндірісінің  құлдырауынан  кейін 1999 жылдың  ортасына  қарай  ол  біршама тұрақтанып, 1998 жылғы көрсеткіштерден 8% -ға өсті. Сол уақытта Қытай болат  өндірісінің  жылына 120 млн.т. шегінен асты және де дүниежүзілік  балқытудың 10% -н  құрады. Болат  өндірісі ТМД елдерінде де өсті (17% астам),  ал  оның  Ресейдегі  өндірісінің өсімі 1998 жылдың ең төменгі  көрсеткішімен  салыстырғанда 20% -ға  дейін өсті.
1999 және 2000 жылдары металлургия Ресей өнеркәсібінің салаларындағы  өндіріс  өсімінің  көрсеткіштері  бойынша  лидерлердің  бірі болды. Осылайша, өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемдік өсім қарқындылығы  қара  металлургияда 116,8%, түсті металға 110,1% құрады. 1999-2000 ж.ж. металлургиядағы өндіріс өсімінің факторлары рубль девальвациясы  мен жағымды сыртқы конъюктурадағы байланысты металдық өнім экспортының эффективтілігі және металға деген ішкі сұраныстың  күшеюі  болды /8/.
2001 жылы  қара  металлургиядағы  өндіріс  көлемі бұрыңғы деңгейінде қалды (99,8%) түсті металлургияда 4,9% өсті (нәтижесінде Ресейдің  жалпы  өнеркәсіптік өнім көлеміндегі металлургия үлесі 1999 жылы 19,1% -дан 2001жылы 16,5% -ға дейін кеміді). Ресейлік  металлургиялық кәсіпорындардың  жұмысындағы қаржы жағдайы нашарлады. 2000 жылмен салыстырғанда қара металлургия кәсіпорындарының табысы 1,9 есе (37 млрд рубльге дейін), түсті металлургияда 1,4 есе (94 млрд рубльге дейін), кеміді. 2002 жылы металлургияның  бірқатар  салаларында  негативті  тенденциялар  жалғаса берді: труба  өндірісі 10% -ке, метиз - 8%-ке, мыс - 4%-ке кеміді.
Ресейдің ішкі сұранысындағы металл тұтыну көлемінің кемуін назардан тыс қалдырмау керек. Осылайша, соңғы 10 жылда Ресейдің алюминий өндірісі  деңгейінде  айтарлықтай  өзгерістер  болмағанымен,  бұл металды  ішкі  тұтыну  шамамен 14 есе кеміді. 1996 жылы  рафинирленген мыс өндірісі 1992 жылмен салыстырғанда 20%-ға кеміді, ал тұтыну 3 есе кеміді. Осы кезеңде Ресейдегі никель өндірісі 1992 жылғы көрсеткішке дейін кемісе, 1996 жылғы тұтыну оның өндірісінің 14% -н ғана құрады. Аса маңызды металдардың  ішкі  тұтынуының  кему  фонында  экспорт  өсімінің масштабтары айтарлықтай. Алюминий бойынша 10 жыл ішінде экспорт көлемі 1,6 есе өсіп, жылдық ішкі тұтыну 6,6 есе кеміді.
Халықаралық еңбек бөлінісінің қазіргі қалыптасқан жағдайында Ресейдің  аса  маңызды салалық мамандануының бірі-ұлттық металлургиялық  өнеркәсіп.
Ресейдің металлургиялық кешен құрамына тек қара және түсті металлургия  ғана  емес,  өндірістік процестің өзара байланысты салалары мен  стадияларының  тұтастығы – минералды  шикізат  өндіруден  дайын өнім  шығаруға  дейін –кіреді,  яғни:
1.Рудалы шикізат өндірісі мен байыту;
2.Рудасыз шикізат өндірісі мен байыту (қара металлургия үшін флюстер, отқа төзімді саз, әктас т.б) ;
3. Қара металдар, түсті металдар және олардың қорытпаларының өндірісі (шойын, болат, домналық ферроқорытпа т.б);
4. Болат және шойын трубаларының өндірісі;
5. Кокс химиялық өнеркәсіп;
6. Қара және түсті металдардың екінші реттік өңделуі;
Ресейдің қара металлургия салаларының орналасу ерекшелігі мынада: темір рудаларының кен орындары негізінен елдің европалық бөлігінде, ал көмір негізінен шығыс аудандарда шоғырланған. Сондықтан, кәсіпорындар шикізаттық (Орал ) немесе отындық (Кузбасс) аудандар территориясында орналасты. Сонымен қатар кәсіпорындардың сумен қамтамасыз ету, газ, жұмыс күші, энергетика т.б. көздеріне жақын орналасуының маңызы зор.
Атап айтсақ, Орал металлургиялық базасы өзіндік темір рудаларын, Курск магнит аномалиясының (КМА) рудаларын, Қазақстанның Қостанай тобының кен орындарының рудаларын (Соколов-Сарыбай т.б) пайдаланады. Көмір Кузнецк және Қарағанды алаптарынан жеткізіледі.
Қара металлургияның орталық базасы Абакан, Ангар-Илим кен орындарының, КМА ,Кола түбегінің темір рудаларын, Кузбасс көмірін пайдаланады.
Қара металлургияның қиын балқитын металдары (марганец, хром, титан, никель, кобальт, вольфрам, молибден, ванадий, тантал және ниобий) қара металдар экономикасымен тығыз байланысты сала болып табылады.
Ресейдің түсті металлургиясы жақын орналасқан кен орындарының түсті металдарын (мыс, қорғасын, мырыш, қалайы және алюминий) пайдалануға негізделген, яғни шикізат көздеріне бейім. Алайда бұл барлық түсті металдарға байланысты емес. Мысалы, алюминий өндірісі арзан энергия көздеріне (Красноярск, Братск алюминий зауыттары) бейім орналасады /9/.
Ресей металлургиясының өнімдері дүниежүзілік метал өндірісі мен саудасында айтарлықтай үлес алады: 2001 жылы. Ресейде 59 млн тонна болат өндірілген, ол әлемдік өндірістің 7% -ы (4 орын). Оның ішінде қара металдар прокатының өндіріс көлемінің 55%-ы экспортталды, ол 26 млн тонна немесе әлемдік сауданың 10% болып табылады (1-ші орын). Ресейдің түсті металдардың негізгі 6 түрінің дүниежүзілік өндірістегі үлесі ( алюминий, никель, мыс, мырыш, қорғасын, қалайы) 8,5% болып табылады. Экспортқа негізгі түсті металдардың жалпы ұлттық өндірісінің 80%-ы кетеді, сирек металдардың 70%-ы кетеді.
Қара металлургияның ресейлік экспортында шикізат пен жартылай фабрикаттар (руда, лом, кокс, шойын, құймалар т.б.) 60%-н құрайды. Түсті металлургия экспортында 80%-алғашқы негізгі металдарға келсе тек 10%-қана аса жоғары қайта өңдеудегі өнімге сәйкес келеді.
Осы фактор әсерінің нәтижесінде соңғы метал өнімін (труба мен прекат) өндіру қуаттылығының деңгейі төменгі қайта өңдеудегі метал өнімдерінің деңге.йімен салыстырғанда айтарлықтай төмен /6/. 
Сонымен қатар төменгі сатылы қайта өңдеудегі метал өнімдерінің рыногында ресейлік кәсіпорындар өзге елдер тарапынан қысым сезінуде. (Ең алдымен Қытай, Үндістан, Бразилия т.б.).  Өндірістік шығынның аз болуы мен жоғары сапалы рудалы базаға ие бұл елдер ұлттық металлургиялық өнеркәсіп құру мақсатында зор шетелдік инвестицияны жұмылдыра білді.







1.2   Ресей металлургиясының 2010 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары.

1999-2001 жылдардағы кезеңде өндірістің біршама ілгерілеуімен байланысты Ресей экономикасының барлық дерлік металл тұтынушы секторларында ішкі рынок сыйымдылығы айтарлықтай кеңейді. Осылайша, 2001ж қара металдар прокатының ішкі тұтынылуы 1998 жылғы көрсеткішті 50%-ке басып озып, шамамен 23 млн тонна құрады.
Негізгі түсті металдарға деген сұраныс 1999 –2001 жж. жылына 15-25% қарқындылықпен ұлғайды. Түсті металдардың негізгі бөлігі ішкі рынокта транпорттық машина жасауда тұтынылады (түрлі металдардың 30-дан 50%-дейін) және одан кейінгі де үлестің ұлғаюы құрылыста қолдану (10-15%-дан 20-40%-ға дейін ) мен қорғаныс өнеркәсібі есебінен болуы мүмкін /9/.
Сыртқы рыноктардағы шектеулерді ескерсек, Ресей металлургиясының 2010 жылға дейін даму перспективасы, ең алдымен оның өніміне деген сұраныстың ішкі рынокта ұлғаюымен байланысты болмақ. Бүгінгі таңда Ресей қара металдар өнімдерінің жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша негізгі өнеркәсіптік дамыған елдерден артта келеді, яғни 2001 жылы бұл көрсеткіш 154 кг/ад құраған. Ал Жапония, АҚШ, Европада – 350-550кг/ад.
Алайда ішкі метал тұтынудың өсім қарқындылығы баяулауда: 2002 жылдағы жалпы Ресей экономикасының өсім қарқындылығының кемуімен байланысты, метал тұтыну қара металдар үшін 4-6 %-ке дейін, түсті металдар үшін 58%-ке дейін кеміді. Оның үстіне, дүниежүзілік рынокта жағдайдың нашарлауы әсерінен Ресей рыногына импорттық метал өнімдерін демпингтік бағалармен әкелу қаупі бар.
Алдағы 10 жылда өнім бөлісу жөніндегі келісім жағдайларында экспорттық бағалаулар бойынша 100 млрд $ дейін инвестиция салынатынын ескерсек,  ресейлік металлургиялық кәсіпорындардың қатысу үлесі жөніндегі нормативті – құқықтық базаның қалыптасуын аяқтау маңызы зор.
Ішкі метал рыногын жандандырудың маңызды факторы экономиканың барлық салаларында негізгі қорды жаңарту қажеттілігі мен металл тұтынатын базалық салаларда машина жасау, құрылыс және ОЭК-өндіріс пен инвестицияны дамыту болып табылады.
Қазіргі кезде қара металлургия өнімдерінің тұтынышылары төмендегілер болып табылады:
1.Машина жасау кәсіпорындары –11 млн. тонна (соның ішінде автомобиль жасау – 2 млн т.);
2.Капиталды құрылыс –3,5 млн. т;
3.ОЭК кәсіпорындары – 3млн. т;
4.Темір жол транспорты – 1,6 млн. т.
Макрокөрсеткіштердің болжамдары Ресей экономикасының жекелеген салаларының даму стратегияларымен сәйкес қара металл өнімдерінің ішкі рыногы сыйымдылығының 2005 жылы 26,5 млн.тонна, 2010 жылы 32-33 млн. тоннаға дейін кеңеюі күтілуде. Сонымен, металл тұтыну өсімі 2001 жылмен салыстырғанда 20   % және 45  % құрайды /10/.
Қара металдардың дайын прокаттарын тұтынудың сортаментті құрамында беттік прокат , труба және метиз үлестерінің ұлғаю жағына қарай прогрессивті өзгерістер тенденциясы сақталады деп күтілуде.
Осылайша, титан өндірісінің энергияны аса көп қажет ететініне қарамастан (1тонна титан өндіру үшін –17-20 мың квт/сағат қажет) «Ависма» акционерлік қоғамы дүние жүзіндегі борпылдақ титанның 20% -н береді, оған деген сұраныс, әсіресе авиация өнеркәсібінде өсуде. Рынок қажеттілігіне байланысты 1997 жылы «Ависма» 1996 жылмен салыстырғанда титан борпылдағының өндірісін 30% -ға  ұлғайтты, және де оның сатылым көлемі 30 мың тоннаға жетті. Экспортқа жөнелтулер 12% -ке өсті.
Түсті металға деген сұраныс, ең алдымен, әсіресе алюминий және мыс прокатындағы төртінші қайта өңдеу өніміне қажеттіліктің өсімімен (2000 жыл деңгейіне қарағанда 2010 жылы 70-80% -ке) салыстырып қарағанда титан және латун прокатында 60-70-ке, анықталады. Бұл негізгі түсті металға деген сұраныстың 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 55-60   % -ке дейін өсуіне әкеліп соғады.
Металлургияның дамуы үшін мемлекеттің металды көп қажет ететін салаларды дамыту мақсатында тиімді жағдай қалыптастыру есебінен ішкі металл тұтынуды белсендірудің маңызы зор. Атап айтқанда 2010 жылға қарай болжанған  автомобиль өндірісін екі есе ұлғайту металл прокатын тұтынуды жылына 2 млн. тоннаға ұлғайтуы қажет, коммуналды шаруашылық пен ОЭК салаларында тозған құбырларды алмастыру 1,5 млн.тоннаға, лизингті ұлғайту есебімен ауыл шаруашылық техникасының өндірісін ұлғайту –1 млн.тоннаға. Қорғаныс тапсырысы да металл тұтынуды айтарлықтай өсіруі қажет /11/.
2010 жылға дейінгі кезеңде ресейлік металлургия өнімдерінің айтарлықтай мөлшерінің экспортқа кететінін ескерсек, бұл саланың дамуы дүниежүзілік металл рыногының жағдайына тәуелді болады.
Аса күрделі проблемаға дүниежүзілік болат рыногындағы жағдайдың күрт нашарлауын жатқызуға болады. Соңғы жылдары ресейлік металлургия сыртқы рыноктарда қара металдар өнімін өткізуге байланысты қиыншылықтарға тап болуда. Бұл ресейдің металлургиялық кәсіпорындарына 50 астам сауда шектеулерінің қойылуына байланысты болды. Яғни АҚШ-пен «Болат туралы келісімнің» және ЕО-мен «Болат өнімдеріне квота туралы келісімнің» мүмкіндіктері айтарлықтай шектелуде.
Бұл жағдай дүниежүзілік қара металдар рыногының дамуындағы негативті тенденциялармен негізделген. Соңғы 10 жылда дүние жүзінде болат өндірісі 70 млн.тоннаға өсті, ал қуаттылық 130 млн.тоннаға өсті. Нәтижесінде қазіргі уақытта болат өндірісіндегі артық өндірістік қуаттылық жылына 220 млн тонна деп бағалануда (рыноктың   шамамен   260 %-ы ). Бүгінгі таңдағы ғаламдану жағдайында ол нарықтық бағалардың айтарлықтай төмендеуі мен бәсекеге төзімділігі төмен компанирялардың банкротқа ұшырауына әкеліп соғады /10/.
АҚШ–да 2000-2001 жж. аралығында  ірі болат құю компанияларының 14 банкротқа ұшырауы тіркелген. Өз  өндірушілерін қорғау мен әлуметтік қиыншылықтарды төмендету мақсатында АҚШ үкіметі 2002 жылдың 6-шы наурызында метал өнімдерінің 14 категориясы бойынша арнайы қорғаныс шараларын енгізіп, дүниежүзілік рыноктың шамамен 15%-ын жапты.
Бұл шараларды енгізу болат рыногындағы «домино» эффектіне әкеліп соқты: қосымша қорғаныс шараларын енгізу туралы 2002 жылдың наурыз-сәуірінде  ЕО, Қытай, Канада, Малайзия және т.б. бірқатар елдер жариялады. Нәтижесінде 2002 жылдың мамырында дүниежүзілік болат рыногының ≈ 60%-і жабылды.
Дүниежүзілік қара металдар рыногындағы жағдайдың дамуы жуық перспективада және 2010 жылға дейінгі кезеңде ірі металлургиялық компаниялардың оларды өндіру көлемін шектеумен өнімнің бәсекеге төзімділігін жоғарылату мақсатындағы қолданып жатқан шараларына байланысты болмақ.
Дүниежүзілік қара металдар рыногында 2002 жылдың басындағы дағдарыс ресейлік кәсіпорындар-қара металдар экспортерларының жағдайын нашарлатып жіберді. 2002 жылдың І-кварталының нәтижелері бойынша қара металдардың экспорттық тауарларының (жартылай фабрикаттар мен сұрыптық прокат) жартысына жуығы рентабельсіз болды, ал екінші жартысы рентабельдік шегіне жуықтады.
Мұндай жағдайларда дүниежүзілік рынок конъютурасының нашарлауына шұғыл түрде жауап қайтару қажет, яғни қара металдарға экспорттық салықты салмаған жөн.
Түсті металдардың да дүниежүзілік рыноктары қара металдар рыногы сияқты циклдық ауытқуларға ұшырауда. 1998-2001 жж. кезеңінде дүниежүзілік бағалардың ауытқулары: алюминий бойынша 20-40%, мыста –15-30% никельде –1,5-2 есе болды. Нарық конъюктурасының өзгеруінде салықтың оперативті түзетулерін қамтамасыз ету үшін Лондонның металдар биржасында баға белгілеуге байланысты түсті металдардың экспорттық салығының дифференциясын белгілеу қажет.
Дүниежүзілік түсті металдар рыногында да, 2002 ж. жағдай жағымсыз болды – түсті металдар бағасының деңгейі соңғы 5 жылдағы  орташа бағадан төмен болып шықты. Соған қарамастан ресейлік және халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша дүниежүзілік түсті металдар рыногы 2001 жылдың 2-ші жартысында ең төменгі деңгейге жетті, ал 2002 ж нарықтық конъюктура айтарлықтай нашарлады /12/.
Жалпы алғанда, дүниежүзілік түсті металдар рыногында бүкіл 2010 жылға дейінгі кезеңде сұраныстың күшеюі күтілуде, бұл түсті металдардың қара металдарды ығыстырумен байланысты болады. Оптимистік болжамдар бойынша алюминий мен мысты әлемдік масштабта тұтыну орташа жылдық қарқындылығы 2,5-2,7% - пен, мырыш пен  рафинирленген қорғасынның тұтынылуы 1,7-2% - пен өседі деп күтілуде
Отандық өндірушілерді қорғау мақсатында ресейлік металл өнімдерінің сыртқы рынокқа енуінің кемсітпеу жағдайын қамтамасыз ету туралы келіссөздер процесін белсендіру қажет (Ең алдымен АҚШ, ЕО және Қытай рыноктарына). Алайда ұзақ мерзімдік перспективада ресейлік металл өнімдерінің экспорт көлемінің жоғары деңгейін сақтау және әлемдік шаруашылыққа аса терең интеграциялануы үшін отандық өнімдердің бәсекеге төзімділігін жоғарылатуға қол жеткізу керек.
Металл өнімдері рыногының даму перспективалары мен отандық металлургияның бәсекелестігіне әсер ететін факторлар металлургия өнеркәсібінің 2010 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттарын анықтайды. Ресейдің металлургия өнеркәсібінің алдағы уақытта, дамуының басты мақсаты ішкі және сыртқы рынокқа талап етілетін номенклатура сапасы мен көлемі жағынан бәсекеге төзімді өнім жеткізу.
Бұл мақсатқа жетудің негізгі жолы–барлық өндірістік қайта өңдеулерде түрлі инновацияларды кең көлемде және жылдам ендіру. Инновациялық – инвестициялық іс-әрекетті күшейту отандық металлургиялық кәсіпорындардың дамуын тежейтін жағымсыз факторлардың әсерін әлсіретіп, өндірістік потенциалдың түбегейлі жаңаруын қамтамасыз етеді, өнімнің дәстүрлі және жаңа түрлерін шығаруды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ресейдің металл тұтынушы салаларының сұраныстарына сәйкес төмендегі өнім түрлерінің өндірісін жолға қойып, ұлғайту қажет:
1. Штамталудың жоғарғы категориялы мырышталған автомобильдік беттер;
2. Диаметрі 1420 мм изоляциялық қаптамасы бар беріктігі жоғары трубалар;
3. Жүрдек қозғалысқа арналған темір жол рельстері;
4. Автомобиль жасауда қолданылатын беріктігі жоғары бекіту детальдарын көлемді штамптау үшін құрамында боры бар болат;
5. Үздіксіз құйма негізіндегі мыс трубалары;
6. Қалыңдығы 0,05 мм латун ленталары;
7. Қалыңдығы 0,18-0,2 мм алюминий ленталары;
8. Түрлі қорғаныс және декоративті өңделген алюминий құрылыс профильдері мен конструкциялар;
9. Оксидті – жартылай өткізгіш конденсаторлар үшін ниобий және тантал ұнтақтарын;
10. Микроэлектроника талабына сәйкес құрамындағы қоспалардың шектеулі болу шартымен металдық ниобий, тантал, титан және олардың бұйымдары;
11. Сирек металдар негізінде люминифорлар;
12. Әлемдік деңгейге сәйкес келетін параметрлері бар галлий арсенидінің монокристалдары;
13. Кокс негізіндегі графиттерден кем түспейтін эксплуатациялық сипат деңгейіндегі орташа – және ұсақ бөлшекті графит;
14. Жоғары модульді көміртегі талшықтары;
15. Арнайы техника қажеттіліктері үшін ұнтақ материалдарының кең көлемді гаммасы;
2010 жылға қарай болаттың конверттердегі өндіріс үлесі --68%, ал электр пештерінде -28% құрау керек. Қара металлургия кәсіпорындарындағы мартендік өндіріс іс жүзінде жойылады, алайда ол өзге салалардың маманданбаған кәсіпорындарында сақталуы мүмкін /13/.
Ауыр металдар өндірісінде аса кең көлемде автогенді процестерді ендіру қажет. Автогенді процестерді қолдану арқылы өндірілген мыс үлесі 80-85% ке, никель үлесі 65-70% ке дейін ұлғаюы тиіс. Алюминий өндірісінде алдын-ала күйдірілген анодтармен жетілдірілген электролизерларда және «құрғақ» және «жартылай құрғақ» анод технологиясы бойынша алынған металл үлесін 75-80%-ке жеткізіп, құйма – прокат  өндірісі мен шығарылатын өнім сортаментін кеңейту қажет. Түсті металлургияда өндіріске төменгі сапалы өнеркәсіп өнімдерін қолдануға және шикізатты кешенді қолдануға мүмкіндік беретін экологиялық таза гидрометаллургиялық процестерді кеңінен қолдану қажет.
2010 ж. металлургиялық өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің өсімі 2000 жылмен салыстырғанда 1,5 еседен кем болмау қажет. Сонымен бірге еңбек етушілердің айтарлықтай санының босатылуы күтілуде. Эксперттік бағалауларға сәйкес, 2000 жылмен салыстырғанда, 2005 жылғы кезеңге дейін металлургиядағы өнеркәсіптік - өндірістік персонал саны 7%-ке кемиді (100 мың адам), ал 2010 жылға дейінгі кезеңде 25%-ке (350 мың адам, оның 200 мыңы қара, 150 мыңы – түсті металлургияда). Бұл әлемдік тенденцияларға сәйкес келеді – соңғы 20 жылда дамыған елдердің металлургияда еңбек етушілерінің саны 75%-ға кеміген /14/.
Жалпы алғанда, металлургиялық өнеркәсіптің даму және модернизация перспективалары айтарлықтай мөлшерде металлургиялық компаниялардың өзіндік қаржы көздерін қалыптастыру мен несие тарту мүмкіндіктеріне байланысты болмақ. Бұл, өз кезегінде, инвестициялық, тарифтік, инновациялық және бюджеттік саясат, сыртқы экономикалық қызмет, салық салу, баға бекіту және өзге де көптеген салалардағы заңдарды жетілдірумен байланысты.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша курстық жұмыстар | Добавил: Admin
Просмотров: 4527 | Загрузок: 379 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]