Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Жұмбақтар мен жаңылтпаштар [ Добавить материал ]

ЖОРАМАЛ ЖҰМБАҚ, ОЙЛАРДАН ТҰРМАҚ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 00:57

Саусақтарды ойнатып,

Ой жүйесін түсінген.

Саналыны ойлантып,

Ақ қағазға түсірген.  (Жазу машинкасы)

 

2. Аппақ, аппақ ақ таңдай,

Жарқырап айдын жапқандай.

Алыстан келген тырналар

Тізіліп қонып жатңандай.  (Ақ қағаз, жазу)

 

3. Сиқырлы таяқ -

Ойдың өрнегі,

Зырласа саяқ,

Көп-аң көргені.

Тұмсығын тіреп,

Шарлайды жазықты.

Сөздерді күреп,

Өзі әбден азыпты.

Түк қалмай жүдеп,

Тауысады азықты.   (Автоқалам)

 

4. Тілі жоқ сөйлейді,

Өзі мәңгі өлмейді. (Кітап)

 

5. Өнеді суда,

Өседі суда.

Береді өнім

Айналып нуға. (Күріш)

 

6. Білсең айтшы, нендей қу,

Жесең аузың ду-ду.  (Бұрыш)

 

7. Қырық бунақ,

Қыруар жапырақ.

Жел соқса шулап,

Ән салар атырап.

Айдарынан

Ақ ұлпасы төгіліп,

Күзде тұрар самсаған

Сары найзадай көрініп.  (Қамыс)

 

8. Сан сыры бар ғаламның;

Көлдің түбін жайлаған.

Суда жүзген адамның

Аяғынан байлаған. (Шалау)

 

9. Бәрін-бәрін білесің;

Бас, аяқты, кеудені.

Үнемі сен

Тұмшалаумен жүресің.

Қыста аязда берілмей,

Емін-еркін күлесің.  (Қыс киім )

 

10. Аузы бар, тісі жоқ,

Ештеңемен ісі жоқ.

Аяққа ілсең жүреді,

Өздігінен күші жоқ. (Кебіс )

 

11. Өзге шөптей

Пышырлап кеп жанады.

Исі кетпей,

Танауыңды жарады.

Ащы зәрі,

Көкіректі қабады.

Күлін төкпей,

Керек адам алады. (Итсигек)

 

12. Қара батпақ, қара батпақ,

Жанады от ғып жақсақ.

Алады елдің бәрі

Қайғы улап жайды

Алтынға көп ғып сатсақ. (Мұнай)

 

13. Су сияқты мөп-мөлдір,

Қызып кетсе өрт ғой бір.

Суық темір көлігің,

Баса алмастан солығын,

Зыр қағады мүдірмей,

Білсең айтшы, кідірмей. (Бензин)

 

14. Көк тіреген қызыл өңештен,

Көк ала шу будақтайды.

Орнап.  (Зауыт)

 

15. Төбеге ілініп ол тұрар,

Бөлме ішін толтырар.  (Электр лампасы)

 

16. Сым қуалап бойлайды,

Бұрқылдап іші қайнайды.

Әңгіме шертер мән жайлы,

Әжеңнің қамын ойлайды. (Электр самауыр)

 

17. Алғандай шоқ басып,

Жалманып жар салады.

Адамға жақтасып,

Тазалық аңсағаны. (Шаңсорғыш)

 

18. Жеңіл-желпі бұйымды,

Кір-қожалаң үйіңді

Құлқынына тастайды.

Гүр-гүр етіп саспайды,

Өзі адамша сығады,

Тап-таза боп шығады.  (Кіржуғыш)

 

19. Өзіне соғылған тор үйді,

Өзінен барша адам қориды.

Осынша тауқымет жүктелсе,

Қайтсін-ау, жағдайы қиын-ды.

Бір саңылау табылып зып берсе,

Дүр сілкіп тастайды жиынды.     (Доп)

 

20. Кішкене ғана доп,

Өзінде дамыл жоқ.

Тақтайларға үнемі,

Ұрғылайды маңдайын.

Бар кәсібі бәкене бой,

Торды қарғу әрдайым.

Тордан кетсе ойнақтап,

Ойыншыны ойлантпақ. (Теннис)

 

21. Мөлдір судың түбінде қиял қабық,

Үміттенер қалың жұрт қиялданып.   (Маржан)

 

22. Тісі жоқ кемпір-шалдардың

Таптырмайтын асы.

Тісі бүтін жандардың

Алдында төмен бәсі.  (Талқан, жарма )

 

23. Қақ бөлетін ісі бар,

Адам күшін қолданса.

Алып түсер тісі бар,

Әлі келерге жолданса. (Ағаш кесетін ара)

 

24. Жарыңбас шегені,

Тәубеге келтірер,

Керекті жеріне

Еріксіз ендірер.  (Балға )

 

25. Қыс айында мұз айдында,

Жүгіріп зыр қағады.

Бір адамды екеу ара,

Көтеріп ап барады.  (Коньки)

 

25. Жалпақ тұмсық жайын,

Жүзсе дәнің дайын. (Комбайн)

 

26. Тұмсығын көкке шүйіріп,

Жерге де басын салады.

Жүктерді ауыр үйіріп,

Көтеріп көкке барады.

Ісіне оның сүйініп,

Адамдар таң қалады.   (Көтергіш кран)


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Жұмбақтар мен жаңылтпаштар | Добавил: Admin
Просмотров: 899 | Загрузок: 86 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]