Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Жұмбақтар мен жаңылтпаштар [ Добавить материал ]

ҮЙ ЗАТТАРЫ ТУРАЛЫ ЖҰМБАҚТАР


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 00:55

Төбемізде тұрағы,

Пайдасы мол ұққанға.

Түнде жанып тұрады,

Сөнеді Күн шыққанда (Электр шамы)

 

Ілулі тұрған кітап

Барады күнде жұтап.

Бір бетін жыртты мамам,

Бір бетін жыртты ағам.

Бір бетін жыртты інім...

Себебі неде мұның?

Барады неге жұтап

Ілулі тұрған кітап?   (Күнпарақ)

 

Аязға толы жәшігім,

Ішінен тамақ тасыдым.  (Тоңазытқыш)

 

Басы жоқ, аяғы жоқ, иығы бар,

Киюге киімімді жиі құмар.   (Киім ілгіш)

 

Әлсін-әлсін шыр-шыр еткен бөпесін

Бір қолымен көтереді көкешім.   (Телефон)

 

Төрт аяғы болса да,

Етік киіп көрмеген.

Жалқаулығы соншама,

Аттап шықпас бөлмеден.  (Стол)

 

Үй таза – ол қозғалса,

Белбеуін шешпес тозғанша. (Сыпырғыш)

 

Біреуі тіп-тік,

Біреуі тықтық.

Етіктің табанын

Бүтіндеп шықтық.  (Шеге мен балға)

 

Адымдап бірге барамыз,

Шақырса туыс, дос, аға...

Төр – менің орным, қараңыз.

Ал оның орны  босаға.    (Аяқ киім)

 

Қызып кетсе табаны,

Бар жалғыз-ақ алаңы,

Бар жалғыз-ақ шатағы:

Іздей бастар матаны.   (Үтік)

 

Мен төбеге қарадым –

Ол төбеге қарады.

Мен еденге қарадым –

ОЛ еденге қарады.

Деймін де: «Бұл баланың

Қызық екен талабы», -

Айқайлаймын,

Ал оның

Даусы шықпай қалады.    (Айнадағы бейне)

 

Тәбетін ашсаң,

Тамағы лас, шаң.    (Шаңсорғыш)

 

Ұзынды-қысқа қос тіл,

Он екі цифрмен дос бұл.   (Сағат)

 

Танауынан

Су да шығады.

Бу да шығады.   (Шәйнек)

 

Бірі қашып келеді,

Бірі қуыпкеледі.

Түгеленді түймелер,

Маған да сол керегі.   (Ине-жіп)

 

Ұйықтайды бөпешің тербегенде

Сонда жатып талпындық сен де, мен де.  (Бесік)


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Жұмбақтар мен жаңылтпаштар | Добавил: Admin
Просмотров: 12255 | Загрузок: 106 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]