Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Жұмбақтар мен жаңылтпаштар [ Добавить материал ]

ЕГIС ПЕН ӨСIМДIКТЕР ӨЛКЕСI ЖҰМБАҚТАРЫ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 01:00

Тегiс жер кесiлдi,

Арқандай есiлдi.   (Жыртылған жер)

 

Қыр басында әрқилы,

Сары теңiз толқиды.    (Егiн)

 

Жезге ұқсас сабағы,

Дәнi – халық тамағы.   (Бидай)

 

Асыраған –

Ел-жұртты,

Жер мұратты.  (Бидай)

 

Дөңестеу жотасы,

Бауырында сызығы,

Тамақтың атасы,

Баршаның ырзығы.   (Бидай)

 

Бұтақ басында

Ұясы бар,

Дәл осында –

Өмiрiң бар.     (Бидай)

 

Маржанын түзген,

Сатылап тiзген.    (Масақ)

 

Бiреу бердiм,

Онын тердiм.    (Тұқым)

 

Аласа терек

Күлтеленген жалына,

Ұнаса керек,

Моншақ таққан малына.   (Тары)

 

Түскенде салқын күз,

Жинадық алтын тiс.   (Жүгерi)

 

Көктемде

Ақ гүлге оранады,

Күзде

Қолға доп боп оралады.  (Алма)

 

Ортасында қазығы,

Бұтағында азығы.    (Алма)

 

Желiлерi жайылып,

Жол-жол болып жатады.

Күн нұрына бой ұрып,

Жердiң нәрiн татады,

Жасыл шатыр астында,

Кететiндей үзiлiп,

Тұр көп маржан тасындай,

Мойыл моншақ тiзiлiп.    (Жүзiм)

 

Тiл үйiрген дәмi бар,

Сары алтын түс – сәнi бар.

Шақсаң егер кептiрiп,

Сүйегiнiң дәнi бар,

Баққа тұрар сән берiп,

Алқа етiп тiзiп ал.    (Өрiк)

 

Суық ұрса бүрлейдi,

Көктем шыға гүлдейдi.

Күнге басын иедi,

Мол шуақты сүйедi.

Күте бiлсең бабымен,

Өнiм берер қабымен,

Қызыл, сары түйiнi,

Витаминдер жиыны.   (Алша)

 

Табаны суды сүйедi,

Қабағы күнге күйедi.    (Күрiш)

 

Қызыл күрең түрi бар,

Тебiндеген бүрi бар.

Пiскен кезде қаулайды,

Алтыннан бiр аумайды,

Бал татыған нөрi бар,

Онда емнiң бәрi бар.    (Шабдалы)

 

Iшi аумаған жүгерi,

Түрi-түсi алмадай,

Ойымның жоқ бүгерi,

Жесең бал деп қалмағай.   (Анар)

 

Шертсең көк жолақ сыртынан,

Пiссе үн шықпас ұртынан.

Шикi болса, сампылдап,

- Тиме; — дейдi таңқылдап.   (Қарбыз)

 

Қарала қойымды,

Байлап ем,

Желiде жатып тойынды.  (Қауын)

 

Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қазық.   (Сәбiз)

 

Бұйра тұлымы,

Желмен ойнайды.

Қызыл мұрыны,

Жерге бойлайды.  (Сәбiз)

 

Тiгiп алып көк шатыр,

Қызылкүрең доп жатыр.   (Қызылша)

 

Аласа тал,

Тамаша тал.

Самсап тұр алмасы,

Ол алқызыл,

Ол қанқызыл,

Боялғанша, алмашы!   (Қызанақ)

 

Доптар жатыр желiсi бар,

Қабат-қабат терiсi бар.   (Орамжапырақ)

 

Қос құлағы қалқайып,

Су iшкен сайын марқайып.

Күн ысыса тон жинайды,

Доп болғанда ел жинайды.   (Орамжапырақ)

 

Түбi толған құмалақ.   (Картоп)

 

Көрсең өскен желiсiн,

Жапырағы қазтабан.

Мөлдiр қара жемiсiн,

Қыста емес, жаз табам.  (Қарақат)

 

Кұндi аңдып шалқалап,

Гүлмен жапқан қалқалап,

Бақшада өскен теректiң

Дәндерiнен май тамар,

Шағып жеген нәр табар.  (Күнбағыс)

 

Сырнайынан төгiп жыр,

Күнге сәлем берiп тұр.   (Күнбағыс)

 

Қалпағы бар дөңгелек,

Сары гүлмен қоршалған.

Қарай-қарай күнге ерек,

Мойны талып шаршаған.   (Күнбағыс)

 

Жүзiн орап гүлменен,

Күнге қарап телмiрер.

Тiспен шағып,

Тiлменен,

Дәмiн татқан ел бiлер.   (Күнбағыс)

 

Кең алқап ақ түске,

Бейне бiр малғандай.

Күзде де, тал түсте,

Қар жауып қалғандай.   (Мақта алқабы)

 

Тау тау ақ қар,

Ерiмейдi ыстықта.   (Мақта)

 

Үйi де жоқ,

Күйi де жоқ.

Бiрақ

Жауыннан да,

Дауылдан да

Қымсынбайды.

Ыстыққа да,

Суыққа да

Шын шыдайды

Шешуiн айта ғой,

Балалар бiлсiн жайды.   (Өсiмдiктер)


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Жұмбақтар мен жаңылтпаштар | Добавил: Admin
Просмотров: 9092 | Загрузок: 102 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]