Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тарих [ Добавить материал ]

Жалдау


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

23.02.2014, 21:31
МАҚСАТЫ
1. Осы Стандарттың мақсаты жалдау шарттарына қатысты жалгерлер және жалға берушілердің қолдануы үшін тиісті есеп саясаты мен ақпаратты ашу ережелерін анықтау болып табылады.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
2. Осы Стандарт  мыналарды қоспағанда:

(а) пайдалы қазбаларды, мұнайды, табиғи газ және өзге де қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстарына жасалған барлауға немесе пайдалануға жалдау шарттары;
және
(b) кинофильмдер, бейнежазбалар, пьесалар, қолжазбалар, патенттер мен авторлық құқық сияқты объектілер бойынша лицензиялық келісімдер барлық жалдау түрлерінің есебі үшін қолданылуға тиіс. 
Алайда осы Стандарт мыналарды:
(а) жалгерлердің қарамағындағы және есепке алуда инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде көрсетілген жылжымайтын мүлікті (қараңыз: 40-«Инвестициялық жылжымайтын мүлік» IAS);
(b) жалға берушілердің операциялық жалға беру шарты бойынша инвестициялық  жылжымайтын мүлкін (қараңыз: 40 IAS); 
(с) жалгерлердің қаржылық жалдау шарты бойынша пайдаланылатын активтердің биологиялық объектілерін (қараңыз: 41 «Ауыл шаруашылығы» IAS);
немесе 
(d) жалға берушілер операциялық жалдау шарттары бойынша жалға берген биологиялық активтерді (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS) қоспағанда, бағалау үшін негіз ретінде қолдануға тиым салынады.
3. Осы Стандарт осындай активтерді пайдалану мен қызмет көрсетуге байланысты жалға берушінің маңызды қызметі талап етілуіне қалуына қарамастан активтерді пайдалануына құқық беретін шарттарға қолданылады. Осы Стандарт қызмет көрсетуге келісім-шарттар болып табылатын, шарт бойынша активтерді пайдалануға бір жақтан екінші жаққа пайдалануына бермейтін шарттарға қолданылмайды. 
АНЫҚТАМАЛАР 
4. Осы Стандартта мынадай терминдер көрсетілген мәндерде пайдаланылады: 
Жалдау - жалға беруші жалгерге жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына келісілген уақыт  ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.
Қаржылық жалдау - актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру. Қорытындысында құқықтық мәртебе берілуі де, сондай-ақ берілмеуі де мүмкін.
Операциялық жалдау - қаржылық жалдан өзгеше жал.
Мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз жалдау - бұл жалдау шарты бойынша тек мынадай: жағдайларда ғана: 
(а) қандай да бір  ықтималдығы шамалы оқиғаның басталуы жағдайында;
(b) жалға берушінің рұқсатымен;
(с) егер жалгер сол немесе оған барабар активті сол жалға берушімен жалдау туралы жаңа шарт жасайтын болса; 
немесе
(d) жалдауды қабылдаған күні жалгердің төлеген қосымша сомасы оның бұдан әрі  жалғасуына кепіл болған жағдайда, тоқтатылуы мүмкін.  
Жалды қабылдау күні – бұл мынадай күндерден: жалдау шартын жасасу күні немесе жалдаудың негізгі талаптарына қатысты тараптардың міндеттемелерді қабылдау күнінен неғұрлым ертерек жасалатын жалдау. Атап айтқанда мына күнге:
(а) жалдау операциялық немесе қаржылық ретінде жіктелген;
және
(b) қаржылық жалдау жағдайында жалдау мерзімінің басында танылуға жататын сомалар анықталады.
Жалдау мерзімінің басталу күні жалға алынған активтерді пайдалану мүмкіндігін іске асыру құқығын алған күн болып есептеледі. Бұл – жалдауды бастапқы тану күні (яғни жалдаумен байланысты туындайтын тиісті активтердің,  міндеттемелердің, табыстың немесе шығыстың танылуы).
Жалдау мерзімі - жалгер шартқа сәйкес активті жалдауға алған, қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау мерзімінің басында жалгердің осы құқығын іске асыруға негізді сенімі болса, жалгердің қосымша мынадай ақы төлеумен немесе онсыз активті одан әрі жалдауға құқығы бар кез келген өзге де кезеңдер.
Жалдаудың ең төменгі төлемдері - жалдау мерзімі бойындағы төлемдер, жалға беруші төлейтін және оған өтелетін шартты түрдегі жалдау ақысын, қызмет көрсетулері мен салық төлемдері бойынша сомаларды қоспағанда, олар мына сомалармен бірге жалгерден талап етілуі немесе сұратып алынуы мүмкін:
(а) жалгер үшін: жалгер немесе жалгермен байланысты тараптың кепілдік берген кез келген сомаларымен;
не 
(b) жалға беруші үшін: жалға берушіге кепілдік берген кез келген тарату құнымен:
(і) жалгер; 
(іі) жалгермен байланысты тарап; 
не 
(ііі) осындай кепілдік бойынша қаржыға байланысты міндеттерді орындауға қабілетті, жалгерден  тәуелсіз үшінші тараппен.
Алайда, егер жалгердің осы құқықты іске асыру мүмкін болған кездегі күні, күткендегідей, активті әділ құнынан мейлінше төмен баға бойынша сатып алу құқығы болса, бұл орайда жалдау мерзімі басталғанда бұл құқықты іске асыруға, ал ең төменгі жалдау төлемдері  мерзім ішіндегі төленуге тиісті ең төменгі төлемдерден және осы активті сатып алу құқығын іске асыру үшін қажетті төлемнен тұратынына негізді сенімі болады.
Әділ құн – келісім жасасу барысында  жақсы хабардар, осындай келісімді жасасуға ниет білдірген, бір-бірінен тәуелсіз екі жақтың активті немесе реттелген міндеттемені ауыстыруға болатын сома.
Экономикалық қызметінің мерзімі –  бұл: 
(а) бір немесе одан да көп пайдаланушылардың активті экономикалық пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі;
не
(b) ұйымның активті пайдалануынан күтетін өндіріс бірліктерінің көлемі немесе осыған ұқсас бірліктер.
Пайдалы қызмет мерзімі – ұйымның активте болатын экономикалық пайда алуды көздейтін жалдау мерзімімен шектелмейтін жалдау мерзімінің басынан қалған, есеп  кезеңі.
Кепілдік берілген жою құны - бұл: 
(а) жалгер үшін: жалгер немесе онымен байланысты тараптың кепілдік берілетін жою құнының бір бөлігі (бұл орайда кепілдік сомасы кез келген жағдайда төленуге тиіс болатын  ең көп сомаға тең); 
және 
(b) жалға беруші үшін: кепілдік бойынша қаржы қатынасындағы міндеттемелерді орындауға қабілетті жалгер немесе жалға берушімен байланысы жоқ үшінші тараптың кепілдік беретін жою құнының бір бөлігі.
Кепілдік берілмеген жою құны - жалға алынған активтің жою құнының алуына жалға беруші кепілдік бермеген немесе тек жалдауға берушімен байланысты тарап қана кепілдік берілген бір бөлігі.
Бастапқы тікелей шығындар жалдау шартын дайындауға және жасауға байланысты, мұндай шығынды өндірушілердің немесе дилерлердің атынан жалға берушілер көтерген жағдайды қоспағанда,  қосымша шығындарды білдіреді. 
Жалдауға салынатын жалпы инвестициялар:
(а) жалға беруші қаржылық жалдау кезінде алынатын  ең аз жалдау төлемдерінің,
және 
(b) жалға берушіге тиесілі кез келген кепілдік берілмеген жою құнының жиынтығы.
Жалдауға салынған таза инвестиция жалдау шартында қарастырылған пайыз ставкасы бойынша дисконтталған жалдауға салынған жалпы инвестицияны білдіреді. Алынбаған қаржылай  кіріс – бұл мыналардың:
(а) жалдауға салынған жалпы инвестиция,
және 
(b) жалдауға салынған таза инвестиция арасындағы айырманы білдіреді.

Жалдау туралы шартта түсінілетін пайыз ставкасы – қолданылуы жалдауды қабылдау күнінде (а) ең төмен жалдау төлемдері және (b) кепілдік берілмеген жою құнының жалпы дисконтталған құны (і) жалданған активтің әділ құнына және (іі) жалға берушінің бастапқы тікелей шығындарының сомасына тең болатын жағдайды қамтамасыз ететін дисконт ставкасы.
Заемдық капиталға пайыздың өсу ставкасы – жалгердің бірдей жалдауы бойынша төлеуге міндетті болған пайыз ставкасы, немесе осындайды анықтау мүмкін болмаса, онда жалдауды қабылдау күніне активті сатып алу үшін керекті мөлшерде осындай мерзімге немесе осындай қамтамасыз етілуге алынған заем бойынша жалгер төлеуге міндетті болған ставка.
Шартты жалдау ақысы – белгілі бір сома түрінде белгіленбейтін, бірақ өзгеруі уақыттың өтуімен байланысты емес фактордың болашақ шамасына негізделген жалдау төлемдерінің бір бөлігі (мысалы, сатудың болашақ пайызы, пайдаланудың болашақ  деңгейі, бағалардың болашақ  индексі, пайыздың болашақ нарықтық ставкасы).
5. Жалдау туралы шартқа немесе жалдаудың негізгі талабына қатысты  міндеттемеге ғимарат немесе меншікті жалға алу құнының өзгеруіне, немесе шығын және құнның басқа кейбір бағаларының өзгеруіне, мысалы, жалдауды қабылдау күні және жалдау мерзімінің басталуы арасындағы кезең ішінде жалдауды қаржыландырудағы бағалардың жалпы деңгейі, немесе жалға берушінің шығындары, жалдау төлемдерінің түзетуін қарастыратын ережені қамтуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы Стандарттың мақсаты үшін кез келген осындай өзгертулердің салдары жалдауды қабылдау күнінен басталды деп есептеледі.
6. Жалдауды анықтауға келісілген талаптарды орындағаннан кейін жалдаушыға активті меншігіне алу құқығын беретін ережесі бар активті жалға өткізу шарты кіреді. Бұл шарттар кейде сатып алу құқығы бар жалдау шарты деп аталады. 
ЖАЛДАУДЫ ЖІКТЕУ
7. Осы Стандартта қабылданған жалдауды жіктеу жалдауға алған активке меншік құқығына тән тәуекел мен пайданы жалгер мен жалға берушінің қандай дәрежеде мойнына алуына негізделеді. Тәуекелге активтің іркілісі немесе технологиялық жағынан ескіруінен, сондай-ақ өзгеріп тұратын экономикалық жағдайлармен байланысты пайданың ауытқуынан болатын залалдар жатады. Пайда активтің экономикалық қызметінің мерзімі ішіндегі пайдалы жұмыстың және оның құнының артуынан немесе тарату құнынан алынатын пайданың күтілуімен берілуі мүмкін. 
8. Жалдау, егер ол иеленумен қатар жүретін айтарлықтай деңгейдегі барлық тәуекелдер мен пайданы көтеретін болса, қаржылық жалдау ретінде жіктеледі. Егер жалдау иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданы айтарлықтай көтеруге әкеліп соқтырмаса,  операциялық ретінде жіктеледі. 
9. Жалға беруші мен жалгер арасындағы мәміле жалдау шартына негізделетіндіктен, олардың арасында келісілген анықтаманы пайдаланған дұрыс болады. Осындай анықтамаларды жалға беруші және жалдаушының бірдей емес жағдайларға қарай қолдану жалдаудың бір түрін әр түрлі жіктеуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, егер жалға беруші жалдаушымен байланысты емес тарап ұсынған тарату құнының кепілдігінен пайда алған жағдайда орын алуы мүмкін. 
10. Жалдауды қаржылық ретінде немесе операциялық ретінде жіктеу керек пе деген сұраққа  шарттың нысанына емес, мәміленің мазмұнына байланысты болады деп жауап беріледі(*). Төменде  жеке немесе бірге алынған жағдайлардың әдетте жалдауды қаржылық ретінде жіктеуге себепші болатын мысалдар келтірілген:
(а) жалдау мерзімінің соңында активті иелену құқығы жалдаушыға көшеді;
(b) жалдаушының жалдау мерзімінің басында осы құқықты іске асыру күні  әділ құннан айтарлықтай төмен бағаға осы активті сатып алуға құқығы бар, ал жалдауды қабылдаған күні бұл құқықтың жүзеге асырылатыны туралы негізделген сенім бар;
(c) егер меншік құқығы мүлдем берілмейтін болса да, жалдау мерзімі активтің экономикалық қызмет көрсету мерзімінің елеулі бөлігін құрайды; 
(d) жалдау қабылданған күнгі жалдау төлемдерінің ең төменгі дисконттық құны ең кем дегенде жалға алынған активтің барлық әділ құнының елеулі үлесін құрайды; 
және
(e) жалға алынған активтердің тек жалгер ғана оларды елеулі түрдегі түрлендірусіз пайдалана алатын арнаулы сипаты бар. 
11. Жеке немесе құрамдас түрінде қаржылық жалдау ретінде жалдауды жіктеуге себепші бола алатын жағдайлардың индикаторлары мыналар болып табылады: 
(а) жалгер жалдауды тоқтатқан жағдайда, мұнымен байланысты барлық залалдар жалдаушыға жүктеледі; 
(b) таратылған сома  әділ құнның ауытқуынан келетін пайда немесе залалдар жалдаушыға тиесілі (мысалы, жалдау мерзімінің соңында сатудан алынатын түсімдердің үлкен бөлігіне тең жалдау ақысынан жеңілдік нысанында); 
және
(с) жалдаушыға нарықтық деңгейден айтарлықтай төмен жалдау ақысына жалдауды екінші кезеңге ұзартуға мүмкіндік беріледі. 
12. 10-11-параграфтардағы мысалдар және индикаторлар жағдайлардың бәрінде даусыз сипатқа ие болмайды. Егер басқа белгілері негізге ала отырып, осы жалдаумен қатар жүретін барлық тәуекелдерді және пайданы елеулі ауыстыруға әкеліп соқтырмайтыны анық болса, ол операциялық жалдау ретінде жіктеледі. Мысалы, егер жалдау мерзімінің соңында активті көлемі осы уақыттағы активтің әділ құнына тең болатын белгіленбеген төлемге айырбасталса, немесе шартты жалдау ақысы туралы сөз болып отырғанда, жалдаушы осындай барлық тәуекелдер және пайданың елеулі бөлігін өзіне алмаған жағдайда, бұл орын алуы мүмкін.
13. Жалдауды жіктеу жалдауды қабылдаған кезде жасалады. Егер жалдаушы және жалға беруші уақытқа тәуелсіз жалдауды жаңартуды қоспағанда, 7-12-параграфтардың критейрийлеріне сәйкес жалдауды басқа жіктеуге әкеліп соқтыратындай түрде  жалдау шартын өзгертуге келіссе және өзгертілген шарттар жалдау қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізілсе,  онда қайта қаралған шарт оның қолданылу мерзімі бойына жаңа шарт ретінде қаралады. Алайда бағалаудағы өзгерістер (мысалы, қызметтің экономикалық мерзімін немесе жалданған мүліктің жою құнын бағалауды өзгерту) немесе жағдайдың өзгеруі (мысалы, жалгердің шартты орындамауы) есепке алу мақсаттары үшін жалдауды қайта жіктеуге әкеліп соқтырмайды.
14. Жер учаскелерін және үйлерді жалдау  басқа да активтерді жалдау түріндегі  сияқты операциялық немесе қаржылық ретінде жіктеледі. Алайда, әдетте, жер учаскелері үшін белгілі бір қызмет мерзіміне тән, егер жалдау мерзімінің аяғында  меншік құқығын жалдаушыға беру көзделмесе,  иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданың елеулі бөлігін ол өзіне қабылдамайды, және мұндай жағдайда жерді жалдау операциялық жалдау ретінде жіктеледі. Есепке алғанда операциялық ретінде көрсетілетін активтерді иеленуге немесе жалдау құқығында активтерді сатып алуға кіріскен кезде жүргізілетін төлемдер берілген пайданың түсу графигіне сәйкес жалдау мерзімі бойына амортизацияланатын аванстық жалдау төлемдерін білдіреді. 
15. Жер учаскелерін және үйлерді жалдау кезінде  учаскелер мен үйлер  жеке элементтер ретінде қаралады, мұның өзі  жалдауды жіктеу ұғымынан туындаған. Егер осы екі элементке де меншік құқығы жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін жалдаушыға көшсе, онда жер де, үй де бір немесе осы екі элементті иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданың елеулі үлестерін осы жалдау көтермейтіні туралы куәландыратын басқа белгілері болған жағдайларды қоспағанда, жасалған шарттардың санына қарамастан, қаржылық жалдау объектісі ретінде жіктеледі.  Жердің экономикалық қызмет мерзімі белгісіз болып табылса, онда бұл элемент, дұрысында, 14-параграфта бұл жөнінде айтылғандай, егер жалдау мерзімінің аяғында оған  меншік құқығын жалдаушыға беру көзделмесе ғана,  операциялық жалдау объектісі ретінде жіктеледі.  Басқа жалдау элементі, үй – 7-13-параграфтарға сәйкес қаржылық немесе операциялық жалдау объектісі ретінде жіктеледі.  
16. Бұл жер учаскелерін және үйді жалдауды жіктеу және есепке алу мақсатында қажет болған жағдайда ең аз жалдау төлемдері (кез келген біржолғы аванстық төлемдерді қоса алғанда)  жалдауды қабылдаған кезде жер учаскелері мен үйлердің арасында жерді жалдау элементінде және үйді жалдау элементінде мүдделердің әділ құнының мәндеріне теңбе-тең  қатысты бөлінеді. Егер жалдау төлемдері осы элементтердің арасында сенімді бөлінуі мүмкін болмаса, онда барлық жалдау осы екі элемент те операциялық жалдауды білдіретіні айқын болған және, тиісінше, барлық осы жалдау операциялық ретінде жіктелетін жағдайдан басқа уақытта қаржылық ретінде жіктеледі. 
17. 20-параграфқа сәйкес бастапқыда жерді жалдау элементі ретінде танылатын сома жерді және үйді жалдауға қатысты елеусіз болған кезде, жалдауды жіктеу тұрғысынан қарағанда, жер және үй бір тұтас  болып есептелуі және  үй – 7-13-параграфтарға сәйкес қаржылық немесе операциялық жалдау объектісі ретінде жіктелуі мүмкін. Мұндай жағдайда үйдің экономикалық қызмет мерзімі барлық жалданатын активтің экономикалық қызмет мерзіміне теңестіріледі. 
18. Жалдаушының жерге, сол сияқты үйге мүдделері 40 IAS сәйкес инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелсе, онда жерді жалдау элементінің және үйлерді жалдау элементінің жеке бағасы талап етілмейді, және әділ құн бойынша есеп моделі пайдаланылады. Егер керісінше жағдайда осы элементтердің біреуін немесе екеуін анық жіктеу мүмкін болмаған жағдайда ғана осындай бағалау үшін жан-жақты есептеу талап етіледі. 
19. 40 IAS Халықаралық стандартына сәйкес жалдаушы операциялық жалдауда өзінің меншіктік мүддесін инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктей алады. Егер ол осыны дәл осылай жіктесе, онда бұл меншіктік мүдде есепте қаржылық жалдау сияқты көрсетіледі, бұдан басқа қабылданған активке сәйкес әділ құн бойынша есеп моделі қолданылады. Қандай да бір оқиға жалдаушының меншіктік мүддесі инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелетіндей деңгейге дейін сипатын өзгертсе де жалдаушы мұндай жалдауды әлі де қаржылық жалдау ретінде есептеуі керек. Бұл, мысалы, егер жалдаушы :
(а) оның әділ құнының пайдалану тәсілі өзгерген күнге тең болатын әрі қарай меншік иесі иеленетін меншіктер санатына өтетін жалға алынған меншікті иеленсе; 
не
(b) осы мүддені иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер және пайданың қомақты бөлігін байланысты емес үшінші тарапқа ауыстыратын қосалқы жалдауды білдіреді. Осындай қосалқы жалдау үшінші тараппен, ол тараптың мұны операциялық жалдау түрінде қабылдай алатынына қарамастан, жалдаушының есебінде қаржылық жалдау түрінде көрсетіледі.
ЖАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНДЕГІ


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin
Просмотров: 513 | Загрузок: 76 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]