Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тарих [ Добавить материал ]

Қыпшақ хандығы,саяси тарихы.Кәсібі мен шаруашылығы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

18.02.2014, 18:55

Қыпшақ хандығының саяси тарихы

1.     Қыпшақ хандығының саяси тарихы.

2.     Кәсібі мен шаруашылығы

XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты есті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, қүман, ертедегі башқүрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.

Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара - Балқаш көлі және Алакөл ойпаты болды. XII ғ. қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттер-мен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақ, бек, байлар түрды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға деген жеке меншік еді. Жылқы басты байлық болып саналды. Қыпшақтар елінде көптеген бай адамдары бірнеше мың жылқы үстаған. Олар-дың кейбіреулері он мың және одан да кеп үйірлі жылқы-ны иеленген. Төменгі тапқа малы аз шаруалар, кедейлер жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретінде пайдаланылды.  Қыпшақ тайпаларының көшіп-қону аймағы кейде мыңнан астам шақырым жерді қамтыған. Негізгі жайылымдардың орны мен көшу жолдары және осы бағыттағы жи-нақталған сан ғасырлык тәжірбие ұрпақтан-үрпаққа көшіп отырды. Көшу жолдары мен жайылымдарды бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық - көшпелі жүйенің негізгі шарты болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер салынды. Малынан айырылған, немесе көшу мүмкіндігін жоғалтқан қыпшақ кедей шаруалары отырық-шы тұрғындар-жатақтар қатарына көшті. Бірақ олар жеткілікті мөлшерде мал жинап алысымен, қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды.

Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе Хорезм шахтары және салжүқтармен табанды күрес жүргізді. 1065 жылы селжүқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Соғыста жеңіліс тапқан қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжүқтарына тәуелділікке түсті. Алайда, осыған қарамастан XI ғасырдың соңғы ширегінде қыпшақтар Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында бұрынғыша өз билігін жүргізіп түрды. 1096 жылы "Қүдіретті" хан бастаған қыпшақ бірлестігінің әскерлері Хорезмге қарсы жорық жасады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.

XI ғ. аяғы - XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Дегенмен XII ғ. алғашқы жартысында осы-нау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның билеуші мұсылмандық әулеттері арасындағы қиян-кескі ұрыс алаңына айналады. Хорезмшахы Атсыз (1127-1156жж) Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қып-шақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз кыпшақтарды ойсырата жеңеді. Тап осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмді жақтаушылардың көбеюі, қыпшақтарға қарсы қаңлы-лардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді.

Бұл жағдайды Хорезм билеушілері, әсіресе Текеш пен Мұхаммед жан-жақты пайдалануға тырысты. Олар қыпшақ билеушісі Қадыр-Бүке хан мен оньвд немере інісі Алып - Деректің арасындағы бітіспес тақ үшін таласты пайдалан-ды. Қыпшақтардың орталығы Сығнақ қаласын басып алуға әрекет жасады. 1195 жылы Текеш (1172-1200 жж.) өз ойын іске асыру үшін Сығнақты басқарып отырған Қадыр-Бүке ханға жорыққа аттанды. Бірақ, шайқас кезінде Хорезм шахының түріктердің ұран тайпасынан қүрылған сарбаздары Қадыр-Бүке ханмен келісіп, соның жағына шығып кетеді. Осыдан кейін талқандалған әскерінің қалдығымен Текеш Хорезмге қайтып оралады. 1198 жылы Текештің ұлы Мұхаммед Алып-Дерскпен одақтасып Қадыр-Бүке ханға қарсы қайта жорық жасады. Соғыс барысында Қадыр-Бүке жеңіліп, Хорезмге жеткізілді. Хан билігі енді Алып-Дерек-ке көшті. Алайда, ол Хорезм шахтарына қарсы тәуелсіз саясат жүргізді. Қыпшақ ханының одан әрі күшейіп кетуі-нен қорыққан Текеш Қадыр-Бүке ханды босатып, оған Хо-резмнің коп әскерін беріп, Алып-Дерекке қарсы аттандыр-ды. Шайқастың барысыида Алып-Дерек әскерлері жеңіліс-ке үшырады, бірақ қыпшақ билігін қолына алған Қадыр-Бүке ханның өзі де Хорезм-шахқа тәуелді болып шықты. Хорезм шахтары қаңлы, кыпшақ, имек, үран тайпалары топ-тарының жетекшілерін әртүрлі қызметке тартты. Бүдан ба-сқа туысқандық үшін қалыптасқан дәстүрге сай, Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған. Мысалы: ХШ ғ. бас кезінде хорезмшахы Ала ад-дин Мүхаммед қаңлылардың басшы-сы Әмин Мәліктің қызына үйленген. Міне осыған байла-нысты Әмин Мәлік Хорезм-шахтар сарайында маңызды рөл атқарған.

     Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:

1.     Қыпшақтардың пайда  болуынының маңызы.

2.      Қыпшақ тайпаларының ерекшеліктері

 

Ұсынылған әдебиеттер:

1Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.

2.Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.

3.Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.

4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.

     5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті.   А., 2002.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin
Просмотров: 4043 | Загрузок: 77 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]