Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тарих [ Добавить материал ]

Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (79.0Kb) ] 18.02.2014, 18:14

Жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі. Столыпин аграрлық реформасының зардаптары.

 

ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық мәселелердің шиеленісуі өзінің шырқау шегіне жетті. Бұған империяның бұрынғы қоныстандыру саясаты және одан кейінгі жергілікті халықтан жерді тартып алуға бағытталған қаулылар әкеп соқты. Ресейдің еуропалық аудандарынан шаруалардың ағылып келуінің күшеюі үкіметті Қазақстанның бұрын жабық болған аудандарын қоныс аудару үшін ашуға мәжбүр етті. Бұл негізінен Түркістан генерал-губернаторлығының жерлеріне қатысты болатын. Оларға, Жетісу облысын қоспағанда, қоныс аударушыларды орналастыруға тыйым салынған еді. 1903 жылғы 10 маусымдағы «Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аудару туралы» ережелер бұл аудандарға сол кезгедейін іс жүзінде заңсыз болып келген қоныс аударуды заңдастырып берді. Бір жажабы, осы заңды талқылау кезінде үкіметтік комиссия 1891 жылғы дала ережесінің көшпелілер үшін артық болып шығуы мүмкін жерлер мемлекеттік органдардың қарамағына түседі делінген 120-бабына әйгілі ескертуге сүйенді. «Заңның жоғарыда келтірілген баптарын салғастыру арқылы, - делінген түсініктемеде, - қазіргі қолданылып жүрген заңдар негізінде мемлекеттің көшпелілерді қамтамасыз ету үшін өз қалауынша артық алқаптарына билік етуге толық құқығы бар, Жерге орналастыру және Егіншілік Бас басқармасының қарамағына берілуге тиіс деген қорытындыға келмеуге болмайды».

Мемлекет үшін стратегиялық маңызды аудандарға қатысты бұрынғы қаулылардағы сияқты, Түркістан өлкесіне артықшылықты және шаруашылық жағдайларын ескере отырып, православие дінін ұстанушы адамдарды, яғни жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген адамдарды (раскольниктер үшін етекшелік жасалды) қоныстандыру көзделді. Жан басына шаққандағы үлес едәуір – суармалы жердің үш десятинасына дейіг шектелді, оның есесіне мал өрісі мен жайылымдық жерлер қажетінше қалдырылды. Қоныстанушылар 8 жыл бойы салық жеңілдіктерімен камтамасыз етілді және әскери кызметтен босатылды.

Көші-кон еркіндігін күшейту үшин 1904жылы 6 шілдедегі «Село тұрғындары мен егінші мещандарды өз еркімен коныс аударту туралы уакытша ережелердін» зор маңызы болды,оның заң күші бар еді.Жаңа ережелерге сәйкес шаруалардың бұрынғы қоныстанған орындарынан үкімет органдарының рұқсатынсыз еркін кетуіне рұқсат етілді,ол 1889 жылы Ережеде бекітілген болатын.

1905 жылы өз бетімен қоныс аударушылар саны Ақмола облысы бойынша олардың жалпы санының 54,7%-ы, Семей облысында – 61,5%-ы, Торғай облысында – 88,6%-ы болды. Сондықтан ХХ ғасырдың басынан қоныс аудару қозғалысы ұйымдасқан сипат алды дегенмен жалпы келісуге болмайды. Жекелеген зерттеушілер «қоныс аудару ісі бойынша толып жатқан заңдар мен өкімдерге қарамастан, үкімет өз бетімен қоныс аударушыларға жеткілікті дәрежеде ықпал ете алмады, сөйтіп өз бетімен қоныс аударушылар саны жылдан-жылға өсе берді» деген тұжырымға келеді. «Үкімет қоныс аудару ісіне басшылық етіп отырған жоқ, оларды кеш біліп, сол оқиғаларды тіркеп отыр»,- деп Қазақстанды шаруалар арқылы отарлауға заңдық құқық беру жөніндегі үкімет органдарының әрекеттері туралы ашық айтылды.

Қазақстанда ХІХ ғасырдың аяғынан бастап жер бөлуші топтар жұмыс істеді, олар «бос» деп белгіленген жерлерде қоныстану учаскелерін кесіп беруге тиіс болтын. « Бос жерлер» дейтіндерді далалық облыстарды зерттеу жөніндегі экспидиция, басқаша айтқанда Ф.А.Щербинаның экспидициясы анықтауы керек еді. Экспидицияның жұмысы ол жұмыс істеген жылдардың өзінде-ақ, әсіресе, қазақтардың жер пайдалану нормаларына қатысты көп ескертулер жасады. Ф.А.Щербина экспидициясының деректері бойынша қазақ шаруашылықтары үшін аймаққа және басқа жағдайларға қарай жер пайдалынудың ең төмен нормасы 110-209 десятина, ал ең көбі 187-510 десятина болса, 190-1908 жылдардағы қайта ұйымдастырылған экспидициялардың деректері бойынша олар тиісінше 70-125 десятина және 119-219 десятина болды. Сөйтіп 36-40%-дан 36-57%дйін төмендетілді. Бірнеше жыл бойы Қазақстанның бүкіл аумағы бес қоныс аудару округіне Ақмола, Семей, Торғай-Орал, Жетісу, Сырдария округтеріне бөлінді. Ауданды меңгеруші басқарды, ол ішінара генерал-губернатор арқылы жергілікті әкімшілікке, ал көп дәрежеде егіншілік және мемлекеттік меншік министрлігінің жерге орналастыру және егіншілік басқармасына бағынды. Аудан меңгерушісінің өз қарамағында әр түрлі саладағы қызметкерлер штаты, сондай-ақ кіші аудандардағы жергілікті жерлерде шенеуліктері болды.

Жан-жақты қарастырылған шешім сияқты болып көрінгеніне қарамастан қазақтардан жерді алып қою көпшілік жағдайларда ең дөрекі және заңсыз түрде жүргізілді. Жетісудың байырғы тұрғындарынан бұрын алып қоюға тыйым салынған қыстаулар мен егістіктерін иеліктен айыру қажеттігін негіздеуге тырысып, Жетісу қоныс аудару ауданының меңгерушісі С.Н.Велецкий бұлар қазақтарға уақытша және шартты түрде пайдалануға ғана берілген мемлекеттік жерлер, егер «қоныстандыру учаскесін» жасау қажет болған жағдайда, «олардың (ауылдардың.-ред.) бір бөлігін көшіріп, учаскеүшін орынд босату және қазақтардың басқа жерлердегі қыстауларын тығызырақ орналастыру қажет» деп дәлелдеп бақты. Нақ осы принциптерді негізге алып, генерал-губернатор Кондратович 1907 жылы жерге орналастыру партияларына Жетісуда «учаскелерді жобалаудың заңды тәртібінен уақытша кейбір мүмкін шегіністер жасауға» тікелей нұсқау берді. Нақ сол қазақ ауылдары көшірілген жерлер, сенатор К.К.Паленнің Түркістан өлкесі бойынша тексерісінің куәландыруына қарағанда, тау-тасты, суландыруға жарамайтын қу дала болған. «Қазақтардың қолайлы жеріннің белгілі бір мөлшерін,-деп жазды «Киргизская степная газета»,-көптен бері-ақ селолар алып қойған және осыған қарамастан қалған жердің ең жақсы учаскелері Ресейден келген қоныстанушылардың пайдасына көше бастады. Бейшара қазақтар жер алаптарының шектеулі болуы салдарынан таяу болашақта азды-көпті көшуін еріксіз тоқтатады». Осы газеттің басқа бір нөмірінде «көшпелілер әл-ауқатының жыл сайын және үнемі құлдырап бара жатқаны байқалады» және «бұл құбылыстың себебі, сірә, жер алаптарының жеткіліксіздігінде жатса керек: жаз бен күзде жайылған жайылымдарда малды қыста да жаюға тура келеді»,-деп жазды.

Қазақстандағы күрделі жер қатынастары жағдайында столыпиндік аграрлық реформаны кеңінен жүргізу өріс алды, оның мақсаты қоныстандыру қозғалысын күшейту болатын.

1906-1911 жылдарда Министерлер Кеңесінің төрағасы және Ішкі істер министрі болған П.А.Столыпин елді жаңғырту принциптерін әзірледі, оның бірінші шарты шаруаны жердің иесі етіп бекіту болатын. П.А.Столыпиннің аграрлық саясатының мәні үш заң актісінде көрсетілді. Бұл – Сенаттың қарауына берілетін 1906 жылғы 9 қарашадағы «Шаруалардың жер иеленуінежәне жер пайдалануына қатысты қолданылып жүрген заңның кейбір қаулыларын толықтыру туралы» жарлық, ол ІІІ Мемлекеттік Думада 1910 жылғы 14 маусымдағы «Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулыларды өзгертулер мен толықтырулар туралы» заң етіп толықтырылды және қайта өңделді. 1911 жылғы 29 мамырда «Жерге орналастыру туралы» заң қабылданды. Аграрлық реформа бойыеша шараларды жүргізу Сенат Жарлықты қабылдағаннан кейін 1906 жылыбасталды. 190 жылғы 1 қаңтардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінің күші жойылды,оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы  шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерден жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сонымен бірге 1910 жылғы заңның 42-тармағында Азиялық Ресейдің жеріне қоныс аударғандар оларды жаңа қонысқа түпкілікті тіркеген күннен бастап екі жылдан соң шыққан жерлеріндегі қауымдық жерге үміттену құқығын жоғалтады деп арнайы көрсетілді. Сөйтіп, столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді жеке пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жеріне қайтып оралу мүмкіндігін шектеді. Реформа нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Қазақстанда қоныс аударушылар үшін алынған жердің жалпы мөлшері жөнінде әр түрлі мәліметтердің өзара едәуір айырмашылығы бар. Мәселен, 1917 жылы қоныс аудару органдарының құзыретті шенеулігі В.А.Тресвятский жариялаған деректер бойынша, 1916 жылға қарай Дала өлкесінде зерттелген 106 миллион десятина жердің 30 миллион десятинасы, яғни үштен біріне жуығы басы артық жер дейтінге жатқызылған және қазақтардан күштеп тартып алуға арналған. Алайда «Оралдың арғы жағына қоныс аудару және жерге орналастыру бойынша шолулар» деректеріне сүйеніп Ә.Б. Тұрсынбаев жасаған есептеулерде 1906-1915 жылдар кезеңі ішінде Ақмола, Семей және Торғай-Орал қоныс аудару аудандарында нақты алынған қазақ жерлері 15,8 миллион десятина болған. Оның үстіне Жетісу қоныстандыру округінде – 3,3 миллион десятина, Сырдария округінде – 2,5 миллион десятина жер тартып алынған. Қорытынды цифр 21 206 118 десятина болды. Б.С.Сүлейменов нақ осы деректерді келтірген. Жергілікті халықтан тартып алынған жер 9 111 учаскеден тұрды. Бірақ іс жүзінде қоныс аударушылар бөлінген барлық учаскелерге орналастырылған жоқ. Көптеген қоныс аудару учаскелеріне болашақтағы 10-15-20 жылда орналастыру жоспарланды. Мәселен, Зайсан уезінде шаруалар өздеріне бөлінген учаскелерге соқпай өтіп, «Қытайдағы суармалы егістікке қарай ұмтылды». Ал мұндай жағдайлар көп еді. Қоныс аударушылар орналасқан жердің нақты көлемін, әсіресе өз бетімен қоныс аударушылар санының көп болу себепті анықтау мүмкін емес. Бірақ, қоныс аудару қорына бөліп берілген жермен қоса қазақтардың жер пайдалануынан қазақ әскерлеріне арналған орман, саяжайларына және басқа да қазыналық қажеттерге, қалалар мен темір жолдардың орналасуына арнап тартып алынған жерлерді қоса есептегенде қонастандыру қорына тартып алынған жердің жалпы көлемі 45 миллион десятинадан астам болып шығады. Дала өлкесінің уездері мен облыстары бойынша тартып алынған жердің көлемі тең бөлінбеді. Мәселен, Омбы уезінде бұл барлық жердің 52%-ы, Ақмола уезінде - 73%-ы, Қостанай уезінде - 54%-ы болды және т.б. Жердің неғұрлым көп ауқымы тартып алуға жатса, егіншілік жөнінен бұл жерлердің соғұрлым қолайлы болғанын аңғару қиын емес. «Басы артық жердің ең көп мөлшері солтүстік, топырағы қара топырақты және қою-сұрғылт топырақты, мейлінше құнарлы өңірде орналасқан уездерде болып табылады» деп жазып, кезінде Қоныс аудару басқармасы шенеуніктерінің өздері де атап өткен.

Алайда осындай жер алқабының өзі де барлық қоныс аударуға тілек білдірушілерді орналастыра алмады. Бұған бүкіл қоныс аудару қозғалысындағы жер учаскелерін бөлуге байланысты ілесе жүретін түсініспестік себепші болды. 1906 жылдан 1915 жылға дейін дала өлкесінің қоныс аудару аудандарына 580 587 адам келді ( еркек адамдар ғана есепке алынған). Олардың 47 пайызы – Ақмола қоныс аудару ауданына, 38-%-ы Торғай-Орал, 15%-ы Семей қоныс аудару ауданына жіберілді. Егер қоныс аударушылар санының серпінділігін жылдар бойынша қарастыратын болсақ, 1906 жылғы жарлық шыққаннан кейінгі алғашқы жылы қоныс аударушылар толқыны көбейе түсті. 1906 жылы Дала өлкесіне ерлерден 25 100 жан, ал 1907 жылы 80 360 жан қоныстанды. Қоныс аудару деңгейі аздаған ауытқуларымен 1908 жылмен 1909 жылы осы деңгейде тұрды, содан соң толқын тәрізді төмендейді және көтеріледі, ал 1914 жылға қарай 53 360 жанға дейін төмендеген. Реформаны жүргізудің алғашқы жылдарында Ресейдің еуропалық бөлігі шаруаларының бірқатары өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсартуға деген үміттерін Қазақстанға көшумен байланыстырғаны көрінеді. Қоныс аударушылар санының қысқаруы реформаның сәтсіз қорытындысын көрсетеді. Қоныс аударушылардың едәуір кері қайтуы да нақ осыны білдіреді. Мәселен, 1906-1915 жылдарда жыл сайын қоныс аударушылардың 20%-ынан 34%-ына дейін кері қайтып кеткен.

П.А. Столыпин реформасының қауымдарды күйретіп, хуторлық шаруашылықтар құру туралы идеялардың бірі де сәтсіздікке ұшырады. Елде фермерлік шаруашылықты дамыту туралы ой дұрыс айтылған болатын. Бірақ Қазақстан жағдайларында, игерілмеген жерлерде шаруалар арасында, керісінше, тірі қалу кепілі ретінде қауымдардың рөлі арта түсті.

Қазақ халқының жаппай жерсіз қалуы, қайыршылануы және соның салдары ретінде әлеуметтік шиеленістің өсуі реформаның күйінішті қорытындысы болды. Қарсылықтың стихиялық көріністері қожайындарды, өкімет өкілдерін соққыға жығудан, салықтар төлеуден бас тартудан, малды айдап әкетуден, егістіктерді таптаудан және басқаларынан көрінді. Ежелгі жерінен айырылған байырғы тұрғындар өз құқықтарын заңды әдістермен-өтініштер беру арқылы қорғауға тырысты, оларды көп мөлшерде мұрағат қорларында кездестіруге болады. 1913 жылдың қаңтарында Есімболат Досбаев пен Ғали Оспанов өз аулының атынан Торғай-Орал ауданы қоныс аудару ісінің меңгерушісіне «Шыңғырлау болысының №4 ауылы қырғыздарының ең жақсы шұрайлы жерлері қоныс аудару қорына тартып, алынды, ал бізге жарамсыз жерлер ғана қалдырылды» деп шағым жасап, учаскелер кесіп беруді сұрады. Іс жүзінде қалған өтініштер сияқты, бұл өтінішке де бас тартылған жауап қайтарылды.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin
Просмотров: 607 | Загрузок: 209 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]