Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тарих [ Добавить материал ]

Көне тарихи-мәдени ескерткіштер - тәрбие құралы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

24.02.2014, 22:58
ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ СЫНЫПТАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ

Қ.Бөлеев, Н. Есенов, Д.Тұрсынбай 
Тараз мемелекеттік педагогикалық институты, №12 Керімбай атындағы мектеп-ресурсы, Тараз қ.

Қазір, Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 ж. 5 шілдесінде ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді. Осындай тарихи-мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайдалану арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің маңызы зор.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет Яссауидің хикметтері сөзсіз оның бір бөлігі болып кіруге тиіс» [1]-деген.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі XIV ғасыр ескерткіші. Осы ескерткішті сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға ұлттық тәрбие беруде былай жүргізуге болады.
1. Жеке
2. Топтық
3. Ұжымдық.
Енді осыны сынып сағатында пайдаланудың жолдарын қарастырайық. Сынып сағатын өткізуде дайындық жұмыстарының да маңызы ерекше. Онда оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасы артады, сезімін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. [2].
 «Ахмет Яссауи кесенесі» жайлы сынып сағатын өткізерде, алдымен  тәрбие сағатының тақырып жоспары айтылады. Оқушыларға кесене жайлы материалдар, суреттер дайындауға тапсырма беріледі. Бұл кезде мұғалім әр оқушының ерекшелігі мен бейімін есепке алады. Материалдар жинау барысында мұғалім оларға бағыт-бағдар сілтеп отырады. Бұл жерде тапсырма алған оқушылар өз бетінше ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Мұндай істе оқушы мынадай жұмыстарды атқарады:
1. Басылымдар мен кітаптардағы деректерді жүйелеп жинастырады.
2. Өздігінен жұмыс істеу қабілеті ұшталады, сенімі күшейеді.
3. Қызығушылығы оянады. Белсенділігі артады.
4. Жауапкершілігі күшейеді.

Тәрбие сағатын өткізуге дайындықтың өзінде де оқушыларды тәрбиелеу жүреді.  Бұл жеке тұлғаның қалыптасып, дамуында тәрбиенің үздіксіз жүретіндігін көрсетеді. Тәрбие сағатына оқушылар күшімен Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің суреті «Даналық кітабынан» үзінділер дайындалады. Тәрбие сағатының кіріспе бөлімінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ортағасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші екендігі, 2000 ж. ЮНЕСКО көлемінде қаланың 1500 жылдығы аталып өтілгендігі айтылады.
Тәрбие сағатының негізгі бөлімінде оқушылар топтық және ұжымдық дәрежеде жұмыс жасайды. Мәселен, Бір оқушысы Әмір Темір, екінші оқушы Ахмет Яссауи, үшіншісі Яссы (Түркістан) қаласы туралы кеңінен әгімелейді. Бұл жерде тарихи хронологиялық кезең қатаң сақталынады. Тұлғалардың тарихтағы алар орнына сипаттама беріледі. Ел басқару ісін он екі құрамға бөлген Әмір Темір өз өсиетінде былай деп жазады:
«Бірінші құрам – Пайғамбар әулетінің адамдары, ғұлама шайқылар, білімдарлар қауымы. Оларды мен ең жақыным деп есептедім. Олар менің сарайыма ылғи да келіп-кетіп, жиын-кеңесіме көмегімен қоса көрік беріп отырды. Діни, адами мәселелерді ортаға салып, құнды пікірлерін білдірді. Дін тағылымын, адалдық пен арамдықтың аужай төркінін мен солардан үйрендім» [3].
Яссауи «Хикметте» Құдай атынан Парасаттылықты үндейді. Ал, Парсаттылық-Яссауи ұғымында адамның әуелгі жаратылысындағы Тәңірінің өзі сыйлаған, оның бойына өзі дарытқан ең асыл қазына. Ғұлама атамыз әрбір адам ар-жаны алдында есеп бере білу керектігін пайғамбарлықпен үндейді. Құдай қолдамайтын шалыс қадамдарынан сақтандырады. [4].
Тәрбие сағатында сызба кесте арқылы Яссауи кесенесінің жоспары алға тартылады. Ол сегіз бөлімнен тұрады:
1. Қазандық бөлмесі
2. Қабірхана
3. Мешіт
4. Кітапхана
5. Үлкен Ақсарай
6. Кіші Ақсарай
7. Асхана
8. Құдықхана

Кесененің әр бөлмесінде қызметіне сай экспозиция құрылған [5]. Оқушыларға кесененің әр бөлмесі кеңінен ашылып айтылады. Алып кесененің Жамағатхана (Қазандық) бөлмесінде жеті түрлі бағалы металдан жасалған қола Қазан тұр. Мешіт бөлмесінде дәстүрлі жұма намазы оқылған.
Қазандық бөлмесінің төріндегі есік Ахмет Яссауи мәйіті жатқан Көрханаға кіргізеді. Бұл мейлінше киелі орын. Үлкен Ақсарай қазақ хандығы тұсында ордаға айналды. Ал, кіші Ақсарай қонақтарды қабылдау бөлмесінің қызметін атқарды. Асханада хәлім тағамы дайындалып, мүсәпір кедейлерге таратылған.
Құдықханадағы құдықтан тартылған су зиярат етушілерге қасиетті су ретінде берілген. Тарихи-мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайдаланылғанда оқушылар мынадай мәселелерді біледі:
1. Кесененің қай кезеңде, қандай тарихи тұлғаға арналып тұрғызылғанын біледі.
2. Кесененің салыну әдісіне көңіл бөлінеді.
3. Тарихи тұлғаның еңбегін зерделейді.
Осының барлығы оқушылардың тарихи танымын қалыптастырып, оларға ұлттық тәрбие беруде маңызды орын алады.
Енді сол ескерткіштерді қастерлі, қасиетті мұра ретінде, оны дәріптеуге, бағалауға оқушыларды тәрбиелеуге өріс ашу қажет. Мәселен,  алдын ала жасалған экскурсия маршруты бойынша тарихи ескерткіштің орнын, салыну кезеңін, қай тұлғаға арнап тұрғызғанын зерттеп біледі. Бұл жерде уақыт пен ұрпақтар сабақтастығына баса назар аударамыз.
Тарихи ескерткіштерді оқып-танудың қандай жолдары бар? Әрине, олар туралы сынып сағаттарында, тарихи конференцияларда, танымдық ойындарда кеңінен  айтуға болады.
Ал айтылған нәрсенің, өтілген іс - шараның баланың санасынан өшірмей, көкейінде күмбірлетіп тұру үшін не істеу керек?
"Тәрбие құралы - сөз" [6] - деп ақиық; ақын Олжас Сулейменов айтқандай асыл қазынамыздың қасиетін ұрпағымызға ұғындырсақ, еліміздің ертеңі, қонар тұғыры биік болатыны айқын. Оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде мына істін де берері бар - деп ойлаймыз. Бұл ретте "Сынып жылнамасын" жасаған дұрыс. Ол күнделік ретінде оқу жылы бойы жүргізіледі. Оған сынып өмірі мен оқу жылындағы оқиғалар жазылады. Ал енді сынып өміріндегі оқиғалардың оқушылардың ұзақ уақыт есте сақтауын және қызықты болуын ұйымдастырушы әрине сынып жетекшісі.
Қызықтырудың бірден бір жолын оқушылармен саяхатқа,  экскурсияға шығу. Ол үшін алдымен тиянақты жоспар жасалуы керек. Жамбыл жерінің әр тасының, таңбасының тарихы бар.
Тарихи мәдени ескерткіштерді тәрбие сағатынан өзге үйірме жұмыстарында да пайдалануға болады. Мәселен, «Таным» атты ителлектуалдық үйірменің күнтізбелік жоспарына Қазақстандағы сәулет өнері ескерткіштерінің тарихын,  оларды сақтап-қорғау жайынан көкейтесті тақырыптарды енгізудің маңызы зор.Үйірме жұмысында осы тақырыптарды өткізу түрінде пікірталасты пайдалану оқушылардың өздігінен ізденуіне, көзқарасын дәлелдеуге, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үйретеді.   
  
      «Тараз қаласының тарихи-мәдени ескерткіштері » үйірмесінің 7 сыныпқа арналған 
                                                    Күнтізбелік жоспары  /34 сағат/.

                                                    Тақырыптар                                                                   сағаты
1     Кіріспе. Тараз қаласындағы сәулет өнері және тарихи тұлғалар ескерткіштерімен таныстыру.     1
2 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау туралы Заңдары. «Мәдени мұра» бағдарламасы.     2
3 Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайының жұмыстары.     1
4 Қарахан кесенесі және ол туралы аңыздар.     1 
5 Қарахан кесенесінің салыну әдісі және оның ғылыми тұрғыдан зерттелуі.     2
6 Ескерткіштерді сақтау – парызымыз. Дөңгелек үстел.     1 
7 Айша бибі кесенесі және ол туралы аңыздар.     1 
8 Айша бибі кесенесінің салыну әдісі және оны қайта қалпына келтіру жұмыстары.     2
9 Айша бибі бейнесі әдебиет пен өнерде.     2 
10 Айша бибі кесенесі ғалымдар мен зерттеушілер еңбектерінде.     2
11 Бабаджа хатун кесенесі – сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші.     1
12 Тектұрмас кесенесі туралы аңыздар.     1 
13 Тектұрмас кесенесі – ғалымдар еңбектерінде.     1 
14 Зерде. «Тарихи ескерткіштердің патриоттық қасиетті қалыптастырудағы орны». Оқушылар баяндамалары.     2
15 Дәуітбек {Шамансұр} кесенесінің тарихы.     1
16 Тараз қаласында жүргізілген археологиялық  қазбалар нәтижесі.     1
17 Тараз төңірегіндегі ежелгі қалалар орындары.     2
18 «Тарихи мұраларға» адалмыз ба?  Пікірталас.     1
19 Ақыртас қаласының құпиясы.     1 
20 «Ұлы жібек жолы» және Тараз қаласы. Мәдени алмасулар.     1
21 Қали Жүніс моншасының тарихы.     1
22 Қарахан, Дәуітбек, Тектұрмас кесенелеріне экскурсия жасау.     2
23 Айша бибі, Бабаджа хатун ескерткіштеріне экскурсия жасау.     2
24 «Ескерткіштер еліміздің ертеңі» Оқушылардың өз рефераттарын қорғауы.     1
25 Қорытынды.     1



Мектеп мұғалімдерінің ең үлкен міндеттерінің бірі «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес таным мен рухты ұрпақтар санасына құя білу. Бұл жұмыс әрине жүйелі түрде жасалуы тиіс. Тарихи кесенелер тарихын, сәулет өнерінің сырларына жетелеу арқылы  бала көкірегін имандылық нұрымен сәулелендіреміз. Оқушылар мұражайда және тарихи орындарда алған әсерлерін күнделікке түсіріп отырады. Сондай-ақ түрлі басылымдардан осы ескерткіштер жайында материалдар жинайды. Кесенелер маңында суретке түседі, бұдан фотоалъбом жасалады. Балалардың алған әсерлерінен, жинаған деректерінен арнайы қабырға газеті шығарылады. Қорытындысында оқу жылы бойындағы сынып өміріндегі елеулі оқиғалар «Сынып жылнамасына» жазылады. Мұндай іс-шаралардың әлеуметтік - мәдени салада да берері мол. Өйткені, оқушылардың танымы кеңейіп ұлағатты тербие алады. Әлгі саяхаттардан жиналған деректерді мектеп мұражайына да жинақтауға болады. Мұндай істерде ұстаз әр оқушының қасиетін, қабілетін танып біліп оларды нәтижелі іске жұмылдыра алады. Бұл ретте факультатив және үйірме жұмыстарының мазмұнын арттырған жөн. Оқушыларды «Мәдени мұра» бағытында тәрбиелей отырып, олардың бойында бірнеше қасиеттерді тәрбиелей аламыз.
Сонымен, «Мәдени мұра» бағыты бойынша тарихи ескерткіштердің оқушыларға тәрбие берудегі орны:
1. Ежелгі тарихи ескерткіштерді, киелі орындарды білу арқылы оқушыларда тарихи таным қалыптасады. Тарихи танымға - өз ұлтының әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін, ән мен күйін, елге қасиетті тұлғаларды, дала аңыздарын білу жатады.
2. Тарихи таным оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа отансүйгіштік-ке тәрбиелейді.
3. Қазақ  жеріндегі  тарихи  ескерткіштерді   білу  оның   тұрғызылуы  себебін және тұрғызған адамдарды білу оқушыларға өз халқымен өз Отанымен мақтануға және биік рухта тәрбиеленуге көмектеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әзірет Сұлтан мемелекеттік тарихи-мәдени қорық музейі  / Дайындаған. Рыскелдиев Т.- Түркістан 2006,  3 б.
2. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі – Алматы:  Дарын, 2004. - 199 б.
3. Әмір Темір аманаты -  Шымкент: Жібек жолы 2000. -  59 б.
4. Түркістан тарихы мен мәдениеті. Түркістан: Қазақ-түрік университеті,  2000. -  76 б.
      5. Әзірет Сұлтан. Түркістан: 2005. - 7 б.
      6. Сынып жетекшісінің ережесі // Сынып жетекшісі,  №3.  2002. 10 б.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin
Просмотров: 3165 | Загрузок: 97 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]