Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тарих [ Добавить материал ]

Қазақстанның экономикалық тарихының мәселелері тарихының деректемесі мен тарихнамасы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

18.02.2014, 17:04

Қазақстанның экономикалық тарихының мәселелері 

тарихының деректемесі мен тарихнамасы.

Жоспар:

Негізігі ұғымдар: экономика тарихының деректемесі, экономика тарихының тарихнамасы

1)Қазақстанның экономика тарихының деректемесі. 

2)Қазақстанның экономика тарихының тарихнамасы.

 

Мақсаты: Қазақстанның экономика тарихының деректемелерімен оның пәнге байланысты деректік маңызын көрсету.Қазақстанның экономика тарихының тарихнамалық негіздеріне мінездеме беру.

Лекция.

ХІV-ХV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. XV ғасырдың екінші жартысы - XVI ғасырға Моғол жэне Шайбани ұрпақтары қалыптастырған деректемелер негізгі дерек көзі болып табылады.

Темір дәуірі туралы түпнұсқа деректемелерді зерттеушілер екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа Темірдің немесе оның билік еткен ұрпақтарының әмірімен жазылған деректемелер жатады.Низам ад - дин Шальидің Шараф ад - дин Әли Иаздидің оны данышпан, әділетті мемлекет қайраткері етіп суреттейтін шығармалары осындай. Шығармалардың екінші тобын бейтарап авторлар - бұларға, мысалы, Рюи Гонзалес де Клавихо және Батыс Европаның басқа да саяхатшылары жатады, сондай - ақ әмір Темір бағындырған елдердің өз еңбектерінде оның басқыншылық саясатын бейнелеген авторлар жазған.

1423 жылы Темірдің немересі Мырза Байсұңқардың тапсырмасы бойынша Хафиз - Абру 4-томдық «Маджма*ат таварих» деген жалпыға бірдей тарих жазуды бастады. Темір ұрпақтары тарихнамасының маңызды туындылары қатарында XV ғасырдың екінші жартысындағы щығармалар ерекше орын алады. Олардың ішінде Абд ар - Раззақ Самарқандидің «Матла*ас-са дайн ва маджма*әл-бахрайны» бар. Он да Иран мен Орта Азиянын Хулагу жэне Темір ұрпақтарының 1304 жылдан 1471 жылға дейінгі тарихы баяндалған. XIV-XV ғасырлар шебіндегі Ак Орданың құлдырауы кезіндегі Шығыс Дешті Қыпшақтағы оқиғалар туралы, Барақ ханның мемлекеттің ыдырауына қарсы әрекеті, Ұлықбектің заманындағы Моғолстан мен Мауараннахрдың өзара қатынастары туралы мәліметтер мен басқа да деректемелердің ынта - ықылас туғызатыны күмәнсіз.

XVI ғасырлардағы белгілі тарихшы және әдебиетші Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың «Та*рих - и Рашиди» деген шығармасы ХIV-ХIІ ғасырлардың басында Қазақстан аумағы мен көрші аумақтарда өмір сүрген ірі мемлекеттің бірі Моғолстан тарихына арнайы арналған. Бұл еңбек - Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса маңызды бастапқы деректеме.

Қазақ және өзбек билеушілерінің XVII ғасырлардағы Онтүстік Қазақстан йен Ташкенттің маңызды сауда экономикалық орталықтары жөніндегі тайталастары туралы, Мүхаммед Юсуф Муншидің «Тарих-и Муким-хани» деген шығармасында айтылатын Имамкули ханның Ташкенттегі көтерілісті аяусыз басып - жаныштауы туралы мағлұматтарды атап өткен жөн.

Түркі тілді деректемелер. Жалпы дәстүр мен мәдениет негізінде парсы тілді шығармалармен біріктірілген және негізінен Орта Азия мен Шығыс Түркістанда жазылған түркі тілді әдебиет ескерткіштері соңғы орта ғасырлар дәуіріндегі Қазақтан тарихы жөніндегі нарративтік деректемелер арасында маңызды орын алады. Оларда орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының қазақ халқы кұрылуымен, Қазақ хандығының пайда болуы және дамуымен, сондай -   ак  ХУ-ХУШ   ғасырдың   басындағы   қазақ   қоғамы   өмірінің   көрінісі жаңғыртып    көрсетумен   байланысты кезеңнің   ерекше    маңыздылығының баяндайтын едәуір мәліметтер бар. Тарихшы, ақын, билеуші - Үндістанда Ұлы   Моғолдар   империясының   негізін   салушы   Бабырдың   (1483-1530) тарихнамада «Бабыр - наме» (Бабыр жазбалары)    деген атпен белгі болған еңбегі орта ғасырдың тамаша тарихи - әдеби ескерткіштерінің бірі болып табылады. Жас кезіңде Бабыр Ферғананың мұрагер билеушісі болған

Сол дәуірде жалпы түрік ортасында болған шаруашылық, әлеуметтік этникалық   және   мәдени-тұрмыстық   шыңдықтарды   көрсететін   көптеген қыпшақ  терминдері  мен  лексикалық  айналымдар   арабша  түсіндіріле немесе тура аударылып келтірілетін лингвистикалық еңбектер басқа түпнұсқа деректемелер болып табылады. Адам мекендейтін бүкіл дерлік мұсылман дүниесін шарлап шыққан атақты саяхатшы Ибн Баттутаның (1304-1377) жол

жазбалары - Дешті   Қыпшақ   тарихы   жөніндегі маңызды деректемелердің

 бірі. Ибн Баттутаның саяхаты суреттелген «Тухфат нуззар   фи   ғараиб   әл   амсар   ва   аджаиб   әл-афсар»   («Қалалар ғажайыптары мен саяхат кереметтерін аңғартатындарға сыйлық: жүзінде оның шығармасы емес, қайта оның әңгімелеріне 1356 жылы әл-Қалби жасаған әдеби өңдеу болып табылады.

Қытай деректемелері. Қытайда жергілікті емес әулет  бес жүз жылға жуық билік еткеннен кейін Мин әулеті орнығып (1368-1644), ол да тақты «жатжерліктерге» бұл жолы маньчжурларға босатып берді.

Негізгі деректемелер мыналар: «Мин әулетінің тарихы» («Мин ши»), «Мин әулеті билік етуінің анық жазбалары» («Мин шилу»), және «Мин империясына жалпы шабуыл» («Мин хой яо>>). Қалған деректемелер: Монғолия,Моғолстан, Темір мемлекетіне және Орталық Азияның басқа да елдеріне қытай елшілерінің, барлаушылары мен жолшыларының, көпестерінің жазбалары, ортаазиялық елшілер мен мұсылман  көпестерінен алынған мәліметтер қосымша  материалдар болып табылады. Сонымен бірге олар өңделген түрінде қытайдын ең басты ресми еңбектерінің бәрі  кірген, олардың ерекшеліктері - Мин империясы күйрегеннен кейін жазылған.

«Мин ши» Қытайдың 25 әулеттік тарихының дүниежүзілік мәдениеттің бірегей ескерткіштерінің бірі болып табылады. Оны авторлар ұжымы  жазған және 1645-1735 жылдарды қамтиды.

«Мин шилу» - көптеген императорлар билеуінің хроникасы, онда олардың күннен күнге жасаған қызметі туралы жазбалар бар.

«Мин хой яо» - тақырыптық белгісі бойынша жасалған тарихи құрама

 еңбектің үлгісі. Онда шет жерлердегі елдер, олардың орналасқан жерлері, қалалар, халықтардың әдет-ғұрыптары, елшілік байланыстар туралы мәліметтер бар.

Қытай деректемелері белгілі мұсылман деректемелерін өзінің жүйелігімен, уақыты жағынан ұзақтығымен және жан-жақтылығымен едәуір толықтыра түседі.

Орыс деректемелері. Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеуде ХІУ-ХУП ғасырлардағы орыс құжаттары мен мұрағат материалдарының зор маңызы бар. Орыс жерлері Алтын Ордаға бағынған кезең жылнамаларында орыс князьдарының Орданың билік орындарымен қарым-қатынастарының көптеген жақтары көрсетілген. Оларда Орданың ішкі, қоғамдық саяси жағдайы туралы, атап айтқанда, XIV ғасырдың 60-70 жылдарындағы Орда шонжарларының түркі топтарының өзара қырқысқан күресі туралы айтылады.

Қазақстан және Орталық Азияның шектес аумақтары халқының тарихын зерттеудегі орыстың деректі материалының маңызы XVII ғасырда барған сайын арта түсті. Сол ғасырдың аяғына қарай бұл халықтардың өздері де орыстарға бұрынғысынан гөрі неғұрлым белгілі бола түсті.

2. Соңғы орта ғасырлардағы Қ азақстанның тарихнамасы XVIII ғасырда орыс зерттеушілерінің сол кезеңдегі қазақтар туралы мағлұматтар, негізінен тұрмысы, шаруашылығы, ғұрыптары, нанымдары, жүздердің рулық-тайпалық құрамы, орналасуы туралы этнографиялық мағлұматтар жинауы жалғастырылып, халықтың шыққан тегі туралы аңыз-әңгімелер зерттелді. Бұл зерттеушілер арасында П.И.Рычков, И.Г.Георги бар. Қазіргі авторларға қазақтардың жағдайын сипаттап беретін бұл материал

    Кеңестік дәуірдің 80-90 жылдарындағы отандық тарихнамада революцияға дейінгі орыс тарихнамасында Қазақстан тарихының зерттелу мәселесін қарастыруда 50-70 жылдармен салыстырғанда зор ілгері басушылық байқалады. 50-70 жылдары бұл мәселенің кейбір қырларын зерттеудің негізін салып, оны жан-жақты қарастыруға атсалысқан қазақстандық тарихшылар Д. Дулатов, В. Галиев, Ж. қасымбаев, Ж. Махашев, И. Ерофеева, В. Толочко және т.б. өзінің бұл саладағы ізденістерін одан әрі жалғастыра түссе, орыс тарихнамасының ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ Қазақстан тарихына қатысты жекелеген, әлі де сөз болмаған жайларын зерттеуге, осы кезеңде басқа да тарихшылар атсалыса бастады. Аталған кезеңде қарастырып отырған мәселеге, қазақстандық ғалымдар В.Басин, Р.Киреева да көңіл аударды. Олар өз ғылыми ізденістерін ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1917 жылдар аралығындағы Ресей тарихнамасының қазақ халқының тарихын зерттеуіне арнады. Өзінің алғашқы орыс дворяндық революционерлері – декабристердің қазақ халқының тарихын зерттеуіне арнаған ғылыми ізденістерін ілгері жалғастырып В.Галиев 90-жылдардың басында «Декабристы и Казахстан» атты монографиясын жариялады. Бұл еңбек ХІХ ғ. Бірінші ширегіндегі алғашқы орыс азаттық қозғалысы өкілдерінің Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттеуі ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап еліміз тарихшыларының тыңғылықты және жан-жақты зерттеу тақырыбына айналғаны және бұл мәселені алғаш рет отандық тарихнамалық зерттеулердің негізін салушылардың бірі Д. Дулатова «Чокан Валиханов о присоединении Казахстана к России» (1963) деген мақаласында көтергені баршаға белгілі. Бұдан кейін 80-90 жылдары бұл мәселенің түпкі аспектілері , атап айтқанда, ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы дворяндық-буржуазиялық тарихнамада Қазақстанның Ресейге қосылуының жалпы мәселелернінің зерттелуі Ж.Махашевтң, Е.Ерофееваның мақалаларында; революцияға дейінгі орыс тарихнамасында Орта жүздің Ресейге қосылу процесінің жекелей қарастырылуы П. Қайсарбековтің зерттеу объектісі болды. 60-70 жылдары еліміздің кейбір тарихшылары (В.Толочко) және қазақ-орыс әдебиеттері байланысын зерттеуші белгілі әдебиетші ғалым К.Кереева-Канафиева Қазақстан тарихының революцияға дейінгі Ресей баспасөзінде зерттелу мәселесін көтерген болатын. 80 жылдардың екінші жартысында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы орыс журналдарының беттерінде Орта Азия мен Қазақстанға қатысты мәселелердің зерттелуі А.Алексеенконың докторлық монографиясы тақырыбы болды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей тарихнамасы өкілдерінің Қазақстан тарихының нақты мәселелерін зерттеуі аталған кезеңде А.Абилевтің де назарын аударды. Ол өзінің мақаласында 1768-1874 жылдары өткізілген Екінші академиялық экспедиция мүшелерінің еңбектеріндегі қазақ халқының тарихы мен этнографиясының зерттелуін қарастырады. ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы зерттеушілердің революциияға дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын талдауға арналған мұрасын зерттеуге 80 жылдары көпетеген тарихшылар өз еңбектерін арнады. ХVІІІ және ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс тарихнамасында Қазақстанның Ресеймен сауда-саттық орталығы ретінде Орынбордың дамуы туралы революцияға дейінгі зерттеулерге И.Ерофеева мен Ж:Қасымбаевтың мақалалары, РЕсей университеттері мен ғылыми қоғамдарының және елдің өз ішіндегі түрлі аймақтардағы (мысалы, Шығыс Қазақстан қалаларындағы) ғылыми және ағарту мекемелерінің ХІХ ғасырда Қазақстанның мәдени дамуындағы рөлі тарихшылардың ерекше назарын аударды. Бұл проблема жөнінде С.Зимоновтың, Ж:Қасымбаевтың зерттеулері бар.

    ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Сібір баспасөзінің материалдары бойынша Қазақстан өлкетануының кейбір мәселелерін және ежелгі кезден бастап, 1917 жылға дейін нақты Шығыс Қазақстан өлкетануын зерттеу Р.Федорованың кандидаттық жұмысының объектісі болды. Кеңес уақытындағы (1980-1990) Отан тарихнамасында ғалымдардың жеке тұлғасына, яғни революцияға дейінгі Қазақстан тарихын қарастырған орыс ғалымдарының бір тобының немесе жекелеген тұлғаларының шығармашылығын зерттеуге арналған ңбектер көптеп жарияланды. ХVІІІ ғасырдағы жергілікті Түркістан өлкетанушысы И.Андреевтің қазақ халқын зерттеу тарихы мен орыс ғалымдары мен мен саяхатшыларының еңбектері мен жазбаларында ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарихы мен царизмнің Орта жүздегі жүргізген нақты саясатының зерттелуіне М.Ерофеева мен С.Урашевтың мақалалары арналды. Революцияға дейінгі орыс тарихнамасындағы Ішкі Орданың сипатталуы жас зерттеуші к. Кобландин мен тарихшы ғалымдар Э. Масанов пен Ж.Қасымбаевтың зерттеу тақырыпытары болды. Қазақстан тарихының кейбір мәселелерінің зерттелуіне арналған әскери тарихшы М.И.Венюковтың еңбектеріне талдау Н.Алексеенконың «Хранители памяти» (1988) кітабында берілді; Қазақстан өлкетанушысы Н.Ивлев өз еңбегін А.Ф.Голубевтің еңбектерін зерттеуге арнады. 80 жылдары П.Рычковтың Қазақстан туралы мұрасын; қазақтардың дәстүрлі құқығының зерттеушісі ретінде А.Левшиннің еңбектерін; революцияға дейінгі Қазақстан тарихын зерттеу үшін дерек ретінде Г.Генстің қолжазбаларын тарихшылар А.Абилев, Н.Ахметова. Р.Бекназаров пен С.Шакиров зерттеді. Кеңес дәуіріндегі тарихшылардың тарихнамалық еңбектерінің ішінде Д.Дулатованың 1984 жылы жарияланған «Историография дореволюционного Казахстана» (1861-1917ж.ж) деген монграфиясын еркше бөліп айтқым келеді. Онда Ресей тарихнамасының реформадан кейінгі кезеңінен 1917 жылға дейінгі аралықтағы қазақ халқын зерттеуінің қорытындылары шығарылған. Бұл еңбек аталған мәселені зерттеуге қосылған елеулі үлес болып табылады.

    Қарастырылған мәселерді тұжырымдай келе айтарымыз, біздің пайымдауымызша, орыс тарихи ойының Қазақстанды зерттеуі Кеңес, сонымен қатар отандық тарих ғылымының қалыптасу мен дамуына бүтіндей сәйкес келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Бірінші кезең –ХХ ғасырдың 20-50 жылдардың аяғын қамтитын, кеңестік тарихнаманың марксистік-лениндік бағытқа өтіп, тарихи мәселелерді зерттеуде крнцептуалдық ережелерді қайта қарауымен сипатталады. Бұл кезеңдегі кеңестік тарихнамада орыс зерттеушілерінің Қазақстан туралы мұрасы арнайы тарихнамалық зерттеу объектісі болған жоқ. Ғалымдар (орыс зерттеушілерінің еңбектерін) қазақ халқының тарихына қатысты аса құнды дерек ретінде ғана зерттеді. 1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясының құрылуы мен Тарих институтымен Шығыстану секторының ашылуынан кейін елімізде республиканың тарих ғылымы дамуының жаңа кезеңі басталады. Көптеген тарихшылар орыс тарихнамасының Қазақстанды зерттеуге қосқан зор үлесін тереңірек қажеттілігін өткір сезіне бастайды. Мәселен, Қазақстан тарих ғылымының 40 жылдардың екінші жартысына дейін атқарған жұмыстарының қорытындылары мен болашағы жайлы айта келіп Х.Айдарова: «Некоторые итоги и перспективы развития исторической науки  в Казахстане» деген бағдарламалық мақаласында нақты тарихнамалық зерттеулердің қажеттілігін атап көрсетті. Сөйтіп, 50-ші жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында отандық тарихшылар тарихнаманы және оның ішінде Қазақстанның революцияға дейінгі орыс тарихнамасын зерттеуге бет бұра бастайды. Бұл мәселенің Кеңес дәуіріндегі отандық тарихнамада зерттелуінің екінші кезеңін 60-91 жылдармен шектеуге болады. Мәселенің Қазақстан тарихы көлемінде бөлініп, дербес қарастырылуы оның алдыңғы кезеңмен салыстырғандағы ерекшелігі болып табылады. Жоғарыда біз сөз еткен ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында революцияға дейінгі орыс тарихнамасының Қазақстан тарихын зерттеу мәселесін қарастыруды кеңестік тарихнамада 50-70 жылдармен салыстырғанда зор ілгері басушылық байқалады. Үшінші кезең – 1991 жылдан басталып жалғасып келеді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихшылары кеңестік идеологиялық қыспақтан, тарихқа деген таптық, формациялық көзқарастардан арылып, деректік негіздерін кеңейтіп тақырыптың жекелеген нақты мәселелерін қарастыруды тереңдетіп жатыр. Алайда, 50 жылдардың аяғы мен 1991 жылдың аралығында отандық тарихнамада ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Ресей тарихнамасында Қазақстанның зерттелуінің тарихын түрлі дәрежеде қозғайтын бірқатар еңбектердің пайда болғанына қарамастан, бұл күрделі мәселені толық және тұтастай қамтып байыптаған ғылыми зерттеу әлі туған жоқ. Бұл – біздің өкінішіміз.

 

Бекіту сұрақтары:

1)Қазақстанның экономика тарихының қандай деректемелерін білесіз?. 

2)Қазақстанның экономика тарихының тарихнамасна қысқаша шолу беріңіз?


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin
Просмотров: 1715 | Загрузок: 96 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]