Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тәрбие сағаты [ Добавить материал ]

Жаңа жыл тәрбие сағаты бастауыш сынып 2014


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

02.06.2014, 23:36

Жаңа жыл тәрбие сағаты бастауыш сынып 2014

 

 

1.Жүргізуші: Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Жамбыл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы бастауыш сынып балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!

1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып мектебіміздің директоры Зинайда Рахметқызының балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.

Қуант бізді, Жаңа жыл!
1.Жүргізуші: Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Жамбыл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы бастауыш сынып балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!

2.Жүргізуші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасанып, жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала
Сиқырлы сәулелер тарайды.
Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша. Біз шыршамызға тақпақ, ән айтып берейікші.
Хоровод: Ән «Аппақ, аппақ»

1.Жүргізуші: Балалар, естідіңдер ме, біреу келе жатыр. Олай болса сол қонақпен біздер тығылыспақ ойнайық. Кәнеки, бәріміз шыршаның арғы жағына тығылайық. ( Балалар тығылады, Ақшақар келеді)
Ақшақар:Мектепке балалардың Жаңа жыл мейрамына келе жатыр едім. Енді мен қайда келдім? Осы жаңа ән естіген сияқты едім, ал енді ешкім жоқ, қызық екен. (Балаларды іздейді. Мысықтың даусы шығады). Жоқ ол жерде мысық екен, әрі қарай іздейін (жақындаса иттің дауысы шығады). Жоқ ол жерде ит екен, әрі қарай іздейін (Балаларды табады). Сәлеметсіздер ме балалар! Мектептің қасынан өтіп бара жатып әдемі әнді естіп қалдым, сіздерге мейрамға келдім.

2.Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақшақар! Біз саған өте қуаныштымыз, төрлет. Біздің қонағымыз бол! Ақшақар, қарашы қандай әдемі шырша, қаншама ойыншықтар. Ал неге шыршада шамдар сөніп тұр? Балалар шыршамен ойнайықшы, өз шамдарын жақсын, сөндірсін. Шамдарды жағу үшін біз шапалақтаймыз.
Ойын: «Шырша» (Балалар шапалақтайды) шамдар жанады. Ал енді шамдарды сөндірейік, қатты, қатты үреміз. (Балалар үреді, шамдар сөнеді) ойын 2-3 рет ойналады.
Ақшақар: Қандай сиқыршымыз бәріміз. Бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі.
1.Жүргізуші: Ақшақар бізде тағы да сиқыршы бар. Бәріміз сол сиқыршының өнерін тамашалаймыз. (Сиқыршы бала фокус көрсетеді - жәшікке кішкентай қуыршақ салады, үлкен Айқызды шығарады).

2.Жүргізуші: Мынау кім екен?
Ақшақар: Қорықпаңдар балалар, ол аю. Қыста аю ұйықтайды, ал біздер оны оятып жібердік. (Аюдың қасына барып) Аю оян, Жаңа жыл келді. (Аюдың дауысы шығады). Оянғысы келмейді. Аю, сен Жаңа жылды көргім келеді деп айтатын едің, тұр, Жаңа жыл келді. (Аю оянды).

1.Жүргізуші: Сәлеметсіз бе аю. Бізбен ойнашы.
Аю: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар. Сәлеметсіз бе Ақшақар. (Көзін уқалап, аузын ашып, керіліп) мен сендермен ойнамаймын, одан да мен ұйықтаймын (шыршаның алдына жатады да ұйықтайды).
Ойын «Аюды оятайық». Балалар аюдың қасына жаймен барып топылдатады. Аю балаларды қуады да қайтадан жатады. Ойын 2 рет ойналады.
Аю (оянып): Ақшақар, ал Аяз Ата қайда?
Ақшақар: Білмеймін Аю. Аяз Атада жұмыс көп қой: шыршаны әдемілеу, балалардың барлығына сыйлықтар дайындау.
Аю: Мен орманға барып Аяз Атаны іздеп келейін. (Аю шығып кетеді).

2.Жүргізуші: Аю мен Аяз Ата келгенше Ақшақарға арнап ән айтып берейік
Хоровод:
Ақшақар: Рахмет балалар, қандай көңілді, керемет ән айтып бердіңдер. Ал неге Аяз Ата мен Аю кешігіп жатыр. Канеки балалар, шақырайық оларды.
Балалар: Аяз ата ауууууу!
(Бірнеше рет қайталайды)
(Аяз Ата мен Аю келеді).
Аю: Балалар мен Аяз Атаны таптым. Сендер шақырмағанда біздер адасып кетеді екенбіз.
Аяз Ата: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! (Балалар амандасады).
Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шағыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!
Ақшақар: Сәлеметсіз бе, Аяз Ата. Біздер балалармен ойнадық, биледік. Ал енді балалар сізге ән орындап береді.
(Ән «Жаңа жыл»).

Ақшақар: Аяз Ата, ал сен балаларға қандай ойын әкелдің?
Аяз Ата: Мен ойынға қар әкелдім, қазір қармен ойын ойнаймыз.
(Аяз Ата шашады, ал балалар жинап алады. Ойын 2 рет ойналады).
1.Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар, Аю қараңдаршы мына жерде қандай үлкен қар жиналып тұр. (Ақшақар мен Аю барып қарайды).
Ақшақар: Қараңдаршы балалар, ол қар емес, сендерге дайындаған Аяз Атаның сыйлығы. Аяз Ата да сиқыршы екен.

2. жүргізуші: Қане,балалар аяз атаның қапшығы табылды, сыйлығы мол екен. Соған арнап өнерлерімізді көрсетейік.
Ақшақар: Қандай керемет, мынау кәдімгі өнерлердің өзі екенсіңдер! Балалар, мен сендерге сыйлық әкелдім ол жаңа жылдық сақиналар, осы сақиналармен ойнайықшы.
Ойын «Сақиналар». Сақиналарды Ақшақардың таяқшасына кигізу керек.
(Ойын 2-3 рет ойналады. 3 рет Ақшақар сақинамен билеуге шақырады. Аюдың дауысы шығады.)
(Тақпақ айтатын балалардың нөмірлері жүреді.)
Хоровод

1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де,

2-жүргізуші:Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.

1-жүргізуші:
Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнің көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.

2.Жүргізуші: Балалар енді біз, 2013 жаңа жыл ЖЫЛАНДЫ қошеметпен қарсы алайық!
Музыка ырғағымен (Жаңа жыл «Жылан» кіреді)
Жылан: Жаңа жыл – туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл – шуылдаған жаңа ормандар.
Ал мынау – мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.
- Мен сендерге «Бақыт» сыйлаймын ( жүректердің суреттері ішіне жылы сөздер жазылған),
- Мен сендерге «Ашық аспан сыйлаймын» (бұлт,күн, аспан т.б. суреттер) шашып жібереді.
- Мен сендерге
- Мен сендерге
Хоровод:
Ойын:
1-жүргізуші:
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

2-жүргізуші:
Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық

Бишілерге кезек береміз.

АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар.
АҚШАҚАР: Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар.
2-жүргізуші:
Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың

1-жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.
2-жүргізуші: Міне, жаңа 2013 жыл да келді. Ал 2013 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын.
1-жүргізуші: Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.
Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Admin
Просмотров: 5115 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]