Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тәрбие сағаты [ Добавить материал ]

Жаңа жыл тәрбие сағаты балабақша 2014-2015 жыл


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

02.06.2014, 23:38

Жаңа жыл тәрбие сағаты балабақша 2014-2015 жыл

 

 

Жаңа Жыл- Жаңа Жыр
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар.
2-жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін. Біздің мектебімізде жалпыға міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыдан әлеуметтік топқа жататын жанұя балаларының 88-і мектеп жанынан бір мезгіл ыстық тамақ ішуде. 45 оқушы киіммен қамтамассыз етілсе, 45 оқушы оқу-құралдарымен жабдықталып отыр. Аудын әкімінің басшылығымен әлеуметтік топтағы жанұя балаларына арналған шыршамызды өткізгелі отырмыз.

1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып аудан әкімі Имандосов Мұрат Самұратұлының балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.

2-жүргізуші:Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.

1-жүргізуші:
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу – жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келдіңіз балалар.

2-жүргізуші: Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер балалар.
1-жүргізуші:
Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнің көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.

2-жүргізуші:
Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл-шуылдаған жаңа ормандар.
Ал мынау-мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.
Бағыбергенова Салтанаттың орындауындағы «Қош келдің Жаңа жыл» әні.

1-жүргізуші:
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

2-жүргізуші:
Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық-дей отырып, 1-кл оқушыларын «Балалық шақ» биін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
2-жүргізуші:
Жаңа жыл-қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Біз жаңа жылдарға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
1-жүргізуші:
Аппақ тоңға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келеді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
2-жүргізуші:
Келді Аяз атамыз,
Қасында Ақша қары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.
1-жүргізуші:ал, енді құрметті халайық! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні АЯЗ ата мен Ақшақарды шақырайық. Хормен: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР. (3 рет)
2-жүргізуші: Қош келдіңіз АЯЗ АТА.
1-жүргізуші: Амаңсыңба АҚШАҚАР.
АЯЗ АТА: 
Амаңсыңдар ма, ұлдарым,
Амансыңдар ма қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің.
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым.
Шыршамызға асығып,
Өздеріңмен табыстым.
АҚШАҚАР:
Армысыздар, оқушылар, ата-ана,
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,
Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.
2-жүргізуші:Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз.
1-жүргізуші: 
Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарықпасын.
Аяз ата бүгінгі келген күндей
Жүздеріңнен қуаныш арылмасын,- дей отырып бүгінгі Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашу үшін мектеп басшысы Сейсенов Ғалымбек ағайдың жылы лебізін тыңдасақ.
2-жүргізуші: Ән «Катюша». Орындайтын 5 сынып оқушысы Кемали Айдана.
1-жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
ТАҚПАҚТАР.
2-жүргізуші: 
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын. Әмір Аягөздің орындауында «Испан биін» қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Қайырымдылық-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.
«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей әлеуметтік топтағы балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақының тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол игі іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі – істердің бірі мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Олай болса осы балалардың жаңа жылдық шыршасына демеушілік жасаған ауыл әкімшілігіне, аудан депутаты Қасқырбай Әлімбаевқа және мектеп әкімшілік құрамынан құрылған Сейсенов Ғалымбек ағайға, Абдрасулиев Серік ағайға, Ержанова Сарқыт апайға, Баспаев Алып ағайға, Рысқұлов Айдын ағайға, Ағыбай Асылбек ағайға, Кемалова Роза апайға, Қаниева Гүлзат апайға, Жеке кәсіпкер Аязбаева Забира апайға алғысымыз шексіз.

2-жүргізуші: 
Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
Оспан Эланораның орындауындағы «Аппақ гүлдер» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Асыға күткен жаңа жыл,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа заман, жаңа айлар
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл
2-жүргізуші:
Шырша қандай керемет,
Ойыншықтар ілінген.
Жымың қағып шамдары,
Бүкіл қызық тірілген-дей келе Байсалбай Мағжанның орындауындағы «Ел қорғауға әзірміз» әнің қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Жарқырайды жан-жағым,
Жаңа жылдық киіммен,
Жаңа жылдың сыйлығын,
Жеңіп алғың өнермен-1-кл оқушыларның «Сұлтан» биін қабыл алыңыздар.
АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет, өркендерің өссің. Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар.
АҚШАҚАР: Сау борлыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар.
2-жүргізуші:
Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықт ың жаршысы да нұрысын.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың
1-жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға 
Мерейін мәртебесін биікке асыр.
2-жүргізуші: Міне, жаңа 2012 жыл да келді. Ал 2012 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын.
1-жүргізуші: Жаңа жыл- әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үін беркелі, мерекелі жыл болсын.
Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Admin | Теги: жаңа жыл
Просмотров: 4654 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]