Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тәрбие сағаты [ Добавить материал ]

Жаңа жыл тәрбие сағаты 2013-2014


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

02.06.2014, 23:32

Жаңа жыл тәрбие сағаты 2013-2014

1 - жүргізуші:
- Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2 - жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер.
1 - жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2 - жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1 - жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2 - жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
1 - жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз - жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Жолдыбаева Дана Саубайқызына береміз.
1 - жүргізуші: байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?
2 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Қане ашып көрелік., қане сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын.
1 - жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде екі қаптың аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші Жарайды, мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
(қаптың аузын ашқанда клоундар атып шығады)
Клоун1: Сәлем саған, туған ел!
Клоун2: Сәлем, сәлем достар!
Ой, ой, ой біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Көп соза бермейік. Достарымызда ертіп келейік қане?!
Клоун1: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Ертсек, ертіп келейік.
(клоундар шығып кетеді, сыныптағылар келеді)
Музыка ойнайды (оқушылар шыршаны айналып «Жаңа жыл» әнін орындайды).
1 – жүргізуші: Мерекелі кешіміздің шымылдығын _____________________________ биімен ашамыз.
Музыка ырғағымен ойланып залға Хан кіреді. Шыршаның алдындағы көрпешеге жайғасып алып:
- Ау Уәзір, Уәзір! Қайдасың?!
Жеті қат жер астына түсіп кетті ме?!
Уәзір: Мен мұндамын, тақсыр, келдім!
Хан: Ал, айт не бітірдің? Ханшаға бардың ба?
Уәзір: Бардым
Хан: Сөйлестің бе?
Уәзір: Сөйлестім.
Хан: Не деді?
Уәзір: Ештеңе. Ештеңе істей алмадым. Көнбейді. Жаңа жыл мерекесі керек дейді
Хан: Ол не тағы? Қайдан шығарды? Жақсы көрмеймін сондайды! (балаларды енді көргендей соларға қарап) Мынау кімдер? Бұлар неге менің патша сарайымда отыр? Мен неге білмеймін? Тез айтыңдар кімсіңдер?
Уәзір: Жаның барында айт! Кім шақырды сендерді?
Клоун2: Уәзір! Айқайлама! Тыңда алдымен. Біз мұнда мерекеге
келдік, Жаңа жылды қарсы алуға.
Хан: Қандай жаңа жыл! Мен неге білмеймін? Ол не? Не істейді онда?
(...............................................................................................................................)
Хан: Кәне менде сендермен
Тұрайыншы шеңберге
Көңілді әнді бастайық
Биді билеп тастайық
Уәзір: Қой, тақсыр, демал, жат.
Хан: Жатпаймын, билеймін. Сенде кел, тұр шеңберге! (Уәзір тыржияды) Ханның сөзін тыңдамайсың ба? Тез тұр! Уәзір тұрады. «Кел, кел Жаңа жыл» әні орындалады. Сөзіне қарай би қимылдары орындалады. Барлық бала орнына отырады.
Хан: Ох, шаршадым (желпуішпен желпінеді немесе бір құл келіп желпиді.)
- Ал, Уәзір, көрсет өнеріңді! Баста мерекені!
Уәзір: Мен дайын әрқашанда! (балаларға қарап)
Кәнеки, барлығың тұрыңдар 1, 2
Оңға 1, 2. Солға 1, 2
Ал енді жүріңдер 1, 2: 1, 2: 1, 2
Орындарыңа отыр 1, 2.
Болды мереке бітті.
Үйлеріңе қайт 1, 2
Сау болыңдар (кетпекші болады)
Хан: Тоқта, тоқта! Өйтпе! Бұл әскер емес, балалар. Ал мереке әзір бітпейді, енді басталады. Барлық патшалықтардан келіп пе тексерші...!
Уәзір: Тексеру!(ұзыннан оралған қағазды ашып оқиды)
1 - Сұлулық пен нәзіктік патшалығы
Қыздар: Осындамыз.
2 - Батылдар мен өжеттер патшалығы
Батырлар: Осындамыз
3 - Күлкі, қуаныш, шаттық патшалығы
Оқушылар: (қолдарымен әр түрлі қимылдар көрсетіп) Осындамыз!
4 - Ең мейірімді, тынбайтындар патшалығы!
Балалар: Келдік, осындамыз. Бәрін атаймын деп шаршадым. Болды
тақсыр, ұйықтаймыз.(көрпеге оранады)
Хан: Әй, Уәзір, сен түкке де түсінбейсің! Ханшасыз болмайды. Ол әдемі, пері сияқты, нәзіктік патшалығының сұлулары кәне өздерінің сиқырларыңмен шақырыңдар Ханшайымды................................................................... биі. (Бишілер Ханшайымды ертіп алып келеді)
Рахмет. Кішкентай перілер.
Ханшайым: Мен өте қуаныштымын. ( қыздар иіліп, әрқайсысы өз орнына жайғасқан соң, Ханға келіп) Әке мені неге шақырдыңыз?
Хан: Қызым, сенің және мына балалардың тілегі бойынша мереке болады. Барлық патшалықтардан қонақтар келді! ( Жалмауыз кемпір кіреді)
Жалмауыз кемпір: Қалай түсінеміз мұны? Бәрін шақырған. Көңіл көтермекші бұлар! Мен ше? Мені ұмыттыңдар ма?
Хан: Қап, әттеген - ай! Ең долы кекшіл кемпірді ұмытыппыз ғой. Енді жақсылық күтпе, бәле болады!
Жалмауыз кемпір: Бәле болғанда қандай! Жалмауыз кемпір атым өшсін, осы жерде тұрмай кетейін, көрсетемін сендерге. Ауыздарыңды ашып отыра беріңдер! Мен Ханшаны ұрлап кетіп, ұйықтаймын. Мерекеге жібермеймін. ( Ханшаны ертіп әкетеді)
Хан: (басын ұстап) У - у - х! Қандай бақытсызбын! Әдемі, ақылды қызымнан айырылдым. Онсыз қандай мереке?! Не істесем екен?
Клоун1: Алдияр! Налымаңыз сонша. Бұл бір ғажап мереке ғой. Бізге аяз ата көмектеседі, шақырамыз атамызды!
Уәзір: Қойшы, шақырмаймыз! Мына мақтаған балаларыңыз Аяз ата туралы дым білмейді да!
Хан: Әй, уәзір, сенің сөзің ұнамай бара жатыр маған! Атыңды Бүлдірген
деп бекер қоймаған – ау?
Клоун2: Ештеңе етпейді. Біз қорықпаймыз, қоя бер сұрағыңды, Уәзір.
Солай ма, балалар? (Уәзір қағазын ашып жіберіп)
1. Аяз ата келе ме, тура сағат жеті де? ( балалардың жауабы)
2. Жұртқа ол әйгілі ме, мәсі, кебіс кие ме? ( Жоқ пима киеді)
3. Әй, сол атаңыз келе ме, бізге сыйлық бере ме? ( ия, келеді, сыйлық береді!
4. Әсем екен шыршамыз шауып оны аламыз.(шаппақшы болып жақындаса)
балалар жоқ дейді.
5. Әдемілеп тізілген, Қауын - қарбыз ба ілінген? Балалар: Жоқ, ойыншықтар!
6. Аяз ата балалар
Қорқа ма екен аяздан?
Балалар: жоқ, қорықпайды.
7. Жағдайы жақсы ма екен,
Қаршақыз бен дос па екен?
Балалар: иә, дос.
Клоун1: көрдің бе? Бүлдірген, біздің балалар ақылды, Аяз атамыз да келіп
қалды. Көмектеседі.
Уәзір: Келмейді, керек едіңдер оған
Жүргізуші: Айтыспай – ақ ән орындап, әнмен шақырайық.
Аяз ата туралы ән орындалады. Ән біткен кезде балалар орындарына отырады, Аяз ата кіреді, шыршаны айналып алдына келіп тұрады.
Аяз ата: (Басын иіп) Амансыңдар ма, балалар
Сәлеметсіздер ме? Қадірлі қонақтар!
Жаңа жылдарың құтты болсын,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын.
Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!
Егеменді еліміз көркейе берсін!
Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!
( Балалар рахмет айтып, шеңберге тұрады, ал Аяз ата Қаршақызбен ортада, ән орындалады, барлық бала отырған соң)
Аяз ата:
Шақырған соң, тез жеттім,
Не болды, айтыңдаршы кәне?
(Клоундардың жауабынан соң)
дұрыс болмаған екен. Мен ол кемпірді танимын. Кездескем. Бірақ біз
оны жеңеміз. Ханшайымды құтқарамыз.
Уәзір: Жеңе алмайсыңдар. Жалмауыз кемпірді жеңу оңай емес.
Аяз ата: Мынау кім өзі?
Ұнамайды маған сөзі!
Хан: Бұл менің уәзірім ғой
Бірақ пайдасы жоқ болды!
Уәзір: Солай ма? Пайдам жоқ қой? Басыма да, аяғыма да тыныштық жоқ. Саған қызмет етпеймін енді, Жалмауыз кемпірге барамын, ол мені ренжітпейді. Мен кетсем бір өзің қаласың? (кетеді).
Хан: Қайран басым - ай, Уәзір сатып кетті ме, қандай масқара ұят – ай.
Жүргізуші: Тақсыр, Уайымдамаңыз! Қараңызшы қанша конақтар келді. Біздің балалар патшалығында өжет батыр балалар бар. Жалмауыз кемпірді жеңеміз бе балалар.
(Балалардың сөзі жеңеміз)
Хан: Осындай жігіттер тұрғанда ешқандай Жалмауыз кемпір қорқынышты емес. Енді жеңеміз.
Жалмауыз кемпір жетіп келіп:
- Кім ол мені жеңетін? Ылғи еститінім осы ( Уәзірге қарап) Сол ақымақ ханды тастап маған кеткенің дұрыс болды. Өкінбейсің.
- Батырсымақтар! Жатыңдар тыныш, қолдарыңды көтер!
Клоун2: біздер көппіз сендер жеңе алмайсыңдар.
Аяз ата: Жарайды қойыңдар! Кешірім сұраңдар.
Хан: Біз жеңдік! Әкел қызымды!
Жалмауыз кемпір: Кә - ә - ә - зір! Армандай бер, берем саған, мен оның сұлулығын алып аламын, «Қандай әдемі Жалмауыз кемпір» - дейді бәрі мені көріп.
Хан: Қандай, әдемі, әдемі! Ақылың жоқ сенің бір түйір!
Жалмауыз кемпір: Өзімен ақылды ешкімді көргем жоқ әлі!
Аяз ата: Ал егер көрсең, бересің бе Ханшаны?
Жалмауыз кемпір: Берем. Бірақ мен өзім тексеремін ақылы көп пе, аз ба?
Хан: Жақсы, ең ақылды, ең мейірімділер патшалығының тұрғындары,
ата – аналар, құтқарыңдар қызымды.
Балаларға сұрақ қойылады: жылдарды ретімен атап беріңдер
Уәзір: Әй, кемпір, ұтылып қалдық! Мыналар бәріне дұрыс жауап қайтарды, қызды беретін болдық!
Жалмауыз кемпір: Ешқашан! Мен қазір оларға одан да қиын тапсырма берем!
Аяз ата: Жоқ! Жетер енді, Сендерге балалар жұмбақ жасырады, тапсаңдар кетесіңдер!
Жалмауыз кемпір: Ал, Уәзір. Ақылыңды көрсет.
Клоун1: Қабат – қабат қапталған
Асыл сөзбен апталған
Парағы бар сөйлейтін
Ол қазына өлмейтін. (кітап)
Уәзір: Қабат – қабат ол не екен? Сөйлейді ме? Ол радио!
Жүргізуші: Балалар ол не? Дұрыс кітап.
Клоун2: Қанаты жоқ ұшады
Аяғы жоқ желеді ( боран) Жалмауыз кемпір безілдеп ары – бері жүгіреді)
Уәзір: ол сен ғой Жалмауыз кемпір! Ұшасың. Желесің!
Балалар күледі. Ол боран – дейді.
Хан: « Жеті рет өлше, бір рет кес» деген осы,
Уәзір: «Нені кес» дейді, а? Нені кесеміз?
Аяз ата: ( басын шайқап) таппадыңдар жауабын, ойлану керек еді. Болды Соңғы жұмбақ тыңда:
Қысы – жазы суға тола. Ол не?
(Жалмауыз кемпір алдына шығып)
- Мен білемін. Ол горшок!
Бәрі күледі. Уәзір ішін басып күледі.
Аяз ата: таппадыңдар, ол құдық! Ұтылдыңдар! (үрлейді, таяғымен оларға қарай бораңдатады, Жалмауыз кемпір мен Уәзір шегінеді, шыршаның артына қарай кетеді. Аяз ата арттарынан қалмай үрлейді, қуады.)
Жалмауыз кемпір мен Уәзір: Ой, қататын болдық. Жаурадық болды, болды береміз Ханшаны. Үрленіп есіктен шығып кетеді Ханша кіреді.
Ханша: Рахмет, достарым. Құтқарыңдар мені.
Хан: Қызым! Алтыным! (құшақтайды) қуанып:
Жүзімізде күлкі ойнап
Естіледі әніміз
Жаңа жылды қарсы алып
Би билейміз бәріміз.
(Оқушылар өнерлерін көрсетеді)
2 - жүргізуші: Жаңа жыл – бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Ұлу жылын шығарып салайық.
(осы кезде ұлу келеді.)
Ұлу жылы: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым, қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.
2 – жүргізуші: Қош келдің, Жаңа жылым,
Көп болар жаңалығың
Саған жыл бақ сый еттім.
Жаңа нұр күттім, досым,
Жаңа жыл құтты болсын!
Жылан жылы: Туғызам айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады
Күншілдік тұншығады
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды
1 – жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі
Жүргізуші: отырыңыз. Ата, балалар патшалығынан келген балалардың өнерлерін тамашалайық.
Аяз ата: Ал, балалар келіңдер.
Тақпақ айтып беріңдер.
Тақпақ айтылып болған соң Қаршақыз ортаға шығып:
Ауламызда ұшып жүрген
Ақ мамық қар себелеп
Ұлпа қарларды шақырдым
Бізге билеп берсін деп.
Биші қыздар: Ұлпа қарлар биі.
Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
1 - жүргізуші:- Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!
2 - жүргізуші: - Жаңа жыл - Жылан жылы әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
Хор: ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Admin
Просмотров: 4574 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]