Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тәрбие сағаты [ Добавить материал ]

Табиғат - тал бесігім тәрбие сағаты


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

13.06.2014, 00:21

Табиғат  - тал бесігім тәрбие сағаты

 

«Табиғат  -тал  бесігім».

Мақсаты: балалардың «табиғат» «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. 

Міндеттері: 

- табиғатпен адам үйлесімділігі: оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру: 

- табиғатқа қамқор бола білуге іскерліктерін дамыту; 

- табиғатқа, өсімдіктерге күтіммен қарауға тәрбиелеу; 

Көрнекілігі; Табиғаттың әдемілігі адам жанының тазалығы В.А.Сухомлинский. 

Барысы: 

- Балалар, табиғатты аң, құстарсыз елестетіп көріңдерші. Құстың сайраған үні жоқ жерде, жан-жануарлардың қайнаған тіршілігі жоқ жерде табиғат сұлу болмақ емес. Олардың да адамдарға үйретері мен оғындырары мол. Сондықтан табиғаттың сәні болған, тіршілікті жандандырған аң, құстардың табиғатқа бізге берген сыйы деп түсініп, оларға қамқор болумыз керек.Балалар, енді «жер», «су», «ауа», «өсімдік» атты топтарға бөлініп, олардың адамға пайдасы және адамның оларға тигізер пайдасын әңгімелейміз. 

1-тапсырма: табиғаттың адамға пайдасы: 

2-тапсырма: адамның табиғатқа  пайдасы. 

  «Жер» тобы: 1. Біз адамға нан, жеміс-жидектер береміз. Адам біздің қойнауымызға түрлі дақылдар егеді.Біз ол дақылдарды жомарт қолымызбен молынан қайырамыз. Біздің қойнауымызда әртүрлі жеміс,ағаш, шөп өсіп жетіледі. Қаншама аң-жануарлар, адамдар тіршілік етеді. Осылайша адамдар бізбен жомарттықты, дарқандықты үйренеді. 

2.Адамдар жер-анамызды қашаннан бері аялап келеді. Қойнауынан шығып жатқан байлығын пайдаланып қана қоймай оның тазалығына көп мән берген. Жерді анамыз деп қадірлеп отыруды өздеріне міндет санайды. 

  «Су» тобы: 1. Біз барлық адамдарға, тірі жанға тіпті табиғатқа тазалыық сыйлаймыз. Гүлдер мен ағаштары жайқалып өсуі үшін жасыл желекке нәр береміз. Шөлдегенге сусын боламыз. Шаршағанның денесін сергітерміз. Біздің арқамызда жайқала өскен гүлдер мен өсімдіктер адамға сұлулық сыйлайды. 

2. Адамдар судың қадірін дақсы біледі.Су көздерінің таза болуына, бұлақ, бастауларының маңы бітеліп тынысы тарылмауына өз үлестерін қосады. Су көздерін ашып қана қоймай ол жерлерге ағаш егіп, гүл егіп көркейтеді.Адамдар суды үнемдеп пайдалануы да ұмытқан емес. 

  «Ауа» тобы: 1.Адамның жақсы демалып, дұрыс тынығуына ауаның пайдасы мол. Айналадағы жан-жануарлар да, өсімдіктер де, адамдар да ауасыз тіршілік ете алмайды. 

2. Адам баласы ауаның өз денсаулығы үшін керек екенін біледі. Сол үшін де ауаның таза болуына, улы заттармен бұзылмауына көп мән береді. Ауаны таза сақтайын өсімдіктерді де көп егіп күтімге алады. 

  «Өсімдік» тобы: 1.Адамдар өсімдіктің арқасында таза ауамен дем алады. Өсімдіктер адамға әдемілік, сұлулық сыйлайды. Түрлі гүлдерді бір-біріне сыйлап, адамдар бір-бірінің көңіл күйлерін көтереді. 

2. Адамдар  өсімдіктердіңөздеріне таза ауа сыйлайтынын, әдемілік сыйлайтынын жақсы түсінеді.Олардыңкейбір түрлерінің дәрілік, емдік қасиеттерінің барын біледі. Сондықтан әр адам баласы өсімдіктерді күтімге алып, жақсы өсуіне жағдай жасайды. 

Міне, балалар, табиғат дегеніміз-аң, құс, өсімдік,тау, тас, өзен, көл.Олардың барлығы Табиғаттың бізге берген сыйы.Енді балалар, мына әңгімені тыңдап көрелікші……. 

«Қарлығаштың ұясы» (Сәбит Дүйсенбиев) (оқып беру) 

Сұрақтар: 

Қарлығаш не үшін үйге ұя салды деп ойлайсыңдар? 

Гүлжамалдың құрбысының әрекеті дұрыс па? 

Сендер олардың орнында болсаңдар, не істер едіңдер? 

Қарлығаш Гүлжамалдың үйіне неліктен қайта ұя салмады? 

Дұрыс айтасыңдар, балалар, Гүлжамалдың құрбысы үлкен қателік жасады.Табиғат-ана құспен достассын, оның балапандарына қамқорлық жасасын деп екі қызға сый жасаған еді. Олар бұл сыйды дұрыс қабылдаған жоқ. 

- Көрдіңдер ме, балалар, құстарда тыныштықты қалайды. Олар да қамқор бола білмеген адамдарға рендиді. Ал қарлығаш адамдарға жақын ұшып, кімнің үйіне ұя салса , сол үйге тыныштық пен бақыт келеді деп ұяны бұзбаған, балапандарына қамқор болған. 

- Иә, балалар, құстардыда қорғай біліңдер.Қыста бүрісіп отырған торғайларға жем шашуды ұмытпаңдар. Өйткені олар сендердей қамқор достарына сеніп,        қыста қалады емеспе? Ал көктемде ұшып жететін жыл құстары шаршасада сендерге сеніп, сендерді сағынып алыстан ұшып келеді. Оларғада ұя жасап, жемшашар әзірлеп күтіп алыңдар. 

   Табиғат-ана 

    Ей, балалар, балалар,                                 Жасауға жұмсақ ұяны, 

    Аман болсын аналар.                                 Жабағы жүнді жияды. 

    Құстарда да ана бар,                                  Жайлықып жасап ұяны,       

    Құсарда да бала бар.                                  Жұмыртқасын салады. 

    Кім сүймейді баласын,                               Бір қуанып қалады. 

    Осылар еске түскенде.                              Тырнақтай құстың жауы көп, 

    Ойдың да әбден піскенде,                         Құрулы ажал ауы көп. 

    Бір ойланып қаласың. 

    Өсіруге баланы, 

    Құстар ұя салады. 

 Оқушылар: 

        Балалық қып қызбайық!             ! 

        Құс ұясын бұзбайық!                  

        Жұмырқасын алмайық!               

        Обалына қалмайық!                     

        Тақия тұзақ салмайық 

        Қарғысына қалмайық! 

        Әдейі көздеп атпайық!      

         Көп күнәга батпайық! 

Мұғалім:  

         Балалар, мұны ұғыңдар,             
         Уәдеден шығыңдар.                   
         Құстар біздің досымыз,             
         Құстардың біз досымыз.           
         Ұшып жүрсе аспанда,               
         Сыр түйеді жас жанға.                              
         Қазастан туған жерім киелім,    
         Қастерлеймін басымды да иемін. 
         Табиғаттың- таптырмас жан байлығын,    
         Бәрін, бәрін аялаймын, сүйемін.   
         Табиғат сен тіршілік тұнып тұрған,    
         Сен- Күнсің көтерілген күліп. 
         Сен-көлсің, сен- ормансың,сен-бұлбұлсың қырдан,      
         Адамға сұлулықты шын ұқтырған. 

« Туған жерге сағыныш» әні хормен орындалады. 

Осымен «Табиғатым –тал бесігім» атты тәрби сағатымыз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға рақмет.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Admin
Просмотров: 11361 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]