Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тәрбие сағаты [ Добавить материал ]

Ұстаздар күніне арналған тәрбие сағаты(Ұстаз-ұлы тұлға)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

12.06.2014, 23:38

Ұстаздар күніне арналған тәрбие сағаты(Ұстаз-ұлы тұлға)

 

Тақырыбы: ҰСТАЗ –ҰЛЫ ТҰЛҒА (концерттік кеш)                              күні: 03.10.13

Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады
1- жүргізуші: Мадияр (Жүргізушілер шығады) 
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлеңді!
2- жүргізуші :Рахым 
Здравствуйте! Здравствуйте! Дорогие учителя. 
Каждый из нас передать вам готов. 
Тысячу добрых и ласковых слов,
От ваших вчерашних, нынешних, завтрашних ваших учиников
1- жүрг :
Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!
2- жүрг :
Строгим и ласковым,
Мудрым и чутким,
Тем, у кого седина на висках,
Тем, кто недавно из стен институтских,
Тем, кто поведал нам тайны открытий,
Учит в труде добиваться победы – 
Всем, кому гордое имя «учитель»,
Мы посвящаем концерт.
1- жүрг :
Еңбегіңіз еленіп жанып жатыр
Қалаулы деп халқыңыз танып жатыр 
Төл мереке ұстаздар күнін бүгін
Мұғалімдер қуанып тойлап жатыр – дей отырып, алғаш құттықтау сөз кезегін  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қарагулова Сәуле апайға береміз
2- жүрг: 
    Мадияр , сегодня у нас большой праздник! Сегодня мы собрались, чтобы поздравить учителей с профессиональным праздником – Днем Учителя!!!
1-жүрг:Иляс
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын! (екі жүргізуші бірге айтады)Ендігі кезекті оқушыларға құттықтау сөз кезегін береміз. (өз шығармащылықтарынан)
2 жүрг: 
Песня : "Ұстазым менің".  Исполняют: Оңайбаева Гүлхан, Игильманова Гауһар
1-жүргіуші Иляс: 
    Сен қалай ойлайсың, Рахым? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
2-Жүргізуші:
Труд и радости, с нами деля,
Наши строгие, наши родные,
Терпеливые учителя.
Сил вы нам отдаете немало,
И любви – несмотря ни на что.
Как вы верите в нас! – что, пожалуй,
Верить так не умеет никто
1-Жүргізуші: 
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! 
Алдарыңызда  хор «Ұстазым менің» 
2-жүрг.
Учителя! Они как свет в пути,
Какое же нужно огромное сердце.
Иметь в груди, чтоб людям свет нести.
Чтоб след его вовеки не мог стереться!
1- жүрг. 
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
1-оқушы: 
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
2-оқушы:
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
3-оқушы:
Не смейте забывать учителей!
Они о нас тревожатся и помнят.
И в тишине задумавшихся комнат,
Ждут наших возвращений и вестей.
4-оқушы:
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
5-оқушы:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
6-оқушы:
Им не хватает этих встреч несчастных.
И сколько бы ни миновало лет,
Слагается учительское счастье.
Из наших ученических побед.
7-оқушы:
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
8-оқушы:
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!
9-оқушы:
Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың.
10-оқушы:
Нет на свете почётней труда,
Чем учителя труд беспокойный.
Не забудем мы вас никогда,
И любви вашей будем достойны!
11-оқушы:
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
12-оқушы: 
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
2 жүргізуші: 
Учитель, он романтик с самого рождения!
Учитель, он романтик с головы до ног!
И школьный мир - страна отваги и уменья,
Весёлый мир нехоженых дорог. 
1 жүргізуші: 
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз

2- жүргізуші Айгүл: На сцене танец молодёжный танец "тиктоник". 1 - жүргізуші 
1 - жүргізуші 
Рахым, мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
2- жүргізуші 
Мадияр, значит, ты хочешь сказать чтобы мы поменялись местами с нашими учителями?
1- Жүргізуші 
Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік. 
2-Жүргізуші:
Хорошо! И так мы начинаем экзамены для наших учителей! /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.
Сұрақтар:
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
1-Жүргізуші:
     Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер. 
1-жүргізуші: 
Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
2-жүрг 
Учитель! Какое близкое и дорогое сердцу слово! Она нам как родная мать! Многое забывает человек, многое стирается со временем в его памяти. Проходят годы, тускнеют воспоминания о детстве и юности, но память о любимых учителях неподвластна времени.
2- Жүргізуші: 
Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде акылын ұстаздың,
Сағынады екенсің.
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек де бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.
1-Жүргізуші:
     Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
2- Жүргізуші:
/"Мы желаем счастья вам" исполняют все вместе, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді./


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Admin
Просмотров: 10300 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]