Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тәрбие сағаты [ Добавить материал ]

От – досымыз, от –жауымыз тәрбие сағаты


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

13.06.2014, 00:32

От – досымыз, от –жауымыз тәрбие сағаты

 

Тақырыбы: От – досымыз, от –жауымыз
Мақсаты: оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру.
Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ауызша журнал, сюжетті суреттер, плакаттар, тірек –сызба, макет.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Барысы.

1-бет.Оттың шығу тарихы.
Мұғалім:Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «От – досымыз, от –жауымыз». Жалпы «от» деген сөзді қалай түсінесіздер? От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От –өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды.От қалай пайда болды?
Ерте заманда алғашқы адамдар отты пайдалануды найзағайдан түскен оттан үйренді. Сол найзағайдан түскен отты сөндірмей пайдаланды. Барлығы аң аулауға кеткенде, бір адам от басында қалатын болған. Тамақты пісіріп жеуді де найзағай отының астында қалған еттен байқаған.От астында қалған ет шикі еттен дәмдірек екенін байқап, асты пісіріп жеуді үйренген. Сол заманнан –ақ оттың өте маңызды екенін аңғарамыз.
2-бет.От –өрісі кең түбір. Енді осы «от» түбіріне байланысты сөздерді терсек: отағасы, отау,отарба. Яғни мұннан шығатын нәрсе –«от» сөзі жылылықтың белгісі іспеттес. Оттың пайдасымен қатар зиянды жағы да жоқ емес. Қандай зияны бар, оқушылар?
Оқушылар: Өртену, күю, жану, жарақат алу.
Мұғалім: 3-бет. «Отпен ойнама, күйесің» дегендей оттың зиянды жақтарына тоқталсақ:
Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады. Өртенген дала. Күйген ас.
4- бет. « Өрт –тілсіз жау» атты бөлімімізде өрттің шығу себептері туралы айтамыз. Бұл тарауда сіріңке, темекі, үтік, газ суреттеріне не айта аласыңдар? (сурет көрсетіледі)
Өрттің шығу себептері:1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;
2.Шырпымен ойнаса;
3.Үтікті қосып кетіп қалса;
4.Газды ашық қалдырып кетсе;

5-бет.»Ойыннан от шығады» атты бұл бетте Дидар баланың шырпымен ойнаймын деп, ойынның арты өртке айналғанын, өзі кеш түсініп бармағын тістейтіні туралы сөз етеміз.
1-оқушы: Ойын түбі –от.
Дидар бала бір күні
Көріп қалды кірпіні.
Қолына алды шырпыны.
Дидар: Кірпішекті шырпымен
Өртейін мен, жағайын.Лап етіп кірпі жанғанда,
Қызыққа мен батайын.

2-оқушы:Сөйтті дағы
Кірпінің жанына барып
Шырпыны лезде алып
Тұтатқанда кірпіні,
Бара жатты жанып.

3-оқушы:Жанталасты байғұс кірпі,
Ауладағы мая шөптің
Арасына барып кірді.
Шөп тұтанып лаулап жанып
Жұрттың бәрін дүрліктірді.

4-оқушы:Қатты састы Дидар бала
Өртке оранып мая кетті.
Көрші үйдегі құрбысына
Болған жайды баян етті.

Дидар:Кірпіменен ойнағанмын,
Не боларын ойламадым.
Өкінгеннен қандай пайда
Енді қайттім қиналамын?!

5-оқушы:От жақпа күйерсің,
Өртеніп жүрерсің.
Сіріңкені ұстасаң,
Бәлеге сен түсерсің.
Кірпіменен ойнасаң да,
Шырпыменен ойнамашы.

Дидар:Кешір,досым, қателестім.
Шырпыны ұстап, көктемеспін.
Ата –ананың рұқсатынсыз
Сіріңкеге беттемеспін.

Алыңдар ұғып, балалар,
Істері кейде шалалар.
Шырпы, оттық, электрге
Шама келсе жоламаңдар.

6-бет.Өрт қауіпсіздігін білу- әр оқушының міндеті. «Сақтықта қорлық жоқ» деп аталатын бұл бетте оқушылар өрт қауіпсіздігін айтып береді және өрт қауіпсіздігіне керек құралдардың суреттерімен жұмыс жүргізеді.

7-бет.Жағдаяттық сұрақтар.
Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады.Не істейсің?
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің?
4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің?
5.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің.Мұндай жағдайда не істер едің?

8-бет.Мұғалім:От туралы мақал –мәтелдер айтайық.
6-оқушы:1.Отпен ойнама,күйерсің.
2.Ойын түбі –от.
7-оқушы:1.Отын деген шөп болар,
Жинай берсең көп болар.
2.От жақпа-пісерсің,
Ор қазба –түсерсің.
8-оқушы:1.Сумен ойнама –батарсың,
Отпен ойнама –күйерсің.
9-оқушы: От пен су –тілсіз жау.
10-оқушы:Өзі саққа құдай жақ.
11-оқушы:Сақ жүрсең сау жүрерсің.
12-оқушы:Сақтықты сұңқырдан үйрен.
13-оқушы: Жау жоқ деме –жар астында.
Бөрі жоқ деме –бөрік астында.

Мін, балалар бүгін біз «От –досымыз, от -жауымыз» деген тақырта тәрбие сағатын өткіздік. Жоғарыда айтылғандарды естеріңде сақтап, әдепті оқушы болып жүріңдер.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Admin
Просмотров: 13945 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]