Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тәрбие сағаты [ Добавить материал ]

Менің елім, менің Қазақстаным тәрбие сағаты


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

13.06.2014, 01:01

Менің елім, менің Қазақстаным тәрбие сағаты

 

        Менің елім, менің Қазақстаным.
            Интелектуалдық ойыны.
Мақсаты:
    Қазақстан елінің жері, рәміздері тіл саясаты, тәуелсіздік жолындағы белестерге тоқталып оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
1.    Құрметті қонақтар, оқушылар бүгінгі «Менің елім, менің Қазақстаным» атты интеллектуалдық ойынымызды бастаймыз.
Мақсаты: (айту)
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен суғарған
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап жатып, уанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
дей отырып ойынымыздың шартымен таныстырып өтейін.
1.    Инттелектуалдық викторина
Менің Қазақстаным (Бәйге)
2.    Тарихи күнтізбелер.
3.    Мемлекеттік рәміздер.
4.    Сөз құрастыру
5.    Мақал – мәтелдер жарысы.
І Бөлім «Бәйне» 
Ойыншылар берілген сұрақтарға жауап беру керек? Дұрыс жауап 30 ұпай.
1.    Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Егеменді)
2.    Қазақстан Республикасының рәміздері? (әнұран, ту, елтаңба)
3.    Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)
4.    Республика күні.(25 қазан)
5.    Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)
6.    Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
7.    «Ата заң» қашан қабылданды (28 қаңтар 1995 жыл)
8.    Астана қаласының 10 жылдығы қашан тойланды? (2008 жылы)
9.    16  желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
10.    Әнұранның сөзін жазған кімдер? Н. Назарбаев. Ж. Нәжмедиев

ІІ Бөлім «Тарихи күнтізбе»
      Ойыншыларға тарихи күндер мен тарихи жылдар жазылған үлестірме беріледі. Қойылған сұрақтар жауабын алдарындағы үлестірме арқылы көрсету.

Дұрыс жауап 20 ұпай.
1.    Қазақстан Республикасының Заңы қашан қабылданды? (30 тамыз 1995 жыл)
2.    Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жыл)
3.    Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға қай жылы көшірілді? (1997 жылы)
4.    Қай жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді? ( 1998 жыл)
5.    Төл теңгеміз айналымға енгізілген уақыт? (15 қараша 1993 жыл)

ІІІ Бөлім.
Мемлекеттік рәміздер.
Дұрыс жауап 40 ұпай.
1.    Тыныштық пен байлықтың белгісі. (күн)
2.    Айбындылық, еркіндік, дархандық, қырандылықтың белгісі. (қыран, бүркіт)
3.    Мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. (Қанатты пырақ)
4.    Әлемнің біртұтас, мемлекет бастауы – отбасы ошағының белгісі. (Шаңырақ)
5.    Қазақ халқының ұлттық мәдиниетінің белгісі. (Ою – өрнек)

ІV Бөлім Сөз құрау.
«Қазақстан» сөзінің әріптерін қолдану арқылы бірнеше сөз жазу. (Әр сөз 10 ұпай)
Қаз, қазақ, тас, ана, наз, қас, қат, қан, ақ, сақ, саз, тақ, қант, ант.
Оқушылар жазу кезінде, әдеби монтаж.
1.    Қазақстан туған жерім – киелі.
Қасиеттіңді қастерлеп басымды да иемін.
Табиғатым тұнып тұрған қазына,
Соның бәрін аялаймын, сүйемін.
2.    Ата – бабам жанын қиып қорғаған,
Тәңірі қолдап, бақ – береке орнаған.
Қазақстан – азат елсін сен бүгін,
Ақ тілегін болашаққа арнаған.
3.    Қазақстан – көк байрақты нұр едің.,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым тірегім.
4.    Менің оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Отан, Отан бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
5.    Бойымда қайрат, тұрғанда сенім,
Құрбаның болам, жолыңда сенің,
Құлпырып мәңгі жасай бер жаса,
Сүйікті отан, сүйікті елім.
V Мақал – мәтелдер сайысы.
«Жалғасын тап» 20 ұпай.
1.    Отансыз адам – ......?
(Ормансыз бұлбұл)
2.    Туған жерге .....? (туынды тік)
3.    Туған жер тұғырың. ...?
(Туған ел қыдырың.)
4.    Опасызда ....? (Отан жоқ)
5.    Туған жердің қадірін?
(Шетте жүрсең білесің)
6.    Отан ..... (Оттан да ыстық)
7.    Ер жігіт ел үшін туады,
(Ел үшін өледі)
8.    Батыр туса – ел ырысы
(Жаңбыр жауса – жер ырысы)
VI Қорытынды.
     Балалар бүгін біз сендермен Туған еліміз Қазақстан туралы көптеген мәліметтер алдық. Републикамыз қандай ел екен. Туған жер, ел туралы көптеген мақал – мәтелдер білдік. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар мүшелеріне береміз. Олар ұпай сандарын санағанша
4 «А» сынып қыздар тобы «би» (қазақша)
Сонымен біздің «Менің елім, менің Қазақстаным» атты интелектуалдық ойынымыз аяқталды. Көңіл бөлгендеріңізге көп – көп рахмет.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Admin
Просмотров: 5104 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]