Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тәрбие сағаты [ Добавить материал ]

Менің елім-Қазақстан тәрбие сағаты


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

13.06.2014, 15:06

Менің елім-Қазақстан тәрбие сағаты

 

Менің елім-Қазақстан
 
Мақсаты:
1.Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып,білгендерін тереңдету
2.Оқушылардың тарих,география сабақтарында алған білімдерің молайту
3.Отанды сүюге,достыққа,ұлтжандылыққа,еліне,халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
 Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан рәміздері,Қазақстанның картасы,слайдтар
 Сабақтың түрі: сайыс сабағы
 Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Алдымызда еліміздің салтанатты да, мерейлі мерекесі-Тәуелсіздік күні келеді.Тәуелсіз ел атанып,өз алдына дербес мемлекет болу-айтар ауызға оңай көрінгенмен,біздің басымызға ол оңай жолмен келген жоқ.Тәуелсіздік алған Қазақстанның алдында жаңа мемлекет құрумен бірге адамдардың жаңа өмірге бейімделуіне жағдай туғызу сияқты аса күрделі жауапкершілік тұрды.
 Қазақтың санасын сілкіндіріп,дүниежүзінің назарын өзіне қаратқан желтоқсан ызғары-жылдар  бойғы арман мен тәуелсіздіктің алғашқы қайнар көзі болды.
   Қазіргі кезде Отанымыз тыныш,аспанымыз ашық болсын. «Менің елім-Қазақстан», атты сайысымызды ашық деп жариялаймын.
Мемлекеттік Әнұран орындалады.

Әділқазылар алқасымен таныстыра кетейік:
Сайысымызға  2 команда қатысады( үй тапсырмасы:өзін-өзі таныстыру-эмблема,топтың аты,ұраны), ребус дайындау.

 

 Сайыс кезеңдері:
1.Өзін-өзі таныстыру
2. «Сөйлемді аяқта»
3. «Бәрін білгім келеді»
4. «Баспалдақ»
5.Капитандар сайысы
6.Ребус шешу
7.Шығармашылық сайыс

1.Өзін-өзі таныстыру/5 ұпай/
2 «Сөйлемді аяқта»:/дұрыс жауабы-1ұпай/
1 топқа арналған сұрақтар:
   1.Ұлттық валюта теңге.....енгізілді
   2.Қазақстанда ұзындығы 1000 км-ден астам...өзен бар
   3.Көлемі бойынша ең үлкен облыс....
   4.Қазақстанның ең биік нүктесі.....
   5.Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға....жылы көшірілді
   6.Қазақстанның ең ұзын өзені.....
   7.Қазақстанның ең суық жері....
   8.Алматы облысының орталығы...
   9.Қазақстан дүние жүзінде көлемі бойынша....орын алады
  10.Қазақстан батыста,солтүстік-батыста,солтүстікте....шектеседі
2 топқа арналған сұрақтар:
 1.Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы.....км-ден астам
 2.Қазақстанның жаңа Конституциясы..... жылы қабылданды
 3.Қазақстан....сағат белдеуінде орналасқан
 4.Қазақстанның климаты........
 5.Ақмола атауы Астана деп.....жылы өзгертілді
 6.Жауын-шашынның ең көп түсетін жері.....
 7.Қазақстанның ең үлкен көлі....
 8.Қазақстанда.....қорық жұмыс істейді
 9.Қазақстанда.....облыс бар
 10.Миллионер қала....

3.Бәрін білгім келеді:/ дұрыс жауабы-1ұпай/
 1.Қазақстанда қандай түрлі-түсті таулар бар?
 2.Қазақстанда қанша экономикалық аудандар бар?
 3.Жоғары урбандалған облыс?
 4.Қазақтардың негізгі бөлігі қандай дінді ұстанады?
 5.Қазақстандағы ең жас халқы бар облыс?
 6.Қазақстанның қай қаласында трактор шығарылады?
 7.Қазақстанның ірі су электр станциясы?
 8.Қазақстанның халқының саны ең көп аймақ
 9.Қазақстандағы қалалар саны?
 10.Қазақстанның  БҰҰ-ға мүше болып кірген жылы?
 11.Неше облыс Батыс Қазақстанның құрамына кіреді?
 12.Ең үлкен «Химфарм» зауыты қай қалада орналасқан?
 13.Қазақстандағы ең ірі тіл әулеті?
 14.Қазақстан халықтары арасында қанша ұлт өкілдері бар?
 15.Қазақстан Туының авторы кім?
 16.Елтаңбаның авторлары кім?
 17.Әнұранның авторлары кім?

4.Баспалдақ:/әр дұрыс сөзге-1ұпай/
Топтық жұмыс.Сіздердің міндеттеріңіз-«Менің елімнің рәміздері» тақырыбына байланысты неғұрлым көбірек зат есім табу.Олар алфавиттің кез-келген әрпінен басталуы мүмкін  және әр сөздегі әріптер саны алдыңғы сөздің әріптер санынан біреуі  артық болуы тиіс. Әр дұрыс табылған сөз үшін-5 ұпай.

5.Капитандар сайысы:/5 ұпай/
«Менің елімнің Елтаңбасындағы Шаңырақ»
«Қазақстан Елтаңбасындағы тұлпарлардың бейнесі»
6.Ребус шешу/5 ұпай/
7.Шығармашылық сайыс (Қазақстан туралы тақпақ, ән....)/5 ұпай/
Мұғалімнің сөзі:
20 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл-ғасырлар бойы біздің қазақ халқының аңсаған арманы еді.
 Тәуелсіздігіміз тұғырлы,еліміз еңселі болсын!-деп тілей отырып, мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Тәуелсіз ел атандық
Биік даңқың
Бар әлемге әйгілі ләйім атың
Ата-баба қанымен келген бізге
Тәуелсіздік құт болып қонды еліме
Қорғап сені өтемін өле-өлгенше
Мақтанамын әлемге Мен  азатпын!

Еліміздің ертені үшін еш аянбай еңбек етіп,оқу оқып, білім игеруі қажет.Қазақстанның болашағы-сендер!
Әділқазылар алқасына сөз берейік...


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Admin
Просмотров: 4750 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]