Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тәрбие сағаты [ Добавить материал ]

Адам құқығы тәрбие сағаты(Адам құқығы және демократиялық қоғам)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

13.06.2014, 14:16

Адам құқығы тәрбие сағаты(Адам құқығы және демократиялық қоғам)

 

Тақырыбы: «Адам құқығы және демократиялық қоғам»(жарыс-ойын сабақ)
Мақсаты:Оқушылардың конституция бойынша білгендерін еске түсіру,заңгер ретінде өз сөзін қорғай білуге,мемлекет басқару ісіне араласу құқығын пайдалануға үйрету,құқықтық тәрбие арқылы адамның бойында заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, заңды құрметтеу,орындау арқылы мемлекеттің іргетасы мызғымас берік болып қаланатынын түсіндіру.
I-топ : «Мирас» тобы,II-топ: «Қыран» тобы.
Мұғалімнің сөзі:
Жүрісі:
I .Екі топқа ауызша сұрақтар қою арқылы жарыс сабағымызды бастаймыз.
«Мирас» тобына:
1.Конституция сөзінің аудармасы қалай?
2.Қазақ тарихында қабылданған қандай заңдарды білесің?
3.Дүниежүзіндегі елдердің басқару түрі?
«Қыран» тобына:
1.Құқық дегеніміз не?
2.Тұңғыш конституция қай елдерде қабылданды?
3.Дүниежүзіндегі елдердің мемлекеттік құрылысы?
II.Парақшамен жұмыс (парақшадағы сөз бойынша сөйлем құрау).
III.Жағдаяттық сұрақтар беру(дайындалуға бес минут)арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін (қылмыстық кодекс баптарымен жұмыс).
«Мирас» тобына:
15 жасар Г. өзінің ауласында қаңтар айында қыз босанды,тірі,жетілген,өмір сүруге толық жағдайы бар.Өлсін деген ниетпен анасы оны аулаға тастайды.Ертесіне баланы ауладағы қоқсықтың астына көміп тастайды.Г-нің іс-әрекетін сарала,қылмыстық бапты тап.
«Қыран» тобына:
Кешке қарай 3 жоғары сынып оқушысы еріккеннен мотоциклдеріне мініп , зиратқа келді.Біреуі : « Кемпір-шалдарды қорқытайық, таңертең бір айқайласын»деді.Бұл бәріне ұнады.Бірнеше крестерді қазып алып,түн ортасында кәрі адамдардың есігінің алдына қойды.Расында да ойлары орындалып, кәрі адамдар қорықты.Бұл қылмыс па,әлде балалық па?
«Мирас» тобына:
Медетті қаңғып жүрген жерінен тапқан .Үйіне әкелгенде әкесі: «Баламды бағуға жағдайым жоқ,балалар үйіне беруге рұқсатымда беремін»,-деп қолхат жазып береді.Медеттің құжаттарын дайындап жатқанда әкесінің інісі баланы өз қарауына беруін сұрап , өтініш жасады...Істі әрі қарай жалғастыр.
«Қыран» тобына:
Газеттен мынадай мақала оқуға тура келді. «Түрлі діндер еліміздің болашағының іргетасын ,бірлігін шайқалтуда.Дінге деген еркіндіктен тапқан пайдамыздың сорақы түрі мынау:бір отбасында әкесі-мұсылман,шешесі-Исаға қарап,қызы-кришна боп іріп жатқандар бар».
Менің айтарым:мемлекет бір дінді мойындап,басқасына шектеу қою керек.
Дұрыс айта ма,бұрыс айта ма?
 IV.Топ жетекшілеріне сұрақ:
«Мирас» тобының жетекшісіне:
Данияр биыл мектеп бітірген болатын.Президенттік сайлауға қатынаса алмады.Өйткені оған ешбір шақыру қағазы да келмеді.Сондықтан ол : «Мен Республика азаматы емеспін»,- деп ойлады.Жауабын бер.
«Қыран» тобының жетекшісіне:
Ержанның бала күннен арманы жеңіл машина жүргізу болатын.Мектепті бітірген соң жоғары оқу орнына түскен Ержанға әкесі машина сыйлады.Алайда , бірер айдан соң МАИ қызметкерлері жүргізу куәлігі бола тұрса да, ешбір жол ережелерін бұзғаны байқалмаса да ескерту жасады.
V.Үй тапсырмасы бойынша бір-біріне дайындап келген жағдаяттық сұрақтарын қою.
«Мирас» тобы:
«Мұсылман  елдері секілді біз қазақтар да көп әйел алуды заңдастыруымыз қажет.Біздің осындай талап-тілегімізге әкімшілік неге құлақ аспай отыр.Қалай жүзеге асыруға болады». 
1.Хатты «әкімшілікке» деп дұрыс жолдап отыр ма?
2.Жүзеге асырудың реті қандай?
«Қыран» тобы:
Сізді кешке қарай үйіңізге келіп,милиция қызметкерлері ұстап алып кетті.Жақын досыңыз ұрлықпен ұсталған екен.Соған байланысты сұрастыру жүргізіп қоя берді.
VI.Көрініс.
Сұрақтар:
«Мирас» тобына:
1.Самалдың істеген істерін қалай бағалайсың?
2.Самалдың мамасы туралы ойларың қалай?
3.Сынып жетекшінің орнында сен болсаң қалай істер едің?
4.Эльмира туралы не айтар едіңдер?
5.Самалдың орнына өзіңді қойып көрші,не істер едің?
«Қыран» тобына:
1.Жігіттің ұры болып өсуіне кім кінәлі,өзі ме, анасы ма?
2.Сен ұры жігіттің орнында болсаң не істер едің?
3.Бидің шығарған үкімі дұрыс па?
4.Бидің орнында болсаң қандай жаза қолданар едің?
VII.Мұхаммед с.ғ.с пайғамбардың хадистерінде 5 түрлі қылмыс жасаған адам қанша садақа берсе де күнәсінен құтыла алмайды делінеді.Соның бірі-ұрлық.Ендеше ұрлық жөнінде мақал-мәтел айту сайысы.
VIII.Қылмыс жасуға ұмтылу да қылмыс.Қылмыс істеген адамдарға негізгі және қосымша жазалар қолдану мүмкін.
«Мирас» тобына:
Негізгі жазаны  атау.
«Қыран» тобына:
Қосымша жазаны атау.
IX.Ерте кезден шешендік өнер Грецияда ,Афинада болған.Ал қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім.Түйеге мінгеннің 4 ауыз,атқа мінгеннің 6 ауыз өлеңі бар демекші, кез келген сөзге ,ән мен күйге шешен.Халық өзінің отауызды ,орақ тілді ,қара қылды қақ жара әділ билік айтатын шешен,билерін ханнан бетер қадірлеп,сыйлап айтқан сөздерін жадында сақтап келген.Төле,Қазыбек,Әйтеке билеріміз бізге үлгі-өнеге.Ал енді сендер болашақ заңгер ретінде шешендік өнерге өз ойларыңды ашық айтып,дәлелдей білуге қалайсыңдар?Ендеше келесі сайысымыз –дебат. 
«Мирас» тобына:Өлім жазасы керек.
«Қыран» тобына:Өлім жазасы керек емес.
X.Қорыту.Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен өлім жазасына манаторий жарияланды.Біз де өз үлесімізді қосып,заңгер болмасақ та еркін айттық.
Міне,балалар ,бүгінгі сабағымызды ҚР Конституциясы,Азаматтық Кодекс,Қылмыстық Кодекс баптары бойынша өз білетінімізді рөлдік ойынмен ,жарыс,дебат түрлерімен көрсете білдік.Сендерден болашақта заңгер ,заңгер болмаса да өз құқығын қорғай алатын азамат шығатынына мен сенемін.  


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Admin
Просмотров: 3448 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]