Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Саясаттану [ Добавить материал ]

САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 23:18

САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУ

Дәрістің мақсаты саяси жүйенің бір құрылымы ретінде саяси мәденитетің мәнін анықтау, саяси мәдениеттің түрлері мен элементтері, саяси мәдениет теорияларын қарастыру.

Сұрақтардың тізімі:

Саяси мәдениет ерекшелігі, құрылымы

Саяси әлеуметтену кезеңдері, түрлері және агенттері

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: саяси мәдениет, саяси стереотип, саяси сана, саси менталитет, саяси әлеуметтену, саяси қатысу.

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану.  А., 2005

  6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

  7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

 

Саяси мәдениет ерекшелігі, құрылымы

Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге жол береді.

 Саяси мәдениет дегеніміз, қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси дәстүрдің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси іс-әрекетті бағыттап, бақылай алады. Саяси мәдениеттің бірнеше элементтері бар. Олар:

Саяси стереотип (қағида) – саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік.

Саяси сана – саналы және санасыз, рационалды және иррационалды, нормативті және эмперикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы.

Саяси менталитет – ірі әлеуметтік топтардың әлеуметтік- психологиялық сапалы тұрақты жағдайы.

Саяси белгі – саясаттағы коммуникативті қызмет атқарушы.

Саяси әлеуметтену – адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере отырып, сол ортаға бейімделу процесі.

Бұдан басқа саяси мәдениетке идеология, дін және саяси ориентация кіреді. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады. Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде  дін қудалауға түсіп, саяси өмірден  шететтілуінің, атеистік идеологияның үстемдік етуінің  салқыны өз сарқыншағын Қытай қоғамына да қалдырды.

Бұл жұмыста көңіл аударатын бір мәселе – мемлекет пен  діннің ара қатынасы.

Саяси мәдениет адамзаттың жалпы өркениеттік дамуының элементі болып табылады.Ол басқа да мәдениеттер сияқты, адамдар үшін тектік құндылықтарды құрайды және адамзаттың прогресс жолымен қозғалысында анықтаушы рөл атқарады. Қолданбалы тұрғыда аталмыш ұғымды ашудағы бірінші тәсіл үшін саясаттанулық энциклопедиялық сөздіктегі саяси мәдениеттің анықтамасын алуға болады: «Саяси мәдениет – саясат сферасындағы әлеуметтік қауымдастықтар мен жеке адамдардың тарихи тәжірибесі, жады, олардың саяси жүріс-тұрысқа ықпалын тигізетін бағдарлары, дағдылары».

Әрине беріліп отырған анықтама осынау проблемаға жақындата түсетін, бастапқы тәсіл үшін ғана құндылыққа ие. Аталмыш ұғымның тек жоғарыда аталған белгілерге ғана телу саяси мәдениет сияқты қоғамдық өмірдің фундаментальды құбылысының мазмұнын толықтай бейнелеп бере алмайды. Бұл анықтамада саяси мәдениеттің тек субъектілік аспектісі, яғни, ғана,атап айтар болсақ субъектінің тәжірибесі, оның жады, бағдарлары мен дағдылары ғана бейнеленген.

Мәдениет – адамзат данышпандығының жемісі, ол – адамның рухани және материалдық қызметінің нәтижесі,бірақ мұндай нәтиже белгілі бір дәрежеде адамнан өгейсінеді және өмірге келген адамдардың тіршілік етуінің жағдайы мен алғышарттары ретінде көрінеді. Мәдениет – әлеуметтік жағдайға, материалдық және рухани құндылықтарға ену арқылы жасалатын, кодталатын және беріліп отыратын адамның ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отыратын шығармашылық энергиясы. Мәдениет адамзатты табиғат кіндігінен ажыратады,табиғи күштердің толықтай тәуелділігінен құтқарады және оны өзінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін жеткілікті түрде ерікті етеді.Мәдениет – болмыстың адамзаттық тәсілі.Сондықтан мәдениетті құндылықтық, іс-әрекеттік және технологиялық сияқты әртүрлі позициядан қарастыруға болады.

Саяси мәдениет мәдениеттің бір бөлігі ретінде биліктің қалыптасуы және қолданылуымен байланысты саяси шынайылық сферасында, субъект-субъектілік қатынастарда көрінеді. Яғни, саяси мәдениет саясат сферасындағы субъектілердің тарихи тәжірибесі мен өзара әрекеттесуінің жалпылануы мен беріліп отырылуын көрсетеді. Ол – қоғамдағы биліктік қатынастармен, яғни әлеуметтік субъектілердің мүдделерін жүзеге асыру үшін билікті қалыптастыру және пайдаланумен байланысты адамдардың ерекше рухани-саяси қызметтерінің туындысы.

Сонымен, өте тар пәндік мағынада саяси мәдениетті биліктік қатынастар мәдениеті, билік құру мәдениеті деп атауға болады.

Тұтастай алғанда, саяси мәдениеттің қызмет етуі адамдардың тіршілік әрекетінде дағды күші ретінде көрінетін инерция күші деп атауға болатын құбылысты тудырады, алайда шынайы өмірде пайда болатын проблемалар және оларды шешудің қажеттілігі әлеуметтік-саяси практиканы инерциялық жолдан, оның дағдылы, үйреншікті қағидаларынан шығарып жібереді, ал бұл шұғыл  бетбұрыстарды, түпкілікті жаңаруларды,сапалы өзгерістерді талап етеді. Саясаттың қуатты «тетігінің» қатысынсыз бұл проблемалар өздігінен шешілмейді. Қозғалыстың жаңа орбитасына өту үшін адамдардың байыпты біріккен күші, әртүрлі күштер мен құралдарды пайдалану, элитаның пассионарлық қызметі талап етіледі.

Сонымен, саяси мәдениеттің дамуындағы жаңару тенденциясы қоғамдағы қызмет атқарып отырған биліктік және саяси қызметті ұйымдастырудың, тәсілдердің, құралдардың формаларының іргесі сөгіліп, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайтын, қоғам организмінде пайда болатын қайшылықтарды адамдар үшін ауыртпалықсыз және қоғам үшін тиімді шешілуіне мүмкіндік туғызбайтын жағдайларда пайда болады. Осы адамдар қауымдастығының тіршілік әрекетінде қызмет ететін саяси мәдениет жеткіліксіз, ал билік құрылымдарының қызметі – тиімсіз болады. Міне, осы тенденция бұқаралық санада өзгерістерді күту ретінде, саяси дағдарыс ретінде көрінеді.

Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы

Адамзаттың саяси мәдениеті – ерте дәуірден біздің заманымызға дейінгі адамзаттың саяси қызметінің бар байлығын бойына жинақтаған күрделі құрылым. Аталмыш қызметтің ұйымдастырушы өзегі субъект-субъектілік қатынастарда билікті қалыптастыру мен пайдалану болады. Бірақ,адамның барлық саяси қызметінің тарихи дамитын негізі, стихиясы мен шынайылығы саяси мәдениет болады.Саяси қызмет үшін қажетті теориялық идеяларды, көзқарастарды, ұйымдастыру формаларын, принциптер, әдістер, құралдар, жүріс-тұрыс актілерін адамзат саяси мәдениеттен алған және алып та жатыр.

Саяси мәдениет туралы барынша кең мағлұмат алу  мақсатында оның құрылымы мен функциональдық мәнін қарастыру қажет. Осы ретте әртүрлі тарихи, әлеуметтік-таптық, аймақтық, этникалық, функционалдық және т.б.критериилерді басшылыққа ала отырып, адамзаттың қалыптасқан саяси мәдениетін құрылымдау мүмкін болады.

Ең алдымен, ескеретін жайт, саяси мәдениет – көп қатпарлы құбылыс, онда әрқилы тарихи қабаттар бар. Сондықтан құрылымдаудың тарихи принципінің маңыздылығы сөзсіз. Ол әрбір тарихи кезеңнің саяси мәдениетінің фундаментальды ерекшеліктерін қамтиды. Осы тұрғыдан саяси мәдениетті дәстүрлі саяси мәдениет, құл иеленушілік кезеңдегі, ортағасырдағы, жаңа дәуірдегі, қазіргі кездегі саяси мәдениет деп құрылымдық қабаттарға бөлуге болады. Бұл қабаттар – саяси мәдениеттің терең қойнауында жатқан жарамсыз, қатып қалған құрылымдар емес, әрине олардың ішінде терең қорда жатқандары да және қызмет етіп отырған саяси мәдениетке ықпалын тигізетін, қазіргі саяси жағдайға сай өзектендірілген және оларда белгілі бір саяси ізденіс жүзеге асатындары да бар.

 «Саяси практиканың процесс ретіндегі» ұғымы кең мағынада, тұтастай алғанда қоғамдық организмнің шеңберіндегі ұзақ уақыттар бойы саяси қатынастардың негізгі субъектілерінің өзара әрекеттесулерінің сипаты мен ерекшеліктерін қамтиды. Тар мағынасында, жекелеген әлеуметтік жағдайларда, акцияларда саяси қатынастар субъектілерінің мүделерінің жүзеге асуын көрсетеді.

Саяси практиканың ерекшелігінің өзі сонда, ол субъектілердің әрекетінің негізінде өтеді, өйткені олардың мүдделері саясат сферасында айтарлықтай айқын белгіленген. Осы мүдделерді саяси түсінуде, оларды саяси шынайылық сферасына ауыстыруда саяси мәдениет шешуші рөлге ие болады. Саяси мәдениеттің барлық құрылымдық элементтері, яғни идеялар, принциптер, теориялық концепциялар, саяси қызметтің ұйымдастыру формалары, әдістері, құралдары өздерінің шынайы мәні мен көрінісін саяси практикада табады.

Сайланбалы өкілдік шешуші мәнге ие болатын демократиялық қоғамда бұқара өзінің саяси процестерге қатысуы негізінен электорат ретінде жүзеге асырады. Электораттың қалыптасуы – саяси процестің қалыптасуының мәнді аспектісі. Саяси партиялардың. сайланбалы мемлекеттік құрылымдардың электоратқа тәуелділігі – саяси шынайылық. Сондықтан үкіметтің қалыптасуына, олардың шешім қабылдауына, ол шешімдердің жүзеге асуына ықпал етуге қабілетті барлық күштердің сайлау процесіне қатысуын қамтамасыз ететін сайлау туралы заңды жетілдіре түсу қажет.

Осы жағдайда, сайлауларға азаматтардың саналы қатынасу деңгейін ескерген жөн, өйткені сайлау – саяси қатынастардың барлық субъектілері үшін сайлау туралы заңмен шектелген ерікті қызмет алаңы болып табылады.

Саяси әлеуметтену кезеңдері, түрлері және агенттері

Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері:

Саясилану;

Персонификация;

Идеологизация;

Институционализация.

Саяси әлеуметтену агенттеріне жататындар:

отбасы;

дос, жолдастар;

мектеп;

БАҚ;

саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар.

Саяси әлеуметтенудің екі түрі бар: тікелей әлеуметтену және қосалқы әлеуметтену.

Тікелей әлеуметтену дегеніміз, мемлекеттің өзі мүдделі болып келеді. Ол өз азаматтарын өзі тәрбиелеп, олардың саяси әлеуметтенуін өзі қадағалайды.

Ал қосалық саяси әлеуметтенуде, бұған мемлекет араласпайды, тұлға өз қабылеті мен тілегі бойынша сол қоғамына бейімделіп, сол мемлекеттің құндылықтарын меңгереді.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Саясаттану | Добавил: Admin
Просмотров: 13200 | Загрузок: 75 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]