Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Саясаттану [ Добавить материал ]

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ САЯСИ БИЛІК


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 23:11

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ САЯСИ БИЛІК

Дәрістің мақсаты биліктің пайда болуы туралы әр түрлі теориялар мен олардың өкілдеріне тоқталу, билікті қоғамның тарапынан қолдау түрлері, билікті жүзеге асырудың ресурстарын қарастыру, биліктің түрлері мен тармақталу принциптерін түсіндіру.

Сұрақтардың тізімі:

1. Билік мәні, тұжырымдамалары

2. Биліктің негізі, ресурстары, элементтері

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: билік, билік анықтамалары, легитимділік, легитимдік түрлері, билікті жүзеге асру ресурстары.

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану.  А., 2005

  6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

  7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

 

1. Билік мәні, тұжырымдамалары

Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.

Телеологиялық анықтама ( гр.сөзі teleos – мақсат + logos - түсінік,ілім) билікті белгілі бер мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын ойшылы Т. Гоббс (1588-1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

          Құрылымдық-функционалдық анықтама. Бұл анықтама адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы анықтама билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін айқындауға мүмкіндік береді.

Конфликтік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

Аталған анықтамалардың барлығы билік, билік құру ұғымдарымен белгіленетін қоғамдық қатынастардың шынайы мазмұнын жете түсінуге, биліктің көпөлшемділігін, оның мәндік аспектілерін жете түсінудің қиындығын ашуға, билік мәнінің сарапшылар анықтаған тәсілге, позицияға және мүддеге тәуелділігін түсіндіруге мүмкіндік береді.

Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.

П. Моррис, А, Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.

Америка саясаттанушылары Г. Лассуэл мен А. Каплан «Билік және қоғам» деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.

Биліктің объектісі және субъектісі болады. Ол саяси өзгерістерге байланысты ауысып отырады.

Биліктік іс-әрекеттің өзінің мойындалуын сипаттайтын маңызды тұстарының бірі легитимділік туралы мәселе. «Легитимділік» термині (лат. сөзі  legitimus – заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің заңды деп тануын анықтайды. «Легитимділік» терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады. Олар 1789-1794 жж. революциялар нәтижесінде биліктен аластатылған  Франциядағы  Бурбондар династиясының идеяларын заңды және қажетті деп танып, оны заңды билік  ретінде қайта жаңғыртуды ұсынған еді.

Аталмыш ұғым саяси дағдарыстар, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер, биліктің ауысу жағдайларында және осы жағдайлардағы билік өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігі пайда  болғанда, олардың заңдылық дәрежесі күмән тудырғанда ерекше өткір саяси мәселеге айналады. Яғни билікті тартып алу, оны заңсыз жаулап алу және басып алушының өз еркін таңу тенденциясы пайда болады.

Қандай билік болмасын өзінің заңды екендігін қорғайды. «Билік легитимділігі» ұғымын француз революциясы мен оның салдары ерекше өзекті мәселе ретінде қалыптастырғанымен, бұл ұғым қарапайым формада  саяси ойлардың бастапқы кезеңдерінде-ақ пайда болған. Адамзат биліктік қатынастардың, билік құру мен бағынудың пайда болу кезеңінен бастап неге біреулері билік құрып, үстемдік етеді, ал басқалары – оларға бағынып, қол астында болуы тиіс және билік, оның акциялары бағынушылар үшін қаншалықты  қажетті  деген сауалдарға жауап іздеумен келеді. Легитимділік туралы мәселе билік үшін бәсекелестік күресте өте күшті қару болды. Өйткені, биліктің ауысуы, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер өздерімен бірге белгілі бір аласапыран мен тәртіпсіздікті ала келді, осының салдары – ұзаққа созылған қанды соғыстарға апарып соқтырғандықтан, қоғамның саяси элитасы биліктің алмастырылуын, билік құрушы субъектілерді заңдастырудың әртүрлі әдістерін, осы процестердің астарында белгілі бір қағидалық негіздердің бар екенін келтіре отырып жасақтады. Бұл монархиялық режим жағдайында – биліктің мұраға қалатындығы туралы, республикаларда – биліктің сайлануы туралы заң.

Орта ғасырларда Еуропада зайырлы элита мен діндарлар арасында билік үшін бәсекелестік күрес орын алды. Бұл күресте шіркеу ұзақ уақыт бойы зайырлы биліктің легитимділігін тану құқығын сақтап қалды, яғни шіркеудің беделі мемлекеттік биліктің заңды екендігін тануда шешуші мәнге ие болды.

Легитимация – ең алдымен, осы биліктің қажеттілігін, оның бағыныштылар үшін игілікті екендігін идеологиялық және құқықтық тұрғыдан негіздеу. Легитимация тек биліктік құрылымдарға, билік субъектісіне ғана емес, сондай-ақ олардың акцияларына, шешімдеріне, қағидаларына да таралады. Билік легитимациясы биліктік ықпал ету кеңістігіне, оның шегіне, шекарасына байланысты. Осы ассоциативты кеңістіктің ішінде билік қажетті деп танылып, ал оның шешімдері орындалуға міндетті деп саналады.

Биліктік ықпал ету кеңістігін игеру үшін билік биліктік ықпал ету күшіне ие болуы керек. Бұл күш билік құрушы субъектінің билік ресурстарын: адамдарды басқару өнері ретіндегі саясатты; саясаттың нақтылық дәрежесін; күш пен құралдардың қажетті арсеналдарын пайдалана білу қабілеттілігін; әдістердің ыңғайлығы мен тиімділігін және т.б. қаншалықты игергендігіне тәуелді.

Биліктің ықпал ету кеңістігі жеке адам, бағынышты ассоциацияның соңғы, ажырамас құрылымдық элементі, оның атомы болатын құрылымданған және ассоциативты кеңістік. Демократиялық қоғамда – бұл азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие жеке тұлға. Сондықтан да демократиялық қоғамда билік легитимациясы оның құқығын қорғайтын заң шеңберінде жүруі қажет. Билік легитимациясы – азаматтарға тікелей ықпал ету актісі емес, ол – осы билікті мойындайтын қоғамдық келісім деңгейінде заңды әлеуметтік-саяси ортаны қалыптастыру процесі. Легитимацияның актілері биліктің, оның шешімдері мен іс-әрекетінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыратын идеологиялық, саяси, құқықтық іс-әрекет болып табылады.

Билік легитимділігін тану – бұқаралық сананың феномені, сондықтан билікті заңдастыру үшін пайдаланылатын бірқатар идеологиялық қағидалар бар:

1. Биліктің киелілігі. Биліктің, билік құрушы субъектінің қасиетті, киелі екендігі мен оларды мифологияландыру. Билік құрушыларға харизматикалық қасиеттерді таңу.

2. Биліктің халықтық сипаты: (билеуші бізге туыс, ол – біздің арамыздан шыққан, ол біздің қажетіліктеріміз бен мұңымызды жақсы біледі). Легитимация – биліктің тұрақты, үздіксіз іс-әрекеті, оның өзіне деген қамқорлығы.

Оппозициялық күштер билікті, оның шешімдері мен акцияларын заңсыз деп тану жолында әрекет етеді. Оппозиция билік қабылдаған заңдардың легитимділігін, билік өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізетін биліктік құрылымдардағы өзгерістерді, олардың Конституцияға сәйкестігін, олардың қажеттілігі мен дер уақыттық шара екендігін жоққа шығарады, билік пен оны қолдаушылар ұсынған аргументтердің дұрыстығын сынға алады. Легитимация да, делегитимация да – билік пен оппозиция арасындағы бәсекелестікте пайдаланылатын күрестің әлеуметтік формасы. Бірақ мұндай күрестің қандайы болмасын Конституция шеңберінде жүзеге асуы керек.

Билікке келгеннен кейін билік құрушы субъект өз әрекетін легитимдендіру үшін әртүрлі формалар мен тәсілдерді іздестіреді. Ол референдумдар өткізіп, өзінің іс-әрекетінде олардың шешіміне сүйенеді, Конституцияға өзгерістер енгізеді, өз өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізуге тырысады, билік құрылымдарын жетілдіреді, заңдар  шығарады, өзінің әлеуметтік базасын кеңейту және оппозицияны оқшауландыру, оның әлеуметтік ықпалын әлсірету мақсатында әрқилы әлеуметтік шаралар өткізеді.

Оппозиция биліктің әрекетін мұқият бақылап, олардың легитимділігін жоққа шығарады, конституциялық нормалардың, қабылданған заңдардың қатаң сақталуын талап етеді. Мұның барлығы қоғамның демократиялық саяси мәдениетінің дамуына септігін тигізеді, нарықтық қатынастар жүйесіне сай келетін қоғамның саяси құрылымын қалыптастырады.

Легитимділік туралы мәселенің сыртқы аспектілері де бар. Билік біріктірген ассоциативтік қауымдастық субъект-субъектілік қатынастардың мейлінше кең жүйесінде субъект ретінде көрінуі мүмкін. Оның бұл «сыртқы саяси іс-әрекеті» осы кең жүйеде қабылданған нормаларға сай келуі, басқа субъектілердің мүдделеріне, құқықтарына нұқсан келтірмеуі қажет. Басқа ассоциативтік қауымдастықтардың мүдделерін бұзатын билік құрушы субъект, оның әрекеттері, акциялары заңды деп танылмауы да мүмкін.

 

2. Биліктің негізі, ресурстары, элементтері

Әдетте, «билік» деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік және т.б.

Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқыты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады?Ол үшін саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Оған жататындар:

          Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Ұлттық валюта, алтын қор, материалдық құндылықтар, пайдалы қазба байлықтары және т.б. кіреді. АҚШтың Конституциясында кез келген АҚШ азаматы Президент бола алады деп көрсетілген. Бір тарихтағы президенттердің бірде-бірі кедей отбасынан шықпаған.

Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын, көптеген жеңілдіктермен пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Оларға көптеген рөлдер мен статустар беріледі.

Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет етушілерге мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, түрме және т,б,

Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл әлемді бақылай алады деп санайды. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры деп тегін айтылмаған.

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық ету,; саяси және басқа да қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты, ашық және жабық қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қорғау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Саясаттану | Добавил: Admin
Просмотров: 4596 | Загрузок: 84 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]