Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 19.7.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Саясаттану [ Добавить материал ]

В категории материалов: 30
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Саясаттану глоссарий

 

Абсентеизм – халықтың  саяси өмірге немқұрайлы, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. 
Авантюризм – саясатқа, билік жүргізуде және т.с.с. белгілі бір мақсат-мүддеге жету үшін күдікті, шүбәлі жолмен оңай олжа іздеушілік.
Автархия – елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталғанұлттық мақсат. 
Автократия – бір адамға жоғары үкімет билігін шексіз беру басқаруды немесе  осындай басқарушылық орган мемлекетті айтады. Сонымен қатар қазіргі саясаттануда ол саяси билікті бөліспей, тұтас басқаруға тырысқан адам,  не адам тобын атау үшін де пайдаланылады. 
Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін – өзі  басқаруға құқық берілген саяси – ұлттық құрылым. 
Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда  күшке сүйенетін мемлекеттік саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді.  Ол көбінесі саяси  жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.
Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау. 
Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси – қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі. 

Саясаттану | Просмотров: 23125 | Загрузок: 1095 | Добавил: Admin | Дата: 15.06.2014 | Комментарии (0)

КІРІСПЕ

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі. Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы. Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету. Жоғарыда көрсетілген саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр түрлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы-жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады. 1) Формациялық саяси жүйелері - құл иелену, феодалдық, буржуазиялық, социалистік формацияларының саяси жүйелері. 2) Авторитарлық саяси жүйелер - тоталитарлық, партократтық, деспотиялық, фашистік т.б. саяси жүйелер. 3) Демократиялық саяси жүйелер - либерал-демократиялық, социал-демократиялық т.б. 4) Прогрестік, реформаторлық, консервативтік, реакцияшыл т.б. саяси жүйелер. Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Мемлекет – қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде» деп аталады. Бұл тақырыптың мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады

Саясаттану | Просмотров: 34110 | Загрузок: 105 | Дата: 04.04.2014 | Комментарии (0)

Геосаясат түсінігі

           Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс  мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.
Саясаттану | Просмотров: 2572 | Загрузок: 95 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Сингармонизм 

Жоспар
1. Сингармонизмге жалпы түсінік
2. Буын үндестігі
3. Дауыстылардың үндесуі
4. А. Байтұрсыновтың сингармонизм туралы зерттеуі
Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
Мысалы:
Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.
Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.
Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады. 
Мысалы: бала – лар, жа-зу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.
Саясаттану | Просмотров: 1347 | Загрузок: 339 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының «Сертификаттау туралы» заңы
Сертификаттау туралы ҚР-дағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді /бұдан әрі процестерді/, сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.

Жалпы ережелер
1-бап. Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар
Осы заңда мынадай ұғымдар пайдаланады.
1/ тіркеу – уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы /орталығы/ ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқылы екендігінің ресми тануы;
2/ тіркеу аттестаты – белгіленген қызмет саласында сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының нақты жұмыстарды орындауға деген құқығын куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне сәйкес берілетін құжат;
3/ аудит /сертификаттаудағы/ – сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың /немесе/ сынақ зертханаларының, орталықтарының қызметіне тәуелсіз талдау жасау, сондай-ақ өтініш берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімдердің, процестердің, жұмысы мен қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;
4/ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі /мемлекеттік сертификаттау жүйесі/ -- өз құзырет шегінде сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың және ҚР-дағы сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы;
Саясаттану | Просмотров: 1817 | Загрузок: 579 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

САЯСИ ҮРДІС. МОДЕРНИЗАЦИЯ

Дәрістің мақсаты саяси процесс ұғымының мәнін ашу, оның түрлерін анықтау, саяси жүйенің жаңаруының мәні мен түрлері, саяси модернизацияның теорияларын қарастыру. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның кезеңдері мен ерекшеліктерін анықтау.

Сұрақтардың тізімі:

Саяси үрдіс, модернизация ұғымдары

Қазақстандағы демократиялық модернизация

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: саяси процесс, демократиялық модернизация, ақпараттық қауіпсіздік, құқықтық қауіпсіздік

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану.  А., 2005

  6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

  7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Саясаттану | Просмотров: 16530 | Загрузок: 111 | Добавил: Admin | Дата: 09.02.2014 | Комментарии (0)

ӘЛЕМДІК САЯСАТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Дәрістің мақсаты әлемдік саясат тақырыбындағы сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар ұғымдарының мәнін ашу, әлемдік саясатқа қатысушы субъектілерді анықтау.

Сұрақтардың тізімі:

Әлемдік саясат ұғымы.

Қазіргі кездегі әлемдік саясаттағы күрделі мәселелер

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: әлемдік саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар, ұлттық мүдде, ұлттық қауіпсіздік, жаһандану

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану.  А., 2005

  6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

  7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Саясаттану | Просмотров: 30513 | Загрузок: 115 | Добавил: Admin | Дата: 09.02.2014 | Комментарии (0)

САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУ

Дәрістің мақсаты саяси жүйенің бір құрылымы ретінде саяси мәденитетің мәнін анықтау, саяси мәдениеттің түрлері мен элементтері, саяси мәдениет теорияларын қарастыру.

Сұрақтардың тізімі:

Саяси мәдениет ерекшелігі, құрылымы

Саяси әлеуметтену кезеңдері, түрлері және агенттері

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: саяси мәдениет, саяси стереотип, саяси сана, саси менталитет, саяси әлеуметтену, саяси қатысу.

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану.  А., 2005

  6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

  7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Саясаттану | Просмотров: 19125 | Загрузок: 86 | Добавил: Admin | Дата: 09.02.2014 | Комментарии (0)

САЯСАТ СУБЪЕКТІЛЕРІ: ТҰЛҒА, ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР, ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУЫМ

Дәрістің мақсаты саясаттың субъектісі мен объектісі ретіндегі адамның қоғамдағы алатын орны мен әлеуметтік белгілерін анықтау, әлеуметтік жіктелу негізіндегі әлеуметтік топтар, этникалық бірлестіктер, таптардың саяси процестерге қатысу сипатын анықтау.

Сұрақтардың тізімі:

Тұлға саясаттың объектісі және субъектісі ретінде

Қоғамның жіктелуі және оның саясатқа әсері

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: субъект, объект, әлеуметтік топтар, әлеуметтік стратификация, ұлттық мемлекет

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану.  А., 2005

  6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

  7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Саясаттану | Просмотров: 20360 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 09.02.2014 | Комментарии (0)

САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ КӨСЕМДІЛІК

Дәрістің мақсаты элита теориясын зерттеуші итальян ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс ғалымы Р.Михэльс және т.б. ғалымдардың қоғамдағы басқарушылардың қалыптасуы, олардың ауысып тұру үрдістері туралы теорияларының мәнін ашу, элита және лидерлердің түрлері, элитаға таңдаудың жүйелері, олардың түрлерін анықтау.

Сұрақтардың тізімі:

Саяси элита: ұғымы, түрлері, тұжырымдамалары

Саяси көсемділік: мәні, түрлері, қасиеттері

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: элита, элиталардың айналым теориясы, саяси элиталарды рекруттау, антрепренерлік және гильдий жүйелері, ту ұстаушы лидер, қызметші лидер, саудагер лидер, өрт сөндіруші лидер

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану.  А., 2005

  6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

  7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Саясаттану | Просмотров: 22236 | Загрузок: 127 | Добавил: Admin | Дата: 09.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30