Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) [ Добавить материал ]

ТЖ халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 23:37

ТЖ халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.

Жоспар:

- Темперамент туралы жалпы ұғым.

- Темперамент түрлері: холерик, сангвинник, флегматик, меланхолик.

- ТЖ халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.

Тірек сөздер: темперамент, түрлері, психологиялық дайындық.

 

Адам табиғаттағы, өндірістегі, көлік апаттарының төтенше жағдайының басы - қасында болғанда оқиғаны әр - түрлі бағалайды, әрі ТЖ оған психологиялық кері әсер етуі мүмкін. Мұның өзі сол адамдардың апат зардабын бағалауды, қиын - қыстау жағдайда қалай қимылдауды білмегенінен болады. Асып - сасушылық басым болуы мүмкін. Бірер адамнан шыққан үрейлену көпшілікке берілсе, онда жаппай үрей (паника) туындауы мүмкін. Қорқыныш сезімін білмеген адамдар жағдайды шынайы бағалай алмайды. Немесе асыра сілтеуге жақын тұрады. Олар өз сезіміне бой беріп, жауапкершілікті жоғалтады.Бұндайда теріс түсінушілік, бұрмалаушылық әңгімелер көп болады. Жаппай үрейлену қайғылы жағдайларға соқтыруы ықтимал. Сондықтан адамдарды төтенше жағдайларға алдын ала дайындау маңызды жұмыс. Апат жағдайында қалай қимылдаудың, іс әрекеттің кезегін үйрету керек, жаттығулар өткізу қажет. Азаматтық қорғаныстың қойған мақсаты осындай. Үрейленушіліктің алдын алу үшін төтенше жағдайда, дереу оның себептерін нақты түсіндірудің маңызы зор. Егер жаппай үрейленушілік туындаған жағдайларда адамдармен тез арада сұхбаттасып, қорқыныш сезімді жоюға тырысу керек. Басқаруды тез арада бір кісі өз қолына алғаны дұрыс. Содан кейін сол адамдардың өздерін құтқару, қалпына келтіру жұмыстарына кірістіріп ақыл ойларын соған бөлу керек. Тек сонда ғана қатты қорқынышқа ұрынған адамдарды тоқтатуға болады.

Дегенмен, ТЖ – ға тап болған адамдардың барлығының бірдей психикасы күшті соққыға ұшырамайды, оны әр түрлі адамдар әр қилы қабылдайды. Бұл көптеген факторларға байланысты, оған адам темпераментіде жатады. Темперамент(лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) - адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақты жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Адам темпераментінің төрт түрі бар: сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик.

Әр түрлі темпераменттегі адамдар ТЖ өздерін қалай ұстайтынын талдайық.

Сангвиниктер - ТЖ болған кезде лезде есін жиып, шешім қабылдауға қабілетті адамдар типі. Алайда, энергиясының көптігінен жасалған іс-әрекеттері қате, пайдасыз болуы мүмкін.Флегматиктер – ТЖ кезінде сангвиниктер секілді тез бейімделеді, бірақ айырмашылығы әрекеттерін ойлап жасайды. ТЖ кезінде әрекет жасау үшін флегматиктерге ойлануға уақыт көп кетеді.Холериктер – бұл адамдар типін түсіну қиын. ТЖ кезінде көшбасшы болып та, үрей тудырушы кейпінде де көрінуі мүмкін.Меланхоликтер – ең қауіпті тұлға, себебі ТЖ ол көбінесе үрей тудырушы адам.

Сондықтан төтенше жағдайдағы психологиялық дайындыққа тиісті көңіл аударуды қатаң талап етеді.

Бақылау сұрақтары:

1.   Темперамент дегеніміз не?

2.   Темперамент туралы алғаш ой пікір айтқан кім?

3.   Темперамент түрлері, сипаттамалары.

4.   Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген кім?

5.   ТЖ халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Добавил: Admin
Просмотров: 3391 | Загрузок: 91 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]