Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) [ Добавить материал ]

Төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген шығынының көлеміне қарай топтастырылуы.


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

26.04.2014, 00:29

   Төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген шығынының көлеміне қарай топтастырылуы.  (нысандық, жергілікті, аумақтық, барынша ауқымды)

   Заңға сәйкес бейбіт және соғыс уақытында халықты қорғауға байланысты барлық іс-шаралардың басты мақсатты-ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
    Бұл талаптар әр түрлі ТЖ кезінде халық пен шаруашылық  нысандары қорғаудың негізгі ұстанымдарда (1т. 3б.) айтылған және оған мыналар қосылады:
    болжанатын және пайда болған ТЖ туралы халыққа хабарлау және бірауызды ұйымдастыру, алдын алу және жою бойынша шаралар;
    азаматтар мен ұйымдар қызметтерінің зияндығы мен қауіп-қатерінің дәрежесін алдын ала анықтау, халықты қорғау және ТЖ алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру әдістеріне оқыту;
    міндетті түрде ТЖ жою бойынша құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да  шұғыл жұмыстарды орындау, зардап шеккендерге шұғыл медициналық  көмек пен әлеуметтік қорғау көрсету.

   Заңда аса маңызды орындардың бірі ТЖ-ның алдын алуға бағытталған кешенді шаралардың жүзеге асырылуына беріледі.
    Заңда ТЖ немесе басқа да жағдайлардың пайда болуына төтеп беретін қорғаныс шараларын жүргізуге назар аударылады.
    Ерекше  маңыздылықты, зардап шеккендерге өз уақытында көмек көрсетіп, ТЖ зардабын жою бойынша барлық операциялардың жоспарлығы және мақсатты бағытталуы алады.
    Заңның 20-22 баптарында баяндалған талаптармен, ТЖ болдырмау немесе жою бойынша бірінші кезектегі шараларды міндетті түрде орындау қарастырылған.
    Сонымен қатар, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру, авариялық-құтқару қызметінің құралдары мен күштерін тарту, жоспармен қарастырылған шараларды ұйымдастыру жауапкершілігі бірінші ұйымдардың басшылары мен жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.
    Жою үрдісінде өте қажет болған жағдайда апат медицина орталығының шұғыл медицина көмек қызметі қосылады, ал аса қажет болғанда-орталық және жергілікті атқарушы органдарының медициналық  күштері мен құралдары қосылады.
ТЖ жойылғаннан кейін атқарушы органдар, ұйымдар міндетті түрде халық  пен шаруашылық  нысандардың тіршілігін жедел қалпына  келтіру шараларын жүргізуі тиіс.
Бұл мәселе туралы Заңда басшылардың, лауазымды тұлғалардың, орталық  және жергілікті, өкілетті органдардың, ұйымдардың, сонымен қатар ҚР азаматтарының қызметтері анықталады.
Заңның 10-13 баптарында  ТЖ саласындағы ҚР үкіметінің, орталық  атқарушы органдарының, оның ішінде ТЖМ-ның, сонымен қатар жергілікті өкілетті органдарының өкілеттілігі жазылған.
Заң негізгі орындаушылардың-ҚР азаматтарының нақты қызметтерін белгілейді. Олар заңның 7 және 8 баптарында көрсетілген.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Добавил: Admin
Просмотров: 655 | Загрузок: 72 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]