Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) [ Добавить материал ]

Төтенше жағдайды топтау


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

26.04.2014, 00:04

Төтенше жағдайды топтау

Төтенше жағдай, пайда болу әсерінің таралуы немесе ауқымы, өркендеу жылдамдығы және төтенше жағдайды жою мүмкіншілігі жағынан топталады. Төтенше жағдай пайда болу жағынан –табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді. Техногендік төтенше жағдайға - техникалық обьектілерден туындайтын төтенше жағдайлар жатады. Мысалы, өрттер, жарылыс, химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар, радиоактивті және химиялық заттардың тасталуы, ғимараттың қирауы және адам тіршілігіне қажетті жүйелердің апаттары. 
Табиғи төтенше жағдайға жер сілкісі, су алу, вулкан атқылауы, опырмалар, сел, дауыл, табиғи өрт және т.б. жатады. 
Экологиялық төтенше жағдайға   атмосфераның ластануы, азот қабатының бұзылуы, жердің шөлге айналуы, жердің тұздануы, қышқылдың жаңбырлар және т.б. жатады. 
Биологиялық төтенше жағдайға  эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады. 
Әлеуметтік төтенше жағдайға - қоғамда болып жатқан оқиғалар: ұлтаралық конфликттер,терроризм,геноцид,соғыс және басқалар кіреді. 
Антропогендік төтенше жағдайлар адамның қате іс-әрекетінен туындайды. 
Жергілікті, бір жердің шеңберінен шықпайтын төтенше жағдайлар - бұл өндіріс орынының бір ғана жүйесінде,технологиялық тізбегінде,қондырғысында орын алған оқиға. Мұндай төтенше жағдайды жоюға сол мекеменің өз күштері жеткілікті. 
Төтенше жағдай обьектілері дегеніміз төтенше жағдайдың зардабы белгілі бір зауыттың, мекеменің, оқу орнының аумағынан асып кетпейтін кездегі жағдайды айтады. Бұл жағдайда да жергілікті төтенше жағдай секілді зардабын жоюға мекеменің өз күші жеткілікті. Жергілікті төтенше жағдай - бұл поселке, қала, аудан, облыс масштабындағы төтенше жағдай. Бұл төтенше жағдайдың зардабын жою үшін жоғарыда аталған әкімшілік –орталықтарының аумағындағы құзіретті органдар мен мекемелердің күштері мен құрамын жұмылдырады. Ұлттық төтенше жағдай - бұл үлкен региодағы және бірнеше облыстарды қамтыған төтенше жағдай. Ұлттық төтенше жағдайдың зардабын жою үшін регионалдағы масштабтағы құзіретті органдар мен өкіметтің арнайы құрған топтары айналысады. Сонымен қатар, құтқару жұмыстарына әскери орындардан да адамдар жұмылдыру ықтимал. 
Глобальді төтенше жағдай - бұл төтенше жағдайдың зардабының ауқымдылығы бірнеше облыстарды, республика масштабын және шекаралас елдерді қамтиды. Оның зардабын жою үшін әскерді жұмылдырады. Атап айтқанда төтенше жағдай, қорғаныс, ішкі әскер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетін. Құтқару жұмыстарымен арнайы құрылған үкімет комиссиясы айналысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19-сурет  Төтенше жағдайды топтау

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Добавил: Admin
Просмотров: 1046 | Загрузок: 64 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]