Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) [ Добавить материал ]

Төтенше жағдайда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 23:29

Төтенше жағдайда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Жоспар:

-«Өмір тіршілік қауіпсіздігі» (ӨТҚ) пәнінің мазмұны, курстың мақсаты.

-негізгі түсініктер (қауіпсіздік,қауіп-қатер,азаматтық қорғаныс, шаруашылық обьектісі, ұйым);

-төтенше жағдай жөніндегі ҚР Агенттігі, оның мақсаты, құрамы және құрылымдық аумақтық органдары;

-төтенше жағдай жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия;

-төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау.

Тірек сөздер: Өмір тіршілік қауіпсіздігі, қауіпсіздік, қауіп-қатер,азаматтық қорғаныс, шаруашылық обьектісі, ұйым, ҚР Агенттігі, ведомствоаралық мемлекеттік комиссия.

Өмір тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы.

Қауіпсіздік - сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін.

Азаматтық қорғаныс(АҚ)дегеніміз басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, табиғи және техногенді төтенше жағдайдан қорғау мақсатында өткізетін жалпы мемлекеттік шаралар жиыны.

Шаруашылық объектісідегеніміз өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс әрекет ететін адамдар ұжымы.

Ұйымдегеніміз бағдарламаны немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы.

ҚР Азаматтық қорғанысына тікелей басшылық ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігіне жүктелген.

Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия тұрақты жүмыс істейтін орган.

Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау. Бейбіт уақытта (зілзала, авария мен апат қауіпі болған кезде) және жау шабуылы қауіпі кезінде төнген қауіп туралы халыққа дер кезінде және сенімді хабарлауды, сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшін электр сиреналары мен өндірістік гудоктар және«Баршаңыздың назарыңызға!» АҚ ескерту дабылының берілгендігін білдіретін өзге де құралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлар қабылдағыштарын қосып ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімнің) шүғыл хабарын тындаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету керек.

Бақылау сұрақтары:

1.      ӨТҚ пәні, мақсаты, әдісі, міндеті.

2.      ӨТҚ-ні оқытудағы актуалды мәселелер.

3.      Қауіпсіздік ұғымына сипаттама.

4.      Қауіп түсінігі және топтастырылуы.

5.      Азаматтық қорғаныс (АҚ) дегеніміз не?

6.      Шаруашылық объектісі дегеніміз не?

7.      Ұйым дегеніміз не?


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Добавил: Admin
Просмотров: 6443 | Загрузок: 98 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]