Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) [ Добавить материал ]

Төтенше жағдай аумағында құтқару және басқада шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 23:32

Төтенше жағдай аумағында құтқару және басқада шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру.

Жоспар:

-Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру негіздері;

-құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды өткізу тәсілдері мен әдістері;

- жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау.

Тірек сөздер: құтқару, жарақат.

 

Заманауи зақымдау құралдары (ЗЗҚ) қолданылған ошақтарда құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізудің бірнеше ерекшеліктері бар. Олар бір-бірінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін жұмыстар түрлеріне қарай ерекшеленеді. Бұнда басты рольді АҚ құралымдарының атқаратынын ескерген жөн. Олардың негізгі міндеттері адамдар мен материалдық құндылықтарды сақтау болып табылады.

Ядролық зақымдану ошағында келесі құтқару және басқа да қауырт жұмыстардың келесі түрлері көп орындалады: уақытша өткелдерді жабдықтау, құлаған жасырыну ғимараттарын ашу және оларға ауаның өтуін қамтамасыз ету, адамдарды қираған немесе бір бөліктері құлаған ғимараттар мен құрылыстардан құтқару, жұмыстар жүргізілетін аумақтардағы өрттерді жою және сөндіру, ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын нығайту немесе құлату, тіршілік қамтамсыз ету объектілеріндегі аварияларды жою.

Химиялық зақымдану ошағында келесі іс-шаралар жүргізіледі:зақымдану ошағын химиялық және  медициналық барлау, ҚЗ зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне эвакуациялау, адамдарды санитарлық өңдеу және олардың киімдерін залалсыздандыру, ғимараттарды, жерді, техниканы дегазациялау.

ҚЗ улану ошағында жүргізілетін іс-шаралар қоздырғыштар мен оның қолданылу тәсіліне қарай екі кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезең – қоздырғыш түрін анықтағанға дейінгі кезең. Бұл кезеңде жалпы эпидемияға қарсы  және эпизоотияға қарсы іс-шаралар: карантинді хабарлау, улану ошағының өлшемі, сынақтар алынып, қоздырғыштар түрін анықтау үшін зертхналарға жіберіледі. Аумақтарды, ғимараттарды залалсыздандыру, санитарлық өңдеу бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Екінші кезең – қоздырғыш түрін анықтаған соң. Бұл кезеңде карантиндік режим сақталады, немесе обсервациямен ауыстырылады. Карантин хабарланған аумақтағы кейбір аурулар аумағында қауіпті аумақ белгіленеді. Бұл аумақта медициналық және ветеринарлық бақылау ұйымдастырылады, азық-түлік өнеркәсібіндегі кәсіпорындарға, қоғамдық тамақтану орындарына

бақылау ұйымдастырылады. Карантин хабарланған аумаққа апаратын барлық жолдарға ескерту белгілері қойылады.

 

Бақылау сұрақтары:

1.      Құтқару жұмысына нелер жатады?Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізудің мақсаттары қандай?

2.      Құтқару жұмыстарының мазмұны қандай?Жедел қалпына келтіру жұмысына нелер жатады?

3.      Қираған ғимараттардағы зақымданушыларды құтқару қалай жүзеге асырылады?

4.      Зақымданушыларға көрсетілетін алғашқы медициналық көмектің ұйымдастырылуы.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Добавил: Admin
Просмотров: 5935 | Загрузок: 164 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]