Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) [ Добавить материал ]

Электр жарақаты


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

25.04.2014, 23:59

Электр жарақаты

  Электр тоғының немесе найзағайдың- атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.
Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді. Тоқтың соғуы- организмге термиалық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.
Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу. 
Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы. Тоқтың әсерінін  жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.
Электр жарақаты кезіндегі жүйкі  жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.
Жүйке клеткаларының   зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйде бастан өткереді. Естен айырылу, дене температурасын төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы,  жүрек қызметінің әлсіреуі, дененнің құрысуы.
Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы ” тоқ ілгегі” деп аталады.Ол төменгі, жоғары толық ілгек болып бөлінеді:
Төменгі ілгек-аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес).
Жоғарғы ілгек – қолдан-қолға (қауіптірек).
Толық ілгек- өте қауіпті.Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ-қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.
Электр жарақаты  төрт дәрежеге бөлінеді:
I-дәрежеде зардап шегуші есінен айырылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;
II-дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады;
III-дәрежеде зардап шегушіде есінен айырылумен қатар   жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады;
IV-дәрежеде зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Добавил: Admin
Просмотров: 2782 | Загрузок: 75 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]