Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) [ Добавить материал ]

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 23:30

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар

Жоспар:

-Төтенше жағдай, туындау себептері.

- табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар;

- техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар;

- төтенше жағдай аймағы.

Тірек сөздер: төтенше жағдай, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай аймағы.

 

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады.

Төтенше жағдай пайда болу жағынан –табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді.

Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайды 5 топқа бөлуге болады:

§  қоршаған ортаның зиянды заттардан ластануы;

§  жарылыс,өрт;

§  көлік комуникациясындағы ТЖ;

§  әскери саясаттық сипатта болатын;

§  стихияға әкеліп соғатын.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдай.

Төтенше жағдай аймағы - бұл төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай таралу аумағынажәне келтірген нұқсанның көлеміне қарай объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:

1.      Төтенше жағдай, оның туындау себептері. Төтенше жағдай аймағы дегеніміз не?

2.      Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл, таудың су тасқыны, табиғи өрттер, сақтану шаралары.

3.      Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар: өндіріс орындарында болатын апаттар, көлік жүйесіндегі апаттар, түрлі жарылыстар мен өрттер; себептері.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Добавил: Admin
Просмотров: 9934 | Загрузок: 104 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]