Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) [ Добавить материал ]

Бақытсыз оқиғалар кезіндегі алғашқы көмек


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 23:35

Бақытсыз оқиғалар кезіндегі алғашқы көмек.

Жоспар:

1. Күйіктер, үсік шалу. Алғашқы көмек.

2. Суға бату, электр жарақаты, күннің өтуі немесе ыстық тию. Алғашқы көмек.

3. Жүрек- тамыр аурулары. Алғашқы көмек.

Тірек сөздер:күйік, үсік шалу, суға бату, электр жарақаты, күннің өтуі, жүрек- тамыр аурулары. Алғашқы көмек.

 

Күйік - жоғары температура (от, ыстық бу, қайнаған су), химиялық заттар (қышқылдар, негіздер) немесе иондаушы радиациялық сәуле әсер етуі нәтижесінде ұлпалардың зақымдануы.

Күю кезіндегіалғашқы көмек көрсетудің алгоритмі: Күйген жерді таза матамен жабу керек.Күйген жерге суық басу (қар, мұз) немесе ағып тұрған суық суға салу (5-10 мин.). Бұл көпіршіктердің пайда болуын болдырмайды.Зақымданушыға ауырсынуды басатын дәрі беру.«Жедел жәрдем» кешіккен жағдайда жылы сусын беру. Жылы сусын ағзамен тез игеріледі.

Үсік шалу дегеніміз төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдануы.Сіздің іс-әрекетіңіз:1. Адамды жылы көрпеге ораңыз.2. Оған ыстық шәй немесе кофе беріңіз.3. Құрғақ матадан жасалған орамалмен терісі қызғанша уқалау.4. Ал егер өзіңіз зардап шегіп қалсаңыз, мүмкіндігінше ыстық ваннаға түсіп және орамалмен құрғақтай денені сүртіп жіберіңіз.

Суға бату.Сіздің іс-әрекетіңіз:

1.      Зардап шеккен адамның бетін төмен қарату, басын жамбасынан төмен орналастыру

2.      Ауыз қуысын бөгде заттардан тазарту, тіл түбірін басу (құсу рефлексін тыныс алуды стимулдау үшін).

3.      Құсу және жөтел рефлексі пайда болған жағдайда тыныс алу жолдарынан және асқазаннан суды шығару.

4.      Егер құсу және жөтел рефлексі болмаса реанимация шараларын жүргізу керек (жасанды дем алдыру және жүрекке жанама массаж жасау).

5.      Дереу емдеу мекемесіне жеткізу

Электр жарақаты дегеніміз электр тоғының әсерінен болатын зақымдану. Алғашқы көмек:Электр тоғынан ажырату, ұйқы артериясында лүпілдің жоғына көз жеткізу, кеуде қуысына қатты соғу. Жүрек тоқтағанда арнайы аппарат дефибриллятор қолданады. Ол қол астыңда болмаған жағдайда кеуде қуысына қатты соғу  рекардиальды соққы деп аталады.

Ыстық тиюдегеніміз бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-400) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну.

Ыстық тиген адамға алғашқы көмек көрсету. Зардап шегушіні суық жерге, немесе жақсы желдетілген орынға апарып, киімдерін шешіп, басып сәл көтеріп жатқызып, басы мен жүрек төңірегіне суық су құйып, температураны төмендетіп, кордиамин ерітіндісін беру қажет.

Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б.

Бақылау сұрақтары:

1.      Күйіктер, үсік шалу. Алғашқы көмек.

2.      Суға бату, электр жарақаты, күннің өтуі немесе ыстық тию. Алғашқы көмек.

3.      Жүрек- тамыр аурулары. Алғашқы көмек.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Добавил: Admin
Просмотров: 4935 | Загрузок: 74 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]