Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) [ Добавить материал ]

Ауыл шаруашылығын радионуклиттермен ластанған жерлерде жүргізу


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

26.04.2014, 00:49

Ауыл шаруашылығын радионуклиттермен ластанған жерлерде жүргізу

        Радиоактивті ластанған аймақтарда агроөнеркәсіпті жүргізудің принциптері.
    Ауыл шаруашылық жерлерінің радионуклиттермен ластанғанда, ең алдымен ол аймақ қай кезде ластанғанын есепке алу керек. Ол ең алдымен стронций 90 мен цезий 137-ң физикалық ыдырауымен байланысты, сонымен қатар радионуклиттердің миграциялауымен де байланысты. Сондықтан да ластанған жерде, осыларды есепке ала отырып, тиісті іс-шаралар жүргізу қажет.
    Ластанған аймақтарда ауыл шаруашылығын жүргізу үшін, көршілес аудандардың да радиациялық жағдайын білу керек. Мұдай дерек ауыл шаруашылығын тиімді жүргізуге жағдай жасайды. Керекті деректер жиналған соң, іс-шараларды жүргізудің жоспарын дайындауга көшсе болады. Бірінші сатыда ластанудың коэфициентіне қарай аудандарды 3 бөлу керек(шартты түрде).
    Бірінші секторға ең аз мөлшерде ластанған, басқа да қосымша іс-шараларсыз құрамында аз мөлшерлі радионуклиттер бар астық жинау аймағын жатқызамыз. Оларга минералды тыңайтқыштар аз мөлшерде қолданылады. Бұл секторде барлық жұмыс қарапайым технологиялармен жүргізіледі. Ал оның өніме шексіз қолданылады.     Екінші секторға орташа радиацияланған ауыл шаруашылық жерлерін жатқызамыз( бірінші сектормен салыстырғанда, радиациялануы 3-4 есе жоғары). Бұл секторда ауыл шаруашылық өнімдерінің радионуклиттерін төмендету үшін міндетті түрде іс-шаралар қолдану керек( агрохимиялық және агротехникалық кешендердің барлығын қолдану қажет). Өнімдерде радионуклиттердің мөлшерін азайту үшін оларды техникалық қайта өңдеуден өткізеді.
    Үшінші секторға радиациялану мөлшері жоғарығы деңгейдегі ластанған аул шаруашылы жерлері жатады. Бұл жерлер бірінші сектормен салыстырғанда ластану деңгейі 8-10 есе жоғары. Мұндай аймақта ауыл шаруашылығымен айналысу тек мамандардың бақылауымен жүзеге асырылады. Бұл секторда агротехникалық, агрохимиялық іс-шараларды қолдану міндетті болып табылады. Бірақ мұндай іс шараларды қолданғаннан кейінде өнімде радионуклиттердің азаюына кепілдік болмайды. 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Добавил: Admin
Просмотров: 561 | Загрузок: 74 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]