Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Құқық социологиясы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (24.6Kb) ] 08.11.2013, 15:50

Құқық социологиясы.

Жоспар:

1.Құқық социологиясы ұғымы және ерте түркі дәуіріндегі әлеуметтік құқықтық ойлар.

2.Әл-Фараби және оның шығармаларындағы әлеуметтік – құқықтық ойлар.

3. XIX-XX ғ. Қазақстандағы әлеуметтік құқықтық ойлар.

 

1.        Құқық социологиясы жалпы социологияның бір саласы, ал құқық нормалардан, ережелерден, қағидалардан құралады. Құқықтың көмегімен адамдардың іс-әрекеттері, мінез-құлықтарын, жеке адамдармен мемлекеттің құқық қатынастарын ретке келтірілді және қоғамдағы озғырлықпен күрес, құқық және бостандық өлшемдері іске асырылады. Құқық саяси қатынастардың ортасы, бірақ социология адамдардың құқық нормаларымен оның инстуттарын анықтайтын сана мен (мінез)іс-әрекеттің ерекше бөлімін зерттейді. Құқық ұғымының көптеген айырмалары бар. Олардың кей біреулеріне тоқталатын болсақ, Гегель мемлекеті- «жердегі құдай»дейді. Сондықтан құқықтық іс-әрекеттер бағасы мемлекеттің шүбәсіз беделінен басталады дейді. Белгі орыс заңгері және социологы Новгородцев құқық мемлекет пен жеке тұлғаның үндестігінің жетістіктеріне негізделеді дейді.

   Социология құқық нормаларының орындалуын қабылдануын, және бекітілуін емес, оларды адамдардың меңгеруін, (түсінісуі)ұғынуын, оларды қабылдау немесе қабылдамауын, оларға қарсылық тудыруға ұмтылуын т.б. қарастырады. Құқық социологиясының мақсаттарының бірі-қоғамдық өмірмен құқық саласындағы тығыз байланысты, құқықтық әлеуметтік қызметтерінің мәнін, мағынасын, заң нормаларының барлық деңгейлерде, жалпы алғанда әлеуметтік топтардың және жеке адамдардың, қарым-қатынастарын,мінез-құлық нормаларын зерттеу болып табылады. Социологияның тұрғыдан адамдардың, мемлекеттік және қоғамдық организмдердің қарым-қатынастарын, тәртібін, іс-әрекеттерін реттеп отыратын мемлекет тағайындалған, немесе бекітіп рұқсат еткен жалпыға міндетті - әлеуметтік нормалар жүйесі.

    Ерте түркі мемлекетінде VI-VIII ғасырларда тасқа қашалып жазылған. "Орхон-Енесей” жазба ескерткіштерінің дүние-жүзілік өркениет тарихында алатын орны ерекше.

   Бұл ескерткіштер жазба мәдениетінің ғана емес, сол кездегі саяси ойдың да асыл мұрасы болып табылады. "Күлтегін”, «Білге қаған» және «Тоныкөк» шығармаларында сол бір тарихи кезеңнің саяси тыныс, түркі халықтары өміріндегі аласапыран оқығалар, ел билеушілерінің отаншылдық, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным – сенімі, ұлыс аралық қарым-қатынастар, жеңістерімен қателіктері баяндалды.

   «Күлтегін» жазба ескерткіштерінде түркі мемлекетін, орнықтырған алғашқы қағандар ақылды да, күшті болып суреттеледі. Ақылды қағандар басқарған елдің шенеуліктері де, халқы да ақылды болып келеді, халықтың әдет- ғұрыптар мен заңдар мүлтіксіз орындалады, бұзық ниеттегі адамдар болмайды. Билеуші нашар болса, бұрынғы әдет-ғұрыптық жоралғылар сақталмаса, ауыз –біршілік болмаса мемлекеттің шаңырағы шайқалады, қолдан билік кетеді, халқы құл болады.

  Сатқындық пен опаксыздықты, өзара жауласушылықты Көк Тәңірісі де қолдамайды. Ерте түркі өркениетінің саяси-әлеуметтік саладағы құнды табыстарына олардың қоғамның жаңа әлеуметтік саяси құрылымын қалыптастыруын жатқызуға болады. Жоғары биліктегі қағанның ең басты міндеті де «ел жұртының қамын ойлау, халқын асырау, елді қорғау, күші мен ісін мемлекет мүддесіне жұмсау» болған.

  Елтеріс қаған мен Тоныкөктің басты мақсаты- түркі халқының басын қайта біріктіріп, оны қуатты да күшті елге айналдыру. Тәуелсіздік бәрінен де қымбат. Халықтың ынтымағы мен бүтіндігін ойлаған олар «бірн рет қана тойынуды» мақсат еткендермен аяусыз күрес жүргізеді.

  Мемлекет билеушісі елдің даңқы мен атағы үшін, халқы мұңсыз, бейбіт өмір сүруі үшін қызмет етуі тиіс. Қағандық өкімет пен билікті нығайту, халықтың қағанға мойын ұсынып, сөзсіз бағынуы-олардың тәуелсіздігі мен бейбіт тұрмысының, берекелі тіршілігі мен игілікті ісінің шарты екендігін ұмытпау үшін қағанның өсиеттері кейінгі ұрпақтарға қалдырылды.

  Қазақстан аймағындағы алғашқы адамдар, тас дәуірінен бастап еңбек құралын сапасына қарай таңдады, осыдан сезімді, мәнді әрекет процесі басталды. Ғұндардың өзі заттар мен тіршілік иелеріне сапа тұрғысынан қарады. Мейлінше күшті күтім тілемейтін, алыс жорықтарға төзімді асыл тұқымды жылқыларды өсіргені дұрыс көрді. Тайпа көсемін оның сапалық қасиеттерін салмақтай отырып сайлады. Оның қасиеттері неғұрлым күштілігі, айлалы бағаланды.

  Қазақтың ата-тегінің еңбек әрекетімен, яғни мың шақырым, одан да ұзаққа созылған көш жолдарының белгілі күн мен айға байланысты басып өтілуін белгілеумен кеңестік ұғымының дамуы басталды.

  Ислам діні Қазақ жеріне ене бастаған дәуірлерде түркі тайпалары рулық-патриархаттық дәстүрді сақтай отырып, феодалдық қарым-қатынас жолына көшіп әрі өзара тартыс пен қырқыстары өрши түсіп, этногенездік тектер (қазақ, қырғыз, қарақалпақ,башқұрт,ноғай,өзбек т.б.)пайда болу процестері туындап жатты. Ислам дінінің енуі осы дәуірде өмір сүрген түркі тайпалары арасындағы феодалдық қарым-қатынастың өркендеп өсуіне жол ашты, тайпалар арнасындағы өзара достықты күшейтіп, сенімдерін нығайтты.

2.        Әбу-Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед ибн Излағ ибн Тархан Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені сырға барып құятын өңірдегі Фараб қаласында дүниеге келді.Туған жері қазақтаң қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу-Насыр Фараби, яғни Фараптан шыққан Әбунасыр аталып кеткен. Бұл қаланың орны қазіргі Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында.

Сол тұста өмір сүрген зерттеушілердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатырастармен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Отырарға орта ғасыр ғалымдарының көп назар аударғанын біз тарихтан жақсы білеміз. Географиялық көрініс түрліше бұл өмір суармалы егіншілікпен айналысуға да қолайлы болған. Ғалымдардың айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, қырдағы көшпенділер мен қала тұрғындары жиі қарым-қатынас, тығыз байланыс жасап отырған екен.

Қайырымды қаланың орнығуында Әл-Фараби мұсылман құқығының принциптерін талап етпейді, оны ақыл парасттың дамуы мен қайырымдылықтаң нығаюымен байланыстырады. Әл-Фараби саясат туралы ілімді мұсылман құқығымен , догматикасымен салыстыру арқылы олардың құдайлық бастауы туралы ұқсастығын емес, бұл ілімдердің адам іс-әрекетімен мінез-құлқындығын әртүрлі жақтарға тигізетін әсерінің мәнін атап көрсетеді. Әл-Фарабидің  саясат туралы айтқан құнды ойлары Араб шығысы мен Орта Азия елдерінде әлеуметтік-құқықтық ілімнің одан кейінгі дамуына өз ықпалына тигізе алды. Оның әлеуметтік-құқықтық идеялары орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде көрініс тапты.

Сонымен, Әл-Фарабидің әлеуметтік –құқықтық көз қарастарынан бүгінгі қоғамның көріністеріне пайдалы тиесілі үндестік табамыз. Оның өз заманында айтқан құнды пікірлерінің қазіргі егеменді Қазақстанымызға қаншалықты маңызы барлығына көз жеткізіп отырамыз.

3.        Қазақ әдет-ғұрып заң нормалары сағымға айналған сан ғасырларды қамтып, бірте-бірте жетіле, қалыптаса түсті. Қоғам ішіндегі дау-жанжалдар, тәртіпсіздіктер мен әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бірте-бірте күллі қазақ тайпалары мойындайтын әдеттік заң нормаларына айналып, реттеле берді. Түбегейлі ережелерді қабылдауда халыцқ кеңесі, шақырылған. Оған әрбір тайпалар мен рудалардың өкілдері қатысқан. Бұл әдет-ғұрып заң нормаларын "төрелік ”, "ата-баба жолы”, "ереже”,   "жөн-жосық”, "заң”, "жарғы”, т.б. деп атаған. Сондай ірі заңдардың бірі «Оғыз ханның заңдары »яғни "Түркістан ақсақалдарыының шешімдері”. Міне, осы «ақсақалдар ережесі » қазір Түркиядағы Сүлеймания кітапхана қорында сақтаулы тұр.

Бұл заң шешімнің негізгі мәні: тұрмыстық жағдайға лайықтап көшіп қону жолдары, бір-біріне қысылғанда көмек көсету, көсемін сайлау, мұрагерлік заңы , туыс-туыстарына үйленбеу, тәртіпсіздіктің алдын алу әрі болдырмау , ұрлық-қарлықты тыю., т.б. Аталған заңдарда «қанға-қан, жанға-жан»дәстүрі қатаң сақталған. Ру таңбасы сол тайпаның нышүаны ретінде жалауларына, мал ұрандарына салынды, Әрбір ру-тайпалардың өзіне хас ұрандары блоды. Осы тайпалардың нәсілдік тегі, тілі, мінез-құлқы, басынан кешірген уақиғалары бірдей болып, тайпалық айырмашылықтары бірте-бірте жоғалып, ортақ халықтық қасиеттері пайда болған.

Қазақ халқының өз алдына жеке халық болып қалыптасуы ұзақ дәуірлерді басынан кешірнді. Түркі тектес халықтар арасынан тайпалардың өзара этникалық тұрғыдан бірігуі нәтижесінде халық болып қалыптасқанында дау жоқ. Әуелі алты алашқа бөлінген жұрт келе-келе Үш жүзеге, сонан соң қазақ халқына айналды. Тайпалық айырмашылықтар жойылып, халықтық қасиеттер молая бастаған дәуірде ислам діні және оның шариат заңдары енді. Қазақстанға ислам діні күштеп енгізілмеген. Екі сенім тез тіл табысты. Соның нәтижесінде ислам мен қазақ сенімдері бірігіп, бірін-бірі толықтырып, кемелдене түсті. Алайда қазақтардың өзіне тән ерекшеліктері жоғалмады. Ислам қазақ тайпаларына үш кезеңде енді.

Өз алдына тәуелсіз мемлекет болған қазақтардың егемендігі ұзақ болмай, әртүрлі себеп-салдармен Ресейге бодан болғаны баршаға мәлім. Ресей Қазақстанды өз қол астына қаратқаннан кейін қазақ халқының құқығына орыс заңдарын енгізіп, Әкімшілік өзгерістер жасады.

Қазақ әдет –ғұрып заңдарына көз салсақ( "Қасым ханың қасқа жолы ”, "Есім ханның ескі жолы”, Тәуке ханның «Жеті жарғысы», т.б. ), оның бәрінде де жасаған қылмысына сай қылмыскер жазасын тарту, ал қылмыс неғұрлым ауыр болса, «қанға –қан, жанға -жан» принциптерімен жазалау, ал онан гөрі жеңілдеу болса, қанға-қан, жанға –жан принципі орнына құн яғни мүліктік компазиция талап ете алған. Құнды бүкіл руластары болып төлеген. Басқа қылмыстары үшін тоғыздардан тұратын айыптар салған.

Ең ауыр қылмыс болып кісі өлтіру, зінәқорлық, біреудің отбасы бүлік салу, діннен безу, ата-анасын ұру, өкіметке қарсы көтеріліс жасау, т.б. табылады.

«Он бесінде отау иесі» болғандықтан қазақ әдет-ғұрып заңы бойынша ерлер15 жасынан,әйелдер16 жасынан істеген қылмысына жауап берген.

Жазалау екі түрлі: басымен тартатын жаза, малымен тартатын жаза болып екіге бөлінген. Басымен тартатын жазаға: өлім жазасы, масқаралау, сабау, т.б., ал малымен тартатын жазаға: айып, құн, ат-тон айып, тоғыз айып , т.б. жатады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 2017 | Загрузок: 268 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]