Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Социологиялық парадигмалар


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (42.5Kb) ] 19.02.2014, 21:59
Социологиялық парадигмалар

Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп қалыптасады. Мұндай жүйелер жалпы мойындалған бір немесе бірнеше теорияларды қамтып отыруы мүмкін. Сол сияқты өзінің  қалыптасу сәтінен бастап, социология бірнеше теорияларға  негізделіп дамып отырды. Социолог-ғалымдардын әр топтары  өздерінің ғылыми бағыт-бағдарына қарай, идеялық мақсат,  мұраттарына қарай ор түрлі теорияларды басшылыққа алып  отырды. Олардың әркайсысының өз методологиялық және методикалық принциптік негіздері болды. Міне, сол теорияларға негіз болған басты шарттар мен принциптердің жиынтығыи  парадигмалар деп атайды. Кең мағынада парадигмаларды  социологиядағы теориялық концепциядар деп карауға болады.  Әр парадигма өзіндік талғампаздық симатымен ерекшеленеді.  Олардың коғамдағы әртүрлі факторларға, адамдардың мінез-құлықтарына талдау жасауда маңызы зор. Сондықтан олардың ешқайсысы жеке-дара коғамға толық синаттама бере алмайды. Бірақ олардың әркайсы сының қоғамды тануда білгілі бір косатын  үлесі бар.
Барлық социологиялық парадигмаларды қоғамды анализ  жасау тәсілдеріне және өздерінің методологиялық принциптеріне қарай үлкен екі топқа бөлуге болады:   1) құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигмалар; 2) интерпретатипті немесе  микросоциологиялық   парадигмалар.    Бірінші   топтағы, (кұрылымдық) парадигмалар қоғамды тұтас жүйе ретінде, оны ұйымдастыру, қызметтік мәселелерін және дамуын қарастырады. Ал екінші топтағы парадигмалар негізінен әлеуметтік іс-әрекет ретінде адамның мінез-құлқына баса көңіл бөледі.
Бірінші топтағы құрылымдық парадигмаға жататын   парадигмаларға тоқталатын болсақ., олар төмендегідей:
 1)функционалдық (қызметтік) парадигмалар;
2)конфликтік (конфликтологиялык) парадигмалар.
Конфликтологиялық парадигманын өзі үш тармаққа бөлінеді:
а) марксистік, б) неомарксистік, в) беймарксистік конфликтологиялық социология.
Екінші топтағы интерпретативті парадигмаларға жататындар:  
1) әлеуметтік әрекетті қарастыратын парадигмалар;
2) символикалык интеракционизм;
3) феноменологиялык парадигма;
4) этнометодологиялык парадигмалар.
Олардың әркайсысына   кысқаша тоқталатын болсақ, макросоциологиялық парадигмалардың бірі – фуңкционалдық парадигма.
Құрылымдық - функционалдық парадигманың өкілдері: Огюст Конт, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм, Талкотт Парсонс, т.б. Олар қоғамды бір-біріне өзара тәуелді құрылымы бар және қоғамдық бүтінді құрайтын тұтас жүйе ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, қоғамдық құрылымдағы мемлекет, жанұя, дін сияқты кейбір институттар дербес құрылым бола алмайды, керісінше әлеуметтік жүйенің белгілі бір құрамдас бөлігі ғана болып есептеліп, олар қоғам қасиетіне белгілі бір үлесін қоса алатын организм. Сондықтан қоғамның тіршілігі үшін және ол жалғасуы үшін негіз болатын белгілі бір шартты жағдай қажет деп көрсетеді. 
Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигманың екіншісі - конфликтік (конфликтологиялық) парадигма. Мұның өкілдері де коғамды кұрылымдық тұрғыдан қарастыра отырып, ныңтұтас жүйеекендігін мойындайды. Құрылымдық принципті мойындай отырып, өз теорияларын коғамның әр түрлі топтық кұрылымына, олардын мүдделерініц әр түрлі болуына және бірі екіншісін пайдалану арқылы пайда табу әрекеттеріне талдау жасауға негіздейді. 
Міне, сол топтардың мүдделерінің әр түрлі болуына байланысты конфликтердің болатындығын көрсетіп, ал ол өз тарапынан қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақсыздық тудырып отыратындығын анықтау мақсаты қойылады. Яғни, олардың пікірінше, әлеуметтік әртүрлі топтардың болуына және олардың мүдделерінің бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты қоғамда әр кезде конфликтік потенциалдың болуы табиғи құбылыс болып есептеледі.
Конфликтік парадигмалар қоғамдағы әлеуметтік топтардың бөліну негізіне және конфликтердің сипатына қарай, марксистік неомарксистік және беймаркситік конфликтік парадигмаларға бөлінеді.
Марксизм қоғамды тұтас әлеуметтік шындық ретінде қарастырады. Екіншіден, марксизм халықты қоғамды жасаушы және халық қоғамның даму нәтижесі ретінде таниды. Сондықтан халыққа әлеуметтік қатынас, идеялар жүйесі ықпал етіп отыратын болып есептеледі. Демек, қоғамдағы әр түрлі институттар, әсіресе экономикалық, саяси, құқықтық, және діни институттар өзара тәуелділікте болатын тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс дейтін ұстаным басшылыққа алынады.
Үшіншіден, марксизм қоғамның козғалу, өзгеру, даму тарихына диалектикалық көзқарасты қалыптастырады. Яғни әлеуметтік өзгерістер қоғамдағы бір-біріне қарсы күштердің өзара күрестері негізінде болатындығын көрсетеді. Диалектикалық қозғалыс — ол қарама-қарсылықтардың күресі, қарама-қайшылықтардың конфликтінің жемісі деп көрсетіледі. Сол қайшылық немесе одан туатын конфликт қоғам дамуының қайнар көзі дейтін пікірді мойындайды марксизм. Әсіресе экономикалық жүйедегі қайшылық және конфликт әлеуметтік өзгерістегі басты фактор болып есептеледі.
Марксистік парадигмада экономикалық конфликт, әсіресе, қоғамның үстем және тәуелді топтарға бөлінуінен, сондай-ақ олардың    арасындағы,    ең    алдымен,    экономикалық қайшылықтардан туындайтындығына талдау жасауға басты назар аударылған. Сайып келгенде, марксистік конфликтологиялық парадигма да қоғамның құрылымдық институттарына және оның топтық жіктерге бөліну принциптеріне сүйенеді.
Социологиялық жүйелері марксистік теорияның ықпалында болған ғалымдарды неомарксистерге жатқызамыз. Дегенмен олардың кейбіреулері өз көзқарастарын қалыптастырды. Неомарксистер, әсіресе, Маркстің коғам даму тарихын анықтаудағы экономикалық фактордың маңызды немесе шешуші роль атқарады дейтін көзқарасына қарсы шығады. Неомарксистік парадигманың негізгі өкілдері қатарына Антонио Грамши П.Уиллис, Инграм Тейлор, П. Уолтон, Дж.Янг, Юрген Хабермас сияқты ғалымдарды жатқызуға болады.
Қорыта       келгенде,       неомарксистер        өздерінің парадигмаларында конфликт көзін экономика жүйесінен емес, керісінше, қоғамның мәдени және идеологиялык салаларынан өрбиді. Бірақ олар да қашан және қандай жағдайда мәдени фактор тағдыры   үшін    маңызды   және   шешуші   роль атқаратындығына толық анализ бере алмады. 
Беймарксистік конфликт парадигмасына келетін болсақ, бұл теорияның өкілдері де өз пікірлерін Маркске қарсы қояды. Олар қоғамда конфликтке түсетін, Маркстің айтқанындай, екі топ емес, одан басқа көптеген топтар бар деген пікірге келеді. Сондай-ақ, оларда экономикалық мүддеден басқа да мүдделер бар деп есептейді. Демек, ол топтар экономикалық билік үшін емес, алдымен әлеуметтік статус үшін күресуі мүмкін деген тұжырым жасайды. Мәселен, беймарксистік конфликт парадигмасын қазіргі өкілдерінің бірі, неміс социологы Ральф Дарендоря әлеуметтік конфликтер туралы Маркстің анализдері 19-ғасырдағы жағдайға сәйкес келгенімен, оны бүгін экономикалык жағдайларға қолдануға болмайды деп есептеді. Мәселен, АҚШ пен Ұлыбритания посткапиталистік жағдайда өмір сүруде. Жоғары мамандандырылған жұмысшылардың саны өсуде, аралық таптар ұлғаюда. Таптар арасындағы табысы жағынан алшақтық жойылуда деп айта келе, ол елдердегі бүгінгі өзекті мәселе, ол өндіріс кұрал-жабдықтарға қожалық пен оған бақылау жасау құрылымдары арасындағы үйлесімдіктің бұзылуы деген қорытынды жасайды.
 Микропарадигмаларға келетін болсақ, оның алғашқысы әлеуметтік   әрекет   парадигмасы.   Бұл   прадигманы жақтаушылары, әдетте, индивидтін мінез-кұлкын айқынды отыратыи   қоғамда  нақтылы  әлеуметтік  құрылымының болатындығына қарсы болады.
Дегенмен, олардың кейбіреулері коғамдағы ондай әлеуметтік құрылымдардың болатындығын жоққа шығармайды, бірақ олар адамдардың мінез-құлқын, ең алдымен олардың өздері мінездеріне қандай мән, мағына беру тұрғысынан түсіндіріле және талдануы тиіс дейтін пікірді жақтайды. Мұндай концепцияның жақтаушысының бірі - неміс социологы Мат Вебер. Оның пікірінше, социологияның негізгі мақсаты - әлеуметтік әрекеттерді оның себептері арқылы түсіндіру болып табылады. Вебердің түсінігінде, әлеуметтік әрекет - ол адамның өз ісіне өзі мән беруі арқылы жасалатын және ол іске асырылған жағдайда оған басқа адамдардың әрекеті немесе мінез-құлқы арқылы жауап қайтару мүмкіндігі ескерілетін іс-қимыл. Мәселен адамның ойланбай істеген әрекеті немесе кенеттен болған жағдайлар Вебердің пікірінше, әлеуметтік әрекетке жатпайды. Сондай-ақ, адамның іс-әрекетіне басқаның көңіл аударуы эмоциясы ескрілмесе, ол да әлеумегпк әрекетке жатпайды. Мысылы адамның жеке үйде отырып, намаз оқуы, т.б.
Сомдыктан Вебер әлеуметтік әрекетті түсіндіру үшін ең алдымен әрекет субъектінің өз ісіне берген мағынасын анықтау десе екіншіден, әлеуметтік әрекеттің себептік мотивтерін анықтау қажет деп көрсетеді. Вебердің пікірінше, әлеуметтік әрекеттер үлкен әлеуметтік өзгерістерге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, әлеуметгік әрекеттер институттар мен топтардың іс-әрекет сипатына ыкпал етеді.
Вебер әлеуметтік өмірдсгі идеяныи манызды ролін жактай отырып, адамдардын қоғамдық санасын, бүкіл көзқарасын түгелдей коғамның материалдык. немесе экономикалык факторлары анықтайды дейтін пікірге қарсы болады. Оның пікіріншс.діни көзкарастар аркылы да коғамның экономикалық жүйесін өзгертуге болады.
Символикалык. интеракционизм концепцилсының өкілдері де әлеуметтік әрекетке көңіл бөледі, бірақ бұлар кіші шеңбердегі әлеуметтік өзгерістер интеракциялық жағдайларға баса назар ауадарады. Яғни, адамның өзіндік болмысы, оның қалыптасқан ортасындағы құрылымдық қатынастың көрінісін береді және сол ортадағы символдарды қабылдаудан тұрады, әрі индивидтің сол ортадағы рөлінен кұралады деп көрсетеді. Адамдар өзінің адамдық қасиетіне тек өздері өзара символдар арқылы қарым-қатынас жасаған жағдайда ғана ие бола алады деген пікірді жақтайды. Ал символдың ең негізгісі тіл деп көрсетіледі. Символ тек затты белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге, ол затқа ерекше образ береді және адамның көңілін аудартады. Екінші сөзбен айтқанда, символ сол заттың атқаратын қызметін баса көрсетеді және адамның сол затқа деген қимылдық іс-әрекетінің белгілі бір түрін, бағытын көрсетеді. Сондай-ақ символ адамдардың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас құралын қамтамасыз етеді. Мысалы, Мидтің пікірінше, символсыз адам арасындағы қатынас жоқ және сайып келгенде, адамзат соғамының болуы да мүмкін емесх
Сонымен, Мидтің пікірінше, адамдар әрі әлеуметтік ортаның өздері жасай алады, әрі сол ортаның ықпалында болады. Яғни адам тек әлеуметтік ортада ғана қалыптаса алады. Және адамдар тек символдар дүниесінде ғана өмір сүреді әрі оның мәндік жағы, өмірдің мәндік сипаты адам қарым-қатынасына, іс-әрекетіне негізі болады деп көрсетеді.






















Әдебиеттер тізімі



1. Социология // Тұрғынбаев Ә. Х., Алматы- 2001
2. Қоғамның - әлеуметтік шындық// Тұрғынбаев Ә. Х., Алматы – 2000
3. Социология, Алматы - 1999


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 1642 | Загрузок: 342 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]