Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Қоғамның әлеуметтік құрылымы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (31.0Kb) ] 08.11.2013, 15:48

Қоғамның әлеуметтік құрылымы

1.    Қоғам және оның мәні.

2.    Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

3.    Қоғамдардың жіктелуі.

Қоғам түсінігі социологияның басты категорияларының бірі болып табылады.

Бірақ қоғамның анықтамасын бермес бұрын "табиғат” пен "қоғам” сияқты кең ұғымдарды шектеу, олардың ара жігін айқындап алу қажет. Бұл әлеуметтік-философиялық проблеманың дұрыс шешілуінің социология үшін басты, әдістемелік маңызы бар.

Біз әдетте адам, қоғам - табиғаттың бір бөлігі деп жиі айтамыз және оның негізі бар. Бұл жерде "табиғат” ұғымы бүкіл дүниенің, барлық шынайылықтың (органикалық және бейорга­никалық дүниенің, адамның, қоғамның) табиғи бірлігін білдіретін аса кең мағынасында қолданылады. "Қоғам - табиғаттың бір бөлігі” деген тезис мына бір фактіні растайды: адам, демек қоғам да табиғаттан пайда болады; адам - басқа жанды тіршілік иелерімен ортақ қасиеттері көп және табиғат заңдарына бағынатын биологиялық тіршілік иесі; адам баласы тірі табиғат дамуының жоғары сатысы болып табылады; қоғам табиғи ортамен органикалық байланыста және тығыз қарым-қатынаста болады және табиғаттан тыс және одан қол үзіп өмір сүре де алмайды, дами да алмайды; табиғат та, қоғам да өз дамуында ортақ іргелі заңдарға бағынады және т.с.с.

Қоғамды табиғатқа қарсы қоятын басқа бір жағдайда "табиғат” ұғымы деп оның адамға, қоғамға қатысты сыртқы (табиғи-географиялық) орта ретіндегі тұтас шынайы дүние емес, оның тек бір бөлігі ғана айтылады. Адам - мейлі ол өзінің көрінісінің жоғары нысанында болсын, биологиялық (тірі, табиғи) тіршілік иесі ғана емес, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынан өрбитін тек өзіне ғана тән әлеуметтік сапалар мен қасиеттері бар сапалық тұрғыдан жаңа, принципті ерекше құбылыс; ал қоғам өмірі - әлеуметтік санадан жұрдай және өзін жануарлар әлемінен бөліп көрсетпейтін жеке биологиялық түрлер әрекет ететін биологиялық өмірге (ұйымшылдығы жоғары жануарлар - адамға ұқсас маймылдардың өміріне) қосылмайтын сапалық өзіндік ерекше, әлеуметтік өмір екендігін көрсету және атап өту қажет болған кезде мұның ерекше маңызы бар. К.Маркс адам болмысын қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы ретінде анықтаған кезде ол осы арқылы адамның ең алдымен қоғамның өнімі екендігін атап өтуге тырысқан.

Социологияда "қоғам” категориясына әр түрлі тұжырымдамалық көзқарастар жасалған. Мысалы, "атомистік” теория бар, оған сәйкес қоғам әрекет етуші адамдардың немесе олардың арасындағы қарым-қатынастардың жиынтығы болып шығады. Бұл тұжырымдаманы шегіне жеткізген Г.Зиммель теориясы болды, ол "қоғам” жеке адамдардың өзара іс-қимылын білдіреді деп ұйғарды. Г.Зиммельдің пікірінше, өзара іс-қимыл әрқашан белгілі бір нәрсеге берілу немесе белгілі бір мақсат үшін қалыптасады. Эротикалық инстинкттер, іскерлік мүдде, діни импульстер, қорғаныс немесе шабуыл, ойын немесе кәсіпкерлік, көмектесуге, үйренуге ұмтылу, сондай-ақ көптеген өзге де уәждер адамды басқа адамдар үшін, басқа адамдармен бірге, басқа адамдарға қарсы әрекет етуге, ішкі жан дүниесін үйлестіруге және келістіруге, яғни ықпал етуге және өз кезегінде ықпалына көнуге итермелейді. Бұл өзара ықпал ету жеке қозғаушы импульстер мен мақсаттарды таратушылардан бірлестік, "қоғам” құралады.

"Әлеуметтік топтар” теорияларында қоғам - бір басым топтың сан алуан түрі болып табылатын адамдардың түрлі топтарының жиынтығы ретінде түсіндіріліп келді. Қоғамды адамдардың неғұрлым жалпылама жиынтығы ретінде қарастыра отырып, бұл тұжырымдаманың авторлары "қоғам” ұғымын "адамзат” ұғымымен теңестіреді.

"Қоғам” категориясының анықтамалар тобы әлеуметтік институттар мен ұйымдар жүйесін білдіреді. Қоғам - тұтас бір институттар мен ұйымдар шегінде бірлесе отырып, әлеуметтік өмір құрайтын адамдардың үлкен тобы.

Функционалдық тұжырымдама қоғамды іс-әрекеттердің өзін-өзі қамтамасыз етуші жүйесін білдіретін адамдар тобы ретінде сипаттайды.

Әр түрлі тұжырымдамалық анықтамалар негізінде социологияда сондай-ақ ішкі ұйымдас­тыры­луымен, аумақтығымен, мәдени алуандығымен және табиғи өсуімен сипатталатын салыстырмалы дербес немесе өзін-өзі қамтамасыз ететін халық ретінде талдамалық анықтама қалыптасқан.

Түрлі социологиялық мектептердің өкілдері қоғам анықтамасына қосатын әлеуметтік категориялар қоғамның табиғаты мен сипатын түсіну үшін өте маңызды.

Қоғам әр түрлі әлеуметтік байланыстардың, өзара іс-әрекеттер мен қарым-қатынастардың тығыз бірігуін, шоғырын білдіреді. Бірақ қоғамды жеке адамдардың, олардың байланыстарының, өзара іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының қарапайым қосындысы деп қарауға бола ма? Қоғамды жүйелілік тұрғысынан талдайтын болсақ, ол - қосынды емес, тұтас жүйе. Жүйе - өзара байланыстар мен қарым-қатынастарда болатын, бірыңғай тұтастықты білдіретін және тіршілік етуінің сыртқы жағдайларына қарай құрылымын өзгерте алатын элементтердің сапалық анықталған жиынтығынан тұратын пән, құбылыс немесе процесс. Кез келген жүйенің маңызды сипаты тұтастығы мен бүтіндігі болып табылады. Қоғам деңгейінде жеке әрекеттер, байланыстар және қарым-қатынастар жаңа жүйелі сапаны - элементтердің қарапайым қосындысы деп қарауға болмайтын ерекше сапалық күйді білдіреді. Қоғам өзіне кіретін элементтердің жеке алғанда ешқайсысында жоқ сапалардың тұтас жүйесі болып табылады. Өзінің интегралдық сапаларының салдарынан социологиялық жүйе оны құрайтын элементтерге қарағанда белгілі бір дербестікке, өзінің дамуының салыстырмалы дербес тәсіліне ие болады.

Қоғам тұтас жүйе ретінде мынадай ішкі жүйелерден тұрады: экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық. Бұлардың әрқайсысын өз кезегінде жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл ішкі жүйелерді әлеуметтік жүйенің өзінен ажыратып қарау үшін оларды социетальді деп атайды. Бұл жүйелер арасындағы өзара қарым-қатынаста себеп-салдар байланыстары басты рөл атқарады. Мұның өзі осы жүйелердің әрқайсысы өз бетінше өмір сүрмей, басқа жүйелерге себеп-салдарлық тәуелділікте болатынын білдіреді. Бұл жүйелердің барлығы иеарархияланған құрылымды білдіреді, яғни олар тізбектелген тәртіппен субординация, бағыныстылық арақатынаста болады. Сөйтіп, бұл жүйелердің алдыңғылары кейінгілеріне анықтаушы ықпал етеді, ал олар өз кезегінде алдыңғысына кері ықпал жасайды.

Әлеуметтік байланыстардың сипаты мен түрі алдыңғы қатарға шыққан жағдайда қоғам әлеуметтік жүйе ретінде мынадай ішкі жүйелерді қамтиды: әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік рөлдер, нормалар және құндылықтар. Олардың әрқайсысы бұл жерде де өзінің ішкі жүйелері бар айтарлықтай күрделі әлеуметтік жүйелерді білдіреді.

Материалды қорыту деңгейі бойынша қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде зерттеудің өзара байланысты үш қыры бар:

а) "жалпы қоғамды” зерттеу, яғни қоғамның жалпылама, әмбебап қасиеттерін, байланыстары мен ахуалдарын (әлеуметтік философиямен тығыз байланыста және оның жетекші рөлімен бірге) бөліп көрсету;

ә) қоғамдардың нақты-тарихи түрлерін, өркениеттің даму сатыларын зерттеу;

б) жеке нақты қоғамды, яғни нақты өмір сүретін елдер мен халықтар қоғамдарын зерттеу.

Сонымен социология ғылымы қоғамды:тұтастығымен, орнықтылығымен және біріктірушілігімен;  өзін-өзі байытуымен, жеткілікті болуымен, реттеп отыруымен; мәдениет дамуының әлеуметтік байланыстардың негізін құрайтын нормалар мен құндылықтар жүйесін жасауда көрініс табатын деңгейімен сипатталатын адамдардың бірлестігі деп қарастырады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, социологтар қоғамның мынадай жалпы социологиялық анықтамасын береді: "Қоғам - адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзара байланыстары мен өзара іс-әрекетінің тарихи қалыптасқан нысандарымен біріккен әрі тұрақтылығымен және тұтастығымен, өзін-өзі байытуымен, жеткілікті болуымен, реттеп отыруымен және өздігінен дамуымен, мәдени дамуының өзара байланыстары мен өзара іс-әрекетінің негізін құрайтын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар көрініс табатын деңгейімен сипатталатын жиынтық” .

Қоғам - өзінің жүйесін құраушы элементтері мен ерекше интегралдық қасиеттері бар сапасы жағынан әр түрлі әлеуметтік ішкі жүйелер жиынын қамтитын төтенше күрделі құрылым. Олардың негізгілері әлеуметтік қарым-қатынастар негізін құрайтын әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, институционалдық және ұйымдық байланыстарды құрайтын әлеуметтік институттар, әлеуметтік бақылау негізін құрайтын әлеуметтік нормалар мен құндылықтар болып табылады.

Қоғамды зерттей отырып, социология ғылымы әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастарды заң және заңдылық деңгейінде зерттейді. Социология заңдарында біреудің екінші біреумен, қандай да бір қауымдастықтың қоғаммен, жеке тұлғаның қоғаммен, әлеуметтік жүйелердің, процестердің, институттардың бір-бірімен және қоғаммен байланыстары туралы сөз болады. Социология заңдарын қоғам тудырады және ол заңдар сол қоғамда қолданылады. Социология заңдарының неғұрлым елеулі белгілері :


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 3147 | Загрузок: 969 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]