Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Қоғам мен әлеуметтік институттар


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (21.5Kb) ] 08.11.2013, 15:45

Қоғам мен әлеуметтік институттар.

Жоспары:

 

 

1.    Әлеуметтік институттар ұғымы

2.    Әлеуметтік институттар қызметі және түрлері

3.    Әлеуметтік институттардың құрылымы

1. Әлеуметтік институт ұғымы (лат: «inztitut» -«айқындау», «қондыру» деген сөзінен алынған.) - қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі. Әлеуметтік ғұрыптар мен санкциялар (уақытша тыйым салу) аркылы Әлеуметтік институттар )жанұя, мектепке дейінгі   балалар   мекемелері,   мектеп,   мораль,   құқық,   спорт,  дін, әскер,  денсаулық сақтау,мемлекет) қоғамда ұйымдастырушы, реттеуші, баскарушы, тәрбиелеуші қызметтерін атқарады. Әлеуметтік институт белгілі бір адамдар тобының мақсаты мен тұрақты кызметін жүзеге асыру тәсілі ретінде , қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде пайда болды. Егер топ дегеніміз - бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын индивидтер жиынтыгы болса, ал институт дегеніміз-адамзат қызметінің аныкталған салаларында ғана болатын әлеуметтік нормалар жиынтығы мен әлеуметтік байланыстар жүйесі. Тағы да бір анықтамасы, әлеуметтік институт дегеніміз қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін әлеуметтік нормалар мен байланыстардың ұйымдастырылған жүйесі. Бұл анықтама бойынша қоғамдық құндылықтар дегеніміз қоғамдық процеураларда бөлінетін идеялар мен мақсаттар, ал қоғамдық процедуралар дегеніміз топтық процестердегі стандартталған тәртіп үлгілері, ал әлеуметтік байланыстар жүйесі дегеніміз сол тәртіп жүзеге асырылатын рольдер мен статустардың қиылысуы. 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 4244 | Загрузок: 1362 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 2
2  
raxmeet

1  
рахмееееет коп

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]