Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Қоғам әлеуметтік шындық


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (75.7Kb) ] 08.11.2013, 15:43

Қоғам әлеуметтік шындық.

Жоспары:

1. Қоғам ұғымы және оның  негізгі түрлері

2. Қоғамдық-экономикалық формациялар жүйесі.

3.Әлеуметтік қозғалыс ұғымы

1.    Сонымен социология ғылымының негізгі ұғымы қоғам болып табылады. Жалпы қоғам дегеніміз не? Жалпы алғанда қоғам дегеніміз-адамдардың бірлесуі, жиынтығы. Хайуандардың да, оның ішінде адам тектес маймылдардың да жиынтығы, тобырлары бар, бірақ олардың кейбір сырт көріністері адам қоғамына ұқсас болғанымен, оларды қоғам деуге болмайды. Қоғам, санасы, ақыл-ойы бар адамдар жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса солай жинала салуы емес, ол адамдар арасындағы айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежедегі берік қарым-қатынасы бар бірлестік. Күнделікті тұрмыста қоғам ұғымы түрліше мағынада қолданылғанымен, бірақ социологияда "қоғам” деп мына төмендегідей сипаттамаларға ие жиынтықты айтады: 1) өмір сүретін территория бірлігі болуы; 2) өзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиынтығының болуы; 3) өзін-өзі қамтамасыз етіп, басқарып отыруы. 4) әлеуметтік байланыстар негізін құратын мінез-құлық нормалары мен әдет-ғұрыптар жүйесін құратын дамыған мәдени дәрежесінің болуы.

Жоғарыда айтылған жайлардың бәрін ескере отырып, " қоғам” ұғымына мынадай анықтама беруге болады: Қоғам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында өзара байланысудың тарихи қалыптасқан формасында біріккен адамдар жиынтығы.

Адамзат тарихы  қоғам ұғымына байланысты 2 кезеңге бөлінеді: 1) адамдардың әлеуметтік тіршілігіне дейінгі кезең. 2) Әлеуметтік өмір кезеңі.

Қазіргі кездегі саналы тіршілік иесі ретіндегі адамның пайда болу уақытына байланысты көптеген болжамдар бар. Солардың бірі анатомиялық адам осыдан 200 мың жыл бұрын пайда болды. Ал іс-әрекетті қазіргі адам шамамен 50-мың жыл бұрын пайда болды. Алғашқы адамдар тобы алғашқыда қарапайым қоғам деп аталды. Кейіннен адамдардың аңшылық пен терімшіліктен мал және егін шаруашылығына , көшпелі өмірден отырықшылыққа , өндірістің дамуы мен жеке меншіктің пайда болуына және қоғамды қарама-қарсы таптар мен мемлекеттің пайда болуына байланысты күрделі қоғам пайда болды және әлемде әртүрлі елдер құрыла бастады. (1-схема)


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 1876 | Загрузок: 765 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]