Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (38.0Kb) ] 11.12.2013, 22:24

Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы

 

Әлеуметтік саясат негізінде тиімді әлеуметтік қорғау жүйесін құру жатыр. Әртүрлі елдер мен халықаралық ұйымдарда "әлеуметтік қорғау” түсінігі әртүрлі қарастырылады .

Өтпелі экономикалық елдерде "әлеуметтік қорғаныс”термині жаңа болып табылады.

Әлеуметтік қорғау – бұл қолайсыз жағдайларда (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты еңбек ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қаматамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқатттың белгілі бір деңгейін қаматамасыз етуге арналған.

Әлеуметтік қорғау жүйесі кең мағынада бұл құқықтық, әлеуметтік, саяси және экономикалық кепілдеме. Ол кепілдеме тіршілік затын қамтамасыз етуге арналған жағдайларды жасайды:

1) еңбекке қабілетті азаматтарға өз еңбек салымы есебінен, экономикалық өзіндігі және кәсіпкерлігі есебінен;

2) әлеуметтік осал қатардағы азаматтарға мемлекет есебінен, бірақ

мемлекет қойған күнкөріс минимумынан төмен емес.

Әлеуметтік қорғау жүйесі тар мағынада – бұл нарық жағдайындағы халықтың белгілі бір тобындағы қиыншылықтарды төмендетуге бағытталған реттегіш мемлекеттік жүйе.

Қазақстан мүше болып табылатын халықаралық еңбек ұжымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:

1) тұрақты ақылы еңбекке ынталандыру;

2) негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ондай туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айырылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;

3) халықты әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;

4) азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуі .

Әлеуметтік қамтамасыз ету – халықтың әлеуметтік осал қатарына (мысалы, зейнеткерлер, мүгедектер) қатысты мемлекеттің конституциялық борышы. Әлеуметтік қамтамасыз ету "адам капиталына” әсер етеді. Бұл міндетті түрде денсаулық сақтауда, өнімді азайтуда, денсаулық жағдайын қайта қарауда және сонымен бірге жұмысқа қабілеттікті қайта қарауда байқалады. Сәтсіз оқиғаларды алдын ала тоқтату шаралары осы іс-шарада маңызды фактор болып табылады. әлеуметтік қаматамасыз ету сонымен бірге квалификацияға, жұмыспен қамту деңгейіне және сәйкесінше жұмыссыздыққа әсерін тигізеді. Еңбек нарығындағы жұмыспен қамту орталығына шақырып, жұмыс табуға жәрдемақы бері арқылы жағдай жасайды.

Қазіргі кезде көптеген батыс елдерде мынадай ойлар жүріп жатыр: әлеуметтік қамтамасыз ету шығындар еңбек факторын "өте қымбат” қылады. Олар еңбекақы шығындарының бір бөлігі болып табылады, сонымен бірге бәсекеге қабілеттілікті төмендетеді және жұмысбастылық саласындағы саясатқа әсер етеді.

Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін белгілі әлеуметтік топтарды экономикалық және әлеуметтік әрекетті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы ретінде мінездеуге болады. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты болып, зейнетақыны сақтандыру, ауырған кездегі сақтандыру, сәтсіз оқиғаларадан сақтандыру және жұмыссыздықтан сақтандыру облысындағы әлеуметтік қорғаудың негізгі блогы сияқты әлеуметтік қолдау болып табылады.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесі – әлеуметтік еңбек саласындағы реттеуші механизмдерінің бастысының бірі. Ол үшін субъект байланысы арқылы негізделген: жұмыс беруші – жұмысшы – мемлекет. Барлық әлеуметтік сақтандыру жүйесінің басты проблемасы болып, оны қаржыландыру табылады. Тек қана әлеуметтік сақтандырудың барлық түрлерін анықтау маңызды, жұмыс берушінің, жұмысшының, мемлекеттің, сақтандырудың маңызды бөлігі болып көрсетілген көмекті төлем есебінен қаржыландыру және төлем мен әлеуметтік қызмет көлемінің арасындағы тығыз байланысы табылады. Көмек көлемі сақтандырылған жеке адамның алдын ала салымын ыңғайланады.

Әлеуметтік көмек – тіршілік жағдайын қолдауда объектіге көмекті қамтамасыз ету міндетін мемлекеттің мойындауы, ал керекті кезде жағдайды дамытуда мемлекеттің мойындауы. Әлеуметтік көмек принципі бойынша шаралар бюджеттен қаржыландыруы және алушының жеке қажеттілігіне ыңғайлануды қалайды. Бұндай көмек көлемі алдын ала төленген төлемдерге тәуелді емес. Бірақ көмек көрсету кезінде екі жағдай ескерілу керек. Біріншіден, көмек алушы адамдар арасында өз белсенділігін көрсету керек. Екіншіден, көмек көрсетудің басқа жолы қалмағанда әлеуметтік саясат іске араласады. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы ұсынылады (Сурет 1) .

Осылайша, әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы әлеуметтік қорғаудың субъектілері мен объектілерін, құралдарын (ресурстар мен институттар), механизмдерін және өмірлік стандарттар санынан тұрады. Белгілі тәуекелділік санына сәйкес әлеуметтік қорғау құрылымы өзіне негізгі бағыттарды да қосады.

Әлеуметтік қорғаудың нысандарын шартты түрде үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа ең төменгі табысы бар мұқтаж азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақылар жатады.

 

Сурет 1 – Әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы

 

Екінші топқа жұмыс қабілетін жоғалтқан жағдайға табыстың болмауы есебінен берілетін жәрдемақылар. Бұл жағдайда табыстың қайта бөлінуінің арғы жағында белгілі бір уақытта табыс пен әлеуметтік тәуекелдіктің бөлінуі көрсетіледі. Адамның экономикалық белсенді өмірін алатын болсақ, онда орташа әрбір жұмыспен қамтамасыз етілген азамат әлеуметтік қорғау жүйесіне өз табысынан қанща төлем беріп отырса, сонша алатын болады.

Үшінші топқа жұмысқа қабілеті жоқ халық топтары жатады, олар негізінде балалар мен зейнеткерлер, бұл жерде табыстар адамдардың өмір жасына байланысты бөлінеді.

Әлеуметтік қорғау объектілері – республика халқы, әлеуметтік кластар, әлеуметтік топтар, жеке азаматтар болып табылады.

Әлеуметтік қорғаудың негізгі субъектісі болып ғасыр бойында әр елде мемлекет болып келеді, яғни әлеуметтік қорғау қызметінің орындалуын қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар мен ұйымдар. Бірақ олармен бірге қорғаудың активті субъектілері болып мемлекеттік емес ұйымдар, ұжымдар, жанұялар (өзара көмек), және жеке тұлғалар (өзіндік көмек)табылады. Маңызды рөль қайырымдылық жүйесі ойнайды.

Әлеуметтік қорғау құрылымдық компоненті болып берілген қоғамға тиісті белгілі стандарттар табылады. Халықтың әртүрлі табысының минималды көлемін, минималды еңбекақы, минималды зейнетақы, балаларға арналған негізгі стандарттардың бірі болып минималды күнкөріс бюджеті, яғни "күнкөріс минимумы” табылады .

Күнкөріс минимумы жұмысшылардың, зейнеткерлердің, балалардың қажеттіліктерін минималды деңгейде қанағаттандыруды қамтамасыз ету үшін азық-түліктерді заттай тауарларды және қызметтерді әлеуметтік ыңғайлы бағаға алу мүмкіндігін анықтайды


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 2207 | Загрузок: 412 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]