Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Әлеуметтік мобильдік социологиясы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (41.3Kb) ] 08.11.2013, 15:33

Әлеуметтік мобильдік социологиясы.

  Жоспар.

1.Социологиядағы әлеуметтік  мобильділікті зерттеу  бағыттары.

2. Батыс ғалымдары әлеуметтік мобильділік туралы.

3. ТМД социологтары  әлеуметтік мобильділік туралы.

 


1. Кез-келген әлеуметтік процесті зертеуде түсініктерді анықтау және оны қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік мобильділік түсінігін зерттеуде қолданылатын түсініктер әлі де  болса жүйелеуде, олардың мазмұнын тексеруді  қажет етеді. «Мобильділік» түсінігінің этимологиясы келесі түсініктерде бейнеленген: «қозғалыс», «алға жылжу», «орын ауыстыру». 

Әлеуметтік мобильділік социологиялық категория ретінде индивидтің әлеуметтік  құрылымдағы өзгерісін белгілейді. «Әлеуметтік мобильділік» түсінігінде стртификациялық құрылым туралы сөз болды, ал әлеуметтік мобильділік ретінде адамның, әлеуметтік топтың бір қабаттан екінші қабатқа орын аустыруы, әлеуметтік баспалдық бойынша жағары не төмен жылжуы есептеледі. Әлеуметтік мобильділік соцологияда функциональдық топқа өтуді білдіреді. Яғни, әлеуметтік мобильділік дегеніміз адамның не  әлеуметтік топтың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы әлеуметтік жағдайындағы өзгеруіне байланысты жүзеге асатын күрделі әлеуметтік процесс. Бұл категорияның мазмұнына орын ауыстарудың жеделдігі, көлемі, бағыттары, тәсілдері, тенденциялары, әлеуметтік құрылымның қоғамның эканомикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени және т.б. өзгерістерімен байланыстылығы мәселелері кіреді.

ІІ.Сорокин әлеуметтік мобильділік туралы.

Әлеуметтік мобильділік түсінігін талдаудың методологиялық негізі П.Сорокиннің әлеуметтік мобильділік теориясы және социологиядағы әлеуметтік- құрылымдық бағыт болып есептеледі.

П.Соркин социологиядағы алғаш рет әлеуметтік мобильділік түсінігінің анықтамасын және оны зерттеу принциптерін негіздеді. Қоғамның әлеуметтік ішкі құрылымын зеріттеу ісінде ол әлеуметтік мобильділіктің өте маңызды екендігін айтады.Бұл проблемаға байланысты П.Соркиннің «Әлеуметтік мобильділік» деген еңбек жазған. Ол әлеуметтік мобильділікті әлеуметтік объектінің бір тұғырдан екіші тұрғыға өтуі, орын ауыстыруы тұрғысынан зерттейді. Әлеуметтік объект ретінде индивид, топ, яғни, адам қызметінің барлық өнімдері көрінеді. Бұндай түсінік индивидтердің орын ауыстыруын кең көлемде түсінілетін мобильділіктің жеке оқиғасы ретінде есептеуге себеп болады. Дегенмен П.Сорокинге сүйенсек, әртүрлі әлеметтік объектілердің мобильділігін ирархияландыруға, оларды шкалада маңыздылық деңгейіне қарай орналастыруға мүмкіндік беретін белгілер жоқ.

«Соцология жүйесі» атты еңбегінде ол орын ауыстыру процесін әлеуметтік қайта топтастыру деп атайды. Әлеуметтік қайта топтастыру дегенде күрделі әлеуметтік агрегаттардың құрлымының өзгеруін ескереміз. Ол мына процестерден көрінеді:

Элементарлық және кумулятивтік топтардың біреуінен екіншісіне осы топтардың көлемінің өзгеруімен бірге жүретін орын ауыстыруы;

Бір әлеуметтік агрегаттағы элементарлық некумулятивтік топтардың біреуінің жойылуы не пайда болуы; 

3.Элеметарлық не кумулятивтік сипаттағы топтардың толық жойылуы және оның жаңа гетерогендік топпен ауыстырылуы.

П.Сорокин «мобильділік» түсінігінің көмегімен қоғамның әлеуметтік құрлымының өзгеру процесін толық қамтуға тырысады. Әлеуметтік мобильділіктің жалпы принциптерін такбу үшін ол әртүрлі қоғамдардағы және бір қоғамнің әртүрлі тарихи кезеңіндегі әлеуметтік мобильділігіне салыстырмалы талдау жүргізеді. Өзінің тұжырымдарын дәлелдеу үшін ол жан-жақты статистикалық материалды, тарихи мысалдар келтіреді. П.Сорокин қоғамда әлеуметтік мобильділіктің екі түрі бар екендігін айтады. Бірі-тік мобильділік, екіншісі жоғарыдан төмен қарай түсу, кейде құлдырау. Мобильділіктің екінші түрін П.Сорокин жазықтықта жүзеге асатын мобильділік дейді. Орын ауыстырудың түрлеріне қарай ол әлеуметтік мобильділікті өрлеу не құлдырау бағыттарындағы әлеуметтік мобильділік деп те бөледі.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 1292 | Загрузок: 655 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]