Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Эмпирикалық әлеуметтану


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (33.0Kb) ] 08.11.2013, 16:05

Эмпирикалық әлеуметтану

 

1. Сұрау.  Интервью.

         2. Контент-талдау. Эксперттік сұрау.

3. Эксперимент. Бақылау.

 

Негізгі ұңғымдар: сұрау, анкета, интервью, әдіснама, эксперттік сұрау, респондент, статистика, типология, пилотажды зерттеу, барлау, сынау, фокус-топ, тренинг, сұхбат, іріктеу, жоспар және т.б.

 

Методология (гректің metodoV = methodos - таным тәсілі немесе әрекет тәсілі; және гректің logoV = logos - ұғым; ой, зерде) - 1) танымның ғылыми әдісі туралы ілім; 2) нақты ғылым саласында қолданылатын әдістер жиынтығы. Осы анықтамалардан жалпы ғылым методологиясының, жеке алғанда социология ғылымының басты екі аспектісін қарастыруға болады.

Бірінші аспект - методологияны ілім ретінде түсіну - ғылыми, ғылыми социологиялық зерттеуді қалай жүргізу керек екендігі жөніндегі түсініктің қалыптасу тарихын зерттеумен байланысты. Ғылым методологиясы зерттеу объектісі - ғылыми танудың "механизмін”, "алгоритмін” білдіреді. Осы жерде мына сұраққа жауап берген жөн: ғылым - абстрактылы теориялық білімдерді, шындық туралы түсініктерді қолда бар білімдер арқылы өндіру процесі. Ал алынған білімдердегі нақтылы шындық екі нұсқасында: сипаттамалық және түсіндірмелік түрінде көрсетілуі мүмкін. Сипаттамалық таным, ең алдымен бір нәрсе шындығында қалай болады деген сұраққа жауап беру мақсатында құрылады. Ал, түсіндірмелік таным неге бір нәрсе солай болады деген сұраққа жауап береді.

Кезінде социология ғылымының негізін қалаушы О.Конт социологтар "неге емес, қалай?” деген сұраққа ғана жауап беруі тиіс деген өсиет қалдырған болатын. Сонда ғана социологиялық зерттеулер Конт кезінде шынайылықты ғылыми танудың үлгілері деп санаған жаратылыстану ғылымдарында істелініп жатқанға ұқсас болады деп есептеді ол. Конттың бұл талабы кейін тек социология ғана емес, сондай-ақ көптеген қоғамдық ғылымдар үшін ең басты талапқа айналды және осындай ұстаныммен шынайылықты қабылдау позитивизм принципі (талабы) деп аталды.

Жалпы, социологиялық зерттеудің логикасы оның өткізілу кезеңдерімен анықталады. Социологиялық зерттеу кезеңдерінің көпшілік мақұлдаған жіктелімін келтірейік:

1 кезең. Социологиялық сұрауға дайындалу:

      Бағдарлама жасау (мақсаттар мен міндеттер қою, негізгі және жұмыс болжамдарын ұсыну, ұғымдардың операциялануы, репрезентативтілікті есептеу);

      Эмпирикалық ақпарат жинау үшін құралдар жиынтығын (сауалнама) жасау.

2 кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:

      сұрауды ұйымдастыру (сұхбат алушыларды іріктеп алу, сұрау учаскелерін бөлу, қаржы-техникалық мәселелерін шешу және т.б.);

      сұрау жүргізу (респонденттерді іздеу, байланысқа шығу,, сұхбат алу және т.б.).

3 кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:

      алынған ақпаратты компьютерлік мәліметтер базасына енгізу (макет дайындау, сауалнамаларды енгізу);

      сызықтық есептер мен әлеуметтік-демографиялық салалар бойынша есептерді өңдеу және шығару;

4 кезең. Алынған мәліметтерді талдау:

      Алғашқы талдау жүргізу (сұрау нәтижесінде анықталған тәуелділіктерді тіркеу, кестелер, диаграммалар жасау және т.б.);

      Мәліметтерді қайта талдау (салыстырмалы талдау, қосымша ақпарат тарту, жаңа болжамдар ұсыну);

      Зерттеудің соңғы есебін дайындау;

      Талдамалық қысқа хаттар, әр түрлі материалдар, мақалалар және т.б. жазу;

Оқулықтың осы бөлімінде социологиялық зерттеу кезеңдерінің әрқайсысында жасалынатын социологтар қызметінің сипаттамасы берілген. Бұл тарауда кез келген социологиялық зерттеуді дайындаудың екі принциптік кезеңдері - оның бағдарламасын және зерттеудің іріктеу есебін жасау жөнінде айтылады.

Социологиялық зерттеудің бағдарламасы

Бағдарлама - эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты. Социологияның теориясы мен методологиясы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік мақұлданған болып табылады:

1. Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;

2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.

3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.

4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.

5. Зерттеу жоспарлары.

6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.

7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау.

Бағдарламаның бұл тарауларын жеке қарастырайық.

1. Кез келген ғылыми зерттеу секілді социологиялық зерттеу проблемасы да қазіргі таңда аталмыш ғылымда не белгілі және не белгілі емес деген шектес "жерден” басталады. Өйткені, қандай да бір шамада белгілі нәрсе жөнінде қайтадан зерттеу жүргізудің мәні жоқ болса, тура сол сияқты, зерттеушіге белгісіз нәрсе оның қызығушылық нысаны бола алмайды. Демек, проблемалық жағдай белгілі бір бағытта - белгілі кезеңнен белгісіз кезеңге бара жатқан танымның кезекті кезеңінде қалыптасады. Сондықтан социологиялық проблеманы ғылыми тұрғыдан социология жөнінде базалық ғылыми атағы бар мамандар ғана анықтай алады (яғни алдыңғы тараудың соңында баяндалған алғашқы екі талапқа сәйкес келетіндер). Социология жөніндегі қазіргі методологиялық әдебиеттерде социология проблемаларын екі типке: ғылыми проблемаларға (олар жауаптары социолог-ғалымдарды ғана қызықтырмайтын социология ғылымының ішінде пайда болады) және тәжірибелік проблемаларға (мәселені шешу үшін социолог-зерттеушілер шақырылатын өмір тәжірибесінің әр түрлі салаларында пайда болады) бөлу жиі кездеседі.

Ғылым пәні көптеген оқулықтарда немесе осы ғылым жөніндегі барлық әдебиетте баяндалатыны мәлім. Социолог-зерттеушінің нақ базалық социологиялық (пәндік) білімі басқаларға, мысалы, тиісті базалық білімі бар инженер қажет болатын құрылыс жұмыстарында кездесетін инженерлік проблемаларға қарағанда социологиялық проблеманың өзіне тән ерекшелігін түсінуге көмектеседі. (Соңғы жағдайда инженердің социологиялық проблеманың мәні жөнінде нақтылы ештене айта алмайтындай, социолог та еш нәрсе түсінбейді). Социологтың мұндай базалық білімі зерттелетін социологиялық проблеманың пәндік саласының мазмұнын анықтайды. Социологтың социология пәнін білуі проблемалық жағдайдың мазмұнын айқын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл социологқа зерттегісі келетін және зерттеу соңында қол жеткізуге тура келетін аталмыш проблемалық жағдайдағы белгілі нәрсені түсінуге мүмкіндік береді.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 7873 | Загрузок: 2222 | Рейтинг: 3.0/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]