Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Қарым-қатынастың коммуникациялық жағының сипатамасы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (28.3Kb) ] 08.11.2013, 15:41

Қарым-қатынастың  коммуникациялық жағының сипатамасы.

Жоспар:

1                        Тұлғааралық қатынастағы кері байланыс.

2                        Коммуникациялық кедергі туралы түсінік.

3                        Коммуникациядағы ықпалдау.

 

 

Қарым-қатынас барысында ақпарат бір адамнан (коммуникатур-ақпарат беруші) екінші адамға (реципент- ақпарат алушы) тек беріліп –алынбайды,

1.                     алмасады. Сондықтан, ортақтасудағы ақпарат алысу –тікелей ары-бері ауысу ғана емес, бұл процесстің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың не мәселенің жалпы мағынасын анықтау, ортақ көзқарасты белгілеу мен келісімге келу.

Осы міндетті шешу үшін тұлғааралық ортақтасу барысында кері байланыс механизмі қызмет етеді.

Кері байланыс дегеніміз- коммуникатордың әрекетіне реципиенттің реакциясы туралы берілетін ақпарат. Кері байланыстың мақсаты – ортақтасу серігіне оның мінез құлықтары өзгелер жағынан қалай қабылданып, сезіліп тұрғанын түсінуге көмектесу болып табылады.

Кері байланыс түрлері: тікелей және жанама. Тікелей кері байланыс кезінде реципенттің сөйлеушінің құлқына реакциясы ашық түрде көрініс алады. Мысалы, тікелей сөйлемдер «Сен айтып тұрған нәрсе маған ұнамайды», «Не деп тұрсың , түк те түсінбей жатырмын». Не болмаса , тікелей қуаныш , ашу, ыза, мұң сезімдерін айқын көрсететін ым- ишаралар. Тікелей кері байланыс реципенті коммуникатор түсінуі үшін қолайлы жағдай жасап, ортақтасуды тиімді және нәтижелі етеді.

Кері байланыстың жанама түрі- психологиялық ақпараты ортақтасу серігіне жасырын, астыртын жеткізу жолы. Олүшін неше түрлі риторикалық сұрақтар, кекетулер, қатынас серігі күтпеген эмоциялық реакциялар пайдаланылады. Коммуникатор реципенттің өзіне қарасты әсері, қатынастың шынайы сипаты туралы өзі ойлап жетуі керек. Сөйлеушінің ойлаған сезімдері мен пікірлері үнемі дұрыс бола бермегендіктен ортақтасу барысы да, ақпарат алысу да белгілі дәреже де күрделене түседі.



Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 1729 | Загрузок: 1252 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]