Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Антикалық кезеңдегі қоғамдық ойлар және XIX ғасырдың екінші жартысындағы социология ғылымының қалыптасуы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (21.4Kb) ] 08.11.2013, 15:10

Антикалық кезеңдегі қоғамдық ойлар және XIX ғасырдың екінші жартысындағы социология ғылымының қалыптасуы.

Жоспар:

1.      Социологияның шығуына дейінгі әлеуметтік ой - пікірлер.

2.      Социологияның ғылым ретінде пайда болуы. (О.Конт және Г. Спенсер)

3.       Эмииль Дюркгейм социологиясы

4.      Марксизм социологиясы.

1.  Социологияның кеш пайда болуынан, оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Мәселен конфуцийшылар қоғамтанушылар болып есептеледі. Олардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе – адамдар арасындағы қарым-қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін -өзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл және өнегелі болатын, жаман халықтардан бойларын аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Конфуций адамдар арасындағы қатынасты – борыш пен заңды мойындайтын, оны бірінші орынға қоятын адам мен өз пайдасын көздейтін адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы айырмашылықты ашу арқылы көрсетеді.

Ежелгі грек философы Платонның "Жалпы социологиядан” тарихтағы алғашқы еңбегі "Мемлекет” болып саналады. Платонның пікірінше, мемлекет адам мүдделерінің әртүрлі болуына негізделіп құралатын болған, содан еңбек бөлінісі пайда болады. Қоғамдық еңбектің бөлінуіне байланысты Платон адамдарды үш топқа бөледі: жоғары билеуші топ, қолөнершілер және құлдар. Адамдар Платонның пікірінше табиғатынан тең емес. Жаратылысынан адамның бірі аристократ, екіншісі-шаруа, үшіншісі құл болып туылады және өмір бойы солай өтеді.

Платонның іліміндегі  социология үшін басты нәрсе, ол қоғамдық еңбектің бөлінуі және оның қоғамдық қатынас, әрі жеке адамдар арасындағы қатынас үшін  маңызды фактор болуы.

Социологиялық ой дүниесінде Аристотельдің де алатын орны ерекше. Аристотель ежелгі Грецияның саяси тәжірибесін қорытындылай келе, адам әлеуметтік жаратылыс деген қорытындыға келеді. Мемлекет адамдардың туа біткен "бірігіп өмір сүруге ұмтылғыштық" қасиетінен пайда болады деп көрсетеді. Оның пікірінше қоғам үлкен екі институтқа бөлінеді: құл иеленушілер және құлдар. Бұл да Платонның идеясын қолдайды, яғни адамдар жаратылысынан тең емес деп түсінеді. Аристотель мемлекеттің мақсаты – адамдардың бақытты өмірін қамтамасыз ету деп санайды. Мемлекет қоғамдағы жалпы мүддеге қызмет етуі керек деп көрсетеді. Аристотель жеке меншікті жақтайды. Адамдар, дейді Аристотель , - тек өзіне қатысты заттар жөнінде көбірек қамқорлық жасайды, ал меншік ортақ болған жағдайда оған ерекше ынта білдірілмейді, енжарлық танытады. Меншіктің ортақ болуы ынтымақты азайтады, адамдардың ықыласын кемітеді.

2.      Социология ғылымының өз алдына бөлек ғылым ретінде шығуы психологияның, антропологиялың ,құқықтың жеке аумақтарының дамуымен байлаенысты болады. Социология ғылымының қалыптасуына тікелей әсер еткен неміс классикалық философы, қоғам құрылысының жаңа әлеуметтік ғылымға айналуында негізгі рольді атқарған Сен-Симон мен Фурьенің социалистикалық теориясы болды.

Сен-Симонның шәкірті және ізбасары француз философы О.Конт(1798-1857) социология ғылымының негізін салушы болып есептеледі. О.К. негізгі еңбегі "Позитивтік философия курсында” ғылымдардың топтастырылуы және социологияның пән ретіндегі ерекшеліктері қарастылрылды. Ол социологияның дамуын жаратылыстану ғылымдарының жолымен, соның ішінде физика ғылымымен байланыста болады деп есептейді. Конт "социология”, "әлеуметтік физика” түсініктерін ғылымға енгізді. Социология О.К. пікірінше қоғамды 2 жақты қарайды: әлеуметтік статика(өмір сүріп отырған қоғам құрылымдары өзгеріссіз, тұрақты) және әлеуметтік динамика . Әлеуметтік статика қоғамдық құрылым, оны ұйымдастыру мен үйлесімділігі туралы теория. Қоғам О.К пікірінше әртүрлі өзара байланысты бөліктердің бірлігінен тұратын органикалық тұтастық. Қоғамдық прогресс туралы позитивтік теорияны О.Конт әлеуметтік динамика деп атады. Жалпы адамзат зердесінің позитивтік дамуы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік танымы мен әлеуметтік басқару ғылымдарының жетілуі .

О.Конт тарихи дамудың 3 сатысы заңын қалыптастырды. Олар:теологиялық, метафизикалық, позитивтік сатылар.  О.Конт теологиялық кезеңді (ХІІІғ дейін)қоғам дамуындағы анықтаушы кезең деп есептейді. Бұл кезеңде адамзат ойлауында дін үстемдік етті және адамзат ақыл-ойы жаратылыстың басталуын діни тұрғыда түсінуге ұмтылды.

Ал метафизикалық кезеңде (ХІV-XVғ)қоғамда белгісіз абстрактілі түсініктер, метафизикалық концепциялар үстемдік етті.  Позитивтік кезеңге ХІХ ғ. Басталатын дәуір сәйкес келеді, яғни бұл тұсқа ірі өнеркәсіптің, ғылымның келуі, қоғам дамуында қондырмалық ғылымға сүйену, социологияға сүйену дәуірі сәйкес келеді. 

ХІХ ғ. Ғалым-философы Г.Спенсер(1820-1903) социологияның қалыптасып-дамуында маңызды роль атқарады. Спенсердің социологиялық теориясы негізгі 2 ұстанымның  негізінде қарастырылған: қоғамды организм ретінде түсіну және әлеуметтік эволюция идеясы. Қоғам дегеніміз, организ,-деп көрсете отырып, Спенсер биологиялық және әлеуметтік организмдер арасындағы ерекшеліктерді анықтайды. Спенсердің айтуынша әлеуметтік организм негізгі 3 жүйеден тұрады:”реттеуші”, "өмірге қажетті құралдарды өндіруші” және "бөлуші”.

Спенсер социология тарихында алғаш болып "жүйе”, "функция”, "құрылым” т.б түсініктерді тұрақты қолдана бастады.

Спенсер қоғамды 2 типке бөледі: әскери және өнеркәсіптік. Олардың өмір сүруге деген күресі әртүрлі. Қоғамның бірінші типі әскери шиеленістергі, атыс-шабысқа және жеңілгендерді езіп-жаншуға толы. Ал екінші типі өнеркәсіптік бақталастыққа негізделген. Бұл жерде интеллектуалдық және моральдық сапаның және жұмысқа деген қабілеттілік пен ынтаның қарқыны жоғары. Күрестің бұл түрі қоғамға өте пайдалы болып есептеледі. Бұның нәтижесінде қоғамның интеллектуалдық және моральдық деңгейі жоғарылайды.

3.Э. Дюркгейм (1858-1917)-ХІХғ. Социология тарихындағы ірі тұлғалардың бірі, француз социологы. Э.Дюркгейм ілімінің негізінде "социологизм” жатыр. Оның айтуынша қоғам адамдарды біртұтастыққа біріктіретін ерекше "нақтылықтардан” көрінеді. Ол қоғам дамуының жалпы және жеке заңдарын бөліп талдайды. Заңдастырылған әлеуметтік нақтылық қоғамда үстемдік ете отырып, жеке адамның қалыптасуын реттейді. Э.Дюркгейм жалпы "ұжымдық” қасиеттердің жеке ерекшеліктермен бірігуін "әлеуметтік дерек” деп атайды. Оның ойынша социология әлеуметтік деректер туралы пән бола отырып, ерекше нақтылықтарды зерттеумен айналысады. Әлеуметтік дерек дегеніміз-бақыланып отыратын нақтылық. Ол әлеуметтік деректердің екі түрін бөліп көрсетеді.: 1) материалдық( халықтың тығыздығы,адамдар арасындағы қарым-қатынастар,); 2) рухани(ұжымдық сана, дін, мораль, құқық) деректер. Э.Дюркгейм қоғамдағы өзгерістердің даму барысын еңбектің бөлінуінің дамуы тұрғысына қарай отырып, оны индустриялану процесінің бір бөлігі ретінде көрсетті. Ол діннің қоғамдағы ролін, еңбек бөлінісінің әлеуметтік салдарымен байланыстыра қарады. Еңбек бөлінісі тереңдеген сайын адамдар арасындағы өзара бағыныштылық арта түседі, яғни олар өздерінің қажеттіліктері мен сұраныстарын басқа адамдар арқылы орындайды.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 2809 | Загрузок: 578 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]