Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

жадыны басқару


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

21.12.2013, 22:14
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы «Жады» болғандықтан, мен біріншіден, компьютер жадысы жайлы, оның бөлімдері, түрлері, қасиеттері, параметрлері, ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып кетсем деймін. Екіншіден, «Жадыны басқару бөлімі» бойынша жадымен қалай жұмыс жасау керек екендігі жөнінде, онымен қандай қызметтер атқаруға болатындығы жөнінде, қандай амалдар орындауға болатындығы мен жадыны қолданудағы қиындықтар мен оңай жерлері жөнінде ой қозғаймын. Үшіншіден, «Жадыны бөлістіру» бөлімінде жадыны не үшін бөлістіреміз, бөлімдердің бірнеше болуы не үшін қажет, жадыны бөлістіру тәсілдері, оларды орнатудағы, қолданудағы қиындықтар, артықшылықтар, әр тәсілдің қандай ерекшелігі бар, бұл тәсілдердің қайсысын қай операциялық жүйеге қолдану ыңғайлы, қайсысының кепілдік мерзімі жоғары, бұл тәсілдерді қандай көмекшілер арқылы қолданамыз, мен өз жағдайымда жоспар бойынша, диск қатысуымен, диск қатысуынсыз жадының бөлістіру тәсілдерін қарастырамын. Диск қатысуымен- мен бұл тәжірибені операциялық жүйені орнату барысында бөлістіруді көздеп отырмын, ал диск қатысынсыз- мен жадыны ACRONIS DISK DIRECTOR SERVER программасын орната отырып, бөлістіруді ойлаудамын. Бұл программаның артықшылығын алдын ала ғаламтордан оқып, оның ең тиімді, әрі тәжірибелікті молайтуға көп септігін тигізетіндігіне көзім жетті. Сол себепті дәл осы жолды таңдап отырмын, бұл жолдан басқа тағы да дискісіз жадыны бөлістірудің командалық жол әдісі бар, бұл әдіске де тоқталып кетпек ойым бар. Бұл әдісті ең оңай әдіс деп айтсақ та болады, себебі, командалық жолға алдын ала дайындалып қойған кодтарды тере отырып, біз көздеген нәтижемізге тез уақыт арасында жетеміз.
Жалпы бұл курсты таңдап алу мақсатым- жадымен жаңа-жаңа тәжірибелер жасап, жадыны жақсырақ танып білгім келді. Менің ойымша, компьютердің ең басты бөліктерінің бірі- ол оның жадысы. Сол себепті, ең бірінші, осы жадының ерекшеліктерін жақсылап меңгеріп алып, кейін келесі орындалатын компьютердің қадамдарын оқап үйренген жөн деп санаймын. Бұл курстық жұмыс көмегімен мен өзімнің жады жайлы білімімді арттыра түсемін деп ойлаймын.

ЖАДЫНЫ БАСҚАРУ

Дербес компьютердің негізгі жады сипаттамаларына шолу: Электронды есептеуіш машинаның есте сақтау құрылғысы дегеніміз- дербес компьютердегі мәліметтерді сақтап тұратын есте сақтау құрылғыларының жиынтығы. Есте сақтау құрылғыларының ең басты назар аударатын ерекшеліктері ол көлем, яғни ақпараттың мөлшері қанша көлемді алып тұр, және жылдамдық, яғни ақпараттың орындалу жылдамдығы.
Компьютер құрамындағы жадының бірнеше саласы бар. Өзінің есте сақтау ерекшеліктері бойынша жады ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі жадыға регистрлік жады, жедел жад, кэш жады, оперативті жады, тұрақты жады жатады.
Регистрлер процессордың ішкі жады, процессордағы өтпелі ақпараттарды сақтау үшін арналған деп есептеледі, оперативті жады процессордың кез келген ұяшықтарымен қатынас жасай алады, кэш жады, басқаша айтқанда процессор жадысы, оны өзіндік буфер деп қарастыруға болады, . Жедел жад (ЖЕСҚ, ағылш. RAM – Random Access memory – ерiктi жету жады) – бұл процессормен тiкелей байланысты және программалар өңдейтiн мәлiметтердi жазу, оқу және сақтауға арналған аса үлкен емес көлемдi жылдам сақтау құрылғысы. Жедел жад мәлiметтер мен программаларды уақытша ғана сақтау үшiн қоданылады, өйткенi машинаны өшiрген кезде ЖЕСҚ-дағы барлық мәлiметтер жоғалып кетедi.
Жады - мультибағдарламалы операционды жүйе қатарынан түбегейлі басқаруды талап ететін ең маңызды дерлік ресурстардың бірі болып табылады. Жадының бос бөліктерінің барлығы бөлістіруге болады. ОЖ жадыны басқару жөнінен қызметтері: бос және толған жадыны анықтау, жадыны үрдістерге бөлу мен олардың тамамдалуы кезінде жадыны босату, үрдістерді оперативті жадыдан дискіге ығыстыру, оперативті жадыда орын босаған кезде оларды қайтара көшіру, сондай-ақ бағдарлама мекен-жайларын физикалық жадының нақты облысына саралау.
Құбылмалы және командалар идентификациясы үшін символды атаулар,
виртуалды мекен-жайлар мен физикалық мекен-жайлар қолданылады.
Символды атауларды тұтынушы бағдарламаны алгоритм тілінде немесе
ассемблерде жазу барысында қолданылады. Виртуалды мекен-жайларды бағдарламаны машина тіліне аударатын транслятор жасап шығарады. Осылайша, аударылым барысында бағдарламаның оперативті жадының қай бөлігіне барып орнығатыны белгісіз болғандықтан, транслятор бағдарламаларға құбылмалы және командаларға виртуалды мекен-жайларды беріп, бағдарлама нөлдік мекен-жайдан басталатынын ескереді. Үрдістің виртуалды мекен-жайларының жиынтығы виртуалды мекен- жай кеңістігі деп аталады. Әрбір үрдіс өзіндік виртуалды мекен- жай кеңістігіне ие. Виртуалды мекен- жай кеңістігінің максималды көлемі компьютердің аталған сәулетіне тән мекен- жай разрядтылығымен шектеледі, сондай-ақ компьютердің физикалық жадымен сәйкес келмейді.
Физикалық мекен- жайлар құбылмалылар мен командалар орныққан
Оперативті жадының ұяшық нөмірлеріне сәйкес. Виртуалды мекен-жайдан физикалыққа ауытқу екі тәсілмен жүзеге асады. Алғашқыда, алмастыруды арнайы жүйелік бағдарлама – алмастырушы қосушы орындайды. Ол физикалық жадының бастапқы мекен- жайы жөніндегі ақпаратқа сүйемдене отырып, бағдарламаның қосылуын іске асырады. Екінші тәсілде, бағдарлама виртуалды мекен-жайда еш өзгертілімсіз қосылады, бұл ретте операционды жүйе бағдарламалық кодтың виртуалды мекен- жай кеңістігіне қатысты орнығуын бағдарлайды. Бағдарламаның орындалуы барысында оперативті жадыға төну кезінде виртуалды мекен- жайдың физикалыққа түрленуі орындалады. Екінші тәсіл барынша тиімді болып табылады. Ол бағдарламаның орындалуы кезінде оның жеңіл түрде орын алмастыруын қамтамассыз етеді, ал алмастырушы қосушы бағдарламаны жады бөлігіне мықтап бекітіп тұрады. Сонымен қатар алмастырушы қосушыны қолдану шығындар санын кемітеді, себебі виртуалды мекен- жайдың түрленуі қосылу барысында бір рет қана болады, ал екінші жағдайда аталған мекен жайға төну кезінде қайтара орындалып отырады. Жадыны басқарудың барлық тәсілдері екі классқа жіктелуі мүмкін: оперативті жады мен диск арасында үрдістердің орын алмастыруын қолданылатын тәсілдер, және мұндай әрекеттілікті жасамайтын тәсілдер.





ЖАДЫНЫ ДИСК ҚАТЫСЫМЕН БӨЛІСТІРУ
Бөлім дегеніміз- қатқыл дисктің қандай да бір бөлігінде операциялық жүйе немесе қандай да басқа ақпаратты сақтау үшін қолданылатын орын. Дисктің қандай да бір бөлігіне жады үлестіру- дискіні бөлістіру деп аталады. Дисктегі әрбір бөлім өзара тәуелсіз болады. Және әрбіреуіне әрқандай операциялық жүйе орналастырылады.
Жадыны бөлістіруді бірнеше әдіспен жүргізуімізге болады. Мысалы, командалық жол көмегімен, немесе арнайы жадыны бөлістіру программасы көмегімен, тағы бір әдісі диск көмегімен бөлістіру.Әр бір компьютерде қатқыл диск бірнешеге бөлінген (Локальный диск (С:), Локальный диск (D:), Локальный диск (E:) және т.б. Бұның барлығы қолданушыларға ыңғайлы болу үшін және жүйелік дискіге салмақ түсірмеу үшін істелінеді. Қатқыл дискіні операциялық жүйе қондырылуы кезінде бірнешеге бөліну керек. Яғни осы операциялық жүйе орнатылуындағы жадының бөлістіруін қарастырайық:
1. Операциялық жүйені орнату қадамдары әдеттегідей өтіп, жады бөліміне келгенде Настройки диска қадамына өтеміз, яғни жадыны бөлістіруге кірісеміз (Сурет 1):


Сурет 1. Жадының параметрлерін таңдау терезесі
2. Параметрлері ішінде Создать амалын таңдаймыз(Сурет 2):



Сурет 2. Амалдар терезесі

3. Келесі терезеде бізде бар жады көлемін көрсетеді (Сурет 3):



Сурет 3. Көлем көрсету терезесі

4. Келесі терезеде біздің амалдарымыздың нәтижесі тұрады (Сурет 4):


Сурет 4. Бөлімдер терезесі

5. Келесі тереземізде операциялық жүйенің орнатылуы жалғасын табады (Сурет 5):


Сурет 5. ОЖның орнатылу терезесі

6. Келесі терезеде жадының осы компьютерде қандай бөлімдері бар екенін көрсетеміз (Сурет 6):



Сурет 6. Жады бөліктері терезесі

7. Келесі қадамымыз әріп беру қадамы болады, бұл қадамда мен дискіге (I:) әрпін меншіктедім, (Сурет 7):


Сурет 7. Әріп меншіктелген терезе

8. Виртуалды машинаның мой компьютер бөлімін ашып көреміз, ішінде біздің жадымыздың жаңа бөлігі тұрғанын көріп тұрмыз (Сурет 8).


Сурет 8. Виртуалды машинадағы жады

9. Келесі негізгі компьютеріміздің жады орналасқан бөлімін ашамыз, мұнда біздің алғашқы және жаңа жадымыз орналасқанын көріп отырмыз (Сурет 9):



Сурет 9. Мой компьютер терезесі

ЖАДЫНЫ ДИСК ҚАТЫСЫНСЫЗ БӨЛІСТІРУ

Әрбір компьютерде қатқыл диск бірнешеге бөлінген (Локальный диск (С:), Локальный диск (D:), Локальный диск (E:) және т.б). Бұның барлығы қолданушыларға ыңғайлы болу үшін және жүйелік дискіге салмақ түсірмеу үшін істелінеді. Қатқыл дискіні операциялық жүйе қондырылуы кезінде бірнешеге бөліну керек. Ал егер бір себептермен қатқыл диск бөлінбеген болса, әлде өзіңіз тағыда бөлікке бөлгіміз келсе, онда келесідегідей амалдарды орындау қажет. Қатқыл дисктегі ақпараттарды кетіріп алмай, бөлікке бөлу үшін " Acronis Disk Director Server " деген бағдарламаны қолдануға болады.
Жаңа бөлімді құру келесі жағдайлар үшін қажет:
• Осы бөлімде бір типті файлдар жиынтығын топтастыру үшін
• Көрші бөлімдер немесе дискілердің көшірмесін сақтау үшін
• Бөлімді жасау кезінде бөлімнің кез келген түрін жасауға мүмкіндік береді, мысалы активті, негізгі, логикалық.
Ал енді дискті бөлістіруге кіріссек:
1. Acronis Disk Director Server программасын шақырамыз да,бөлістіруді ұйымдастыру шеберінен Создать раздел аламын таңдаймыз.(Сурет 10 “а” )

Сурет 10 “а”.Acronis Disk Director Server программасын шақыру терезесі

2. Егер шебер компьютерге қосылып тұрған дискте немесе қатқыл дискте бос орын анықтайтын болса (unallo-cated space), онда біз жаңа бөлімді жасауға кірісу керек:
• Бос емес дискте
• Бар бөліктерден бос орын ізделінеді
Бос емес аумақ (Unallocated) деп бөлімдердің біріндегі бос аумақ емес, соған кері бөлімдегі бос орын деп ешбір ақпаратпен толтырылмаған аумақты айтамыз (Сурет 10):


Сурет 10. Жаңа бөлім құруды таңдау терезесі

Егер біз дисктегі бос орынға бөлім жасағымыз келсе:
1. Алып- қосқышта Незанятое место амалын таңдаймыз
2. Бұл жағдайда шебер максималды бос орыны бар диск бөлігін тауып, оны бізге ұсынады.
3. Размер раздела бөлімінде бөлімнің көлемін орнықтырып аламыз (Сурет 11):


Сурет 11. Бөлім көлемін еңгізу терезесі

4. Келесі парақта бөлімнің типін анықтаймыз, активті, негізгі және логикалық.
5. Әдетте, негізгі тип операциялық жүйе орнату үшін қажет болады. Ал логикалық кез- келген файлдарды сақтау үшін қолданылады.
6. Егер ОЖ компьютер қосыла салысымен жүктелгенін қаласақ активті типті таңдаймыз.(Сурет 12)


Сурет 12. Бөлім типін анықтау терезесі

7. Шебердің келесі парағында Файлдік жүйе нұсқасын таңдаймыз. Бұл жерде шебер бізге ОЖнің файлдік жүйелерінің бірін таңдаймыз, мысалы: FAT32, NTFSнемесе Linux — EXT2, EXT3, ReiserFS, Swap, немесе бөлімді тазаламай, бұрынғы күйінде қалдырамыз (Unformatted) ( Сурет 13):


Сурет 13. Файлдік жүйе таңдау бөлімі

8. Келесі парақта бөлім үшін әріпті таңдаймыз (Сурет 14):



Сурет 14. Әріпті тағайындау терезесі

Операциялық жүйе жүктелгенде қатқыл дисктегі бөлімдерге алдын ала әріптер тағайындап қояды. Бұл әріптер қай бағдарламаның қай жерде орналасқанын корсетеді.
Бөлімдерді жасағанда, олардың көлемін таңдағанда, әріп бергенде немесе тағы да басқа амалдар жасағанда операциялық жүйеде келеңсіз жағдайлар тууы мүмкін. Сол себепті, әр операциялық жүйеге әрқандай амал қолдану ережелері бар.
Windows 98/Me үшін:
• Бөлім С әрпінен басталады да, кейін ретпен жалғаса береді, ал осы С әрпі берілген бөлім негізгі болып есептеледі, және оған операциялық жүйе орнатылуға тиіс.
• С әрпі ең негізгі активті бөлімге беріледі.
• Кейін аналогты түрде келесі бөлімдер негізгі тип бойынша қарастырылады.
• Келесі логикалық тип, ол С әрпінен кейінгі әріптер жұмсалады.
Windows NT/2000/XP үшін:
Бұл операциялық жүйеде әріптер Windows 98-ге аналогты түрде орналасады. Windows NT 4.0 FAT32 файлдық жүйесімен жұмыс жасамайды, бірақ әріптерді осы бөлімге қатысты алады.
Дегенмен, бұл операциялық жүйеде алдын- ала орныққан әріптерді өзгертуге болады. Әр әпті беру тек ішіндегі программалардың ашылмай қалу немесе ашылуында қиындық туғызу сияқты мәселелерге алып келуі мүмкін. Операциялық жүйені жүктеу кезіндегі қиындықтар тек осы ОЖ орналасқан бөлімнің әрі өзгерген уақытта ғана қиындық тудыруы мүмкін.
9) Келесі бетте бөлімге белгі немесе белгі беруге болады, мысалы WIN98(C:), WINXP(D:), DATA(E:) т. с. с.
10) Соңғы бетте қатқыл дисктің құрылысы графикалық түрде бейне береді ( Сурет 15):


Сурет 15. Дисктер қатарындағы жаңа бөлім құрылысы

батырмасын шертсек, Acronis Disk Director Server- дің жаңа бөлімнің құрылуының тамамдалуына алып келеді. Жаңа бөлім Acronis Disk Director Serverдің терезесінде графикалық түрде көрінеді.
Сонымен қатар бөлімдерге бірнеше амалдар қолдануға болады, мысалы: бөлімде бос орынды үлкейту, бөлімді көшіру, бөлім ішін тазарту тағы да басқа. Соның ішінде, мысалы үшін, бөлімді көшіруге тоқталайық.
Бөлімнің көшірмесін жасау алғашқы бөлімнің нағыз көшірмесін жасап және сол бөлім ішіндегі барлық мәліметтерді сол күйінде сақтайды. Ол үшін келесі командаларды орындаймыз:
1) Шеберде Скопировать раздел
2) Выбор раздела для копирования (Сурет 16):



Сурет 16. Бөлім көшірмесін жасауға дискіден орын таңдау терезесі

3) Местоположение раздела бұл бөлімде көшірме жасалатын бөлім қасиеттері қарастырылады (Сурет 17):



Сурет 17. Бөлім көшірмесін орналастыратын орын қарастыру терезесі

4) Келесі бөлімде бөлім көлемі анықталады, бұл жерде өзіміздің қалаған көлемді еңгізуге болады (Сурет 18):



Сурет 18. Бөлім көшірмесінің көлемін анықтау терезесі

5) Келесі қадам бөлімнің типін анықтаймыз: активті, негізгі, логикалық. Яғни бұл қадам жоғарыда қарастырғанымыздай болады.
6) Келесі соңғы амал ЗАВЕРШИТЬ батырмасын шертіп, бөлім көшірмесін жасау процесін аяқтаймыз (Сурет 19):



Сурет 19 Бөлім көшірмесін жасау терезесі

Сонымен қатар жады бөлістірудің командалық жол арқылы бөлістіру әдісі де бар, бұл әдістің негізгі параметрлеріне қысқаша тоқталып кететін болсам:
Бұл әдіс diskdirectorcmd.exe. программасы арқылы жүзеге асады. Бұл программа көмегімен жадыны бөлуге, өшіруге, өзгертуге болады.
/create_partition жаңа бөлім жасау;
/start: алғашқы сектор номері, қатқыл дискке орнатылатын жаңа бөлім секторын жасайды.
/harddisk:X бөлім жасайтын қатқыл дисктің номірін көрсетеді.
/size: бөлім размері.
/filesystem:[fat16|fat32|ntfs|ext2fs|ext3fs|reiserfs] бұл бөлімде қандай файлдік жүйе орналасатындығын көрсетеді.
/type:[active | primary | logical] жасалатын бөліктің типін анықтайды: активті, логикалық немесе алғашқы.
/label:[метка раздела] бөлімге белгі қоюмен айналысады.
/delete_partition бөлімді өшірумен айналысады.
/partition:[номер раздела] өшірілетін бөлім номері мысалы: 1-1, 1-2, 3-1 т. с. с
/resize_partition берілген бөлімнің көлемін өзгертеді.
/partition:[номер раздела] өзгертілетін бөлім номері.
/size:[размер в секторах] өзгерген өлшемнің жаңа көлемін көрсетеді.
/list қатқыл дискта кездесетін барлық бөлімдер кестесін береді. Мысал келтіретін болсам: diskdirectorcmd /create_partition /start:12000
/size:20000 /harddisk:1 [/filesystem:fat16 /label:new]
[/type:logical] оның мағынасы логикалық типтегі FAT 16 файлдік жүйедегі бөлім пайда болады. Ол бөлім бірінші қытқыл дискте орналасады. 12000 секторында орналасыады, 20000 сектордан тұрады. Пайда болған бөлім NEW белгісіне ие болады.
Бөлімді өшіру : diskdirectorcmd /delete_partition /partition:1-4 бұл команданың көмегімен бірінші қатқыл дисктегі төртінші бөлім өшіріледі.
ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл жұмысты жасау барысында мен өзім үшін көптеген жаңалықтар ашып, білімімді айтарлықтай тереңдете түстім. Іздену барысында, тек өз тақырыбым ғана емес, сонымен қатар, басқа да компьютер ресурстарының қасиеттері мен артықшылықтарын оқып таныдым. Дегенмен, ең бастысы, өз тақырыбымның негізгі мән мазмұнын аша білдім деп ойлаймын. Және ең басты бөлімдерді түсініп, мағынасын түсіндіруге дайынмын. Біріншіден, жады түсінігін толығымен ашып, оған анықтама беріп кеттім, жады түрлері, олардың қасиеттері туралы, және жадыны қалай басқару керектігі жөнінде, яғни, жадыны қалай қолданамыз, не арқылы жадыға өзгертулер еңгізе аламыз, жадыға қандай амалдар қолданыла аламыз сол жайлы қорытынды жасадым. Екіншіден, жадыны қандай әдістермен бөлістіруге болатындығы жайлы, яғни, жоспарға байланысты екі түрін зерттедім, диск қатысымен бөлістіру және диск қатысынсыз бөлістіру. Бірінші компьютеріме виртуалды машинаны орнатып, барлық тәжірибені осы жады бөлігінде жүргіздім. Ең алғаш, виртуалды машинаны орнату барысында жадыны бөлістірдім, бұл тәжірибем жоспардың екінші бөлімі бойынша, яғни, дискінің қатысуымен жадыны бөлістірдім. Келесі, осы виртуалды машинада ACRONIS DISK DIRECTOR SERVER программасын орнатып, сол программа арқылы жадыны бөлістіріп, виртуалды машинада жаңа (I:) диск бөлімін бөлістірдім. Негізінен, қарап тұрсам, виртуалды машинаның өзі жадыны бөлістірудің бір түрі деп ойлаймын. Себебі, виртуалды жадыны орнату барысында жадының қандай да бір бөлігін бөле отырып осы жадыны орнатамыз. Яғни белгілі дискті таңдап алып, осы дисктен белгілі мөлшерде жадыны бөліп алып, сол жадымен жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар, жадыны бөлістіру кейде келеңсіз жағдайларға әкеліп соғатынына көзім жетті. Мысалы, егер операциялық жүйе орнатылған дискінің әрібін өзгерткенде операциялық жүйе жүктелуі кезінде келеңсіз жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. Немесе аты өзгертілген дискінің ішіндегі қандай да бір программаның жүктелуінде қателік тудыруы мүмкін. Сол сияқты көптеген жаңа жайттар мен программалық құбылыстармен танысып, білімімді тереңдеттім деп ойлаймын. Бұл курстық жұмыстың менің оқуыма қосымша мәліметтер мен жаңаша заңдылықтар арқылы оң әсерін тигізіп, одан да басқа компьютер жаңалықтарын таны білуге бағдар жасады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Acronis Disk Director Server 10.0 Copyright acronis, INC, 2000-2005, Руководство пользователя.
2. И.И. Попов, Т.Л. Партыка , 2003г., Изд: Форум, 400 бет.
3. Дмитрий Иртегов, Санкт- Петербург, 2003г., Изд: BHV, 624 бет.
4. Сафонов В.О. Основы современных операционных систем: учебное пособие, Издательство: Бином. Лаборатория знаний Описание: Основы информационных технологий , 2011 жыл,583 бет.
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика
Просмотров: 5362 | Загрузок: 89 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]