Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

Функция. Функцияны сипаттау с++


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

16.02.2014, 01:53

ФУНКЦИЯЛАР

Мақсаты:Функцияларды сипаттау және қолдану реттерін үйрену.

1. Функция. Функцияны сипаттау.

Си-дегі кез-келген программа - бұл айнымалылар сипаттамасы мен функциялар жиынтығы.

 Програмада кем дегенде, бір функция болады және программадағы бір функцияның аты main болуы тиіс. Программаның орындалуы осы main функциясынан басталады. Main функциясының орындалуы барысын-да басқа функциялар шақырылады

Програмада кем дегенде, бір функция болады және программадағы бір функцияның аты main болуы тиіс. Программаның орындалуы осы main функциясынан басталады. Main функциясының орындалуы барысын-да басқа функциялар шақырылады

Функция дегеніміз – белгілі бір операциялар тобын атқаратын программа блогы. Функцияға мәліметтер береміз де, одан белгілі бір нәти-желер аламыз. Функцияның ішкі әрекеті программаның басқа бөліктеріне қатыссыз орындалады.

Функциялар арасындағы байланыс мән қайтаратын аргументтер мен сыртқы айнымалылар арқылы орнатылады. Return инструкциясы нәтижені шақыратын функциядан шақырған функцияға қайтару механизмін орындайды және return сөзінен кейін кез келген өрнек тұруы мүмкін.

 

return <өрнек>;

 

Өрнекті жақшаға да жазуға болады, бірақ ол міндетті емес.

Си-де функцианың барлық аргументі параметрлер ретінде беріледі, яғни шақырылатын функцияға аргументтің өзі емес оның аргументтерінің мәні беріледі. Си-гі кез келген функцияның прототипі болуы тиіс, яғни функция аты, аргументтерінің типі және қайтарылатын нәтиже типі көрсетілген тақырыбы хабарланады. Прототипі программа денесінде немесе бөлек тақырыптар файлында айқындалады. Функция прототипі компиляторға функция туралы информация береді де, сәйкесінше компилятор типтер сай келуін тексереді. Функция әртүрлі типті мән қайтара алады,  int,void,float т.б.

2. Функцияның формальды және нақты аргументтері

Айнымалылар жергілікті және сыртқы болуы мүмкін. Жергілікті айнымалылар функция ішінде сипатталады да сонда ғана "көрінеді”. Функция ішінде орналасқан айнымалылар типтері сипатталуы осы функцияның ішінде ғана анықталған болып саналады, (мұнда тек қана main функциясы ерекше жағдайда болып саналады). Программа мәтінінде функ-циялар кез келген ретпен орналасуы мүмкін. Функцияны шақыру үшін функцияның аты және жақшада нақты аргументтері көрсетіледі. Функция өз жұмысын аяқтағаннан кейін есептелген нәтижені return операторы арқылы қайтарады

Сыртқы айнымалылар кез келген функция сыртында сипатталады да, сол функцияның кез келген жерінде қолданылады. Кез келген функцияны анықтау үшін форматы:

 

<тип нәтиже> <функция аты> (параметр тізімі)

{

<функция денесі>

}

 

3. Функция аргументтерінің берілу тәсілдері

Аргументтерінің айнымалы-мән ретінде берілу тәсілі:

Аргументтер мән ретінде берілгенде функцияның ішінде аргумент аттас жергілікті айнымалы құрылады да оның мәні функцияда өзгеруі мүмкін, бірақ аргументтің мәні өзгермейді. Айнымалы-сілтеме арқылы берілу тәсілі: Аргументтегі айнымалы сілтеме арқылы берілгенде функция аргументтің мәнін емес, оның адресін алады. Ал мұнда құрылған жергілікті айнымалы көрсеткіш болады. Бұл, жадыны үнемдеуге мүмкіндік береді және функцияның орындалу барысында айнымалы аргумент мәні өзгереді. Бұл жағдайда функция аргумент айнымалы сілтеме арқылы бірнеше мән қайтара алады. Әртүрлі типті аргументті функцияларды қарастырайық: Функция аргументтері Char, int, float, double, массив типті бола алады.

 

Mысалы:

# include<iostream.h>

int sum1(int i,int b,int d)

{           int result;

result = i+b+d;

return result;

}

main ()

{

int sum1(int i,int b,int d);

int p,d1,l;

int a,b,c;

cin>>p>>d1>>l;

cout<<"\n summa p,d1,l="<<sum1(p,d1,l)<<endl;

cin>>a>>b>>c;

cout<<"\n summa a,b,c="<<sum1(a,b,c)<<endl;

return (0);

}

 

Программалауға тапсырмалар.

 

1.               Бүтін сандық матрицасында ең кіші элементтер санын есептейтін, функцияны тестілеу және жазу керек.

2.               Екі квадрат матрица берілген. Ең кіші "ізі” бар (яғни бас диагонал элементтерінің қосындысын) матрицаны басып шығару. Функцияны матрицаның ізі мен матрицаны баспаға шығару үшін қолдану керек.

3.               Берілген жолда көрсетілген символдың қанша рет кездесуін есептейтін функцияны жазу және тестілеу.

4.               Массивте элементтің модулі бойынша ең кішісін табатын және оларды барлық элементтермен ауыстыратын, функцияны жазу және тестілеу.

5.               Тікбұрышты матрицада j-ші жолдың элементтерінің қосындысын табатын, функцияны жазу және тестілеу.

6.               str-ге кіретін, тек цифрлардан тұратын, берілген str жолы бойынша жаңа жолды қалыптастыратын, функцияны жазу және тестілеу.

7.               A, B, C және D кесінділер ұзындығы берілген. Үшбұрыш тұрғызуға болатындай, осы үшбұрыштың ауданын шығару. (үшбұрыштың ауданын табу және баспаға шығару үшін, функцияны анықтау, егер ол бар болса).

8.               Квадрат матрицаның бас диагоналының элементтерін кері ретпен орналастыратын функцияны жазу және тестілеу.

9.               Нақты матрицаны қосу және алу амалдарын орындау үшін, функцияны жазу және тестілеу. Формальды параметрлердің біреуі операция түрінің белгісі болуы керек.

10.           Жолда, оған параметр ретінде берілетін, әр екінші элементі берілген символға ауыстыратын, функцияны жазу және тестілеу.

11.           Тікбұрышты матрицада элементтердің ең үлкен қосындысы бар жолдың нөмерін табу үшін, функцияны жазу және тестілеу.

12.           Берілген жолда, көрсетілген позициядан бастап ":” символын ".” символына ауыстыратын функцияны жазу және тестілеу.

13.           [n ,m] интервалында қанша жай сандар бар екенін анықтау және оларды баспаға шығару. Кезекті сан жай сан болатынын анықтау үшін функцияны құрыңыз.

14.           Тікбұрышты матрицада жолдарды кері ретпен орналастыратын функцияны жазу және тестілеу.

15.           Берілген жолға әр әріптің екі реттен артық кірмейтінін анықтайтын, функцияны жазу және тестілеу.

16.           Матрицаны транспонирлеу функциясын жазу және тестілеу.

17.           Үшбұрыштың A,B,C қабырғаларының ұзындығы берілген. Оның медианасын табу. А қабырғасына жүргізілген медиана ұзындығы, келесі формула бойынша есептеледі: (функцияны медиананың ұзындығын табу үшін қолдану).


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin
Просмотров: 4113 | Загрузок: 103 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]